Семинар Орындаушы: 25. 03. 2009 Шегибаев Т. Ы. 9 -шы сыныптарда түрлі тестік бақылау жүргізу арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру



Дата05.07.2016
өлшемі54.89 Kb.
#179310
Қалалық семинар Орындаушы:

25.03.2009 Шегибаев Т.Ы.


9 -шы сыныптарда түрлі тестік бақылау жүргізу арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру

2006 -2007 оқу жылында Қазақстан Республикасында бірінші рет МАБ жүргізілді. Осыған байланысты мектеп мұғалімдерінің алдында көптеген түсініксіз сұрақтар, зерттелмеген мәселелер туындады. Мектеп ұстаздары өз беттерінше тестік сұрақтар құрып, бағалау жүйесін ойластырып, түрлі дайындық жұмыстарын жүргізіп жүр. Бізде осы мәселені өзіміздің мектепте 9- шы сынып окушыларының білім сапасын арттыру жолдарын изденудеміз . Бүгін сіздермен біраз жасаған жұмыстармыз туралы ой бөліскім келеді.

Жалпы педагогикада тестік бақылау бір-бірімен тығыз байланысты 3 функцияны орындайды:


  • Диагностикалық

  • Оқыту

  • Тәрбиелеу


Диагностикалық функция: негізгі функция оқушының білім деңгейін, тілдік бірліктерді қалай меңгергенін анықтайды. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.

Оқыту функциясы: оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенделігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тестердің, орындалған тестің қорытындысын талдау.

Тәрбиелік функция оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып , үлгіру қасиеттерін тәрбиелейді. Тесті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді.

Білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың ерекшелігі де, кемшілігі де болады.

Ерекшелігі:


  1. Сапалы, объективті, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі.

  2. Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі, тұратын орыны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды.

  3. Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды. Мысалы, ауызша емтихан 2-4 тақырып, жозбаша емтихан 3-5 тақырып қамтылады.

  4. Бағалауы нақты.

  5. Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)

Кемшілігі:

  1. Тестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болған да сапасы нашарлау .

  2. Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады, бірақ оның негізгі себебін біле алмаймыз.

  3. Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз.

  4. Тесте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік болады.

  5. Тесте кездей соқтық болуы әбден мүмкін. Жауап беру кезінде.

  6. Орыс мектептеріндегі қазақ тіліндегі кемшіліктің болуы оқушының тілдік бірлік аудармасын дұрыс білмеуінен болады.

  7. Сұрақты аяғына дейін оқымау т.б.

Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін «оқыту тесті» және «бақылау тесті».

Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды, тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады (Сұрақ қой, жауап беру, есте сақтаймыз, жазып аламыз, үйден ауызша қайталаймыз, қайтадан жалпы сұрақ-жауап тұрінде тексереміз).



«Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі. Бұл тестердің тағы бір тиімділігі егер ол әр модуль сайын өтсе оқушылардың дайындалуын тәртіпке келтіреді (Нәтиже сабақ. 15-20 минут тест, 15-20 сұрақ жеткілікті).

Барлық мұғалімдер өз жұмыстарында



  1. жабық тест түрін жиі қолданады;

  2. балама тест ;

Балама тест

тапсырма

жауабы

  1. Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар ма?

  2. Зат есім қандай, қай деген сұраққа жауап бере ме?

  3. Жіңішке сөздерге лар, дар, тар көптік жалғауы жалғана ма?

  4. Отан – атамекен деген сөздер антоним бола ма?

  5. Бастауыш, баяндауыш тұрлаулы мүше ме?

  6. Жақсыз сөйлемде бастауыш бола ма?

  7. Атаулы сөйлем сөйлем мүшесіне талдана ма?

Иә

Жоқ
Жоқ


Жоқ

Иә

Жоқ



Жоқ



  1. анықтау тест.

тапсырма

Жауап

  1. Сөздің мағынасын зерттейді.

  2. Қазақ тілінде жуан дауысты дыбыс, жіңішке дауысты дыбыс, үнді дауыссыз дыбыс болатын

  3. Буын жасай алмайтын дыбыс

  4. Қысқарған сөздер болатын сөз табы

  5. Үндестік заңына бағынбайтын септік

Лексика

У
Дауыссыз

Зат есім

Көмектес


Осы екі тест түрін ережені жаттамайтын, есте сақтауға талпынбайтын оқушылармен жүргізген тиімді;

  1. тіке жауап тест. Мұғалім – оқушы. Көп жағдайда жазушылардың өмір -баяны мен шығармашылығың өтнкенде қолданамын. Мысалы, Абай шығармашылығы бойынша;

  2. ашық тест. Білім деңгейі жоғары, шығармашылық қабілетін толықтыруға талпынатын оқушыларға арнаймын;

Ашық тест


тапсырма

жауабы

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Түрлері. Мысал жаз

  2. Шешендік сөздердің түрлері. Саған ұнайтын шешендік сөз.

  3. «Бөркін аспанға лақтыру» деген сөз тіркесін қалай ұғасың?

  4. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.










  1. сәйкестік тест. Бағанаға қарап дұрыс жауабын тап. Модуль бойынша сөздік жұмысын тексеруге өте тиімді. Ерекше бастауыш сыныпта. Жақсы есте сақтаған сөзіңді басқа (жасыл) бояумен көрсет;

  2. толықтыру тест. Сөздерді жақсы есте сақтау үшін бастауыш сыныпта, ережені есте сақтау үшін 9 сыныптарда жүргізу тиімді.

Толықтыру тест:

  1. Салалас құрмалас сөйлемнің ережесі.

Қ . рам . нда . ы жай с . йлемдерд . . баян . ау . штары тиян . . ты б . л . п, . зара т . ң дәреж . де б . йл . н . сқан қ . рм . л . с с . йл . мн . ң т . р . салалас қ . рм . л . с с . й . ем деп аталады.

  1. Сөз тіркесінің ережесі.

Ек . не б . рнеше с . зд . . т . л . а ж . . е ма . ына жа . . нан б . р – б . р . мен ба . ы . а байл . ныс . ы

Әр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, сұраймыз неге ол жауапты алды, оқушы түсіндіреді, келесі оқушы дұрыс жауабын айтады, мұгалім толықтырады. Осындай түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылардың пәнге байланысты терминдердің нақты баламасын білмейтіңдерін анықтадым және жою мақсатында жүзден арттық сөз бен сөз тіркесін жазып, жаттап, тексердік.

Тест орындау кезінде оқушылар бір тапсырманы әртүрлі сөзбен берген жағдайда шатасады (Синоним: жуық мәндес, мағынасы жақын, мағыналас, мағыналары бірдей. Қосымша: жұрнақ, жалғау).

Алдын ала тестілеу өткізгенде оқушылар ең көп қате тілдік материалдардан жібереді (лексика, грамматика, синтаксис, т.б.) күрделі тақырыптар бойынша. Сондықтан, тілді басқа ұлтқа оқытуда тілдік материалдардың байланасын есепке алудың маңызы зор.



Қазақ тілінің салаларыы бір-бірімен тығыз байланысты, оқытуда ол ескерілуге тиісті. Мысалға, грамматиканы өткенде, морфология мен систаксистің байланасы ескеріледі. Айталық, септік жалғауларын оқытқанда, оларды сөз тіркесімен байланыссыз оқыту мүмкін емес. Тәуелдік жалғауын оқытқанда, оның ілік септіктегі сөзбен сөз тркесін жасайтынын байланыстыпа оқыту сөйлеуге үйретеді жеңілдетеді. Септеулік шылауларды олар тіркесетін септік жалғауларымен байланысты оқыту қажет. Сол сияқты көсемшені өткенде оны етістіктің шақтарымен байланыстыра оқыту немесе, оның құрмалас сөйлемінің бағыныңкы сыңараның баяндаушымен байланыта оқыту пайдала. Тілде бір-бірімен байланыссыз ешбір құбылыс жоқ. Тілдік материалдардың байланасын оқытуда пайдалану үшін, мұғалім оқытылатын қазақ тіл білімінің негізін, оның теориясы мен практикасын, оның табиғатын жақсы білуге тиісті.

Осы жоғарыда айтылған ойлар, ұсыныстар мұғалімнің шеберлігі мен білімділігіне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет