Портфолионы жазу әдістемелігі



Дата27.04.2023
өлшемі19.17 Kb.
#472877
ПортДир (1)


Портфолионы жазу әдістемелігі

А есепті қалай жазуға болады?




А есебі. 3-5 жылға арналған мектеп дамуының перспективалық жоспарының жобасы(МДЖ-1)3-5 жылға және жүзеге асырылуы.
Жоспарда қамтылу керек:

  1. миссияға, көзқарасқа, басымдықтарға, мақсаттарға, күтілетін нәтижелерге, табыс критерийлеріне өзгерістер енгізу;

  2. мектеп тәжірибесіне инновациялық идеяларды енгізу бойынша бір айға егжей-тегжейлі жоспар(жүзеге асыру кезеңі– мектептегі 1-тәжірибе ):

-Action Research/ Lesson study/ мектептің тәжірибелік-экспериментальді жұмысы/ желілік қоғамдастық тәсілдерін қолданып инновация жасау және/немесе енгізу бойынша мектептің даму командасының жұмысы;
- педагогтердің кәсіби даму процесі.


3-5 жылға арналған мектеп дамуының перспективалық жоспарына түсініктеме(1 айға арналған егжей-тегжелі жоспармен)(300 сөз).
Жүзеге асыру процесінде енгізілген өзгерістерді түсіндіру (соның ішінде басқа мектептер тәжірибелерін зерделеу негізінде).


Жоспардың астында Қосымшаға мына құжаттарды қоясыздар:

  1. Тәжірибеде инновациялық идеяларды жүзеге асыру дәлелдемелері:

  • сабақ/сынып сағаттары/факультативтер қысқа мерзімді жоспарлары, (1-2 мысал)

  • сабақты/сынып сағаттарын бақылау парақтары(1-2 мысал).

  1. Педагогтердің кәсіби даму процестерінің дәлелдемелері:

Коучинг/ семинар немесе т.б. жоспарлары(1-2 мысал).




В есепте не болуы керек?




В есебі. 3-5 жылға арналған мектеп дамуының перспективті жоспары(МДЖ-2) (1 айлық егжей-тегжейлі жоспардың жүзеге асырылуын ескеріп).
Жоспарда қамтылу керек:

  • миссия, көзқарас,мектептің даму басымдықтары, мақсаттар, күтілетін нәтижелер, табыс критерийлері;

  • мектеп тәжірибесіне инновациялық идеяларды енгізу бойынша іс-шаралар/ іс-әрекеттер.



Түсініктеме (300 сөз)
Жоспарлау тәсілдерінің сипаттамасы (Не? Қалай?)






С есепте не болуы керек?




С есеп. Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп. (1000 сөз)
Есепте мына сұрақтарға жауап болу керек:

  • Бағдарламаның түйінді идеялары мектепті басқарудың, көшбасшылықтың дамуын және мектеп мәдениетінің жақсаруын қалай және неліктен қолдады?

  • Қандай дәлелдемелер енгізілген өзгерістердің тиімділігін растайды және неліктен?

  • Өзгерістерді басқару процесі басшының өзін-өзі дамытуына қалай және неліктен ықпал етті?

  • Мониторинг нәтижелері болашақтағы мектеп дамуының басымдықтарын анықтауға қалай және неліктен ықпал етеді?

  • Бұдан ары мектепті дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру үшін қандай өзгерістер/ жақсартулар жоспарланады, неліктен?



Қосымша

  1. Педагогтердің әлеуетін арттыру бойынша дәлелдемелер:

- оқыту іс-шараларының жоспары/ таныстырылым (коучинг-сессия, семинар, шеберлік сыныптары және т.б.) (1-2 мысал);
- оқыту іс-шаралары қорытындылары бойынша кері байланыстың талдауы(1-2 мысал);
- пән педагогтерінің Action Research және/ немесе Lesson study жоспарлары(1-2 мысал);
- педагогтердің өзін-өзі дамыту есебі(1-2 мысал).

2. Мұғалімдердің инновациялық оқыту тәжірибелері дамуының дәлелдемелері: 


- сабақтың және/немесе сынып сағаттарының/ факультативтердің/ сынып деңгейіндегі тәрбие жобаларының инновациялық идеялар негізінде жасалған қысқа мерзімді жоспарлары (1-2 мысал),
- осы сабақтарды және/немесе сынып сағатттарын/ факультативтерді/ тәрбие жобаларын бақылау парақтары (1-2 мысал);
- осы сабақтар және/немесе сынып сағатттары/ факультативтер/ тәрбие жобалары бойынша педагогтің рефлексиясы/өзін-өзі талдауы (1-2 мысал).
- осы сабақтар және/немесе сынып сағатттары/ факультативтер/ тәрбие жобалары бойынша оқушылардың және ата-аналардың кері байланыстарының (сауалнама/ сұхбат немесе т.б) талдауы(1-2 мысал).

3. Мектепте инновациялық тәжірибенің жүзеге асырылуына эвалюация/бақылау және мониторинг жүргізу дәлелдемелері: 


- инновациялық даму бағыттарының бірі бойынша түзету жұмыстарының жоспары.

4. Желілік қоғамдастық дамуының дәлелдемелері (мектепішілік және/немесе мектепаралық):


- тәжірибені зерттеуді / шығармашылық топтар жұмыстарын/ әлеуметтік-тәрбие жобаларын жүргізу жоспары (1-2 мысал).







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет