Дипломдық жоба бастауыш сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі


Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми болжам (научная гипотеза) -



бет6/19
Дата04.06.2023
өлшемі148.13 Kb.
#474673
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Ұжым исправл

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы.
Ғылыми болжам (научная гипотеза) - тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатын мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам.
Дарындылық (одаренность) – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімделуі.
Жақын перспектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Құзыреттілік – адамның ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану негізінде кәсіби және кәсіптік емес іс-әрекеттегі белгілі бір мәселелерді шешуге дайындығынан көрінетін білімнің нәтижесі.
Конструктивтік қабілет- оқу тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу мен тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, терең ойлап , педагогтық тапқырлықты дамыту.
Дидактикалық қабілет- оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білім дәрежесін , іскерлігі мен дағдасын дұрыс анықтай білу пәнге қызығушылығын арттырып , таным белсенділігін және ойын дамыту, ұстаз өз пәнін өте жақсы білу.
Коммунативті қабілет- бұл мұғалімнің педагогикалық процесстің барысында адамдар мен қарым-қатынас жасауға үйренуі.

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.


ҚР Білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

  1. Меншік нысандарына үлгілерімен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;

  2. Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының;

  3. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:

  • Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

  • Жеке адамның шығармашылық , рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

  • Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы қоғамға қарсы келген кез- келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  • Республиканың қоғамдық саяси- экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  • Әлемдік және Отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді орыс, шет ел тілдерін меңгеру;

  • Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;

  • Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық –ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу ;

  • Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау және біліктілігін арттыру;

  • Жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;

  • Алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамыуына жәрдемдесу[ 1].

Ұжымдық қалыптасу іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мәселесәмен теориялық әдіс-тәсілдерді Н.К.Крупская[5] еңбектерінде, П.П.Блонский[2], А.С.Макаренко[3] ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін де қарастырған. Американдық психолог әрі социологы Дж.Морено топ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін социометрия әдісін ұсынған. Осы әдіс арқылы ұжымдық қарым-қатынасты зерттеп отырған.
Ұжымдық қалыптасуіс-әрекет зерттеу мәселесінде көптеген педагог-психологтардың еңбектерінде Л.В.Занков[4], А.Ғ.Қазмағамбетов[5], Л.К.Керімов[ 6], Д.Б.Эльконин[ 7], Б.И.Мұқанов[8] , С.А.Ұзақбаева[9], А.Б.Нұрлыбекова[10], О.С.Сыздықов[11] т.б. зерттелінген.
Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық қалыптасуіс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық қалыптасуіс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адмның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналардан нәр алу үшін жауапты болады. Балалардың үйелменді тәрбиеленуі олардың білім беру мекемелерінде тәрбиеленуімен етене ұштасып жатады. Үйелменде тәрбие мен білім беруге Республика заңдарына сәйкес ата-аналар жауапты болады. Білім беру органдары мен мекемелері бұхаралық хабарлама құралдарының көмегімен дербес, сондай-ақ ғылым және мәдениет мекемелерімен, қоғамдық бірлестіктерімен біріге отырып балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде үйелменге көмек көрсетеді. Еңбек ұжымдары үйелменді нығайтуға, балалар тәрбиесін жақсартуға көмектесетін жағдайлар жасауға қатысады, ата-аналар мен оларды алмастыратын адамдарға көмектеседі.
Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі — олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын көзжарастар бағытын қалыптастырады.
 Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы.Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) - ертеңгі қуаныш .Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Білім алушылырдың білім деңгейін жоғарылату, бастауыш сынып оқушыларының ұжымын жаңартылған білім негізіне ыңғайлы қалыптастыру, оқу процесі жеке оқушыны, топты, ұжымды жаңаша құруды талап етеді, ал сол ұжымды бір бағытта, бір мақсатта қалыптастыру бастауыш сынып мұғалімінен улкен жауапкершілікт, ұйымдастырушылық қабілетті,кәсібилікті талап етіп отырғандықтан бұл дипломдық жобаның тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі”деп таңдадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет