Мурсалы Намаз Мухтарқызы
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультеті
Әдебиеттану мамандығының 1-курс магистранты
МӨЖ
Жыраулар поэзиясындағы дәстүрлі құндылықтардың бейнелену жолдары
Қазақ идеясының қалыптасуын қазақ хандығы құрылған дәуірмен ұштастырсақ,алдымен ұлттың қалыптасып, оның мүддесінің дамуына негіз болған қазақ
жырауларының ой толғамдарына тоқталу қажет. Жыраулар руханиятындағы идеялар,елдің болашағына сын көзбен қарап және ұлт қажеттіктерін саралау негізінде туындапотырған көзқарастар, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымдық негіздерін анықтай түсетін тұлғалар феноменінің мәдени жүйесінің жарыққа шығуына негіз болмақ. Ата
мекен болмысын жан-жақты зерделеп, әлеумет тұрмысын жақсарту мақсатында,
тарихтағы ел өмірінің дәстүрлі тәжірибесіне сай шаруашылық түрлерін дамыту қазақ
хандарының міндетіне жүктелген елдіктің бірі болып саналса, бұл идеяның келер
ұрпақ буыннан одан әрі жалғасын табуына негіз болып отыратын жыраулардың
даналығы.
Жыраулардың руханиятында ел мүддесінің болашақ тағдыры тұрғысында көтерілген
идеялар ел мен ата мекеннің, аға ұрпақ буынның рухани бейнесін тарихи тұрғыда
анықтап отыратын шындық. «Қазақтың – деп жазады Х. Досмұхамедов, - жеке
өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас
халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық
әдебиетінде жырланады» [1. 15 б]. Дүниетаным шексіз, шекарасы жоқ рухани әлем.
Адам бар жерде дүниені тану, қабылдау, сезіну бар. Ал, ұлт бар жерде дүниені тану мен
қатар игеру, яғни дүниетанымдық құндылықтардың өмір сүрері анық. Осы тұрғыдан
қарайтын болсақ, қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарауда
оның ұлттық рух пен үндескен тарихи-әлеуметтік кеңістігін өздерінің рухани
кітапханаларында сақтап қалған. Сонымен қатар жырауларымыздың
философиясының мазмұнын зерделеген сайын, сол дәуірде ел, жеке адам, жер
тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойланған зиялы адам бейнесі де көз
алдымызға келіп отырады. Әрине тарихымызда тұлға феноменінің тарихи шындығын,
қалыптасу ерекшелігін анықтайтын дерек көп. Жырау феномені арқылы
дүниетанымдық өрісін кеңейтіп, рухани тереңдігін сақтап келген қазақ
философиясының болмыс бітімі де байыппен қараған адамға күрделі құбылыс
ақиқатын танытары сөзсіз. Бұның ішінде көзге бірінші көрінетін нәрсе «ұлттық рух»,
«ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық зиялылық» ұғымдарының бірінің мәнін бірі
толықтырып және адам болмысының рухани ерекшеліктерін зерттеуде үлкен тарихи
тәжірибе мен білім көзіне айналып отыратындығы. Еліміздің өткен жолында бойына
біткен бар рухани мүмкіндігін ұлттық мүддеге қызмет ету үшін шыңдаған даналардың
«Қазақ идеясы» бағытында дүниеге келген идеяларының дербес рухы жөнінде алаш
ғалымдары өз зерттеулерінде былай деп жазады: «Халық әдебиетін тудырушы және
сақтаушы қазақ халқының өзі болғанымен, халық творчествосын жарқыратып
көрсетушілер: өлеңшілер, халықтың суырып салма ақындар және халық билері.
Жыраулар поэзиясы – қазақтың төл әдебиетіндегі дидактикалық дәстүрдің көркем арнасы. Жыраулар поэзиясындағы дидактикалық мағына азаматтық жолындағы ата-бабалардың ізгілік ұлағаты жолына шақырады. Академик С.Қирабаев былай дейді: «Жыраулар заман халін толғап барып, оны елдің тілегін, арман-мұңын айтқан жырлармен жалғастырған. Бұл жырлар негізінен елдің бірлігі, жердің тұтастығы, ұлттық тәуелсіздік идеясымен байланысты толғаулардан тұрады. Осы арқылы жыраулар ақылшы қарияның, толғаушыл кемеңгердің өз бейнесін жасап, дидактикалық поэзияны биікке көтерген» [30, 22-23]. Демек, дидактикалық поэзияның ұлттық топырақтағы даралана қалыптасқан арнасы – жыраулар шығармалары.
Қазақ поэзиясы дамуының көркемдік-эстетикалық тіні – дидактикалық әдебиет дәстүрі. Әлемдегі өзге халықтар мұралары мен үндестігіне назар аудара отырып, авторды ақындық поэзияның төл әдебиетіміздегі дидактикалық сарындарды түбегейлі қалыптастырғанын айтамыз. Жыраулар поэзиясы – ауызша және жазбаша сөз өнерінің, поэзияның көшпелі тұрмыс мәдениеті жағдайындағы өзгеше құбылысы. Қазақ мәдениетінің көшпелі тұрмыс аясындағы сипатында адамгершілік тәрбиесі маңызды орын алады. Қазақ әдебиеті ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерекшеленеді. Мемлекетті басқарған хандардан бастап, есі енді кіре бастаған балаларға дейін сөз өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық ықпалын қабылдайды. Қазақ халқы сөз өнерін киелі санайды. «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» дейді дана халқымыз.
Профессор А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалына қазіргі жаңаша ойлау тұрғысында баға береді: «Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылады. Білім-білік, ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты. Ежелгі түркі дүниесінің бар болмысы мен арман-мүддесі осы бір кезеңде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді. Жыраулар дәуірінің ішкі мәніне үңілсең, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған әлеуеттігі әлеуметтік-көркемдік ұлы самғау бұрын-соңды болмаған еді. Ол поэзияда, елдік құрылыста, тұрмыста, материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын мүсінделеді. Ұлттық киім үлгісінен бастап билингвистикалық сөз, бітімдеріне дейін аралықтағы салт-дәстүр, ою-өрнек, рухани мәдениет көріністері соның белгісі» [29, 164].
Дидактикалық әдебиет шығармаларын көркемдік шеберлік мектебінен бөлек алып қарауға болмайды. Халықтың дербестене қалыптасуы, өзіндік ұлттық психологиялық дүниетанымның даралануы сөз өнері шығармалары арқылы ғана жүзеге асады.
Қазақтардың сөз өнері туралы орыстың озық ойлы оқымысты ғалымдары, әдебиетшілері мен этнографтары тіпті өткен ғасырдың өзінде-ақ ғылыми маңызы күні бүгінге дейін жойылмаған көптеген салиқалы пікірлер айтты.
«Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қасиет дарыған халықтардың қатарына жатады. Олардың әдебиет байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі» [31, 118], –деп жазды Д.Клеменц. «Қазақтар нақышты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен», – [31, 118] дейді В.Радлов.
Орыстың ұлы ғалымдары қазақ поэзиясын өте жоғары бағалаған. «Жасандылық пен жылтырақтықтан ада қазақ өлеңдері өзінің жоғары көркемдігімен, сонымен қатар қарапайымдылығымен, шыншылдығымен бізді таң қалдырады» [31, 118], – деп жазды М.В.Готовицкий. «Пәк, таза қазақ поэзиясы – үлкен творчествалық күштің жемісі» [31, 118], – дейді А.Е.Лекторов. В.Радлов атап көрсеткендей, қазақ поэзиясының, дамуының қайнар көзі – халықтың нақты сөйлеуді бар өнердің алды деп білгендігінде. «Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі. Жай, қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады» [31, 119], – дейді П.И.Пашино.
Қазақ сөз өнерінің өкілдері ескіде өздерінің репертуарларына және орындайтын шығармаларының сыр-сипатына қарай ақын, жырау, жыршы, өлеңші деп бөлінген [31, 119].
«Мен қартыңмын, қартыңмын,
Не көрмеген қартыңмын:
Бастық та, Бастық, Бастық хан
Оны көрген қарыңмын,
Одан соңғы Кедей хан
Оны көрген қарыңмын,
Ондан соңғы Ала хан
Оны көрген қарыңмын
Ондан соңғы Қара хан
Оны көрген қарыңмын,
Онан соңғы құлағы шұнақ Назар хан
Оны көрген қарыңмын,
Он екі тұтам оқ айтқан
Онан соңғы ер Шыңғыс
Оны да көрген қарыңмын.
Мұнарасы қырық құлаш
Өзден сұлтан Жәнібек.
Оны көрген қарыңмын ...» [31, 120].
Академик Ә.Марғұлан атап көрсеткендей, бұл жолдар жырау бейнесін және оның қоғамдық рөлін біршама дәл бейнелейді. Яғни жырау өз руластарының ақылшысы, көсемі. Көпті көрген көне қалт айтпайды, сондықтан оның сөзі, берген кеңесі жерде қалмайды. Өз сөзінің құдіретін білген жырау жай ақылшы ретінде ғана емес әмірші ретінде де сөйлейді.
Шешендік пен өз ойын ырғақ әуенмен жеткізу қабілеті, күллі қазақ халқына тән
қасиет, бұл тұрғыдан әсіресе өлеңші, ақын халық билері ерекше көзге түседі.
Қалың бұқара арасынан шыққан олар – халық әдебиетінің мән-мазмұны мен тіл
тазалығын сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, әрі ғасырлар бойы
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қазақ халық әдебиетін сақтаушылар» [1. 32 б].
Жыраулықтың мәдени дәстүрі, рухани адамның ақындығы мен сауаттылығында,
сезімталдығы мен зерделілігінде, терең пайымдаушылығы мен нақты кісілік
шешім қабылдауға дайын келетін табандылығында және ел болмысының мән
жайын терең ұғынып, рухани тәжірибесін ұлттық рухтың интеллектуалдық
қуатына айналдырып отыуында. Яғни жырау әр бір ұлт мүшесі жеке адамның
ұлттық табиғатын, ұлттық көзқарасын қалыптастырып, ұлттық ойлауының өрісін
кеңейтетін ана тілдің, ұлттық ділдің, ата баба дінінің, ата баба дәстүрінің
қамқоршысы.
Қоғамның рухани жағынан жетілуінің негізі ұлттық мүддеге қызмет етіп
отыратын ұлттық идея деп пайымдасақ, қазақ жырауларының «қазақ идеясына»
өз үлесін қосуда, адамзат мәдениетінің дамуында тарих пен қоғам кеңістігіндегі
құндылықтар бағдарын жүйелеп, жаңа ұрпақ буынның игілігіне икемдеп
отыратын тұлғалықтың тағы бір ерекше құбылысын атап өту қажет. Ол
халықтың жан дүниесін, рухын даналығы арқылы жетілдіруді көздеген қазақ
жырауларының ақиқатқа адал, шындыққа еркіндігі. Қазақ ұғымында турашыл
білікті және кез-келген білімді адам естінің өсиетін ұғып, яғни елдіктің заңына
бағынған адам түсінігінде адамның бәрі шынайылығымен бауыр.
Жыраудың ханға айтқан тура сөзі кім-кімге де зиялы кеңес. Бұл ұлт
интеллектуалының қалыптасуының тарихи мысалы. Қай елдің философиясы
болмасын, олардың ұлттық идеялық негізде қалыптасуына себеп болған ұлттық
поэзия. Даналықтың өзі рухтан туған ой. Жекелеген адамдардың ұлттық өнерінің
бойында бар идеялар, халықтың ішінен зиялылардың ел алдына шығуына, елге
кәсіби білім бағытында қызмет етуіне жетекші болғандығы көпшілікке аян. Сол
сияқты «жыр рухына» кездейсоқ қарау мүмкін емес, әсіресе қазақ елі үшін жыр
ұлттық идеяның терең арнасы. Ел мүдесіне, ұрпақ игілігіне ауадай қажет барлық
құндылықтарды сақтап, реттеп, бірі өмір сүру үшін бірінің қажеттілігін сақтап, оны
тұтастай ұлттық рухтың қуатына айналдырып отырған осы жыраулар дүниесі.
Жыр бейнелі ой, білімді сөз, зерделі түсінік, саналы өмір, кісілік қасиеттердің өрісі,
тұлғалық көзқарас, сезімталдық, ұлы мақсат, ұлттық мұрат. Осы
құндылықтардың танымдық негіздері, құндылықтың бағдары жыраулар
даналығының негізгі тақырыбы.
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып
отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы, ұлттық қажеттіліктердің
негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз
зиялылар. Қазақ жырауларының зиялылығы осы ұлттық идеяның құбылысы мен
қалыптасу заңдылықары арқылы тереңдей түспек.
Жыр қазақ хандығы құрылғанға дейінде қазақ топырағында өмір сүрген, ал қазақ
хандығы құрылған уақыттан бермен қарай «қазақ идеясы» өзінің өкіліндерін ұлт
мәдениетінің сахынасына шығарды. Асанқайғыдан бастап кешегі Қайрат
Рысқұлбековтерге дейін жетіп отырған жыраулар идеясының рухы әлі де ұлттық
идеямыздың жандануына бағыт бағдар берері сөзсіз. Ол үшін қазақ идеясының тарихи
кеңістіктегі таралымын осы жыраулар даналығы арқылы зерделеу қажет.
Өзінің экзистенциалдық идеяларымен «Асан Қайғы» атанған ғұлама, бүгінгі ұрпаққа
кісіліктің үлгісін қалдырып отыр. Оның бізге жетіп отырған дүниелері оның ұлттық
мемлекетті дамыту жолында «Қазақ идеясын» қалыптастыруға аянбай қызмет еткен
тұлға екендігін көрсетеді.
Елдің рухани тұрмысын сақтап қалу оңай іс емес. Асан қайғыдан бастау алған «Қазақ
идеясының» дамуындағы жыраулар философиясының феномені ұлттық санамыздың
ішінде, олардың елдің қоныстануы жөніндегі идеяларының маңыздылығы арқылы
сақталып қала бермек. Олардың ұғымында елді сақтау үшін, жерді дұрыс пайдалана білу
қажет. Жер ұрпаққа мұра боп қалу үшін онда елдің қоныстануы қажет және де халықтың
шаруашылығы еркін дамуы қажет. Ұлттық қажеттіліктерді жүзеге асыру мәселесіне
теориялық жағынан терең мән берген қазақ жырауларының идеялары, дәстүрлі қазақ
қоғамының сонау көне түркілерден бері қалыптасқан болмысының бұзылмауына ықпал
етті. Тарихтан белгілі жерді, елді қорғау халқыңа адал болу ұрпақтың азаматтылығына
тәуелді. Бір елдің өркениеттілігін мойындау үшін де, алдымен сол ел жұртының
өркениеттілкке қалай қол жеткізгендігін білу қажет. Демек елдің өркениеттілігі түсінігі,
сол қоғамдағы азаматтық мүмкіндік туралы идеяның жүзеге асу деңгейін салмақтай
түспек.
Әр адамның қоғамда ұлт өкілі орнында өмір сүруіне бағыт-бағдар беретін өз табиғаты
бар. Ол не нәрсе? Жырауларымыздың идеяларына сүйенсек, адам бойындағы тектіліктің
болуы үшін интеллектуалдық орта қалыптасуы қажет. «Жалғыз ағаш орман емес, сол
секілді жалғыз адамда тегістей елге қорған емес» - деген билер даналығындағы өсиет
осы шындықтан қалса керек. Адам зиялылыққа қол жеткізуі үшін, оның алдымен өз
рухына қамқор болатын бойындағы қасиеттердің көзін ашуы қажет.
Тарихи - философиялық әдебиеттерде, интеллигенция не істеу қажет? - деген сауалға
көбірек көңіл бөлініп жатады. Қазақ жырауларының ұғымында әр адам өзінің кісілік
рухына адал болса, өз ісінің зиялысы. Тұлғалық адамнан талап етілетін қасиет. Сол
себептен зиялылық адам санасында не істеу керек деген сауалдан емес, бірлікке
ұмтылыстан, елдікті ұғынудан, құрметтеуден туындайтын қасиет.
философиясы олардың ұлттық идея тұрғысындағы даналығы, ұлттық мүдде
тұрғысындағы қызметтерінің тарихи кеңістігі негізінде әлі толықтай зерттеліп болған
жоқ. Жыраулардың философиясының феноменін ашу-бұл қазақ идеясының тарихи
қалыптасу негіздерін жарыққа шығару мен тең. Себебі жырау даналығы - тарихи із.
Ұрпақ ұлттық рухпен неғұрлым жақын тәрбиеленген сайын ол өзінің адамдық бейнесін
ішкі рухпен қаруландырмақ. Ұлттың негізгі құндылығы ұрпақ болғандықтан ұлттық
идея ұрпақ рухына қызмет етуден алшақ кетпейді. Жырауларымыздың «Ел-Жұрт»
идеясының мақсаты ұрпақ санасында қазақтың әлеуметтік өмір этикасы мен
эстетикасының болмысын сақтап отыру. Осы бағытта қазақ жырауларының тағы бір
бағыттағы ой толғамдары ұлттық мүддеге бағытталды:
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт [2. 29 б]. Ел деніміз ұлттың тамыры қалыптасып, халықтың
бірлікте, еркіндікте өмір сүріп жатқан ортасы. Елдің бейнесі бейбіт, тынысы ұлттық
кәсіп, рухани өмірі бірлік, елдік қарым-қатынасы. Ел сонынмен қатар ердің ұясы, негізі,
тірек ететін негізгі қуаты. Жұрт деген ұғымға келетін болсақ, қазақ халқы өзінің ата
мекенін айналып көшіп жүре бермеген, қазақ отырықшы да халық. Оның себебін
«жұрт» түсінігінен байқауға болады. Адамның өрісі ел дейтін болсақ, оның дүниеге
келіп, өсіп өнген шағы, аяқтанған кезі бұның барлығы елдің рухымен де тығыз
байланысты. Ата мекен жердің аумағы тарылып, ел азайған шақта ұлттың
жойылмауына оң ықпалын тигізетін нәрсе бұл әрине туған жерге теген түсінік.
Қазтуған жыраудың «ел-жұрт» толғауының экзистенциалдық идеяға айналып отырған
себебі осында. Яғни «жұрт» елдің, ердің тарихи ізі, санада сақталатын бейне, адамды
елдікке бастайтын білім.
Пайдаланылған әдебиеттер
Назарбаев Н. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуға тиіс // Егемен Қазақстан, –2003 ж. 29 қараша, № 311-312.
Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы: Жазушы, 1986, 400 б.
Әл-Фараби Әбунәсір. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат. // Ежелгі дәуір әдебиеті (Құрастырған және өмірбаяндық деректерін жазған А.Қыраубаева). – Алматы: Ана тілі, 1991, – 280 б.
Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер (Құрастыр. Шәріпов Ә., Дәуітов С.). Алматы: Жазушы, 1989, – 320 б.
Қасқабасов С.А. Төртінші тарау. Рухани мәдениет. Дін. Өнер. 1.Қазақстанның ХІІІ-ХV ғасырлардағы рухани мәдениеті. // Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) бестомдық. 2-том, Алматы: Атамұра, 1998, – 640 б.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы (Құрастыр. алғы сөзін жазған Т.Қоңыратбаев). –Алматы; Ана тілі. 1991, – 288 б.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алматы: 1985, – (162-168б) – 560 б.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі (Құрастыр. З.Ахметов, Т.Шаңбаев) –Алматы: Ана тілі, 1996, – 240 б.
Лосев А.Ф. Лукрецкий // Античная литература: Учебник (А.Ф.Лосев, Г.А.Сонкина, А.А.Тахо-Годи и др;, Под ред. А.А. Тахо-Годи. -4-е изд., до раб., Москва: Просвещение, 1986, с. 299-308.
Кайкаус. Қабуснама (Өзб. ауд. Т.Айнабеков). –Алматы: Балауса, 1992, –160 б.
Ай, заман-ай заман-ай (Бес ғасыр жырлайды): 2-томдық (Құрастырушылар: М.Мағауин, М.Байділдаев). -Алматы, Қазақ ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитет Бас редакциясы – РВБ., 1991, 1-т. -384 б.
Қазақ мақал-мәтелдері. Жинап құрастырған Өтебай Тұрманжанов. –Алматы: Ана тілі, 1993, –176 б.
Сөз тапқанға қолқа жоқ (Күлдіргі әңгімелер, шешендік сөздер, толғау-термелер. Ел аузынан жинағандар: А.Бейсенғалиева, С.Әбілғазин, С.Қарамендин. –Алматы: Жазушы, 1988, –608 б.
Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғаулар, аңыз әңгімелер (Құраст. Б.Адамбаев, Т.Жарқынбаев). –Алматы: Жазушы, 1989, - 368 б.
Тозған қазды топтанған қарға жейді (Құрастырып, алғы сөзін жазған Б.Адамбаев). –Алматы: Рауан, 1992, – 492 б.
Қазақтың 100 би-шешені (Құраст. Қ.Төреқұлов). –Алматы: 1993, -350 б.
Жетес би (Құраст. А.Сапақұлы). –Қызылорда, Тұмар, 2001, – 160 б.
Негимов С. Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997, – 208 б.
Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы: Ана тілі, 1997, – 128 б.
Әнет баба: Тарихи-танымдық зерттеулер (Құраст. Б.Сапаралы). –Алматы: Қанағат – ҚС., 1997, – 100 б.
Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. Алматы: Ғылым, 1984, – 136 б.
Адамбаев Б. Алтын сандық: Әдеби мақалалар. Алматы; Жазушы, 1989, –200 б.
Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Алматы: Білім, 2003, –260 б.
Кляшторный С.Г., Сұлтанов И.Т. Летопись трех тысячелетий. –Алматы: 1992, – 182 б.
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Атамұра, 2005. – 336 б.
Иасауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы) (Жинақтап баспаға әзірлеген, қазақшаға аударғандар: М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи). –Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығы. 1993. – 262 б.
Мың бір маржан (Қара өлең табиғаты) Ғылыми түсініктемесін жазып, қара өлең нұсқаларын жинап құрастырған А.Сейдімбеков). –Алматы, Өнер, 1989, – 256 б.
Қара өлең (Ел аузынан жинап, құраст., алғы сөзін жазған Оразақын Асқар). –Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
Егеубай А. Құлабыз. Алматы: Жазушы, 2001, –216 б.
Қирабаев С. Тәуелсіздік және әдебиет. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. – 448 б.
Достарыңызбен бөлісу: |