Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің портфолио құрылымы
І бөлім. Педагог туралы мәлімет
Тиісті құжаттар:
Төлқұжат;
диплом қосымшасымен;
еңбек кітапшасы;
біліктілік санаты туралы куәлік көшірмелері;
ІІ бөлім. Білім беру сапасын қамтамасыз ету
Тиісті құжаттар:
соңғы 3 жылдағы білім беру бағдарламасын игеруі, білім сапасының динамикасы;
педагогтің соңғы оқу жылындағы сабақты (оқуды, ұйымдастырылған қызметті, іс-шараны) бағалау парақтарының болуы: «педагог-модератор»-5, «педагог-сарапшы»-5, «педагог-зерттеуші»-5, «педагог-шебер»-5 (бақылау парағы білім беру ұйымының басшысының қолы қойылып және мөрімен бекітіледі);
«Оқыту (өткізу, ұйымдастыру) сапасы» көрсеткіші бойынша орташа арифметикалық мән қойылады (бақылау парақтары бесеуден кем емес болу керек).
ІІІ бөлім. Жетістіктер
Тиісті құжаттар:
конкурстық іс-шаралар білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі;
кезеңдер бойынша олимпиадаға қатысқан жетістіктері;
кезеңдер бойынша ғылыми жобаға қатысқан жетістіктері;
сынып оқушыларының түрлі конкурстар негізінде жеткен жетістіктері;
педагог қызметкердің түрлі кәсіби байқауларда жеткен жетістіктері;
ІV бөлім. Тәжірибені жинақтау және тарату
тәжірибені тарату жөніндегі іс-шаралар республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі («педагог-шебер») немесе облыстың білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестік бекіткен материалдар;
семинарда оқыған баяндамалары, сол материал жарияланған жағдайда жарияланым;
«Оқу-әдістемелік материалдар» көрсеткіші бойынша (авторлық бағдарламадан басқа) бірлескен авторлық жағдайда (3 автордан аспайтын) республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған материалдар;
«Зерттеу қызметі (тәжірибені зерттеу) негізінде жариялау» көрсеткіші бойынша бірлескен авторлық жағдайда (3 автордан аспайтын) жұмыстары;
V бөлім. Біліктілікті арттыру
«Біліктілікті арттыру» көрсеткіші бойынша біліктілікті арттыру курстарының сертификат көшірмелері.
Достарыңызбен бөлісу: |