Қыркүйектің үші.
Сынып жұмысы
А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі
Еңбек нарығы
А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі
МАҚСАТЫ:
оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын біледі және ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ететіндей монолог және диалог құрастырады.
ЖАҢА СӨЗДЕР
Еңбек нарығы –
Сұраныс –
Меншік түрі –
Жұмыс күші -
рынок труда
спрос
виды собственности
рабочая сила
1-тапсырма. «Таймд-Раунд-Робин» әдісі.
.
1. Еңбек нарығы мен жұмыссыздықтың қандай байланысы бар?
2. Еңбек нарығының қандай жағымды және жағымсыз жақтары болуы мүмкін?
|
Дескриптор:
- мамандықтарды айтады;
- сол мамандықтың еңбек нарығындағы орны туралы айтады;
- фактімен дәлелдейді.
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жұпта диалог құрастырыңыздар. Диалог барысында төменде ұсынылған сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.
Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары: сіз қалай ойлайсыз; сіздің пікіріңізше,...; мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін; кешіріңіз, бірақ мен басқаша ойлаймын; сіздің осы туралы ойыңызды білсем деп едім; өте құнды пікір айттыңыз.
Дескриптор:
- мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ қояды;
- сұрақтарға толық сөйлеммен жауап береді;
- жауап беруде мәтін ақпараттарын қолданады;
- сұхбаттасуда ұсынылған клишелерді қолданады.
Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. Себебі бүгінгі күнгі ғылым саласында генді инженерия мен биология саласын дамытуға деген сұраныс көп. Әзірге барлық компьютерлер адам миын алмастыра алмайды. Бірақ жасанды интеллект бар. Барлық қиын жұмысты компьютерлер мен роботтар атқарады. Біздің мамандық туралы барлық түсініктеріміз өзгереді. Сондықтан біз қаласақ та, қаламасақ та еңбек нарығында жұмыс орындары қысқара бастайды.
Оксфорд сарапшыларының айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың 47 пайызы жойылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазір мектепте оқып жатқандардың 65 пайызы болашақта енді пайда болатын мамандық иелері атанады. Жақында Forbes, Popular Science басылымдары болашақта пайда болуы мүмкін 162 мамандық тізімін жасады. Онда біздің ойымызға кіріп те шықпаған робоэтика бойынша адвокат, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жеке меншікті бағалау, нейропсихолог, медициналық роботтехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтар бар.
https://wordwall.net/ru/resource/61885743
|
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |