Диплом жұмысын (жобаны) алдын ала қорғаудың Хаттамасы 20 ж. Қатысқандар 6



Дата04.05.2023
өлшемі19.4 Kb.
#473227
түріДиплом
Хаттама Дүзелбаева С.Д. № 2


Диплом жұмысын (жобаны) алдын ала қорғаудың
____ Хаттамасы
«__»_______20__ж.
Қатысқандар 6
Орынбасар Р.О., Альмуратова К.К., Досанова Б.Б., Агишева А.А., Рахметова Г.А., Дузелбаева С.Д.
Күн тәртібі:
1.Жаратылыстану факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В01504 – «Химия» білім беру бағдарламасының студенттері Асхат Ж.А., Сақып Ж.С., Бергенбай А.Ж.


«Химия пәні бойынша шығармашылық тапсырмалар жинағын жасақтаудың әдістемесі» тақырыбындағы

Диплом жұмысын алдын ала қорғау


Тыңдалды:


Химия пәні бойынша шығармашылық тапсырмалар жинағын жасақтаудың әдістемесі тақырыбындағы дипломдық жоба бойынша студенттер дайындығы, теориялық білімі, әдебиеттерді пайдалануы, жинақтаған мәліметтерді жүйелеу, жоспар бойынша нәтижелерді айтып өтті. Жұмысты толықтыру бойынша ескертулер берілді.

Сұрақтар: Рахметова Г.А.



  1. Шығармашылық тапсырма дегенді қалай түсінесіңдер ?

Досанова Б.Б

  1. Шығармашылық тапсырманы сабақтың қай бөлімінде берген дұрыс?

Агишева. А.А.

  1. Өздерің ұсынатын қандай шығармашылық тапсырмаларың бар ?

Сөйледі: Студент Асхат Ж. А., Шығармашылық тапсырма-бұл шығармашылық қабілеттерін дамытуға және зияткерлік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұл белгілі бір проблеманың болуын болжайды, оның нақты шешімі жоқ, бірақ шығармашылық тапсырманың нәтижесі жаңашылдық пен өзіндік ерекшелікке, сондай-ақ прогрессивтілікке ие. Сондықтан шығармашылық тапсырмалар-оқушылардың танымдық қызығушылығы мен ақпараттық құзыреттілігін дамытудың таптырмас құралы, тыңдаушылардың белсенді ойлау қызметіне серпін берудің, қойылған міндеттерді шешу үшін компьютерлік технологияларды қолдану қабілетін, дайындығы мен тәжірибесін дамытудың бір тәсілі.Мұндай тапсырмалар ашық – олар негізінен біржақты шешімдерге ие емес, оқушыдан түпнұсқа өнімді алуды талап етеді.
Студент Бергенбай А.Ж. оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды қолдану арқылы іс-әрекетін қалыптастыру мәселесін зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлары.
1.Тұлғалық – бағдарлы – оқушыны субъект ретінде қабылдау.Білім алушының өзіндік ерекшелігін айқындау.Тұлғаның жеке қасиетін аша білуге,әлеуетін дамытуға,жетілдіруге бағыттау.Білім алушыға ақпараттарды сын көзбен бағалауы, шығармашылық күштерін еркін білдіруі,ұтымды шешім қабылдауы,белсенді түрде жаңаны іздеуі,өз пікірі мен қорытындысын дәлелдей білуге жеткізуі.
2.Іс-әрекеттілік – тұлғаның өздігінен мақсат қоя білуі, іс-әрекетті жоспарлауы, орындалуы, нәтижеге жете білуі. Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуына ықпал етіп, өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай туғызуы.
3.Әлеуметтік - Білім алушылардың әлеуметтік қатынастарға жүйесіне түсуі. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде тұлғаның шығармашылық, іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау.
4.Жүйелілік - оқушы шығармашылық іс-әрекетін шығармашылық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық қабілеттеріне мақсаты – жүйелі түрде ықпал ету арқылы дамыту.
Студент Сақып Ж.С. Жоғары сынып окушыларының шығармашылықтапсырмаларды орындаудың кезеңдері:
Алғашқы кезең – даярлық кезеңі. Онда оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негіздер; модельдеудің басталуын Екінші кезең модельдің тұжырымдамалық және нормативті негіздерімен қамтамасыз ету;
Үшінші кезең модельдің тәжірибеге енгізілуін және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Төртінші кезең субъектілердің әрекетін қамтамасыз толықтырулар мен түзетулер енгізілген нақты модельді шығару. Әрине, әрбір кезеңде субъектілердің әрекеттерінің тиімділігін арттыратын педагогикалык жағдайлар болады.
Шешім:
1. Жаратылыстану факультеті 6В01504 Химия ББ ХҚБ-409 тобы студенттері Асхат Ж.А., Сақып Ж.С., Бергенбай А.Ж. «Химия пәні бойынша шығармашылық тапсырмалар жинағын жасақтаудың әдістемесі» тақырыбындағы дипломдық жобасы қорғауға ұсынылсын.
Төраға:

Кафедра меңгерушісі _______________ Орынбасар Р.О.


Хатшы:



Оқытушы ________________ Төлесінова И.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет