Диссертациялық ЖҰмыстың аннотациясы сапаркулова перизат сундеталықызы



Дата25.11.2022
өлшемі67.76 Kb.
#465756
түріДиссертация
Аннотация қаз


Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ АННОТАЦИЯСЫ
САПАРКУЛОВА ПЕРИЗАТ СУНДЕТАЛЫҚЫЗЫ

Сүт безі қатерлі ісігінің таргетті терапиясының фармакоэкономикалық аспектілері

Ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор Орманов Н.Ж.
Консультант: м.ғ.к., профессор Арыбжанов Д.Т.

Шымкент, 2021ж.


Тақырып өзектілігі:
Сүт безі қатерлі ісігі әлем бойынша әйелдер арасында аурушаңдық пен өлім көрсеткіші бойынша бірінші орында тұрған онкологиялық ауру. GLOBOCAN 2020 мәліметтеріне сүйенсек 2020 жылы әлем бойынша 2 миллионнан астам сүт безінің қатерлі ісігі анықталған (2 261 419 жағдай). Оның ішінде өлім саны 684 996 [1].
Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында онкологиялық аурулар бойынша бірінші орынды алады [2].
Cүт безі қатерлі ісігінде HER2 рецепторының гиперэкспрессиясы 15-20 % жағдайда анықталады [3]. HER2 рецепторының гиперэкспрессиясы жағымсыз болжаммен сипатталады: обыр көлемі, обырдағы эстроген, прогестерон рецепторының азаюы, химиотерапия әсерінің төмендеуі [3,4]. Осының салдарынан науқастарда процесс прогресі, рецидиві жиі байқалады. Аурудың агрессивті түрде дамуының әсерінен нашар болжамға алып келеді. Бұл өз кезегінде рецидивсіз және жалпы өміршеңдіктің төмендеуіне алып келеді.
Трастузумаб - HER2 позитивті сүт безі қатерлі ісігінің таргетті терапиясында қолданылатын алғашқы моноклоналды антидене. Рандомизирленген клиникалық зерттеуде HER2 позитивті сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысында оталық емнен кейін Трастузумабты қолдану рецидив пен өлім көрсеткішін төмендетті [3].
HER2 позитивті сүт безі қатерлі ісігінде 15% жағжайда Трастузумабқа резистенттілік кездеседі [5]. Осы жағдайға байланысты тағы бір моноклоналды антидене Пертузумаб препараты шығарылды. Пертузумаб HER2 рецепторының ІІ доменімен байланысып, HER2/HER3 димеризациясын тежейжді [5].


Зерттеу мақсаты: Сүт безі қатерлі ісігінің таргетті терапиясындағы анти HER2 ингибиторларының фармакоэкономикалық тиімділігін анықтау


Зерттеу міндеттері:

  1. Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын пациенттерде HER2 рецепторы гиперэкспрессиясының таралу жиілігін анықтау

  2. Трастузумаб препаратының фармакоэкономикасын анықтау

  3. Трастузумаб + Пертузумаб препараттарының фармакоэкономикасын анықтау

  4. Трастузумаб эмтанзин препаратының фармакоэкономикасын анықтау

  5. Трастузумаб, Трастузумаб+Пертузумаб және Трастузумаб эмтанзин схемасының фармакоэкономикасын салыстыру



Зерттеу нысаны:

  1. Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын пациенттердің ауру тарихы

  2. Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын пациенттердің амбулаторлы картасы



Зерттеу әдістері:

  • Ретроспективті, проспективті зерттеу

  • Фармакоэкономикалық талдау

  • Статистикалық әдіс

Зерттеу жүргізілетін база - Қалалық онкологиялық орталық




Практикалық маңыздылығы
Препараттар тиімділігін салыстыра отырып, фармакоэкономикалық шығынды азайту. Трастузумаб препаратын жеке алғандар мен Трастузумаб + Пертузумаб, Трастузумаб эмтанзин схемасын қабылдаған пациенттерде емнің нәтижесін, рецидивсіз өміршеңдікті анықтау.


Әдебиеттер:



  1. Hyuna Sung, et al. Global Cancer Statistics 2020: GLOBOCAN Estimates of Incidence and Mortality Worldwide for 36 Cancers in 185 Countries. CA Cancer J Clin 2021 May; 71(3):209-249.

  2. Показатели онкологической службы Республики Казахстан за 2019 год (статические и аналитические материалы), Алматы, 2020г. ttps://onco.kz/wp-content/uploads/2021/02/Pokazateli-onkologicheskoj-sluzhby-Respubliki-Kazahstan-za-2019-g_09.02.2021_compressed-1.pdf.

  3. Ross Lawrenson, et al. The use of trastuzumab in New Zealand women with breast cancer. Asia-Pac J Clin Oncol. 2017;1–9.

  4. Walter Mazzucco, et al. Use of Trastuzumab for Breast Cancer: The Role of Age. Current Pharmaceutical Design, 2014, Vol. 20, No. 00

  5. Сидорова С.С., Пономаренко Д.М., Юкальчук Д.Ю. и др. Клинический опыт применения двойной таргетной блокады (пертузумаб + трастузумаб + доцетаксел) в неоадъювантной терапии раннего HER2-положительного рака молочной железы. //Эффективная фармакотерапия. 2019. Т. 15. № 38. С. 14–18. DOI 10.33978/2307-3586-2019-15-38-14-18. Эффективная фармакотерапия. 2019.Том 15. № 38. Онкология, гематология и радиология.

Ғылыми-жетекшінің қолы:_______________




Күні: «______»_________________20_____ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет