Достық ауылдық кітапханасы.
Семиглавый Мар кітапханасы 1962 жылы ашылған. Кітапхана ауыл клубының ғимаратының оң жақ бетіндегі бөлмесінде орналасқан. Кітапхана темір жол вокзалының қасында орналасқан. Кітапханада стеллаждар ағаштан жасалынған болатын. Сол уақытта кітапханада кітаптар орыс тілінде болған. 1965 жылы Семиглавый Мар кітапханасында Ищук Неля кітапханашы болып қызмет атқарған. Ол кезде кітапхана клубпен бірге орналасқан. Ищук Неля 1946 жылы Зеленов ауданында туып өскен. Мектеп бітірген кейін Пушкин атындағы педагогикалық институтына филология факультетіне оқуға түскен. Бірақ 2 курстан кейін институтты бітірмей шығып кеткен. Зеленов ауданына қайтып келіп, кітапханаға жұмысқа кірген. 1964 жылы аудандық балалар кітапханасында қызмет атқарған. Семиглавый Мар ауыл кітапханасында кітапханашы болмағандықтан Неля Ищук осы кітапханаға ауданнан жолдамамен жіберілген. Ол кезде Семиглавый Мар Зеленов ауданына қараған. Кітапханада кітап қоры шамамен 1600-дей болған. Оқырмандар саны 300 адам болды. Кітапхананың бірінші оқырманы – Лесков Андерей, зейнеткер кітапханаға жазылған. Ол кезде кітапханаға келушілер көп болған. Егіс алқаптарындағы бригадаларға барып кітаптарды насихаттап, газет және журнал беттерінен қызықты мақалаларды таңдап дауыстап оқыған. Ол кітапханашы міндетті түрде сайлау кезінде хатшы болған, ауылдың санағын жүргізуге қатысқан.
Вавилино ауылында кітапхана болмағандықтан, Ищук Неля кітаптарды апарып насихаттап, оқырманды кітаппен апта сайын қамытылған. Ищук Неля 1973 жылға дейін жұмыс жасаған. 1973 жылдан бастап Бекпасова Бақыт кітапхана ісін жалғастырған.
Бекпасова Бақыт 1944 жылы Семей облысы, Оджер ауданында туып өскен. 1966 жылы мектеп бітіріп, педагогикалық училищесінде оқыған. 1973 жылы Семиглавый Мар кітапханасына жұмысқа орналасқан. Кітап қорының саны - 5000 дана, ал оқырмандар саны - 350 адам болған. Аудандық кітапханадан кітапханаға кітаптар поштамен, посылка ретінде жіберіліп тұрған. 1985 жылдан бастап кітапхана қызметін Саратаева Алия жалғастырған. Саратаева Алия Сүндетқызы 1954 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Балқұдық совхозында туып өскен. 1972 жылы Педагогикалық училилищеге түскен, мамандығы бастауыш сынып оқытушысы. 1975 жылы училищені бітіріп Атырау қаласында жұмыс істеген.
1985 жылы Семиглавый Мар кітапханасына жұмысқа орналасқан. Сол кезде кітапхана ескі клубта, элеватор маңында болған. Екі жылдан кейін кітапхананы агитпуктке көшірген, кейін кітапхана интернатта орналасқан, содан кейін контордың бір бөлмесіне көшірілген. Ол кезде кітап қоры – 7500 дана, оқырман саны - 400 адамға жеткен. Кітапханаға кітаптар библиобуспен әкелінді. Ол уақытта әдіскерлер, библиограф бірге келетін еді. Кітапханада жылжымалы кітапхана жұмыс істеген, бригадаларға барып, ауданнан шығатын газеттен ең үздік жұмысшыларды бағаланып отырған. Кітапханаға кітаптар ауданнан келіп тұрған. Кітапханада жаңадан түскен кітаптарды көрмеге қойып, насихаттау жұмыстарын жасаған. Көптеген кештер, кездесулер, жиындар, ауызша журналдар өткізген.
2000 жылдан бастап кітапханада Шангереева Меңсұлу қызмет атқара бастаған. Шангереева Меңсұлу Жұмағалиқызы 1947 жылы І Шежін ауылында туып өскен. 1968 жылы Переметный «Пед. Класты» бітіріп Крупский мектебінде мұғалім болған. 1970 жылы Ермольчево мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарған. 1977 жылы отбасылық жағдаймен Семиглавый Мар РСХО совхозына көшіп келіп, мектепте бастауыш сынып мұғалімі болған. 1978 жылы Семиглвый Мар «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалған. 1992 жылы балабақша жабылып, 1996 жылға дейін Семиглавый Мар интернатында тәрбиеші болып істеген. Ол кезде кітапханада кітап қоры 8000 дана, оқырмандар саны – 450 адамға жеткен. Кітапханада оқырмандармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Мамбетов Болат, Насырова Узипа сынды тың игерушілермен кездесу сағаттары өткізілді. Осы тың игерушілерге арнап кітапша шығарылған. Кітапханада 5-6 сынып оқушыларымен «Жас эколог» атты клубы ұйымдастырылды. Кітапханада «Ертөстік», «Үш қыз», «Алдар Көсе» ертегілері сахналанды. Кітапханада «Менің өлкем» атты тақырыптық сағат өткізілген.
2003-2005 «Ауыл жылына» арналған стенд ұйымдастырылған. Оқырмандарға жылжымалы кітапхана жұмыс ұйымдастырылып тұрды. Темір жол мен элеватор жұмысшыларына кітаптарды, газет, журналдарды жұмыс орнына апарып, қамтып тұрды. Кітапханада сазбен жабыстырма жұмыстарына арналған «Умелые ручки» атты клуб жұмыс істеген. 2005 жылы Шангереева Меңсұлу Жұмағалиқызы зейнетке шыққан, қазірге уақытта Достық ауылында тұрады.
2005 жылы 8-тамыздан бастап Ешимова Айнагүл Мұратқызы кітапханаға жұмысқа орналасады. Кітапхана ауыл мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Кітап қоры- 9885 дана, ал оқырман саны- 500 адам. Кітапхана жүйесінің қызметі - патриоттық тәрбие беру, тарихи өткенімізді қадыр тұту, халықтар арасындағы мәдени қатынастарды нығайту, ҚР Президентінің халыққа жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Кітапханаға салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, жаңадан түскен әдебиеттерді насихаттау, әдебиеттерді оқу арқылы оқырманның ішкі жан дүниесін, мәдени рухы, адамгершілік қасиеті, эстетикалық талғамы, өмірге деген көзқарасын, сана сезімін қалыптастыру жолында «Әлем әдебиеті», «Мәдени мұра», «Тағдыр. Тарих. Тұлға», «Әлемдік философия», «Махамбет әлемі», «Қазіргі қазақ прозасы», «Қазіргі қазақ поэзиясы» серияларынан көптеген жаңа әдебиеттер келуде. Кітапханада көптеген шаралар өткізіледі. 2005 жылы Абай Құнанбаевтың 160 жылдық мерей тойына орай «Абай – ұлы қазынамыз» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылып, «Абай дана, Абай дара қазақта» әдеби сағат өткізілді. Бұл сағатта ұлы Абайдың өлеңдері, шығармалары оқылып, өмірбаяны таныстырылды. 2003-2005 жылдары ауыл жылы деп аталуына орай «Ауылым – Отаным» айдарымен «Ауыл энциклопедиясы» жинақталып толықтырылды.
Қазіргі уақытта кітапханада «Жасыл ел» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге 12 бала қатысады, көптеген шаралар өткізіліп тұрады. Жазғы демалыс уақытында балалармен сурет салу, дауыстап оқу ұйымдастырылады. «Бір ел – бір кітап» акциясына орай жыл сайын шаралар өткізіліп тұрады. Жыл сайын өткізілетін «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты акцияға қатысып, соғыс туралы кітаптар насихатталып отырады.
Бүгінгі күні кітапхана ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Көлемі 48 шаршы метр, 8 стеллаж бар, 3 көрме қойылатын сөрелер бар. Компьютермен жабдықталған, КАБИС бағдарламасы енгізілген. Кітапханаға кітаптар өңдеу бөлімінен өңделіп жеткізіледі.
Оқырмандарды кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдеби шаралар, кітап көрмелері, әртүрлі тақырыпқа байланысты бұрыштар ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |