Наметова Ғалия Тулеевна,
жоғарғы санаттағы география-биология пәндерінің мұғалімі,
Еңбекші орта мектебі,
Қарасай ауданы, Алматы облысы.
География онкүндігі аясында өткізілетін жарыс сабағы. 6 сынып.
Тақырыбы: «Жер қабықтары» тарауын қайталау, бекіту
Мақсаты :
Білімділік : Оқушылардың тарау бойынша алған білім, біліктері мен дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, олардың есте сақтау, салыстыра білу, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларға жер қабықтарының маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру
Сабақтың әдіс тәсілдері: сөз әдісі (түсіндіру, баяндау т.б) интерактивтік әдіс, салыстыру, өз бетінше оқыту, дамыта оқыту әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, түрлі –түсті суреттер, кестелер, нақыл сөз жазылған плакаттар, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, интерактивтік тақта материалдары.
Сабақ жоспары:
-
Оқушыларды топқа бөлу
-
Әр топтың атын белгілеу («Тастағы таңба»; «Алау»; « Толқын»; «Тіршілік»)
-
Топтың ішінде микротоптарды белгілеу
-
Тапсырмалармен таныстыру
-
Жарыстың ережесімен топтарды таныстыру
-
Жарысты өткізу
-
Жарысты бағалау
Ұйымдастыру кезеңі: сынап оқушыларының зейінін сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындау, сабақ жоспарымен оқушыларды таныстыру.
Негізгі кезең: тапсырмаларды тур бойынша беріп отыру
І- тур- Әр топ өз ұрандарын айтып өтеді де, жер қабықтарына қысқаша сипаттама береді.
Толқын тобының ұраны:
Білім алып бүгін алтын ұяда
Ертең әлі шарықтаймыз қияда
Алау тобының ұраны:
Асау тұлпар желдей өскен арынды,
Оқуменен еңбекке сал барыңды
Тастағы таңба тобының ұраны:
Табиғатты сүйейік
Сүю үшін білейік!
Тіршілік тобының ұраны:
Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!
ІІ- тур- әр топқа өз тақырып тарына сәйкес 5 сұрақ беріледі (әр сұрақтың дұрыс жауабына 2 ұпай беріледі)
Карточкада жазылған сұрақтар:
Тастағы таңба тобына-
1.Жердің ең орталық өзегіндегі ядро қандай заттардан тұрады? ( темір мен никельден)
2.Қандай органикалық шөгінді жыныстарды білесіңдер? ( тас көмір, ұлутас, бор, мұнай, газ, т.б)
3. Жер қыртысының қозғалуының екі түрін атаңдар. (жер қыртысының баяу төмен түсуі мен көтерілуі және тау жасалу қозғалысы)
4.Қатпарлы тауларды атаңдар (Альпі, Кавказ, Кордильер)
5.Жер бетіндегі ең үлкен ойпатты атаңдар (Амазонка ойпаты)
Алау тобына сұрақтар:
1.Бүкіл ауаның 80 пайызы атмосфераның қай қабатына тиіселі? (тропосфера)
2.Атмосфералық қысым дегеніміз не, оны қандай құралмен өлшейді?
3.Су буының конденсациясы дегеніміз не?(су буының су тамшыларына айналуы)
4.Жергілікті желдердің негізгі түрлерін атаңдар (муссондар мен бриздер)
5.Климат дегеніміз не?
Толқын тобына сұрақтар:
1.Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін атаңдар
2.Қызыл теңіздің тұздылығы неше промилле ?
3. Цунами дегеніміз не, ол қалай пайда болады?
4.Өзеннің басынан құяр жеріне дейінгі бөліктерін ата
5. «Арасан» дегеніміз не, біздің еліміздегі арасандарды ата
Тіршілік тобының сұрақтары:
1.Биоценоз дегеніміз не?
2.Ағзалардың атмосфераға әсері қандай?
3.Тіршілік таралуының жоғарғы шегі қай қабатқа дейін жетеді?
4.Табиғат бірлестігі дегеніміз не?
5.Топырақ дегеніміз не, ол қалай пайда болады?
ІІІ- тур- тапқыр болсаң талас жоқ –жұмбақтар шешу: төрт топқа бір-бірден жұмбақ жасырылады. (5 ұпай)
1.Дыбыс шығармай кіреді,
Терезеден енді (жарық)
2.Кешкісін дүниеге келеді,
Таң атқан соң өледі (шық)
3.Жазғытұрым тулайды,
Жазда ақырын шулайды (өзен)
4.Қара кемпір есептеп,
Жықты жұртты төсекке (түн)
ІV-тур-Үй тапсырмасы- «Табиғат» сөзжұмбағын шешу: әр топ осы тақырыпқа сөз жұмбақ жасап келеді де бір-бірімен ауысып оны шешеді. (10 ұпай)
V-тур- әр топқа бір-бір әріп беріледі сол әріптен басталатын жер су аттарын тез жазып берулері керек.(белгілі уақытта қанша жазса сонша ұпай алады) М, К,С,Т -әріптері
Әр топтың ұпайлары есептелініп жеңімпаз топ анықталады.
Қарасай ауданы
Алматы облысы
Наметова Ғалия Тулеевна,
жоғарғы санаттағы география-биология пәндерінің мұғалімі,
Еңбекші орта мектебі,
Қарасай ауданы, Алматы облысы.
6 сынып. География
Тақырыбы: «Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы»
Мақсаты :
Білімділік : Оқушылардың бойында гидросфера туралы ұғым қалыптастырып, оның маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша алған білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, олардың есте сақтау, салыстыра білу, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларға гидросфераның маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сөз әдісі (түсіндіру, баяндау т.б) интерактивтік әдіс, салыстыру, топтау әдісі, өз бетінше оқыту, дамыта оқыту әдістері, ойын элементтерін пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, түрлі –түсті суреттер, кестелер, нақыл сөз жазылған плакаттар, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, интерактивтік тақта материалдары.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезең
2.Жаңа сабаққа кіріспе
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Жаңа сабақты пысықтау
5.Жаңа сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру
7. Оқушылардың білімін бағалау
Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындау, сабақ жоспарымен оқушыларды таныстыру.
Негізгі кезең: жаңа сабаққа кіріспе:
Су –тіршілік негізі-деп неліктен айтылған?
Су туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер? / оқушылардың түсінігін білу/
Жаңа сабақ- І- бөлім:
Мұғалім сөзі :Жер ғаламшарында ғана су бар екендігін сендер білесіңдер. Балалар, Шолпанда су тек қана газ күйінде, ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды. Гидросфераға –мұхиттар мен теңіздер,көлдер мен өзендер, бөгендер мен мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.
Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы зор.
Балалар, сендер судың қандай маңызы білесіңдер?
/ бірнеше оқушыдан өз ойларын сұрау/
Слад көрсету:
Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен 1,6 млрд км кв.
Оның 96,5 % мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су. Түщы судың мөлшері 2,5 %;
Тұщы су- барлық тіршіліктің негізі. / сурет арқылы/
Оқушыларға шағын шығарма жазу тапсырылады. Жақсы жазылған шығарманы оқыту, оқушыны мадақтау.
Топтау әдісін пайдалану арқылы судың қасиеттерін тақтада көрсету
Судың қасиеттерін оқушылар бұрыннан белетін білім негіздерін пайдалана отырып жазып шығады :
-
судың бір күйден екінші күйге өту қасиеті (сұйық, бу, қатты- мұз, қар)
-
су жылытқан кезде көлемін ұлғайтады
-
су суынған кезде көлемін ұлғайтады
-
су баяу жылынады, да баяу суынады
-
судың жылу сыймдылық қасиеті жоғары
ІІ- бөлім
Табиғаттағы су айналымы :
Оқушыларға оқулықтан 67 –суреті көрсетіледі. Сұрақ беріледі:
-
Теңіз бетінен буланған су қайда барады?
-
Бұлттан теңізге не түседі?
-
Бұл айналым қалай аталады?
-
Су буы қалай тасмалданады?
-
Тасмалданған су буы жер бетіне жеткен соң, қандай жағдай жүреді?
-
Жер бетіндегі сулар қайтадан теңізге қалай жетеді?
-
Табиғаттағы су айналымының қандай түрлерін көріп тұрсыңдар?
Мұғалім сөзі: күн сәулесінің әсерінен мұхиттармен теңіздердің бетінен жыл сайын 450 мың км куб. Мөлшерде су буланады. Жоғары көтерілген су буы салқындап, бұлт түзеді. Оларды жел ылғи бір жерден екінші жерге айдап алып барады. Бұлттардан мұхиттар мен құрлыққа да жауын-шашын жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Мұны кіші су айналымы-деп атайды.
Құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға қосылады. Ал екінші бір бөлігі өзенге, көлге барып қосылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Ал өзендер құрлық бетімен ағып барып, теңіздер мен мұхиттарға құяды. Жерге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Мұны үлкен су айналымы деп атайды.
Сөйтіп мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы сулар үнемі айналымда болып тұрады.
Оқушылардың оқулықпен жұмысын ұйымдастыруы. 109 бетекінші қызыл жолдан бастап оқу: « Сондай-ақ жанартау атқылауының нәтижесінде гидросферадағы су мөлшері үнемі артып отырады. Себебі 4 млрд жыл бұрын жер бетіндегі су қазіргіден 70 есе аз еді. Ал болашақта судың көлемі көбеюге тиісті, себебі мантияда 20 млрд км .куб субар деп болжайды ғалымдар.бұл қазіргі гидросферадағы судан әлденеше есе көп.»
Сонымен, судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз алмасуын дүниежүзілік су айналымы деп атайды.
Жаңа сабақты пысықтау:табиғаттағы су айналымының маңызы өте зор. себебі ол гидросфераны, литосфераны, атмосфера мен тірі ағзаларды бір- бірімен өзара байланыстырады.
Жаңа сабақты бекіту: сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар беру;
Ойын ойнату-«Сөздің мәнін тап»-
Оқушыларға қағаз қиындылары көрсетіледі: тұщы су ; гидросфера; тұзды су; кіші, үлкен
«Сандарды сөйлетейік» : 96,5%; 2,5%; 450 мың км куб; 70 есе аз; 20 млрд км. куб.
Оқушыларды бағалау;
Үйге тапсырма беру параграф 38 оқу, 67 суретті салу дәптерге.
Достарыңызбен бөлісу: |