Дөңгелек үстел Бірлігіміз жарасқан (9-10 сыныптар) Өткізген: С. О. Арапов



Дата25.02.2016
өлшемі50.5 Kb.
#21414
№ 9 орта мектебі

Дөңгелек үстел

Бірлігіміз жарасқан

(9-10 сыныптар)

Өткізген:С.О.Арапов

Степногорск қаласы 2015 жыл



Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан (дөңгелек үстел)

Мақсаты: Жас жеткіншектерге еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев жайлы толық мағлұмат бере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен және Ассамблеяның XX сессиясындағы Елбасының халыққа арнап жолдаған жолдауымен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алғалы 23 жыл ішінде жеткен табыстары жайында айтып өту. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған плакат қанатты сөздер, суреттер, тақырып жазылған лозунг.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Алғы сөз (кіріспе)
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата – аналар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты дөнгелек үстелімізге қош келдіңіздер! Сіздерге жұмыстарыңызға табыс, жанұяларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, береке – бірлік пен байлық тілей отырып дөңгелек үстелімізді Қаз дауысты Қазыбек бидің мынадай сөздерімен бастауға рұқсат етіңіздер.
Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Басымыздан құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм – тұзды ақтай білген елміз.
Деп осылай тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата – бабамыз аңсаған сол тәуелсіздікті алғанымызға 22 жыл толғалы отыр. 1991 жыл 16 желтоқсан республикамыздың өз егемендігін алған күні.
ІІІ. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу.
Ал олай болса, еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
• 1991 жылы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы.
• 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
ғарышқа самғады.
• 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
• 1992 жылдың 2 наурызда Қазақстан БҰҰ – ның мүшелігіне қабылданды.
• 1992жылы 4 – маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран
бекітілді.
• 1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы
қабылданды.
• 1993 жылдың 15 қараша айында. ҚР ұлттық ақшасы «Теңге» айналымға
енгізілді.
• 1994 жылы ақпан айында Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі
шартқа қол қойды.
• 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
құрылды.
• 30 тамызда ҚР – ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
• 1996 жылы Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
• 1997 жыл «Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.
• 1997 жылдың 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары
жаңа астанаға көшіріле бастады.
• 1998 жылдың 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы – Астана
қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.
• 1999 жылдың 24 ақпанында Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ
өткізілді.
• 2000 жылдың 10 қазанында Жаңа халықаралық ұйым – Евразиялық
экономикалық одақ құрылды.
• 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығы аталып өтті.
• 2002 жыл Денсаулық жылы болып аталды.
• 2003 – 2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы
• 2004 жыл – «Денсаулық жылы»
• 2005 жылдың 4 – желтоқсанда ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы
болды.
• 2006 жылы 7 – қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
• 2006 жылы Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы».
Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.
• 2007 – 2009 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық
жоспары қабылданды.
• 2008 жылы 6 – шілдеде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.
• 2009 жылы 25 ақпан мен – 6 наурыз аралығында ҚР Ұлттық санағы
өткізілді.
• 2010 жылы ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына
төрағалық етті.
• 2011 жылы ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.
• 2011 жылы. Астана мен Алматыда 7-ші – Қысқы Азия ойындары өтті.
• 2013 жыл. Тәуелсіздіктің 23 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының»
28 жылдығы.
ІV. Қазақстан халқы Ассамблеясында мемлекетіміздің тұңғыш
президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жодауы.
Өздеріңіз газеттерден оқып – танысып, теледидарлардан көріп, біліп жүрген шығарсыздар қасиетті қазақ жерін татулықтың тал бесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 20 жыл толады. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп – өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.
Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.
Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!
V. Ой – толғаныс.
Туған жер, Отан туралы мақал – мәтелдер айтып талқылау.
1. Отанды сүю от басынан басталады.
2. Туған жер тұғырың.
3. Отан оттан да ыстық.
4. Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді.
5. Татулық табылмас бақыт.
6. Ырыс алды –ынтымақ.
7. Бірлігі жоқ – ел тозады, бірлігі күшті – ел озады.
VІ. Дөңгелек үстелді қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ – береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді осымен аяқтаймыз. Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет