Е. В. Терина (1955жыл,24. 08бұйрық №111пр. 3)



Дата05.07.2016
өлшемі55.5 Kb.
#179153
Орталық балалар кітапханасы аудандық кітапхана ғимаратының

140. 2. кв. көлемінде орналасқан.

Кітапхана ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуді 1919 жылы В.И.Чапаевтың атақты 25-ші атқыштар дивизиясының штабы орналасқан ғимаратта бастаған болатын.

Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуге арналған бұл кітапханада әдейі балалар кітапханасы болмағанымен де балаларды, жасөспірімдерді оқуға тартып, оларға арналған көпшілік шаралар жүргізілді. Яғни аудандық кітапханада балаларға арналған бөлім қызмет істеді. Кейінірек 1951 жылдан Чапаев ауданындағы балалар кітапханасы ашылды.
1962 жылы 4 желтоқсандағы Қазақ ССР мәдениет министрлігінің хаты негізінде Чапаев ауылындағы балалар кітапханасы жойылып, 1964 жылы 15 мамырдағы мәдениет бөлімінің №33 бұйрығы негізінде балалар кітапханасы қайта ашылды.

Кейін, кітапханаға ауыл орталығынан Ленин көшесіндегі №55-ші, 81 шаршы метрді құрайтын жеке ғимарат берілді.

1995 жылдың тамыз айынан бастап, 1971-ші жылы салынып, кеңес дәуірінде балабақша болған 2 этажды ғимаратқа көшірілді. Бұл аудандық кітапхана ғимаратының 140.2кв. көлемінде орталық балалар кітапханасы орналасып, бүгінгі күнге дейін өз оқырмандарын білім нәрімен сусындатып келеді.

1951 жылдың 5 тамыз айынан бастап аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып Хамитова тағайындалды. (бұйрық №24, 5.08.51ж.)

1952 жылдың 15 мамыр айынан бастап орталық балалар кітапханасының меңгерушісі болып Джумағалиева Сақыпжамал тағайындалды. (бұйрық №40,15.05.52.)

1955 жылы балалар кітапханасының кітапханашысы болып Е.В.Терина (1955жыл,24.08бұйрық №111пр.3)

1956 жылы балалар кітапханасының меңгерушісі И.Ревкова тағайындалды. (1956 ж.бұйрық №21,пр.3 21.09.)

1960 жылы 25 қазан айынан бастап (бұйрық №105 пр.1.) аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы болып Мазгутова Евгения Ивановна қызмет атқарған.

1964 жылы балалар кітапханасының кітапханашысы қызметіне Н.Давлятова қабылданды. (бұйрық №30,пр.3,1964.06.05.)

1965 жылдан бастап балалар кітапханасы Черекаева Зинаида Васильевна қызмет етіп, кейін 1979 жылға дейін Жұмағалиева Сақыпжамал меңгеруші болып жұмыс жасады.

1970-ші жылдары балалар кітапханасының кітап қоры 10 мың дана дай болып, оқырмандар саны 1.5 дай құрады.

1979-1985 жылдарда еңбек етіп, қазіргі кітапхананың қалыптасуына, жетістіктерге жетуіне өз үлестерін қосқан, Советтік Қазақстан мәдениетінің өркендеу кезеңімен біте қайнасқан ардагерлер кітапхана меңгерушісі Жақсыбаева Зылиха Аронқызы, Галимуллина Любовь Анатольевна, Жадитова Айжан, Тұйғынбетова Балымзия. Белес, 1999жыл.

Сондай-ақ кітапхана кадры әрдайым қозғалыста болып, кітапханаға балалар, жасөспірім жаңа буындарды тартуда өзіндік қолтаңбаларын қалдырып қай уақытта да абыройлы қызмет еткен кітапханашылар баршылық.

1985-1986 жылдар аралығында балалар кітапханасында аға кітапханашы болып Қонысова Бибігүл жұмыс жасады.

1985 жылдан жас маман Айтқалиева Марфуға жұмысқа кірісіп, тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендендірілген, терең мазмұнды, ашық көлемді кітап көрмелерін ұйымдастыруда балалар кітапханасына өзгерістер енгізді.

1993-1994 жылдары аудандық балалар кітапханасында Жұбанғалиева Қаламқас Тілегенқызы қызмет істеді. 1998 жылдан 2003 жылға дейін кітапханада Ерғалиева Кәмшат Ниязқызы кітапханашы болып табысты еңбек етті.


2003 жылы қазан айында Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің түлегі Садықова Ағила Сүйінқызы жұмысқа келді. Жас маман өз ісіне жауапкершілікпен қарап, оқырмандармен түрлі мәдени-көпшілік шараларды заман талабына сай жаңаша бағытта өткізіп отырды.

Бүгінгі таңда балалар кітапханасында кітапхана меңгерушісі Акутина Людмила Валентиновна, абонемент бөлімінің кітапханашысы Демеуова Дариға Төреқұлқызы, оқырман залының кітапханашысы Хадесова Динара Кеңесқызы еңбек етуде.

Қазіргі уақытта балалар кітапханасында оқырман залы, абонемент бөлімі 2000-ның үстінде оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Балалар кітапханасы - балалардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелейтін, ой-өрісін дамытатын көркем шығармалар мен білімді қатар ұсынатын рухани орта. Балалар кітапханасы ауылдық кітапханаларға балалармен жұмыс жүргізуде әдістемелік орталық болып саналады. Кітапхана ұжымы жемісті еңбек етумен қатар, өзінің түрлі сала бойынша жинақталған кітап қорын насихаттап, өз оқырмандарының талап-тілегін орындау, балалармен жұмыс түріне жаңашылдық енгізу, дамыту мақсатында тынымсыз еңбектену үстінде.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға кітап қорын насихаттаумен қатар, әртүрлі тақырыптар бойынша көпшілік шараларды үнемі өткізіп отырды.

1986 жылы балалар кітапханасына Акутина Людмила Валентиновна жұмысқа келіп, бүгінгі күнге дейін балалар кітапханасының меңгерушісі ретінде табысты еңбек етіп келеді. Білікті маман, шебер ұйымдастырушы өз ісіне шын берілген кітапханашы ретінде Людмила Валентиновна бірнеше рет «Құрмет грамотасымен» марапатталса 2002 жылы жылдың «Үздік кітапханашысы» атанды. Әрбір жылдарда ұйымдастырылған көпшілік шараларға белсене атсалысқаны үшін аудандық мәдениет бөлімі, облыстық мәдениет басқармасы атынан алғыс хат, марапатқа ие болып жүр. Аудан, облыс көлемінде еңбегі еленіп жүрген Л.Акутинаның өмір деректерін аудандық мұражайға қойылды. Ол әрине кітапханашылар үшін де зор қуаныш.

1991 жылдың шілде айынан бастап Демеуова Дариға Төреқұлқызы балалар кітапханасына жұмысқа келіп, күні бүгінге дейін абонемент бөлімінің кітапханашысы болып еңбек етуде. Балалар мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, оқырмандар құрметіне бөленген жан. Өз ісінің білгірі, түрлі мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беру ісіне зор үлес қосып келеді. 2000 жылы Дариға Төреқұлқызы «Жылдың үздік кітапханашысы» деп танылып, марапатталды.

Балалар мен жасөспірімдерді біріктіретін рухани қарым-қатынас жасап, өзара түсінісу мақсатында балалар кітапханасында 1995 жылдан «Тығыз қарым-қатынаста болу» демалыс күнгі клубы жұмыс жасайды. Бұл клубқа 3-ші кластан мүше болып тұтастай класс кіріп, 6-шы класты бітіргенше кітапханалық шараларға белсене қатысып, өздерінің бастамасымен де шаралар өткізіп, барлық балалар кітапханасының оқырмандарына үлгі көрсетеді. Осы жылдар арасында балалардың білімділік, танымдылық ерекшеліктерімен қатар, кітапханаға келуі жиелеген сайын, кітап оқуға да ынтасы арта түседі. Сондай-ақ бала бойындағы ерекшелік, дарындылық айқындалып, шара барысында көзге түсіп, аудан көлеміндегі өтетін шараларға да осы жерден таңдалып, талабы жарыққа шығуына септігі тиіп жатады. Мыс:осы клубтың 1999 жылғы мүшесі Жанна Шаймұханованың «Көркемсөз шебері» дәрежесіне көтерілуі. 2002-2006 жылдағы клуб мүшесі Асхат Байжүменовтің «Көркемсөз шебері»аудандық, облыстық байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болуы кітапхананың тәрбиесі екені сөзсіз.Және осы клуб мүшелері жыл оқырмандары, белсенді оқырмандар болып танылуда.

1987 жылы «Көңілді негішілер» клубы ашылды. Клубтың дивизі: «Білім, есігіңді аш!». Сол кезде клуб жетекшісі Айтқалиева Марфуға болып, жоспарлы түрде шаралар өткізіп, таныстық-саяхат жұмыстарын да жүргізіп отырды.

Осы клуб жетекшісі болып 1989 - 1991 жылдар аралығында С.Салиева 1991 жылдан күні бүгінге дейін Дариға Демеуова клубтың жетекшісі болып, бұрынғы мүшелерімен де қарым-қатынас ұстап жалғастырып келеді.



Орталық балалар кітапханасы байқауға қатысып:

1999 жылы- Экология тақырыбы бойынша «Жер шарын қорғайық» атты облыстық байқауда таңдаулы иллюстрациялық кітап көрмесі үшін ІІІ орын;

1999-2000 жылы- салауатты өмір салтын насихатау ісінде «Барыс балалары күшті болуы тиіс»-атты облыстық байқауда ІІ орын;

2000-жылы- «Ананың әңгімесі» атты облыстық байқауда алғыс хатпен марапатталды.

2003 жылы- «Жайық ұландары және кітапханалар-есірткісіз Қазақстан үшін»-атты облыстық акцияға атсалысып бағалы сыйлықпен алғыс хатпен марапатталды:

2004 жылы-Облыстық кітапханалар арасында балалармен жасөспірімдерге экология бойынша жүргізілетін ағарту жұмыстарының жобасы бойынша өткізілген байқауда І орын;

2005 жылы-Ұлы Абайдың 160 жылдық мерей тойына орай өткен «Есімі-халқының мақтанышы» атты облыстық байқауға қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

2005 жылдың 17 тамызда облыстық Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық балалар кітапханасында «Қазақстандық патриотизмнің даму үрдістері» атты облыстық –аймақтық семинар өткізілді.

2006 жылы-Атақты ақын, қоғам қайраткері Шәңгерей Бөкеевтің 160 жылдығына орай ауыл кітапханашылары арасында «Шәңгерейдің шұғылалы жырлары» тақырыбында әдістемелік құралдарға жарияланған облыстық кәсіби шығармашылық байқаудан орталық балалар кітапханашысы Динара Хадесова «Еркіндік аңсаған ақын» тақырыбындағы құралы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Соңғы жылдары әр жылдың қорытындысы бойынша кітапханаға ең көп келген оқырман анықталып, «Жылдың үздік оқырманы» атты оқырман бенефисін өткізу дәстүрлі шараға айналды. Балаларды кішкентай кезінен кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында балалар кітапханасы оқырман парағын сараптап, іріктеу барысында оқырмандардың кітап оқудағы ерекшеліктерін анықтап, кітап құмар оқырмандардың оқыған кітаптарымен ой бөлісуге, осындай іс - шаралар қолға алынған жылдардан бастап үздік оқырмандарымыз көбейіп келетіні зор қуаныш.

1999 жылдың «Үздік оқырманы» деп №1 орта мектептің «6а» сынып оқушысы Жигулина Виктория танылды. Жайық таңы.-2000.

2000 жылы Абай атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Жамалиева Самал «Жылдың үздік оқырманы» атанды.

Сүйіп оқитын кітаптары: Танымдылық әдебиеттер, көркем және отандық–тарихи әдебиеттерді көптеп оқиды.

2001 жылдың қорытындысы бойынша жыл ішінде 75 кітап оқыған М. Әуезов атындағы №2 орта мектептің 3 сынып оқушысы Жақанов Алдаберген «Жылдың үздік оқырманы» деп танылып, марапаттауға ие болды. ДемеуоваД. Жылдың үздік оқырманы // Жайық таңы.-2001.-20сәуір.-б.3

Сонымен қатар М.Әуезов атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Қайресов Мирас «2002 жылдың үздік оқырманы» атанды.

Мирас 1-ші сыныптан бастап кітапхананың тұрақты оқырманы, көпшілік шаралардың белсенді мүшесі. Жылына 95-98 кітап оқып, ертегі, аңыз кітаптарын сүйіп оқиды.

«2003 жылдың үздік оқырманы» деп, М.Әуезов атындағы №2 орта мектептің 8 сынып оқушысы Абдрахманов Нұрлыбек танылды.

Сондай-ақ, балалар кітапханасының тұрақты оқырманы, Абай атындағы мектеп –гимназиясының 4 сынып оқушысы Кеңесова Еңлік «2004 жылдың үздік оқырманы» атанып, марапаттауға ие болды.
2005 жылдың қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы №2 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жақанов Алдаберген екінші рет «Жылдың үздік оқырманы» атанды.

«2006 жылдың үздік оқырманы» деп 6ә сынып оқушысы Серік Бибінұр марапатталды. Бибінұр жылына 97 кітап оқып, кітапханалық көпшілік шараларға белсене қатыстып келеді.



Аманкулова Фатима Абай атындағы мектеп-гимназияның 7 «а» класс оқушысы. 2-ші сыныптан бастап балалар кітапханасының үздік оқырманы болып саналып келе жатқан ол, 2007 жылдың сараптама бойынша жылында 111 кітап оқып, қорытындысында 2007 жылдың «Үздік оқырманы» атанды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет