Дозиметриялық әдістер мен дозиметриялық құралдар түрлері - Улы сәулеленудің анықталуы мен өлшенуі дозиметрия, ал осы мақсатта қолданылатын құралдар – дозиметриялық деп аталады (ДП).
- Дозиметрия әдістері:
- Ионизациялық әдіс негізінен сәулелердің ауаны және газдарды ионизациялау қасиетіне сүйенеді. Ионизацияланған газ көлемінде эл. ауданның болған жағдайда түзілетін иондардың қозғалысы салдарынан ионизацияланған ток туындайды; осы ток мөлшерін өлшеу – осы сәулелену мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Дозиметриялық құралдар 4 негізгі бөліктен құралған:
- - қабылдаушы құрылғы (датчик);
- - күшейткіш құралы бар электрлік сызба;
- - бекітуші құрылғы;
- - қоректендіруші жүйе.
- Қабылдаушы құрылғы ретінде (детектор) ионизационды камера немесе газоразрядды счетчик (Гейгер) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |