Ынтымақтастық педагогикасы



Дата25.12.2023
өлшемі348.02 Kb.
#487893
f6269a9afdbc3e


ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
Ынтымақтастық технологиясы
Ынтымақтастық технологиясы дегеніміз – тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, тәрбиеші мен тәрбиеленушіге басымдылық көрсетпеуі.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет.
Ынтымақтастық технологияның негізгі идеясы:
  • Тәрбиеленушінің шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту.
  • Тәрбиеленушінің өзін-өзі дамытуы.
  • Тәрбиеленушілер бір-бірін құрметтеу.

Ерекшелігі
Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
Бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;
Әсемділікті, әдемілікті сезіну, қабылдау;
Рухани жетілдіру;
Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың іс-әрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, қорытынды пакет, өзіндік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебінде ынтымақтастық педагогикасын әзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы болып табылады.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары:
Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тәрбиелеу және дамыту, қалыптасуына ықпал етеді;
Баланың танымдық күшін дамыту және қалыптастыру;
Терең және толық көлемді білімді алып, дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай туғызу;
Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
Оқушылардың шығармашылық атқарушылық қабілетін дамыту;
Оқушылардың өзін-өзі құрметтеуі;
Оқушыларды құрметтеу.
Топтық жұмысты пайдалану себептері
Әлеуметтік
  • Пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасады;
  • Тапсырмаларды шешудің жолдарын бірлесіп табады;
  • Бірлескен үздік нәтижелерге қол жеткізеді.

Танымдық


Эмоциялық

  • Жекелеген адамдардың тәжірибесі мен біліміне сүйенеді;
  • Күрделі тапсырмаларды орындау үшін жайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады:
І кезең – оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;
ІІ кезең – оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді сынауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді;
ІІІ кезең – мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы, топтық тапсырмаларды өңдеуі (ақпаратты өзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау);
IV кезең – мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет