Металдарды қысыммен өңдеу
Металдарды қысыммен өңдеу
Металдың ыстық және суық күйінде пластикалық деформация алатын қасиеті машина жасауда пайдаланылады. Металды қысыммен өңдеу деп арнайы қысатын құралмен металға форма беруді айтады. Металды қысыммен өңдеу түрлері: прокатау; престеу; сүйреп тарту; соғу; қалыптау. Металды қысыммен суық және ыстық күйінде өңдейді. Қысыммен өңдеуде металл пластикалық деформация алады.
Металдарды қысыммен өңдеу
Металдарды қысыммен өңдеу
Металдың температурасы өскен сайын оның пластикалық қасиеті артады, ал деформациялануға карсылығы төмендейді. Деформациялану жылдамдығы артқан сайын металдың пластикалық қасиеті төмендейді, деформациялануға қарсылығы артады. Металдың пластикалық қасиетіне температурасы, химиялық құрамы жане •дефформациялану жылдамдығы әсер етеді.
Металдарды қысыммен өңдеу
Металдарды қысыммен өңдеу
Болатты қыздыру температурасы көрсетілген шектен жоғары болмау керек, ал төмен болса пластикалығы жеткіліксіз болады. Металды қыздыруга қолданылатын құрылымдар:
- Көрік - қатты отынның шоғында металл қыздырылады, ауаны үрлеу арқылы. Қатты отын ретінде тас көмір, кокс, ағаш көмірі пайдаланылады. Қарапайым қыздыратын құрылым.
- 2. Жалынды пештер - металл оттың жалынымен қыздырылады. Отын ретінде газ,мазут, дизель отыны қолданылады.
- 3. Электр пештері.Екі түрге бөлінеді: түйісу пеші; индукция пеші..
Металдарды қысыммен өңдеудің (МҚӨ) барлық процестері, берілген пішіндегі бұйым алу мақсатымен арнайы құрал қолдану нәтижесінде бастапқы дайындаманың пластикалық деформациялануына негізделген.МҚӨ процестерін ыстық және суық куйде жүзеге асырады. Бұл кезде металдардың құрылымы, механикалық және басқа қаситтері жақсарады. Қысыммен өңдеудің негізгі процестері илемдеу, сымдау, Престеу,coғy,көлемдік және табақты штамптау болыптабылады. Илемдеу деп металдың екі немесе бірнеше айналмалы біліктер арасындағы пластикалық деформациялану процесін айтады.
Илемдеу, өңдеудің кеңінен тараған процесі, ол арқылы барлық балқытылатын металдың шамамен 90%-ы өтеді.Машина жасауда да илемдеудің әртүрлі тасілдері, оның ішінде агрегаттарда прокаттың арнайы турлерін (шарлар, роликтер, мерзімді кескіндер, теміржол көліктерінің дөңгелектерімен дөңгелек бандаждарын, тығындар,тербелісподшипниктерініңсақиналарын, бұрандалар, тісті дөңгелектерін, жұлдызшаларды және көптеген басқа машина бөлшектерін) алу үшін пайдаланылады.
Сымдау - қысыммен өңдеу тәсілі, мұнда дайындама 2 сымдау станында волок депаталатын 1 құралында тарылу тесігі арқылы созылады.
Бұл кезде дайындықтың көлденең қимасы кішірейеді және волокта тесік пішініне ие болады. Сымдау стандарында сымның барлық түрлерін, көлденең өлшемдері нақты болатын шыбықтарды, үлгілі кескіндер мен құбырларды өндіреді.Пішін түзу тұрғысынан, престеу шексіз мүмкіндіктерге ие және кеңінен қолданылады, әсіресе түсті және қиын пішінделетін металдар мен балқымаларды өңдеу кезінде. Соғу - әртүрлі құралдар қолдану арқылы жоғарғы және төменгібалғамен соғу немесегидравликалық престеумен дайндаманы қысу процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |