Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі



Pdf көрінісі
бет32/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі 
Кесте 6. 
Дәстүрлі педагогика 
Дамыта оқыту 
педагогикасы 
Мақсаты 
Білім, ептілік, 
дағдыны меңгерту 
Баланың өзін-өзі субъект 
ретінде өзгертуі 
Мақсаты 
Білім, ептілік, 
дағдыны игерту 
әрбір оқушыға оқып-тану 
үрдісін өзіндік өзгеретін 
субъектісі ретінде дамуға 


81 
жағдай жасау, қасиет-
қабілеттерін дамыту. 
Дамытудың негізгі 
факторы 
Дайын білімді 
түсіндіруші, 
бақылаушы, тәртіпті 
қадағалаушы, білім 
насихатшысы 
Танымдық іс-әрекетті 
ұйымдастырушы, ұжымдық 
істердің ұйтқысы, кеңесші 
Педагогтың негізгі 
талабы 
Мен сияқты істе 
Ойлап істе 
Педагог қызыметі 
Білім беру 
Адамды дамытушы 
Әрекеттік стилі 
Авторитарлы 
Демократиялы 
Мұғалім мен 
оқушының өзара 
қарым-қатынастық 
стилі 
Монологты /мұғалім 
жағынан/ 
Диалогты 
Оқытудың басым 
әдісі 
Мәліметтілік 
Ізденушілік-зерттеушілік 
Сабақты 
ұйымдастыру түрі 
Фронтальды, топтық 
Жеке, топтық 
Мазмұнның негізі 
Адамдардың
кейбір саладағы 
іс-әрекеттерін 
құрастырудың 
жалпылама ұста-
нымдарын сүйеніп, 
анықталған 
мәселелерді шешудің 
дайын әдістері 
Дамыту үрдісіндегі 
оқушылардың игеретін іс-
әрекеттерді қалыптастыру 
ұстанымдарын анықтайтын 
ғылыми түсініктер 
Әдіс-тәсілдер 
Көрсету-түсіндіру-
жаттықтыру-бақылау-
бағалау 
Оқу мақсаттарының 
қойылуы, ізденушілік-
зертеушілік әрекеті, 
табылған шешімді дәлелдеу, 
шешімді тексеру 
Әрекеттестік түрі 
Басқарушы мен 
бағынушы 
Іскерлік-серіктестік, 
ынтымақтастық 
Әрекеттестік 
қызыметтер 
Мұғалім-жетекші, 
оқушы-орындаушы 
Қызыметтер бөлімбейді, 
бірлескен ізденіс 
Педагогтың 
материалды 
түсіндіруге кеткен 
уақытымен 
салыстырғандағы 
оқушының өзіндік 
өте аз 
Салыстырмалы көп 


82 
жұмыстың уақыты 
Оқушы позициясы 
Қызығу аз, пассивті 
Қызығу бар, активті, 
ынталы, шабытты 
Оқуға деген мотив 
Эпизодты түрде 
туындайды 
әрқашан және мақсатты 
туындайды 
Сабақтағы жанға 
жайлы сәттер 
Кей-кезде пайда 
болады 
әрдайым және мақсатты 
бағытталған 
Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі 
негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сапалық, мәнділік) 
әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада 
білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол 
ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта 
оқытуда бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге 
көтеруді мақсат тұтатын принцептерге негізделген оқытуды 
дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. 
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдесінің өзегі - жаңа техноло-
гиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша 
оқыту төрт бағытта қамтиды. Олар: 
1) 
Модульдік технология 
2) 
Рейтингтік жүйе 
3) 
Дамыта оқыту технологиясы 
4) 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін 
мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылу оқыту 
болып табылады. Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың 
тәжірибелік-теориялық дайындағын , оқуға деген ынтасын, дара 
қасиетін, әлеуметтік-психологиялық сұранысын ескеру талап 
етіледі.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың 
ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі 
іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты 
әсер етеді. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға 
лайықты, алдынғы сабақта меңгерілген білімнің өңін өзгертпей 
қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді. Екінші деңгей 
тапсырмалары материалдарды реттеуге, жүйелеуге берілген 
тапсырмалар болса, үшінші деңгей танымдық-іздену түріндегі 
заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары болып келеді. 
Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, 
жаттығу есептері, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар, тренингтер 
жүйесі қамтылады. 


83 
Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға 
ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас 
ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқушыға қосымша 
пайдалануға беріледі. Деңгейлік оқыту барысында оқушының 
белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылып
біліктілікке жетеді.
Білімді меңгеру нәтижесін Ресей ғалымы В.П. Беспалько 
мынадай төрт иерархия түрінде сипаттайды: 
бірінші деңгей - үйренушілік-репродуктивті іс әрекет деңгей 
екінші – алгоритмдік. Оқушы тапсырманы орындарда 
бұрыннан меңгерген іс қимылдарын өздігінен жаңғыртып, 
қолдана білуі қажет. 
үшінші - эвристикалық –өнімді іс әрекетінің бірінші деңгейі. 
Бұл деңгей есебінде мақсат қана берілген. Оқушы жағдаятты 
дәлелдеп, оны шешуі үшін амалдарды таңдап алуы қажет. 
төртінші – шығармашылық-өнімді іс әрекетінің ең күрделі 
деңгейі. Оқушы өзі мақсат қойып, өзі оны тұжырымдайды, 
нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды 
іздестіреді. 
Кейбір ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.К.Скаткин) 
білімді меңгеру деңгейлерінің мынадай тізбегін ұсынады: 
І деңгей-білу(еске сақтау, қайталап айту) 
ІІ деңгей-түсіну(түсіндіру, баяндау) 
ІІІ деңгей-қолдану(үлгі бойынша, өзгерген жағдаяттарда) 
ІVдеңгей-жалпылау және жүйелеу 
ІVдеңгейді – білімді игерудің шығармашылық деңгейі деп 
атайды. 
Қазақстандық профессор Ж.А.Қараев, американдық ғалым 
Б.С.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері мен мативтің, 
белсенділіктің және білім сапасы арасындағы байланысты 
төмендегі ретте ашуға болады: 
1. 
Білу-ақпарат алу, алған білімді стандарты жағдаяттарда 
қолдану, қайталап айта білу. 
2. 
Түсіну-білімді ішінара өзгерген жағдаяттарға қолдана 
білу. 
3. 
Қолдану-білімді ішінара ізденіс-зерттеу жүргізуге 
қолдана білу, өз ісін бағалай және қажетті түзету енгізе білу. 
4. 
Жалпылау-жүйелеу, шығармашылық. 


84 
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетіл-
діру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, 
дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің 
талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған 
жаңа тұрпаттағы оқулыктар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: 
әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі 
тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері. 
Әңгімелесуші-оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде): 
оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама
ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ - жауап» 
диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін 
үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл 
тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін 
дамытуға бағытталады. 
Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезенде): төрт деңгейлік тапсыр-
малар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық 
білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық 
оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға келеді де, 
әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын 
жинайды. 
Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде 
технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушы-
лардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. 
Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен, төмендегідей 
талаптар қойылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет