Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»



бет6/31
Дата06.10.2022
өлшемі1.6 Mb.
#462084
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Махан Асел Visual basic программалау тілінде стандартты емес формаларды құру жолдарын оқытуға арналған көмекші электронды оқу құралын жетілдіру диплом жұмысы

Форма сипаттамасы
Visual Basic-тi сiз жұмыс iстейтiн ең басты обьект ол- форма, қосымшаның негiзiн құрады. Форма терезеге ұқсас, қосымша құрғанда ол жерге әр түрлi басқарушы элементтердi қоюға болады. Экранға информация шығаратын кез келген қосымша форманың негiзiнде құралады.
Visual Basic-тi үйрену барысында бiздiң көптеген қосымшамыз бiрлiк форманы қалданады. Сiз көп тәжiрбие жинап, үлкен қосымша құра бастағанда құжат деп аталатын бiрнеше формамен жұмыс iстеймiз. Жаңа форма ашу үшiн, File=>New Project, бұйрығын орындаңыз. Экранда бiрнеше компоненттерден тұратын форма шығады. Осы элементтермен танысып көрейік:



Форма терезесі


Шекара
Шекара формаға керектi икемдiлiк дәрежесiн бередi. Форманың типiне қарай шекараны белгiлеуге, маштабты етуге және алып тастауға болады. Бұл мүмкiншiлiктер Border Style қасиетiнiң көмегiмен жүзеге асады.
Басы
Басы немесе басының жолы деп форма терезесiнiң жоғарғы жағындағы түстi жолақты айтады. Басы бұл экранды терезенi жылжыту үшiн қолданылады. Тышқанда басында шерту арқылы бұрынғы өлшемге қайта келемiз немесе форманы жабамыз.
Атау
Атау-ол басында шығатын текст. Атауға қосымшаның аты, форманың немесе информацияның ағымдағы жағдайы туралы кiшкене сипаттамасы жазылуы мүмкiн. Атаудың атын өзгерту үшiн қасиеттер терезесiнде керектi текст Caption қасиетiне орнату керек.
Жинау батырмасы
Бұл батырма ағымдағы форманы жабады, яғни уақытша жұмыс iстеу орнын алады. Жабу батырмасы формада болу үшiн қасиеттер тереземiнде True мәнiн Caption қасиетiне орнату керек.
Қайта орнату немесе ашу батырмасы
Қайта орнату батырмасында екi функция бар. Егер форма қалыпты жағдайда тұрса, онда бұл батырманы басу ағымдағы форманы экран терезесi көлемiнде ашады.
Жабу батырмасы
Бұл батырманың негiзгi жұмысы ағымдағы терезенi жабу. Егер терезе менюi жоқ болса, онда жабу батырмасы да болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет