«Еңбекшіарал ауылындағы орта мектеп» кмм «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқаруының дамыту тұжырымдамасы



бет2/3
Дата13.01.2024
өлшемі1.23 Mb.
#489007
1   2   3
Өзін-өзі басқару

Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Парламенттің міндеттері:
- білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте, колледжде, ЖОО-да бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
1.Құқық және тәртіп фракциясы.
2. Ақпарат фракциясы.
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
4. Өзін-өзітану және бақыт фракциясы (психология).
5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
7. Дебат қозғалысының фракциясы.
8. Экология және еңбек фракциясы.
Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.
Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, колледж бен ЖОО-да Жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ЖІК) төрағасы үйлестіреді.
Білім беру ұйымының әр сыныбында, әр тобында барлық 8 фракцияға депутаттар сайланады.
Парламент Президенті қажет болған жағдайда білім беру ұйымының түрлі алқалы органдарының отырыстарына қатысады.
Парламентті басқарудың негізгі нысаны–жобалықменеджмент тетіктерді тиімді басқарудың әмбебап технологиясы.
Мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері Парламент депутаттары бола алады.
Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары: экологиялық, еріктілік, өлкетану, туристік, зияткерлік, экономикалық, спорттық, дебаттық, этномәдени, көркем-эстетикалық, музыкалық және басқа да шығармашылық жобалар.
Парламенттердің жобалау қызметін жүзеге асыру үшін мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары базасында жобалау кеңселері (бұдан әрі – жобалау кеңселері) құрылады.
Жобалық кеңселер:
- жыл бойы парламент фракцияларының жобалық қызметін;
- мектеп, колледж, ЖОО Президентін сайлау және өзін-өзі басқару күндерін;
- алқалы органдардың жұмысына қатысуды үйлестіреді.
Әр жобаға түрлі іс-шаралар, жарыстар, акциялар, флешмобтар, экскурсиялар, жорықтар, турнирлер және т. б. кіреді.
Парламент Президентінің сайлауы жылына 1 рет қыркүйек айында өткізіледі.
Парламент мүшелерін, және мектеп оқушыларын өзін-өзі басқару көшбасшыларын ынталандыру үшін көтермелеудің мынадай түрлері мүмкін: мадақтамалар, дипломдар, «Мектеп Парламентінің көшбасшысы» медальі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет