Kız:
Küçük İsmail, büyük İsmail
Yaza mı geldin, güze mi geldin?
Şamşakı vurdun, bize mi geldin?
|
Қыз:
Кішкентай Исмаил, Үлкен Исмаил
Жазда да келдің, күз де келдің бе?
Жап-жарық болып, бізге келдің бе?
|
İsmail:
Ne yaza geldim ne güzel geldim
Şamşakı vurdum, bir kıza geldim.
|
Исмаил:
Не жазға келдім, не күзге келдім
Жап-жарық болып, бір қызға келдім
|
Қыздарың біреуі шопан киімін киіп, басқасы шопан қызы болады, ортаға су орнына бір жастық қойылады. Жастықтың бір жағында шопан, қарсысында шопан қызы тұрады:
Kız:
Oğlan beni sudan geçir
Boz bulanık suyun içir
|
Қыз:
Ұл бала мені судан өткіз
Лай бұлақ суын ішкіз
|
Oğlan:
Olmaz güzel kuzum olmaz
Değirmenin suyu dolmaz
|
Жігіт:
Болмайды, гөзал қызым, болмайды
Диірменнің суы толмайды
|
Kız:
Oğlan beni sudan geçir
Susuzmuşum bir tas içir
|
Қыз:
Ұл бала мені судан өткіз
Шөлдеген екем бір шыны ішкіз
|
Oğlan:
Ne verirsin geçireyim
Soğuk sular içireyim
|
Жігіт:
Не бересің өткізе салайын
Суық су ішкізе салайын
|
1943 жылы Карстан жиналған, бұл күндерде және де той-жиындарда қыз бен ұлдың қарама-қарсы айтатын және де ойында пайдаланатын төмендегі өлеңнің үлгісі бар. Бұл әрі тұрақты сарын, әрі ертегі ретінде өмір сүрген Али Дженгиз ойынының мотивтерін қамту жағынан да қызығушылық тудыратын бір үлгі:
Oğlan:
On dört yaşında kız olsan
Ben size gelecek olsam
Atan anan beni görüp
Seni danlasa neylersen
|
Жігіт:
Он төрт жасындағы қыз болсаң
Мен сендерге келетін болсам
Ата-анаң мені көріп
Сені айыптаса не істейсің
|
Kız :
On dört yaşında kız olsam
Sen bize gelecek olsan
Atam anam seni görüp
Beni danlayacak olsa
Men bir avuç darı olup
Yere serpilecek olsam.
Sen dahi bana neylersen
Sen dahi bana neylersen
|
Қыз:
Он төрт жасындағы қыз болсам
Сен бізге келетін болсаң
Ата-анам сені көріп
Мені айыптайтын болса
Мен бір уыс тары болып
Жерге шашылатын болсам
Сен болсаң маған не істейсің
Сен болсаң маған не істейсің
|
Oğlan:
Sen bir avuç darı olup
Yere serpilecek olsan
Men bir balalı tavuk olup
Seni dennersem neylersen
|
Жігіт:
Сен бір уыс тары болып
Жерге шашылатын болсаң
Мен бір балалы тауық болып
Сені шоқысам не істейсің
|
Kız:
Sen bir balalı tavuk olup
Meni denneyecek olsan
Men bir güzel ceylân olup
Dağlara kaçsam neylersen
|
Қыз:
Сен бір балалы тауық болып
Мені шоқитын болсаң
Мен әдемі бір киік болып
Тауларға қашсам не істейсің [54, Б.30]
|
Ақындық айтыстарда маңызды бір бөлім болған сұрақ-жауап түріндегі айтыстардың той әдет-ғұрыптарының арасында да орын алағандығын көреміз. Бұл жағынын қазақтардағы жар-жар айтысына ұқсастығы да байқалады. Доғанкент өңірінде ауылдан ұзатылатын қыздың тойында қыз алуға келген жігіттер тобы мен ауылдың жігіттері қарама-қарсы сапқа тізіледі. Саптың ортасындан сұрақтарға жауап беруге қабілеті жақсы бір жігіт орын алады. Осы жігіттердің қолдарына бір-бір ту беріледі. Екі топ қарсыласқанда ақын айтысы сияқты жұмбақтарға ұқсас сұрақтар қойылады. Ортадағы жігіт сұраққа жауап бере алмаса, басқасы да жауап бере алады. Төмендегі мысалдар Доғанкенттен жиналған: [56, Б.46-86.]
Sazım öter perde perde
İmtihan olalım burda
Sana diyorum bayraktar
Kırkların mekânı nerde?
|
İmtihan mı maksadınız derdiniz
Şimdi artık sözü bize verdiniz
Kırkların mekânın bana sordunuz
Kırkların mekânı arşı âlâdır
Бағламам шырқайды аздап аздап
Емтихан болайық осы жерде
Саған айтамын жалаулар
Қырықтардың мекені қайда?
|
Емтихан ба мақсатыңыз, дертіңіз
Енді сөзді бізге бердіңіз
Қырық пірдің мекенін менен сұрадыңдар
Қырық пірдің мекені арсыда
|
|
|
Доғанкентте тойларда көңіл күй көтеру мақсатымен жастар арасында өткізілетін бұл салт ақындардан қалған дәстүр болуы мүмкін. Ақын Али Чифтчи жоғарыда айтылған салттың бір ұқсасын былай баяндайды: «Ақын айтысы біздің жақтарда тойларда, сырға салу рәсімінде және де мереке күндерінде өткізіледі. Тойда жиналған қауымның арасында отырған жігіт тарапы қыз тарапының өкіліне «Қанекей, ақыныңызды көрейік» дейді. Жігіт жағының ақыны мен қыз жағының ақыны ортаға шығады, жиналған қауымға «қош келдіңіздер» ұйқасында өлең бастап айтқаннан кейін бір-біріне қарсы өлең жұмбақ айтысады. Жұмбақтың жауабын бере алмаған ақын мат болады» .
Қазақ пен Түрік айтыстарының жанрлық түрлері ұқсас екендігін көрдік. Тек бір айырмашылығы «бәдік» айтысының түрік халқына кездеспеуі. Түркі халықтарына ортақ мұра айтыс жанрының типологиялық тұрғысынан көптеген ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, сондай-ақ ерекшеліктерді байқадық.
Достарыңызбен бөлісу: |