Двигательдiң жұмыс iстеу кезiнде оның қозғалатын бөлшектерi өте күрделi қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрi қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкелiседi, әрi өзара жанасып үйкелiседi



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі2.74 Mb.
#480906
  1   2   3   4
Лекция7 Майлау және салқындату жүйесі

  • Майлау және салқындату жүйесі
  • Орындаған: Солтанқұл Ә.
  • Двигательдiң жұмыс iстеу кезiнде оның қозғалатын бөлшектерi өте күрделi қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрi қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкелiседi, әрi өзара жанасып үйкелiседi. Егер сол беттер өзара үйкелетiн болса, сол бедерлер бiр-бiрiмен айқасып, бөлшектердiң жылжуына үлкен кедергi келтiредi. Құрғақ үйкелiстi, сұйықтық үйкелiске айналдыру қызметiн майлау жүйесi iске асырады, яғни бөлшек бедерлерiнiң ой жерлерi сұйық майға толады да екi қырдың бiр-бiрiне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрi қарай бөлшектердiң жылжуы ендi сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкелiс мүлде жеңiлдейдi.
  • Үйкелiс беттерiне майлайтын сұйықты жеткiзуге байланысты, майлау жүйесiн үш түрге бөлуге болады.Бiрiншi үйкелiс беттерiне үлкен қысыммен берiледi де үйелетiн екi бөлшек бiр-бiрiмен тек сұйық қабат арқылы жанасады. Екiншiсi үйкелiс беттерiне майды қысымсыз ағызып немесе шашып бередi. Бұл кезде үйкелетiн екi бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады. Үшiншi түрi үйкелiс беттерiне әрi қысыммен, әрi шашып бередi. Мұны құрама майлау жүйесi деп атайды. қазiргi двигательдердiң барлығында құрама майлау жүйесi қолданылады, яғни кейбiр бөлшектер қысыммен, кейбiр бөлшектер шашып майланады.
  • Майлау жүйесі: 1,6,10-сүзгілер; 2- термометр;3-радиатор; 4,8,9-клапандар; 5-кран; 7-насос; 11- манометр; 12-магистралдық канал; 13-иінді білік; 14-таратқыш білік; 15-күйенте осі; 16-деңгей өлшегіш; 17-картер тығыны
  • МАЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
  • Майлау жүйесі үйкелетін бөлшектерге майды үнемі беріп тұруды және ондағы қызуды қайтаруды қамтамасыз етеді.
  • моторларда 3 түрлi майлау әдiстерi қолданылады:
  • 1. Қысыммен майлау;
  • 2. Майдың мотор бөлшектерiнде өздiгiмен ағуы арқылы (самотеком);
  • 3. Мотор бөлшектерiн май шашырату арқылы майлау.
  • ВАЗ моторының майлау жүйесі. 1-май насосының білігі, 2-4 - май каналдары, 3- қалпақша, 5-сигнал шамы, 6-сезгі, 7-негізгі май магм\истралы, 8- май өлшеуiш сүңгi, 9-фильтр, 10-насос, 11-май қабылдағыш, 12-картер
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет