Тақырыбы: «Лимон жемісінің қасиеті»
Мақсаты: Жеміс түрлері туралы, лимон жемісінің қасиеттері туралы мағлұмат беру, ізденгіштік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру. Бір-бірінің жауаптарын тыңдай білуге баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Лимон, шай, дағы бар мата, лимон трафареті, тірек сызба, ас содасы, сірке қышқылы, шар , шыны бутылка
Ұйымдастыру кезеңі: «Көзілдірік» ойынын ұйымдастыру
Ойынның шарты: Ортаға бір баланы шығарып, көзілдірік киіп, ортадағы бала туралы жылы лебіздер айту.
Негізгі бөлім: «Қызықты буынұйқас» ойнын ойнау
-
Ма-ма-ма 3. -Ұрт-ұрт-ұрт
Жақсы көрем алма. Сатып алдым алмұрт
2.Е-е-е 4.-Он-он-он
Бақта өсті шие. Ағашта өсті лимон.
-Балалар, осы лимон жемісі туралы мағлұматтар алу үшін орталықтарға бөлініп ақпараттар жинайық.Фишкалар жинап орындарға жайғасайық.
1-орталық: Өнер орталығы
-Балалар біз алдағы уақытталимон суретін қандай тәсілдермен салдық?
-Қылқаламмен, майшаммен, саусақпен, губкамен.
-Ал, бүгін біз лимон шырынымен сурет салып көреміз.
Ол үшін : лимон шырынын ыдысқа сығып аламыз, ақ бетке лимон трафаретін орналастырамыз, шиге оралған мақтамен суретті саламыз.
-Ал, екінші тәсіл дәл осындай, тек сары бояу қосып саламыз да суретімізді электр лампасына кептірміз.
2-орталық: Әдебиет орталығы:
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешесіңдер ме?
-Тоқсары емес, сары,
Дөңгелек емес, сопақша,
Көкөніс емес, жеміс
Бұл не? (Лимон)
-Жұмбақты «емес» сөзі арқылы құралған тез жаттап алайық
-Суретті сызба арқылы жаттаймыз.
2. Сызба арқылы сөйлем құрайық
1. Лимон-ағашта өседі.
2.Лимон тарелкада жатыр.
3.Лимон-сары түсті.
4. Лимонды шайға қосамыз.
3-орталық: Ғылым орталығы:
-Балалар, лимон туралы «лото» ойыны арқылы ақпарат жинайық.
Лимон түсі-сары.
Лимонның пішіні-сары.
Лимон ағашта өседі.
-Балалар, лимонның қандай пайдасы бар?
-Лимонды шайға қосып ішсек ауырмаймыз.
Лимонның пайдасымен қатар зияны да бар, лимонды көп жесек тісіміздің эмалін кетіреді.
-Ал, балалар сендер лимонның дақ кетіргіштік қасиетін білесіңдер ме?
-Олай болса алдымыздағы матаны лимон шырынымен сүртейік те, жылыға кептірейік.
-Маталар кепкенше тағы бір тәжірибе жасайық:
-Суды шөлмекке құямыз, 1 ас қасық сода саламыз. Басқа ыдысқа лимон шырыны мен 3 ас қасық сірке қышқылын араластырып, шөлмекпен суға құямыз, шарды бутылкаға кигізіп изолентамен ораймыз.
-Балалар, қараңдаршы не болды?
-Шар үрленді.
-Ас содасы мен лимон шырыны , сірке қышқыл газы қысым құрайды да, шар үрленеді. Бұл тәжірибені үлкендермен ғана жасау керек.
Дыбыс беру.Шеңберге тұрып сергу. Сергіту сәті:
Дөңгелек лимон,
Алдым қолға,
Қыстым зорға,
Сықтым шырын
Кесе тола,
Лимон жерге түсті,
Қолым болды күшті.
Фишкалармен 2 рет ауысыу.
Қорытындылау:
-Балалар, лимонның қандай ерекшеліктері бар?
-Лимонды кім сипаттап береді?
Достарыңызбен бөлісу: |