жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің 15-бабының 2) тармақшасын жүзеге асыру үшін әзірленді.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылады. Бұл талап жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, одан сол құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
Осыған орай, қаулы жобасымен:
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат);
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 793 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 389-құжат);
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1028 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 300-құжат);
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» № 731 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, № 745-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 503 «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 37-38, 263-құжат) күші жойылды деп тану көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |