Қоршаған ортаны қорғау басты мақсат /С. Жанысбай // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз



Дата05.07.2016
өлшемі44.5 Kb.
#180434
Жанысбай С.

Қоршаған ортаны қорғау - басты мақсат /С. Жанысбай // Орталық Қазақстан.- 2005.- 3 наурыз.

Біздің облыстық басқарманың қызметі табиғат қорғау заңдарының талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру есебінен экологиялық жағдайды түрақтандыру, қоршаған ортаның мониторингін үйымдастыру, табиғат қорғаудың экономикалық тетіктерін енгізу, түрғындарға экологиялық білім беру болып табылады.

Өткен жылы «өзара тусіністік пен өзара эрекет туралы» облыс экімі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Испат-Қармет» ААҚ жэне «Қазақмыс» корпорациясы» ААҚ арасындағы 2003 жылы облысымызға министр А.Самақова келгенде қол қойылған екі меморандум бойынша жасалған шаралардың жүзеге асырылу мэселесі біздің басқарманың басты бақылауында болды.

Былтырғы жылдың ішінде «Экологиялық бағдарламаны» жүзеге асыру жэне Солтүстік Балқаш аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ күкірттің қос тотығын эктендіру эдісімен бейтараптандыру қондырғысының қүрылысын салуға кірісті. Бүл қүрылыс кезең-кезеңмен салынып, оның қаржыландырылуы мен нақты пайдалануға берілетін уақыты белгіленді. Ол 2003 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған болатын. Бірақ 2002 жылы тэжірибелік-өнеркэсіптік қондырғының жүмысының күмэнді болуына байланысты ол 2002 жылы тоқтап қалған болатын. Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми-зерттеу үйымдары металлургия саласында күкірттің қос тотығын бейтараптандыруда ондай эдісті пайдаланған кэсіпорын жоқтығын алға тартты. Осыған байланысты қазақстандық жэне шетелдік үйымдардың қатысуымен күкірттің қос тотығын бейтараптандырудың сенімді тэсілін іздестіру жөнінде жүмыстар жүргізді. Бүдан соң, сайып келгенде, жүмыс жүргізгендер алғашқы таңдаған эдіске қайта оралды. Күкірттің қос тотығын эктендіру эдісімен бейтараптандырудан тиімді жол жоқ, деген пікірге келді. Содан барып бейтараптандыру кешенінің алғашқы іске қосу мерзімінің кейінге қалуына экеліп соқты. Біраз уақыт өткен соң тағы да күмэн туды. Кешеннің жүмысы 2004 жылы тағы да тоқтап қалды. Содан барып бүл қүрылысты басқа бағытта жүргізу туралы үсыныс түсті. Енді күкірттің қос тотығын түтып қана қоймайды, енді оны қайта пайдалану үшін күкірт қышқылы тауарлы өнімін алатын технологияны іске қосу мақсатында жүмыс жүргізілетін болды. Ол өндірістен түтінмен бірге шығатын күкірт газын 99% үстап қалып, оны қайтадан пайдаланатын алдыңғы қатарлы жаңа технология болмақ. «Балқаштүстіметалл» ӨБ-де жүргізілетін мүндай қүрылыстың маңыздылығы сондай, бүл мэселе ҚР Премьер-Министрінде өткен мэжілісте қаралып, оның қүрылысын барынша жеделдету үсынылды. Сөйтіп, «Балқаштүстіметалл» ӨБ өткен жылы қүрылысты жобалауға жэне жабдықтарды жеткізіп беруге, күкірт қышқылы өндірісінің қүрылысына

қадағалау жүргізуге Канаданың «Сһетеіікз» фирмасымен контрактіге отырды. Оның кететін шығыны шамамен 60 млн. АҚШ долларына тең болмақ, оның ішінде жабдықтарының қүны 35 млн. доллар.

Былтыр шілде айында облыстық экімдікте осы қүрылыстың барысын бағамдаған мэжіліс болып өтті. Онда осы цехты іске қосқан соң, шамамен 2007 жылдың басына қарай ауаға тарайтын күкірттің қос тотығының мөлшері рүқсат етілген ауқымда болмақ. Бұ_л мэселе біздің түрақты бақылауымызда. Күкірт қышқылы цехын пайдалануға берген кезде зиянды заттардың ауаға таралу көлемін «Балқаштүстіметалл» ӨБ бойынша 90%-ке, Қарағанды облысы бойынша 40%-ке, түтастай республика бойынша 15%-ке қысқартатын болады.

Меморандумға қосылған тағы бір маңызды экологиялық мэселе негізінен бүрынғы «Қарағандыкөмір» ӨБ-нен қалған бүлінген жерлерді қалпына келтіру болып табылады. Мүндай рекультивация жүмыстарын «Карагандаликвидшахт» РМБК өздерінің жоспарларына кіргізіп, сол бойынша жүмыстар жүргізіліп жатыр. Осы кезең ішінде аталған кэсіпорын 346 га жерге қалпына келтіру жүмыстарын жүргізді. Бүл жүмыстар аталған мэселені шешуде аздық ететіні белгілі. Сондықтан да біздің басқарма иесіз қалған жерлерді қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен де, республикалық бюджеттен де қаржы бөлу мэселесін үнемі көтеріп келеді. Қазіргі кезде ҚР Энергетика жэне минералдық ресурстар министрлігі «Карагандаликвидшахт» РМБК-ке бүлінген жерлерді есепке алып, оларды қалпына келтірудің жобалық-сметалық қүжаттарын дайындау жөнінде тапсырма берді. Осы мақсат үшін қүрылған комиссияның қүрамында біздің басқарманың мамандары да бар.

Өткен жылы Шет ауданында «Қүрғаған жерлерді басқару» жобасын жүзеге асыру басталды. Осы жоба бойынша көптеген үйымдық жэне техникалық жүмыстар жүргізілді.

Облысымызда Нүра өзенін жэне «Карбид» АҚ-ның өнеркэсіптік алаңын сынаптан тазарту жалғастырылды. Осы мақсаттағы жобаны жүзеге асыру үшін Дуниежүзілік реконструкция жэне дамыту банкі қаржы бөліп отыр. Жыл басында сынап пен сынап қосылған топырақты көму жэне Нүра өзенін сынаптан тазалаудың жобасын жасау жөнінде тендер жарияланған болатын. Облыс экімінің шешімімен Апан алқабынан сынап көметін жер бөлінді. Қазіргі кезде қалдықтарды көму жэне «Карбид» заводының аумағын жэне оған жақын жатқан аймақтарды сынаптан тазалау жөніндегі жүмыстар жобасының алғашқы кезегі дайын болды. Оған қоса өткен жылы Нүра өзені бойынша мониторингтік бағдарламаны орындау жузеге асырыла бастады. Сол сияқты жергілікті бюджеттен қаржыландырудың есебінен бүрынғы «Карбид» АҚ-ның аумағында сынаптан тазарту бойынша 9 млн. теңге игерілді.

«Өндіріс қалдықтары жэне түтыным: проблемалар жэне оларды шешу жолдары» мэселесі бойынша Парламенттік тыңдаудың нүсқауларын жүзеге асыру бойынша да жүмыстар жалғасын тапты. Қалдықтарды, оның ішінде түрмыстық қатты қалдықтарды қайта пайдалану жөніндегі көптеген шаралар

«Қарағанды облысының 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық экологиялық бағдарламасына» енгізілген. Мүның ішінде өнеркэсіптік-түрмыстық полимер жэне пластмасса қалдықтарын сүрыптау жэне қайта өңдеу жөніндегі завод, қоқыс қалдықтарды өндеу заводының қүрылысын жобалау-сметалық қүжаттарын жасау, Қарағанды-Теміртау өнеркэсіптік ауданының уытты қалдықтарын көму үшін полигонның қүрылысы жөніндегі жобалау-іздестіру жүмыстары сияқтылар бар.

Қазақстан Республикасында ауылдық жерлердегі түрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны орындауға бағытталған шаралар да жалғасын тапты. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 62300 мыңтеңге игерілді. Оның ішінде Ғ.Мүста-фин поселкесіндегі тазарту қондырғысының қүрылысын жэне Қарқаралы қаласындағы қалалық канализация желісінің екінші кезегіндегі тазару қондырғысын атауға болады.

Кейінгі кездері бүрынғы эскери-сынақ полигондарының жерлерін қалпына келтіру жэне пайдалану мэселесі ҚР Үкіметінің деңгейінде қайтадан көтерілді. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы КСРО эскери ведомстволарының мүддесі үшін бүрын пайдаланылған эскери-сынақ полигондарының жерлерін қалпына келтіру жэне пайдалану үшін үсыныстар жасау жөніндегі Ведомствоаралық жүмыс тобының қүрамына кіре отырып оның жүмысына белсене қатысты. Өткен жылдың ақпан айында аталған топтың мэжілісі болып өтті. Онда басқалармен қатар бүрынғы Семей ядролық сынақ полигонына қатысты жүмыстарды бір бөлек, «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен бүрынғы полигон шекарасын қалпына келтіру жөніндегі жүмыстарды бір бөлек қараудың мақсатқа сай келетіндігі жөнінде шешім қабылданды. ҚР ¥лттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік жэне экология институты Семей полигонының біздің облысқа қайтарылған аумағында радиоэколого-геохимиялық зерттеу жүмыстарын (1 кезең) одан эрі жалғастырды. Облыстың полигонның ықпалынатап болған аумағыңда жүмыс жүргізу үшін кейінгі екі жыл бойы қаржыландырудың жоқтығынан жүмыс тоқтап қалған болатын. Бүл жүмысты біздің басқарма 2005-2007 жылдардың экологиялық бағдарламасына енгізді.

Осы кезең ішінде облыстағы қоршаған ортаны ластағаны үшін 470 млн. теңге жоспарланған болса, ол 494,5 млн. теңге болып орындалды.

Желтоқсан айының басында Алматы қаласында «Алматы, Балқаш, Қарағанды, Өскемен жэне Шымкент қалапарындағы атмосфералық ауаның ластануының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жэне «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін жасаудың барысы туралы» мэселе қараған ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің көшпелі алқа мэжілісі болып өтті. Оған облыс экімінің орынбасары П.Ильницкий екеуміз қатысып қайттық. Біздің облыстың атмосфералық ауасы жағдайының басым бағыттары туралы П.Ильницкий шығып сөйледі. Алқа мэжілісінде Республикада жэне оның ішінде біздің облыстың атмосфералық ауасының жағдайын елеулі дэрежеде жақсартуға бағытталған негіздеме ережелер

қабылданды.

Біздің инспекторларымыз өткен жылы қоршаған ортаны ластандыратын кэсіпорындар мен объектілерге 2 тексеру жүргізді. Оларда арнайы табиғат қорғау рүқсаттарында жэне мемлекеттік экологиялық сараптарда түжырымдалған шарттардың орындалысына, баса назар аударылды. Негізіне калғанда кэсіпорындар арнайы табиғат қорғау нормативтерінде көзделген шарттарды орындайды. Дегенмен де нормативтен тысқары зиянды заттарды сыртқы ортаға тарататын кэсіпорындар бар. Мэселен, «Петро Қазақстан Қүмкөл Ресорсиз» ЖШС 2003 жылдың үшінші тоқсанында, 2004 жылдың екінші тоқсаныңда шаруашылық-түрмыстық ағын суларды нормадан асырған. «Саранрезинотехника» ААҚ-да сумен қамтамасыз ету цехының қайталама жүйесінде, «Балқаштүстіметалл» ӨБ-нің байыту фабрикасының сумен қамтамасыз ету қайталама жүйесінде авариялар болып, лас сулар өзенге жэне көлге аққан.

Сол сияқты облыс автомагистральдарында «Таза ауа» операциясы өткізіліп, онда 543 көлік қүралы тексеріліп, 15-тен астам техниканың шығаратын газ қүрамындағы уыттық заттар нормадан жоғары екендігі анықталды.

Біздің инспекторларымыздың жүргізген тексерулерінің ішіндегі ең аукымды болғаны «Петро Қазақстан Қүмкөл Ресорсиз» ЖШС-на жүргізген тексеру. Мүнда 25.06.2003 ж. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен арада жасалған Меморандумның орындалысына зер салынған болатын. Соның ішіндегі ең маңыздысы Қүмкөл жэне Оңтүстік Қүмкөл кен орнындағы кенмен қоса шығатын газды өндірісте қайта пайдалануды көздейтін, қуаты 55 МВт газотурбиналық электр станциясын пайдалануға тапсыру еді. Меморандумға сэйкей ол 2003 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға берілуі керек болатын. Бірақ ол өткен жылдың алғашқы тоқсанының соңын ала пайдалануға берілді. Бүл қондырғы іске қосылған соң шығатын газдың 50%-ына жуығы қайтадан пайдаланылып, ауаға таралатын қаракүйе,азоттың қос тотығы, күкіртті ангидрид, көміртегінің тотығы, метан сияқты заттар азая түсті. Бүған қоса осы кен орнында қуаты жылына 264 мың текше метр суды табиғи-биологиялық жолмен; тазарту шаралары жүзеге асырылды.



Бүл біздің басты мақсатымыз болмақ. Сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауында атап көрсетілгендей, халық үшін, оның денсаулығы үшін осындай жүмыстарды алдағы жылы да жалғастыра беретін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет