«Жағымды қарым-қатынас» тренинг (оқушыларға )
Мақсаты:Өзара қарым-қатынасты дамыту, бір-біріне сенімді ұйымдастыру,ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу.
1.жаттығу «Сәлемдесу»
Мақсаты: Амандасу топты ұйымдастыру
Нұсқау: үш топқа бөлінеміз.Бірінші топ «европалықтар», екінші топ «африкандықтар»,үшінші топ «жапондықтар» болып бөлінеді.
Европалықтар қол ұстап амандасады.
Жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіреді
Африкандықтар орнында секіріп, «уу» деп айғайлайды
Талқылау :жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіз?
2. Жаттығу Топты ұймдастыру
Мақсаты: Сөзді қолданбай ақпарат алмасу мүмкіндігі,вербальді емес қарым-қатынасты дамыту, бір-бірімен қарым-қатынас орнату әдістерін табу.
Нұсқау: Сөйлеуге болмайды, бір-бірімен тек мимика, қимыл-қозғалыс арқылы ғана тілдесеміз.
«Бір-біріңізді сөзсіз қалай түсінетіндеріңізді көрейік!»
1-тапсырма: бойына қарай тұру
2-тапсырма үшбұрыш құрастыру
3-тапсырма 123 санын құрастыру
4- тапсырма туған күндеріне байланысты ,жыл мезгілі бойынша бөліну. Сонда 4-топ болуы тиіс: қыс,жаз,көктем,күз.
Талқылау: Осы жаттығу барысында қандай қиындықтар болды? Бір-біріңді түсіну үшін қандай амалдарды қолдандыңдар?
3.Жаттығу «Дыбыстық гимнастика
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы эмоционалдық қысымды төмендету
Шарты: Гимнастика бастамас бұрын жүргізуші жаттығудың шартын түсіндіреді. Бұл жаттығуды орнымыздан тұрып, арқамызды тік ұстауымыз керек және тыныштық сақтауымыз қажет. Ең бірінші терең дем аламыз,сосын дем шығарған кезде қатты және бар күшімізбен дыбысты айтамыз.
А-бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді
Е- ауыз кеңірдекке әсер етеді.
И-миға,көзге мұрынға, құлаққа әсер етеді
О-жүрекке және өкпеге әсер етеді.
4.Жаттығу «Голливуд жұлдызы»
Барысы: қатысушылар 2- жақтама бір-біріне қарап тұрады. Ортасына еденге қызыл кілем төселеді Ортадан кезекпен қатысушылар өтеді. Ортадан өткен адам өзін жұлдыз сезінетіндей болу керек. Жан-жағындағы адаамдар оны қолдап, мақтап,шапалақтап «жұлдыз» сезіндіру керек. Барлық қатысушылар ортадан өтуі тиіс.
Талқылау: Жаттығудан соң өздеріңізді қалай сезіндіңіздер
5.Жаттығу «Жасырын хат,ойлан тап» (10 минут)
Қажетті құралдар: ақ парақ,түрлі түсті фломастерлер,,қарындаштар,өшіргіш,сызғыш,
Барысы: Қатысушылар 2-топқа бірігіп отырады. Жүргізуші: Ерте-ерте ертеде... әлі адамдар әріп танымаған уақыттада олар бір-біріне хат жазған екен.қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жетуізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі.
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы»1-ші топ
«Жексенбі күні сағат15-00 де менің туған күніме кел» 2-ші топ
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы ақ параққа сурет салу арқылы.өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет
6.«Тату алақан»жаттығуы ( 5 минут)
Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін саладыда, өз орнына қалдырып кетеді,келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады..Осылайшеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.
7.«Тілек тілеу»
Қорытындылауды өздеріне жасау
Қорытынды: Тренинг соңында оқушылардың алған әсерлерімен білу..Көңіл-күйлерінің көтерілгендігін байқау.
Шеңбер бойында отырып,ұнаған түсті таңдап,жанындағы адамға жақсы тілектер тілей отырып, сол түспен сол адамның ұнаған жеріне саусағының ұшымен бояуды жағу (қолына,бетіне,алақанына)
№63 негізгі орта мектеп психологы: Мамешова Зульфия Жапашовна
Достарыңызбен бөлісу: |