Әдістемелік ұсыныстар
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/05
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
«Эксперименталды психология »
пәні бойынша
5В050300- психология бакалавр
мамандығының студенттеріне арналған
Пәнді оқыту бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ
Павлодар
Кіріспе
«Эксперименталды психология» курсын окытудың объектісі экспериментті өткізу техникасы мен процедурасын, теориялық ұғымдардың реті болып табылады. Оқыту әдістері болып дәрістік және практикалык (семинар) сабақтар саналады. Эксперименталды психологияның даму тарихына төмендегідей кезеңдер кіреді: педагогикалык және медициналық міндеттерге байланыстағы эксперименталды әдістердің дамуы, ғылыми-жаратылыстану циклындағы ғылымдармен сабактастык аспектілері, объективті зерттеу әдістеріндегі психологияның даму кажеттілігімен байланысы.
Әдістемелік ұсыныстардың мақсаты:
«Эксперименталды психология» курсы 5В050300 - «Психология» мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда маңызды орын алады. Курс студенттердің болашақ педагогикалық-психологиялық қызметінде қажет білімдері мен біліктерін пайдалану максатында «Эксперименталды психология» пәні бойынша теориялык және практикалык дайындыктарына бағытталган.
5 Әдебиеттер тізімі
-
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. - СПб.: Изд-во Питер,2000.
-
Корнилова ТВ. Введение в психологический эксперимент. - М.: Изд-во МГУ ЧеРо, 1997.
-
Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. - М.: МГУ, 1982.
-
Солсо Р.Л., Джонсон Х.Х., Бил М.К. Экспериментальная психология: практический курс. - СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2001.
-
Константинов В.В. Экспериментальная психология: курс практического психолога. - СПб.:Питер, 2006.
1 тақырып. Эксперименталды психологияның зерттеу міндеттері Эксперименталды психология пәні. Эксперименталды психологияның міндеттері. Эксперименталды психологияның даму тарихы.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
Эксперименталды психология пәні және даму тарихы. Экспермиенталды психология пәнінін міндеттерін толық ашып айт.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі [1, 2, 5]
2 тақырып. Эксперименталды психологияның пайда болуы мен дамуы. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы. Эксперименталды психология дамуының негізгі бағыттары.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар. Эксперименталды психологияның қазіргі кездегі дамуына толық сипаттама бер. Эксперименталды психологияның негізгі бағыттарын атп ерекшеліктеріне сипаттама бер.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі [1, 2]
3 тақырып. Эксперимент зерттеудің белсенді әдісі ретінде. Әдіснама, әдіс және әдістеме. Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері. Психологиядағы ғылыми зерттеудің құрылымы мен принциптері.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар. Эксперименталды психологияның әдістеріне сипаттама бер. Эксперименталды психология пәніне басқа ғылымдардың әсері. Эксперименталды психология пәнінің принциптері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі [1, 3,]
4 тақырып. Психологиялық теорияның құрылымы. Психологиядағы байқаудың орны.
Психологиялық теория және оның құрылымы. Ғылыми мәселе, болжам. Жалпығылымдық зерттеу әдістері.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар. Жалпы зерттеу әдістеріне ғылыми тұрғыдан сипаттама бер. Сонымен қатар эксперименталдық психологияның теориясына сипаттама бер.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі [1, 2]
5 тақырып. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу. Психологияның эмперикалық зерттеулері әдістері жүйесіндегі эксперименталды әдіс
Бақылау және эксперимент. Бакылаудың өтілу барысы мен техникасы. Жоспарлау және бақылаушы позициясын тандау.
Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті. Эмпирикалык мәліметтерді жинаудың баска да әдістері (анкета, сұхбат, интервью). Психологиялык зерттеу кезеңдері.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар. Эксперименталды психология пәнінін негізгі әдістері. Эмпирикалық әдістерге сипаттама бер.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі [1, 2, 5]
9 тақырып. Ғылыми нәтижелерді ұсыну. Психолог іс-әрекетіндегі ЭЕМ
Факторлық талдау. Алғашқы мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасы. Психолог іс-әрекетіндегі ЭЕМ қолдану.
Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
5 тақырып. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу. Психологияның эмперикалық зерттеулері әдістері жүйесіндегі эксперименталды әдіс
Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері.
Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну. Ғылыми
нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы. Ғылыми баяндамаларға койылатын талаптар және оның түрлері. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі.
6 тақырып. Зерттеуді аппаратурамен қамтамасыз ету. Психологиялық зерттеулердегі әлеуметтік-психологиялық аспект
Психологиялық зерттеудің кезеңдері. Зерттелушінің мотивациясы. «Фасад», «Плацебо» эффектілері. Эксперимент жүргізудің этикасы.
7 тақырып. Эксперимент жүргізудің этикасы. Эксперименттің валидтілігі. Экспериментті жоспарлау
Эксперименттің валидтілігі. Валидтіліктің түрлері. Болжам және оның түрлері. Эксперименталды болжамның қүрылуы. Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу. Тәуелсіз ауыспалыларды бақылау тәсілдері. Психологиялық шкалалау. Өлшеу шкалаларының типтері (атау, реттік, интервалдық, қатынас шкалалары).
8 тақырып. Алғашқы мәліметтерді өндеу. Нәтижелерді өндеудің негізгі әдістері. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістер
Эксперименталды жоспар. Эксперименталды жоспарды таңдау. Экспериментті жүргізу кезеңдері.
9 тақырып. Ғылыми нәтижелерді ұсыну. Психолог іс-әрекетіндегі ЭЕМ
Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері.
Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділіктерді тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері. Факторлық талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |