Е. Сарқыт. Қазақ ономастикасы



Pdf көрінісі
Дата05.10.2023
өлшемі99.8 Kb.
#479909
Е.Сарқыт. Қазақ ономастикасы



Қaзaқcтaн Pеcпубликacының Бiлiм жəне Ғылым Миниcтpлiгi
Л.Н. Гумилев aтындaғы Еуpaзия ұлттық унивеpcиететi
Opындaғaн:
Capқыт Елaмaн
Гpуппa: ҚТƏ–23
Текcеpген:
Əбдуəлиұлы Б.
Астана 2023 жыл


СӨЖ тапсырмасы: Қазақ ономастикасының өзге ғылым салаларымен
байланысы.
Ономастика – атауларды, жалқы есімдерді зерттеу назарына аламтын
ілім саласы. Ал атаулар мен жалқы есімдер жайы – өзге ғылым салаларына
үңілу барысында олардың ақпараттық қорларандағы негізгі алғы
шарттарының бірі. Себебі қай-қайсы ғылым салалары болса да, атаулармен
тіке байланысты.
Ойымызды дəйектесек, ономастика ілімінің басқа, арнасы мен нысаны
мүлде бөлек ғылым – тарихты назарға ұсынсақ. Тарихтың негізгі обьектісі
ретінде көрінетін қоғам мен дəуір кезеңінің қатынасындағы оқиғалар мен
атаулы жайттардағы соған негіз я себепші болған ұлы тұлғалар,
көшбасшылар, сарбаздар, батырлар есімі (Шыңғыс хан, Шырақ батыр,
Күлтегін, Абылай хан жəне т.б.); тарихи оқиғалар атауы (Ақтабан
шұбырынды, Аңырақай шайқасы, Орбұлақ шайқасы, Бұланты шайқасы,
Тəуелсіздік күні жəне т.б.); ұлыс, тайпа, хандық (Ноғай ұлысы, Сақ,
Каңлы, Үйсін, Қазақ хандығы жəне т.б.) тарих іліміне қазақ ономастика
саласының қатыстылығын дəлелдейді.
Əдебиет жəне ономастика саласындағы байланысқа назар аударсақ,
əдебиетте көрініс тапқан əдеби ағымдар (Зар-заман, Елім-ай жəне т.б.);
көркем туындылардың атауы (“Мен жастарға сенемін”, “Құлагер”, “Оян,
қазақ!”, “Ереулі атқа ер салмай” жəне т.б.); кейіпкерлер атауы мен олардың
серігі болған жануарлар жайы өз алдына тағы бір мысал бола алтынын
көре аламыз.
Негізгі зерделеу нысандарының бірі ретінде көрінетін бас əріппен
жазылған елді-мекен, жер-су атаулары (Астана, Қарағанды, Үржар, Аягөз,
Алакөл, Балқаш жəне т.б.)географияның аталмыш ғылыммен байланысы
тақырыбында сөз қозғалмаса да түсінікті екені мəлім. Бұл дегеніміз –
географияда елді-мекен атауы ретінде ұынылып белгіленсе, ономастикада
топоним ретінде нысанға алынады. Бірден-бір байланыс көрінісі– осы.
Ономастика аспектісінен қарағанда этноним, антропонимдер деген атауға
ие ұғымды əлеуметтану мен антропология білімдерінде бірқатар байқай
аламыз. Оған дəлел – адамның нысыпы ретінде көрініс табатын бала,
əке-шеше, ата-апа, бабалар есімі (Айдос, Қайрат, Əлихан, Жамал, Мəриям,
Қанабек, Байтұрсын жəне т.б.); шыққан елі (Найман, Қоңырат, Дулат, Адай
жəне т.б.).
Саясаттану ғылымындағы мемлекеттер атауы (Қазақстан, АҚШ, Канада,
Франция, Түркия жəне т.б.); қала атауы (Жезқазған, Семей, Шымкент,


Ақтау жəне т.б); облыс атаулары (Абай облысы, Ақмола облысы,
Қызылорда облысы жəне т.б.); мемлекеттік нысандар (Ақорда, Бейбітшілік
жəне келісім сарайы, Еуразия ұлттық университеті, Əл-Фараби атынлағы
Қазақ ұлттық университеті жəне т.б.) ұғымдар ономастика саласында
урбаноним деген аспектіде зерттелініп, екі сала арасындағы тығыз
байланысы туралы көрініс береді.
Сөзімізді түйіндей келе, дəйек ретінде ұсынылған жоғарыдағы мысалдар
ономастика ғылымымен қатысты ілім салаларының тек біз қозғаған бір
бөлігі ғана, түптеп келгенде, кел-келген ғылым салаларының мағлұматтық
тірегі ретінде рөл ойнайтын – нысан атаулары деп ескерсек, сол нысан
атауларын
өзінің
зерттеудегі
обьектісі
ретінде
алатын
қазақ
ономастикасының ауқымы əлдеқайда кең екендігін байқай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет