Қазақстан дипломатиясы: барлық тарапқа тиімді
ынтымақтастық үшін
http://bit.ly/1oc1DtR
Өткен жылдың соңында Астанадағы Мемлекеттік басқару Академиясында дәріс оқып тұрып, Қазақстан дипломатиясы осы уақытқа дейін «бұлшық етін» өсірді, енді біз өзіміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріміздің географиясын кеңейтуге және мемлекеттік мүдделерімізді Қазақстаннан шалғайда орналасқан әлемнің түпкір-түпкіріндегі елдерде ілгерілетіп, әлемдік қауымдастыққа ғаламдық және аймақтық мәселелерді шешуде қазақстандық тәжірибені ұсынуға ниеттіміз.
Менің жақындағы Мексика Құрама Штаттарына екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапарым және БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы саяси пікірталастарға қатысу мақсатында Нью-Йорк қаласына сапарым менің Қазақстан халықаралық аренадағы маңызды және жауапкершілігі мол мүшесі ретінде барынша артып келе жатқан беделі туралы айтқан сөздерімді растады.
2014-2020 ж.ж. арналған ҚР сыртқы саяси Тұжырымдамасында аталып өткендей, біз экономикалық әлеуеті жоғары және олар үшін біз Еуразиялық континетте белгілі бір плацдарм ретінде қызмет атқара алатын, сондай-ақ осы аймақтағы интеграциялық үдерістерді ескере отырып, Латын Америка мен Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастықты дамытамыз және нығайта түспекпіз. Жоспарға сәйкес, Мексикада біздің Елшілігімізді ашып, ресми делегациялар үшін визасыз тәртіп орнату туралы маңызды келісімге қол қойдық, бұл екі ел азаматтары үшін визалық талаптарды толығымен жоюға бағытталған алғашқы қадам. Осылайша, біз әлемнің ең тез дамып келе жатқан елдерінің бірімен берік негіз қаладық. Сарапшылардың болжамына сәйкес, бұл ел 2050 жылға қарай әлемнің ең мықты он экономикалар қатарына енуі мүмкін. Осы жерде тағы бір жағымды жаңалықпен бөліскім келіп отыр, ү.ж. 1 қарашасынан бастап қазақстандықтар Аргентинаға виза рәсімдеусіз бара алатын болады. Жалпы, соңғы бір жарым жыл ішінде аталмыш аймақтың алты елімен осындай келісімдерге қол жеткізілді, бұл туралы мен жақында өзімнің берген сұхбатымда да айтып өттім (http://mfa.gov.kz/index.php/ru/poslednie-novosti/2087-o-provodimoj-rabote-po-liberalizatsii-vizovogo-rezhima-dlya-grazhdan-kazakhstana-ministr-inostrannykh-del-rk-erlan-idrisov-v-intervyu-dlya-zakon-kz ).
Дәстүрлі түрде қыркүйек айнының үшінші декадасында Нью-Йорк әлемдік дипломатияның белсенді орталығына айналады, онда БҰҰ мүше елдерінің мемлекет, үкімет, сыртқы саяси мекемелер басшылары Бас Ассамблея жұмысына қатысу мақсатында жиналады. Бұл өз еліңнің халықаралық дипломатиялық мәселелері бойынша ұстанымын жария етуге, Қазақстанның түрлі салалардағы жетістіктерін әлем қауымдастығына паш етуге, Бас Ассамблея алаңында жеке сапарға уақыт пен қаражатты жұмсамастан, шетелдік әріптестермен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салып, керекті келісімдерге қол жеткізуге керемет мүмкіндік береді.
Бас Ассамблея шеңберінде біздің делегация мүшелерімен бірге 20-дан астам түрлі іс-шараларға қатысып, 50-ден астам екіжақты кездесулер өткіздім. Қазақстандық делегация мүшелерінің іс-шараларда сөйлеген сөздерінің негізгі бағыты Қазақстанның ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, соның ішінде экология, энергетика, азық-түлік және су қауіпсізідігі мәселелеріне қосқан үлесі болды. Біздің барлық негізгі «месседждарымызды» көпшілік естіді, қазақстандық сыртқы саяси бастамаларға, атап айтқанда, қарусыздану және таратпау бастамасына жоғары баға берілді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты «жасыл» тақырыпта болуы мен біздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2017-2018 ж.ж. тұрақты емес мүшелікке өтініміміз біздің Нью-Йорктағы кездесулерімізде көтеріліп, сұхбаттасушы тараптардың қолдауына ие болды.
Жалпы Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері өзін БҰҰ жүйесінің пәрменді, дәйекті және сенімді қатысушысы ретінде танытты. Бұл әмбебап ұйымның басшылығы Қазақстанға құрметпен қарап, еліміздің белсенді ұстанымы үшін ризашылығын білдіруде. Осыған байланысты еліміздің оңтүстік астанасын БҰҰ көпжақты дипломатиясының Хабына айналдыруға қатысты белгілі бір келісімдерге қол жеткізілген болатын.
Соңғы кезде сыртқы саяси бағытта орын алған Астрахандағы Каспий маңы мемлекеттер саммиті, Атыраудағы ҚР-РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы, Қазақстанға сан-маринолық әріптесім П. Валентинидің сапары және т.б. жаңалықтарда аталып кеткен ірі әрі маңызды шаралардың мәртебесін түсірместен, өз «блог-постымды» қазақстандық дипломатияның кезекті маңызды табысымен тәмәмдағым келеді. Еуропалық Одақпен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа Келісім бойынша келіссөздердің аяқталуы мен Қазақстанның ДСҰ-на кіру шеңберінде ҚР мен ЕО арасындағы екіжақты келіссөздердің тәмәмдалуы туралы сөз қозғағым келеді. Бұл келісімдер жақында, ү.ж. 9 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық Комиссия Президенті Жозе Мануель Баррозу кездесуінің қорытындылары бойынша жарияланған болатын.
ЕО-мен келісімшартқа 2015 жылы қол қойылады, себебі сарапшылар құжаттың заңнамалық жақтарын пысықтап, оны ЕО 28 мүше мемлекеттердің барлық ресми тілдеріне аударуы қажет. Құжат ынтымақтастықтың 29 саладағы кеңейтілуін көздейді, соның ішінде саясат, қауіпсіздік, экономика, сауда және инвестициялар, құқықтық сала, білім, мәдениет және қазақстандықтар үшін визалық талаптарды жеңілдету. Қазақстан ЕО-мен осындай құжатқа қол қойған Орталық Азия өңіріндегі бірінші мемлекет. Осылайша, ЕО қатынастарымыздың жетілгендігін растап, біз Н. Назарбаев бастаған еліміздің дипломатиясының кезекті табысын атап өтудеміз.
Президентімізбен кездесу қорытындылары бойынша Ж. Баррозу БАҚ алдында сөз сөйлеп, ҚР мен ЕО арасындағы қатынастарды жоғары бағалап, Қазақстан Еуропалық Одақтың экономика мен сауда саласында ғана емес, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік салаларында да маңызды серіктесі екенін атап өтті. Осы орайда ЕК басшысының айтып кеткен келесі сөзі көңілімді аулады: «аталған келісімшартқа қол қою халықаралық қатынастардың нәтижесі жоқ ойын (zero sum game) емес екенін және ЕО Кедендік Одақ мүшелерімен, олар тарапынан қалау болған жағдайда, келісімге отыруға дайын екенін дәлелдеді».
Осыған менің қосарым, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген күннен бастап әлем қауымдастығымен ынтымақтасуға ашық болды. Қайсыбір одақ құрамында болсақ та, біз өз серіктестерімізді еркін таңдаймыз, ең бастысы – бұл тараптарға өзара тиімді болуы.
Біз өзара тиімді де нәтижелі («win-win») ынтымақтастықты қалаймыз, және халықаралық саясаттың да, адамдар арасындағы өзара қатынастардың да болашағы осындай ұстанымда өтуге тиіс екеніне сенімдіміз. Өткен айдың оқиғаларына көз жүгіртіп, Қазақстанның екі онжылдық бойғы тәуелсіз сыртқы саясатының тәжерибесі және уақыт сынынан өтіп, өз жемісін беріп жатқан көпвекторлық ұстанымы осындай болашаққа қол жеткізуге болатындығы туралы сенімімді арта түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |