Директоры Алимбаева Гүлнар Еділбайқызының



Дата06.06.2024
өлшемі18 Kb.
#502394
Баяндама нов


7 Бетқайнар колледжінің
директоры Алимбаева Гүлнар Еділбайқызының
сөйлейтін сөзі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасының №7 Бетқайнар колледжі 1974 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданын, Бетқайнар ауылында құрылды. Жобалық сыйымдылығы: 706, білімгерлер саны: 559, педагогтар саны: 58.


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі қазіргі таңда 4 мамандық, 7 біліктілік бойынша мамандар даярлауда:
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру»,
«Дәнекерлеу ісі»,
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»,
«Бағдарламалық қамтамасыз ету».
Кәсіптік білімде тегін білім беріп қана қоймай, колледж дуалдық оқыту, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы нәтижелі жұмысқа орналасуда.
№7 Бетқайнар колледжінің миссиясы: Жеке стратегиясын құра алатын, ой-өрісі икемді, әлеуметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілердің талаптарына сай, бәсекеге қабілетті білікті маман даярлау.
Стратегиялық мақсаты: білім беруді модернизациялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту, мамандар даярлаудағы білім сапасын көтеру.
Колледждің материалдық-техникалық базасы «Жас маман» жобасы аясында 2020 жылы жаңартылды. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы 26 түрлі заманауи тігін жабдықтармен қамтылды. 2023 жылы «Жас маман» жобасына енген «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша «Сән және дизайн» құзіреттілік орталығы ашылды.
2023 жылы Қырғызстан Республикасының Токмок қаласында орналасқан «Токмок индустриалды-педагогикалық» колледжімен халықаралық Меморандум қайта жаңартылды. Негізгі мақсат оқу орындары арасында ынтымақтастықты нығайту.
Тігін мамандығы студенттерінің өнімі ұлттық нақышта безендірілген киіз үйде көрмеге қойылған.
№7 Бетқайнар колледжінің 3 курс студенті – Бор Рамина Рахиевна "WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша «Үздік маман» медальон иегері, жетекшісі – Джумашева Нуржан Алияскаровна сертификатқа ие болды.
«Жас маман» жоба шеңберінде колледж кадрларды даярлаудың өзіндік моделін қалыптастырды. Басты идея-мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырумен бірге қосымша қаражат көздерін өз бетінше іздеу негізінде көп арналы қаржыландыруға көшу. Осы мақсатта 2023 жылы колледж жанынан шағын кәсіпорын ашу жұмысы қолға алынып, бос тұрған ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Цехқа қажетті евростандартқа сәйкес құрал-жабдықтар алу үшін жергілікті бюджеттен 90 миллион қаражат бөлінді.
Цехқа колледж түлектері мен ауыл тұрғындары арасынан 40 қызметкер қайта даярлаудан өтіп, жұмысқа қабылданды.
Колледж Қырғыз мемлекетінің «Ай Tex» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, 3000 дана костюмге тапсырыс қабылдады.
Қызмет көрсетуден түскен қаражат колледждің материалдық техникалық базасын халықаралық талаптарға сәйкес жабдықтауға, студенттер мен педагогтердің академиялық ұтқырлық аясында халықаралық тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жоба аясында ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша да аспалы жүгері орағы, экскаватор тиегіш, астық жинайтын комбайн John Deere, астық сепкіш, камаз жүк көлігі, тыңайтқыш таратқыш, топсалы соқа, 5 корпус, Deutch тракторы, және ауыл шаруашылығына қажетті тіркемелермен толықтырылды. 2023 жылы 14 сәуірде «Жас маман» жобасына енген «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «Ауыл шаруашылық саласына қызмет көрсету» құзіреттілік орталығы ашылды.
Жоба бойынша алынған «Виртуалды шындық көзілдіріктерімен негізгі трактор қондырғыларын жинайтын» тренажері трактордың қондырғыларын виртуалды түрде шашып, жинап және реттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді. Трактор мен комбайнды жүргізуге арналған тренажер арқылы жерді жырту, өңдеу, егінді себу және комбайнмен егінді шабу жұмыстарын жүргізуді студенттер өндірістік оқыту сабақтарында үйренеді.
Колледждің оқу шаруашылығында 229 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар. 229 га жердің 30 га-на күздік бидай егілген, 20 га-на көктемде арпа егу жоспарланған, қалған жерлер шабындық пен жайылымға пайдалынуда. Колледж базасында ауданы 230 шаршы метрді құрайтын жылыжай мен көлемі 0,5 га құрайтын «Жастар аллеясы» бағы қарастырылған. Жылыжай жылыту, сумен қамту жүйелерімен жабдықталған, күн сәулесі түсіп, жылу ұстайтын полиэтиленмен жабылған. Жылыжайда оқытудың мақсаты – еңбек тәрбиесі және білімгерлерді кәсіби бағдарлау. Колледж жылыжайында лимон өсірілуде, колледж бағында қазіргі таңда экономикалық және экологиялық сұранысқа ие Павловния және алма ағаштары өсірілуде.
200 бас меринос қойынан алынған жүнді пайдалану үшін жүн жуатын, түтетін, көрпе тігетін, киіз жасайтын құрал-жабдықтар алынған.
Жас маман жобасы – ел дамуының, әсіресе өндіріс саласының өркендеуіне үлкен мүмкіндік. Аудан жастарының сапалы білім алуындағы ұтымды жоба.
«Дәнекерлеу ісі» мамандығында «TKR Welding» виртуалды дәнекерлеу симуляторын қолдана отырып студенттер теориялық сабақта алған білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіреді.
Дәнекерлеу шеберханасы-176 м2, 10-посттық дәнекерлеу аппараты, жартылай автоматты дәнекерлеу аппараты-2, аргон аппараты-1, газбен дәнекерлеу аппараты-1, инвекторлық дәнекерлеу аппараты.
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша материалдық-техникалық база: Дербес компьютерлер-106, ноутбук-59 intel core і7, интерактивті тақталар – 17. Интернет жылдамдығы – 40 Мбит/с.
Жатақхананың материалдық техникалық базасы. Жалпы жатақхана 807. 7 шаршы метрді алып жатыр. Әр бөлме 17, 1 шаршы метрді құрайды. 2023 жылы жатақхана ағымдағы жөндеуден өтті. Жалпы сиымдылығы 150 орынға арналған, 71 тұратын бөлмесі бар. Студенттер тұратын бөлмелерде екі есікті шкаф, сабақ орындайтын үстел мен орындық және төсек орындармен қамтамасыз етілген. Бөлмеде 2 студенттен тұрады. Жатақханада 3 демалатын қонақ бөлмесі, 2 теннис ойнайтын бөлме, екі асхана, киім жуатын, кептіретін бөлмелер, 6 дәретхана мен жуынатын бөлмелер бар. 1 теледидар, 2 кір жуғыш машинасы, 4 үтік, 4 тоңазытқыш, 2 үстел тенисі, 2 су жылытатын тен, 1 су диспансеры, 2 жүгіретін тренажер, 2 қол күрестіретін «Arm restling» үстелі бар.
Қазіргі таңда өтініштер бойынша 100 студент орналастырылған. Жатақханада студенттер өміріне қажетті жағдай жасалған. Бірінші қабатта кітапхана, оқу залы, оқуға құштар колледж, дәрігерлік пункт, оқу кабинеттері орналасқан.
Колледждің бүгінгі басты міндеті - контингентті ұлғайту мен еңбек нарығына керек жаңа мамандықтарды ашу стратегиясын іске асыруы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет