«Еңбекшіарал ауылындағы орта мектеп» КММ
«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқаруының
ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттің стратегиясы.
Соңғы онжылдықта республиканың қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер балалар мен жастар ортасындағы адамгершілік-рухани бағдарлар мен мұраттардың өзгеруіне алып келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өскелең ұрпақ (балалар, жасөспірімдер, жастар) тәрбиелеудің қолданыстағы моделі трансформацияны және жаңа идеологиялық негізді талап етеді.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында білім беру ұйымын демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылар, студенттер мен ата-аналар білім беру үдерісінің толық субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады.
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық колледж оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрды.
Республикада балалар мен жастардың өз құқықтарын іс жүзінде қолдануға және қорғауға оқытатын оңтайлы тетік жоқ, бұл оқушылар мен студенттердің әлеуметтік маңызы бар қызметке уәждемелік дайындығын төмендетуге әкеп соғады. Білім беру ұйымының қабырғасынан шыққан білім алушылар нақты өмірде көбіне мүлдем дәрменсіз болып қалады.
Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі мектеп кеңестерінің, старостаттардың, жоғары сынып оқушылары кеңестерінің, мектеп әкімдіктерінің және т.б. орнына мектеп Парламенті (бұдан әрі – Парламент) түріндегі бірыңғай құрылымдық моделі бола алады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (екінші кезең-2016-2020 жылдар), Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы негізінде әзірленді.
Парламент – оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.
Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: |