Джуматаева Акмарал Болегеновна бастауыш сынып мұғалімі Оқжетпес орта мектебі Бурабай ауданы



Дата05.07.2016
өлшемі60.5 Kb.
#179445
Джуматаева Акмарал Болегеновна

бастауыш сынып мұғалімі

Оқжетпес орта мектебі Бурабай ауданы

Сабақтарда оқушылардың зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру


Бастауыш сынып оқушылары зерттеу іс-әрекетімен нәтижелі әрі сәтті айналыса ала ма? Ғалым болып ойнамай, шын мәнініде актуалды тақырыптарды мектеп білімінің мазмұнымен байланыстыра болжам құру, зерттеу іс-әрекетін жоспарлау, эксперимент жасап, ақпаратты жинақтап, тұжырым жасай ала ма?

Егерде баламен жұмыс істеуде мұғалім көздеген мақсаттары балалардың ғылымдағы шығармашылыққа қызығушылығын тудырса – бала айналыса алады, оны көптеген эксперименттер нәтижесіндще ғалымдар зерттеп, дәлелдеген.

«Оқушылардың зерттеу әрекеті» деген түсінікті педагогикалық әдебиеттерде осындай әрекеттерді ұстаздардың ұйымдастыруы позициясынан қарастырады. оқушылардың зертеу іс-әрекетін ұйымдастыру ең алдымен оөқушылардың зерттеу біліктерін дамытатын, ұстаздардың белгілі бір түрлері мен әдістерін айтады. Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері көп және олар зерттеудің немесе шығармашылық жұмыстың ерекшеліктеріне қарай қолданылады. олар: лекциялар, экскурсиялар, эксперименттер, семинарлар, практикалық және лабораториялық жұмыстар, кітапханалық сағаттар, кеңестер, т.б.

Ал, «зерттеу әдісі» деген терминді 1924 жылы Б.Г.Райков ұсынған. Ол оны былай түсінді: «Оқушылардың өз бетінше бақылаған немесе тәжірибеде көрсетілген нақты фактілерден ой-қорытындылау әдісі». педагогикалық әдебиеттерде бұл әдістің басқа да атаулары қолданылып жүр –эвристикалық, лабораториялық- эвристикалық, тәжірибе-сынау, лабораториялық сабақтар, әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, проект әдісі т.б.

Бұл мәселе сонау Сократ заманынан тамыр жайған. Бірақ сол кездегі түсінік оқушылардың дербестігі мен. белсенділігіне бағытталған. Қазіргі таңда бұл бағыт оқытудың ізденіс-зерттеу технологиясы ретінде ұсынған. Оның мәні,

«. . . міндеттердің жүйелілігіне танымдық оқуды құру жіне амалдарды жасап біріншіден, оқушыларға ұсынылған міндеттердің проблемалылығын сезінуге көмектесу, екіншіден, оқушылар үшін маңызды проблемалық ахуалдарды шешуде тәсілдерді табуға үйрету, үшіншіден, проблемалы жағдайларды көре білуге және талдай алуға уйрету» (В.И.Загвязинский).

Бұл бағыт өзіндік оқудағы оқытуды ауыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ өз бетінше даму механизмін іске қосады.

Д.Дьюйдің айтуынша, бала оқыту процесіндегі орталық тұлға, «ол айналасында барлық педагогикалық процесс айналып жатқан – күннің көзі».

Демек, оқытушылар мына мәселелерді іске асыруы керек.


  • Әртүрлі конфоризм мен стереотиптермен күресіп, әр нәрсеге шығармашылықпен қарауға трысыңыз.

  • Әр балаға жеке тұлғалық бағыттары мен қабілеттерін ашуға және дамытуға ұмтылыңыз.

  • Тек қана нәтижеге ғана емес, зерттеудің ізденіс процесіне беттеңіз.

  • Балаларды ойға емес, ойлауға үйретіңіз. Ақпаратты дайын түрде меңгермей, өз бетінше іздеп табу қабілетіне үйретіңіз.

  • Балалар белгілі бір анықтамаларға ие болды деп, олардың базқалық нақыштары мен білімдері бар деп тоқтамай оларға жаңалықты меңгеруге көмектесіңіз.

  • Балалардың ұсыныстарын тежемеңіз, өздері істей алатын, өз бетінше үйрене алатын әрекеттерді олардың орнына істемеңіз.

  • Балаларды ұзақ ассоциациялық шынжыр құруда және арғы байланыстарды іздеуге үйретіңіз.

  • Балаларды өз еркінше әрекет жасауға үйретіңіз, проблеманы соны түрде шешу (оригинальное решение) нақыштарына, сонымен қатар ахуалдарды талдауға және өз бетінше ізденуге дағдыландырыңыз.

  • Зерттеу міндеттерін шешудегі алған нақыштары аумағында мектепте, үйде туындаған қиын жағдаяттарды қолданыңыз.

  • Балаларға өзінің зерттеу үрдісін басқаруды үйренуге көмектесіп отырыңыз.

Сабақта оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастырудың алғашқы екі сатысы бар.

1-кезең.



1-сұрақ. Мысалы: тақырып «Тотықұс». Балаға қысқа баяндама немесе шағын мәлімет дайындау міндетін түсіндіруіміз керек. Ол үшін тотықұс туралы барлық ақпараттарды жинап, өндеу керек. Оны қалай істеуге болады? Ең бірінші не істеуіміз керек, ғалымдар зерттеулерін неден бастайды? Ең біріншіден біз ойлануымыз керек деп, алдарына

« ойлану» деген карточка қоямын.

2- сұрақ. Тотықұс туралы қайдан білуге болады екен? – деп басқа да карточкаларды ұсынамын.


?



Өзіңе

сұрақ

қой

Өзге адамнан сұра

Кітаптар-

дан

қара





Экспери-

мент өткіз

Бақыла

Компью-

терден қара

Бұдан басқа әдістерді ұсынуға болады, әрине мүмкіндігі көп болса әдістері де көп болады.

Зерттеушілер жұмыстың ретін анықтап алғаннан кейін материал жинауға кіріседі. Жинағандарын жазып, тіркеп отыру керек. Оны ұмытпау үшін қысқартып жазуға, сызба, сурет арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл нақыштар кіші оқушыларда осал дамыған.

1. Ойлау. Мысалы тотықұс джунглияда, ыстық елдерде мекендейді. Оны тіркеп жазу үшін күннің көзі мен пальманы салайық. Тотықұсты кіші шеңбермен , ал оның түсін түрлі фломастермен бояп қою керек.

2. Басқа адамнан сұрау. әке-шешесінен, аталарынан, ағасынан т.б.

3. кітапханадан немесе үйдегі бар кітаптардан, энциклопедиядан қарау.

4,5. кезеңдерінде үйде немесе мектепте тотықұс болса, оны бақылап, эксперимент жасауға болады. Мысалы: қатты дыбыстан қорқа ма, қауырт қимылдардан қорқа ма т.б.

Кіші жастағы оқушылардың зейінін тұрақтату деңгейі төмен. Сондықтанда ақпарат жинақтау жұмысын көпке созбау керек. Осы жерде балаларға жинағанын топтауға көмектесі керек. Жұмысты шапшаң істеуге машықтандыру.

Материалды жалпылау.

Талдау және жалпылау. Жиналған ақпаратты алдымызға жаямыз. Қандай қызық әрі жаңалық білгенімізді қарау және соның арқасында қандай ой қорытындылар жасауға болатынын ойлаймыз. Өткізген зерттеу нәтижесінде не айта аламыз. 1- сабақтарда зерттеушілерге жиналғанды жалпылауға көмектесу. Бұл бала үшін ауыр міндет. Бұнда баланың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.

Біріншіден, негізгі ойды ажыратамыз, жанама ойларды белгілейміз. Содан кейін кейбір негізгі түсініктерге анықтама беруге болады. Бұл жұмыс өзінің ойлау күрделілігімен нағыз ғалымның жұмысынан айырмашылығы жоқ. Балалар, өздерінің бойындағы « креактивтілік аңғырттықтың» жоғары деңгейі барлығының арқасында осы күрделі міндеттерді оп-оңай орындай алады.

Мәлімет.


Ақпаратты жалпылағаннан кейін, ойын жалғасады. Зерттеушілерді сәйкесінше киіндіру керек.

« Тотықұс туралы баяндама» жасайды.

Зерттеушілер баяндаманы оқығаннан кейін оны талдау керек. Тыңдаушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру керек. Талдау прцесі педагогтың шеберлі басқаруына мұқтаж. Баларды мақтау, мадақтаудың маңызы зор. Осындай сабақтарды бірнеше рет өткізген дұрыс. Балалар зерттеу әрекетінің жалпы сызбасын түсінді дегенде, зерттеу- ойынын ұйымдастырудың 2-кезеңіне көшу керек.

2-кезең. Дербестік зерттеу. Едәіуір күрделі деңгей. Әр бала өзі әрекеттенеді.

Дайындық. Балаларға зерттеу жұмыстарының жоспарын әзірлеп беру (1қатырма қағазға зерттеу әдістерінің карточкасын желімдеп беру). Әр балаға папка беру, сондай-ақ қысқартып жазғанын тіркеуге көптеген кішірек қағаздар мен қалам беру керек. Бұл сабақтарды жеке, сабақ барысында немесе сыныптан тыс сағаттарда өткізуге болады.

Зерттеуді жүргізу. Бүкіл сыныпты қатыстыру.

1) Тақырыпты тыңдаймыз.

2) Зерттеу папкасын алады.

Міндеті – керек ақпаратты барлық қол жетер қайнарлардан алу. Жинап, жалпылап баяндама жасау.

Ұстаздың міндеті- кеңесші парызын орындау, бас көмекші болу.

Мәлімет.

Бұл баяндамалар балаларды өзара оқыту түрі деп қарастыруға болады. Ол құр айтып бермей, басқаларды үйрету кереке. Сондықтанда, біріншіден, оларды қысқа нақты сөйлеуге үйрету керек. Екіншіден, уақытты үнемді пайдалануға үйрету керек.

Бұл сабақтар баланың шығармашылығын, сын тұрғысынан ойлауын, тілін дамытады, дүниетанымын кеңейтеді. Әртүрлі проблемалар мен тақырыптарды белсенді әрі өз бетінше зерттеуге мүмкіндік туғызады.

Психологиялық тұрғыдан да маңызды. Қосымша тәрбиелеу мүмкіндігін аламыз. Сондай-ақ зерттеу барысында әрбір баланың өзге балалармен өзара әрекеттесуін дамытады.

Өзімнің тәжірибемде бұл теорияны біртіндеп еңгіздім. Алдымен оның элементтерін қолдандым. Айталық, балаларға бағыт, бағдар беріп рефераттер, мен баяндамалар т.б. жұмыс түрлерін қолдандым. Рефератты зерттеу жұмысы деп қарауға болмайды.Мұндай элементтерді әр сабақ барысында өткізуге болады. Мысалы: Ана тілінен шығарманың авторының өмірбаянын толық жазып келу, т.с. Сол сияқты – «Қалам»,

«Парта» т.б. тақырыптарға ойлау экспериментін қолданамын. Бұл не? Не айта аласыңдар?, Не үшін керек?, Қалай жасалған?, Қандай болады? деген сұрақтар арқылы бала затты ойша зерттейді.

Осылайша біз балалармен осы процесті тұтастай өткізетіндей дәрежеге жеттік. Алдымен балалармен 2-3 рет бірге жүргіздік, сосын балалар екі-екіден бөлініп зерттеу жұмыстарын жүргізді. Дербестік зерттеудегі берген тақырыбым « Мысық», себебі, екінің бірінде бұл жануар бар, оны күнбе –күн бақылап, зерттеуге ыңғайлы болады деп ойладым.

Дүниетану сабақтарында « табиғатты адам қалай зерделейді» деген тақырыпта бақылау әдісін , тәжірибе жасау әдістерін қолданып осы жұмысты іске асырамын. Алдында айтылғандай, бұл әдісті әр сабақта қолданамын. Мәселен: математика сабағында 13,4,9 сандары туралы не айтуға болады. Қандай сандар? Бұл сандармен не істеуге болады? деген сұрақтар арқылы балаға ойлау мүмкіндігін туғызамын. Бұл үрдісте баланың шығармашылығы, логикалық ойлауы, интеллектуалдық қабілеттері дамиды. тапсырманы жас ерекшелігіне қарай күрделендіріп отыру керек.

Зерттеу аяқталған соң балалар жұмыстарын әкелді. Күтілген нәтиже ойдағыдай болды. Баланың бойындағы қаланған машықтар өз жемісін берді.

Оқушылардың дербестік, зерттеу іс- әрекетін ұйымдастырудың тағы бір жолы - тіл сабақтарында « Бір сөздің энциклопедиясы» атты жұмысты тапсыруға болады. Бұл жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды:

1. Таңдап алынған сөз: ..................

2. Сол сөздің мағынасын ашу.

3.Түбірлес сөздерді табу.

4. Синонимдер келтіру.

5.Антонимдер келтіру.

6.Сөздің тарихы.

7.Сөздің фольклордағы орны:

а) мақал-мәтелдерде

ә)жұмбақтарда

б)жаңылтпаштарда

в) аңыздарда т.б.

8. Бұл сөз: кітап, кино, живопись атында.

9. Берілген сөз кездесетін тақпақтар.

10. Сол сөздің ұйқасын тап.

11. Берілген сөз өзіңнің құраған тақпақтарыңда, суреттеріңде.

Осындай жұмыс жүргізу жоспары беріліп, балаға өз бетінше жұмыс істеуге, ізденуге, өз шығармашылығын шыңдай түсуге мүмкіндік туады.

Осы жұмыс түріне оқушыларға бір ай уақыт беріледі. Бала тапсырманы орындап болған соң жұмысын тапсырады. Тапсырылған жұмыс талқыланып, бағаланады. Баланың іздену кезіндегі толқуларын, кездескен қиыншылықтарын, жеңіл көрінген жағдайларын тыңдап, жеткен жетістіктерін атап пікір алмасамыз.

Міне, осындай жұмыс түрлері де баланың дербестік әрекетін дамытып, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Аристотель айтқандай: «Адам адамнан өзінің қызығушылығымен

ерекшеленеді». Сол қызығушылық баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырады. сабақта бала ештеңеге қызықпаса бірдеңені оқып, білуге, ізденуге талпынбайды. Сол қызығушылықты тудыру, дамыту, арттыру, жойып алмау мұғалім шеберлігінен.


Қолданылған әдебиеттер:
1) А.В. Аркадьева « Исследовательская деятельность маленьких школьников» Начальная школа, 2005/№2.

2) Савенков А.И. « Содержание и организация исследовательского обучения школьников» 2003- М.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет