Аққурай ауылдық кітапханасы
Аққурай ауылдық кітапханасы 1956 жылдары іргетасы қаланған. Алғашында «Қызыл отау» атымен құрылып, егіндік алқапта жұмыс жасайтын жұмысшыларға үгіт брига-дасы арқылы жұмыстар жүргізілді.
Сол кездерде кітапханада 1956-1959 жылдары Әлдекешова Марзия, 1959-63 жылдары Сұлтангереева Зауре, 1963-66 жылдары Губаева Насиха, 1966-71 жылдары Досжанова Жұпар, 1971-74 жылдары Мұханова Қарлығаш есімді азаматшалар жұмыс істеген. Кітапхана ғимараты әр жылдарда көптеген орныдарға көшті. 2004 жылы ауыл жастарының күшімен 5000 кітап қорымен кітапхана салынып, халыққа қызмет көрсетуде.
2004-2008 жылдары Измұханов Азамат еңбек етті. Білімі агроном. Ер азамат болса да өз ісінің шебері бола білді.
Кітапханада «Атамекен» клубы жұмыс жасайды. Кітап қоры – 5986 дана. Жыл санап кітапхана оқырманы да өсуде. Материалдық-техникалық базасы да жақсарып келеді. Бүгінде кітапханашы Г. Рахымғалиева.
Достарыңызбен бөлісу: |