Тұрсынбаева Мейірім
Дипломдық жоьаны орындау әдістемесі
Нормативтік сілтемелер
1.1 Әдістемелік нұсқаулар келесі құжаттарға сәйкес әзірленді:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (02.08.2018 ж. No 170- VI ҚРЗ өзгерістер және толықтырулармен);
- Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарты (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. No604 бұйрығы);
- Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (ҚР БҒМ 20.04.2011 ж. No 152 бұйрығы, 12.10.2018 ж. No563 өзгерістермен);
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы No595 бұйрығы);
- Мемлекетаралық стандарттар: МЕМСТ 7.32-2001 (2006 жылғы өзгерістермен). Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Құрылымы мен ресімдеу ережелері;
- МЕМСТ 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері.
2 Жалпы ережелер
2.1 Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (бұдан әрі мәтін бойынша университет) дипломдық жұмыстарға (жобаларға) қойылатын жалпы талаптарды белгілеу болып табылады.
2.2 Дипломдық жұмыс (жоба) университет бакалавриатында оқудың қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
2.3 Студенттің дипломдық жұмысына (жобасына) келесі жалпы талаптар қойылады:
дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми-зерттеу сипатында болуы тиіс;
дипломдық жұмыс (жоба) студенттің тәжірибелік материалдарын өз бетінше жинау, жүйелендіру және тәжірибеде немесе қоғамдық қатынастардың немесе қызметтің (құқық, экономика, басқару) осы саласында қалыптасқан жағдайды (үрдістерді) талдау іскерлігінің болуын көрсетуі тиіс...);
дипломдық жұмыстың тақырыбы, мақсаттары мен міндеттері зерттеу мәселелерін шешумен тығыз байланысты болуы тиіс;
жұмыс (жоба) студенттің есеп беру деректерін және басқа авторлардың жарияланған материалдарын елде де, шетелде де адал пайдалануын көрсетуі
тиіс;
дипломдық жұмыс (жоба) нақты құрылымы, аяқталуы, материалды
логикалық, дәйекті баяндау талаптарына жауап беруі, жасалған қорытындылар мен ұсыныстардың негізділігі болуы тиіс;
Жоба
дипломдық жұмыстың (жобаның) ережелері, тұжырымдары мен ұсыныстары жаңа статистикалық деректерге және қолданыстағы нормативтік актілерге, ғылым жетістіктері мен практика нәтижелеріне сүйенуі тиіс; экономика, менеджмент және т. б. саласындағы жұмыстар үшін есептеу-талдау бөлімі болуы тиіс (тиісті аналитикалық кестелермен, кестелермен, диаграммалармен және т. б.).
2.4 Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау мақсаты:
1) мамандық бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды жүйелеу, бекіту және кеңейту, және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік мәселелерді, сонымен қатар, мәдени бағыттағы мәсеелерді шешу үшін қолдану;
2) өзіндік жұмысты орындау дағдыларын дамыту және қарастырылып отырған мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеу мен эксперименттеу әдістемелерін меңгеру;
3) заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында студенттің өзіндік жұмыстарға дайындығын, сонымен қатар, оның кәсіби құзырет деңгейін анықтау;
2.5Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің көмегімен жүзеге асырылады және төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1) ғалымдар, аналитиктер, практиктар: инженерлер, конструкторлар, менеджерлер мен экономисттердің ғылыми зерттеулерін, жобалық шешімдерін түйіндеу;
2) зерттеліп отырған нысан бойынша ғылыми негізделген теориялық мәліметтердің болуы;
3) нақты тапсырманың орындалуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.
2.6 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы өзекті, ғылым, техника және мәдениеттің заманауи күйі мен даму перспективасына сәйкес болуы керек. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбын анықтау кезінде оның пәнаралық және университет және сыртқы тұтынушы (ҒЗЖ, ҒЗТКЖ, ТЭН және т.б.) қажеттілігі үшін нәтижелердің қажеттілігін ескеру ұсынылады.
2.7 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы білім беру бағдарламасы мен кадрларды даярлау бейініне сәйкес болуы тиіс.
2.8 Дипломдық жұмыстар (жобалардың) тақырыптарын кафедра анықтап, факультеттің Ғылыми кеңесінде қарастырып бекітіледі.
2.9 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) жалпы тізімі жыл сайын кемінде 30%-ға жаңартылып отыруы керек.
2.10 ипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы 7(9) семестрдің басында студентке беріліп, ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алдындағы тәжірибе аяқталғаннан кейін дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы қажет болған жағдайда кафедраның ұсынысы бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
2.11 Жұмыс (жоба) тақырыптары әр студент үшін жеке болуы керек, бір тақырыпты екі студент таңдауға болмайды.
3 Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу ретіне қойылатын талаптар
3.1 Дипломдық жұмыс (жоба) соңғы оқу жылы ішінде орындалады. Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындауға кететін уақыт шығындары бакалавриаттың тиісті білім беру бағдарламасының оқу жоспарымен және академиялық күнтізбесімен анықталады.
3.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін әрбір студентке кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші тағайындалады, ол UNIVER жүйесінде көрсетіледі.
3.3 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер (қауымдастырылған профессорлар), аға оқытушылар (3 жылдан астам жұмыс өтілі бар) тағайындалады.
3.4 Дипломдық жұмыстар (жобалар) тақырыптарының ғылыми жетекшілігін кафедра ПОҚ, кафедра меңгерушілері арасында бөлу кезінде, сондай-ақ біліктілігі, жұмыс өтілі, ПОҚ-да орындалатын ғылыми жобалардың болуын ескере отырып, бірқалыпты принципін басшылыққа алу қажет. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі:
дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға тапсырма береді;
студентке дипломдық жұмысты (жобаны) жасаудың толық мерзіміне күнтізбелік кестені құрастыруға көмектеседі;
студентке керекті негізгі әдебиеттерді, анықтама және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа да мәліметтерді ұсынады;
дипломдық жұмыстың күнтізбелік кестесінің орындалуын бақылап отыру үшін кеңес беру кестесін анықтайды;
дипломдық жұмыстың (жобаның) барлық тарауларының көлемін анықтап, студент пен кеңес берушілердің жұмысын үйлестіріп отырады.
3.5 Рецензент ретінде жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалады. Рецензенттер студент орындаған жұмыстың (жобаның) тиісті бөлімдерін тексереді және дипломдық жұмысқа (жобаға) пікір жазады.
3.6 Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша студенттің мерзімді есебінің мерзімін белгілейді. Бұл мерзімде студент бітіруші кафедра алдында есеп береді, ол дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық дәрежесін белгілейді.
3.7 Дипломдық жұмыс (жоба) білім беру бағдарламасы бойынша әдебиеттерді терең зерделеу негізінде орындалады (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, мерзімді әдебиеттер, дәрістік курстар, ғылыми журналдар, соның ішінде шет тілдерінде, нормативтік әдебиеттер және т.б.).
3.8 Дипломдық жұмыстың негізгі мәтінішығармашылық ойын, зерттеу әдістерінің негіздемесін, есептеу әдістері мен компьютерлік технологиялар арқылы алынған есептеулерді, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамаларын, оларды талдау мен қорытындыларын, нұсқаулардың техникалық-экономикалық
салыстыруын толық ашып, иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т.б. өңделуі керек.
3.9 Дипломдық жұмысты (жобаны) студент ЖОО-да, сондай-ақ кәсіпорында, ұйымда, ғылыми, жобалау-конструкторлық және басқа да ұйымдарда диплом алдындағы тәжірибе базасы ретінде орындай алады.
Диплом алдындағы тәжірибенің нәтижесі одан әрі жұмыс істеу үшін тәжірибелік материалдарды іріктеу, сондай-ақ тәжірибеден өту орнынан мінездеме болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |