«әд-дә’уәту-ссаләфия»
сериясы:
4-бөлім
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
(әт-Тәсфия уә-ттәрбия)
ЖӘНЕ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ОСЫҒАН ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
Шейх
Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәни
(Аллаһ оны рақым етсін)
Бірінші басылым
Араб тілінен орыс тіліне аударған және ескертулерін дайындаған
және орыс тілінен қазақ тіліне аударған
сайтының редакциясы
2010 жыл
Бастырып шығарушының кіріспесі1
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммәд – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Ал содан соң:
«Тазарту және тәрбиелеу, және мұсылмандардың осыған деген қажеттілігі» атты осы жолдау – өз негізінде ұлы мухаддис-ғалым2 шейх Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәнидің3, Аллаһ оны рақым етсін, осыдан 30 жыл бұрын (х. 1390 ж.) Аммән қаласындағы (Иордания) шариғат ғылымдары институтында оқыған лекциясы болып табылады.
Бұл лекциясында шейх әрбір мұсылман ұстануы қажет болған жолды түсіндіріп берген. Оның мәні екі-ақ сөзбен қамтылады – «тазарту» және «тәрбиелеу». Шейх, ислам ақидасын оған бірнеше ғасырлар бойы сіңіп кеткен әртүрлі адасушылықтардан, бидъаттардан, ырымшылдық пен көпқұдайшылдықтан тазартумен айналысып, бұл жолға бүкіл өмірін бағыштады. Сонымен қатар, ол хадистердің сенімділігін (сахихтығын) зерттеп-тексеріп, олардың қайсылары - қабыл етілетінін, қайсылары – әлсіз, ал қайсылары – тіпті Сүннетке еш қатысы жоқ болып ойдан тоқылған екенін анықтап, Сүннетті тазартумен де айналысты. Бұдан тыс, ол фиқх (ислам құқығы) ғылымын да Құран мен Сүннет мәтіндеріне қайшы келетін түрлі негізсіз пікірлерден және бидъаттардан тазартумен айналысты.
Содан соң, осылардың барлығының негізінде, шейх алдымен өзін-өзі, кейін өз айналасын, ал содан соң барлық адамдарды да осы шынайы, тазарту мен тәрбиелеу жолына шақырып, тәрбиелеуге кірісті. Оның шақыруына дүниенің барлық бөліктерінен ислам білімінің ең абзал өкілдері, мейлі олар ғалымдар болсын, студенттер болсын, жауап берді. Сөйтіп, бүкіл дүние жүзінде білімнің негізінде діннің шынайы жаңғыруы басталды.
Аммәндағы «Әл-Мәктәбә әл-Исләмия» редакциясы баршаға ортақ игілік үшін, шейхтың білімінің бір қазынасы болған бұл құнды жолдаудан, егер Аллаһ осыны қаласа, жердің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар өздеріне пайда алуы үшін, және шейх өлгеннен соң ол үшін сый алады деген ниетпен таратуды шешті.
Баспаға шығарушы
Аммән, 4 Зуль-Хижжә, х.1420 ж.
Тазарту және тәрбиелеу4
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммәд – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар, әрі тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» (Әли ‘Имран 3: 102).
«Әй, адамдар, сендерді бір жаннан жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ, араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде, Аллаһ тағала - сендерді бақылаушы». (ән-Нисә 4: 1)
«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар, әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа және Оның елшісіне бой ұсынса, әлбетте ол ұлы табысқа ие болады». (Әл-Әхзаб 33: 70-71).
Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы - Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жетекшілік - ол пайғамбарымыз Мухаммәдтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетекшілігі. Амалдардың ең нашары - дінге жаңалық енгізу (бидъат), және кез-келген жаңалық (бидъат) – бұл адасушылық. Ал әрбір адасушылық - Тозақта.
Одан кейін:
Біз бүгін мұсылмандардың жағдайы Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иман келтіргендер үшін бұдан жаман болмайтын жағдайда, нақтырақ айтқанда, қорлану және езіліп-жаншылу жағдайдайында өмір сүріп жатқанымызды білеміз. Өзімізбен орын алып жатқан нәрселерге деген, сондай-ақ, барлық ислам мемлекеттері түгелімен тап болған, және бұл елдердегі ешкім, олардың қоғамдық мәртебесіне қарамастан, аман қала алмаған қорлыққа деген әрбірімізді баулып жатқан сезімдерімізден туындаған: «Бізді ашынуға салатын бұл өте нашар халімізге не себеп болды?» және «Басымызға түскен қорлық пен бақытсыздықтан құтылу жолы қандай?» - деген сұрақтар бізді жиі мазалайды.
Біз осы қалыптасқан жағдайдан шығуға қатысты түрлі ұсыныстарды естуіміз мүмкін. Әрбір (кісі) осы кеселден емделуге қолайлы деп санайтын қандайда бір құралға нұсқағысы келеді.
Алайда, мен бұл сұраққа жауапты Сүннеттен іздеу керек екендігіне сенімдімін. Кейбір сенімді (сахих) хадистерде біз Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізді бүгіңгі күні басымызға келген жағдайдайдан ескерткендігін таба аламыз. Және сонымен қатар тура сол хадистерде ол бұл мәселенің шешу тәсілі туралы да айтқан. Мысалы, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар, және джихадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды». «Әс-Сильсилә әс-сахиха», 11.
Бұл хадистің қысқа болуына қарамастан, біз онда бүгіңгі күні көптеген мұсылмандарды билеп алған ауырудың нақты сипаттамасын көрудеміз. Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мысал ретінде өзінің үмметінде таралуы мүмкін болған екі дертке нұсқады.
Біріншісі: мұсылмандардың шариғат рұқсат етпейтін істерді істеуі, бұл үшін олар әртүрлі айла мен қулықтарға жүгінеді, алайда мұның тыйым салынғандығын саналы түре түсінсе де. Бұған Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері нұсқап тұр: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар...». Ислам құқығы (фиқх) бойынша кітаптарда «әл инә» - сауда келісім шарттарының бірі деп түсіндіріледі. Және бұл хадис өзіне мұндай келісім шарттарды жасауға деген айқын тыйымды қамтып тұрғанына қарамастан, қарапайым адамдарды айтпағанның өзінде, кейбір ғалымдар бәрібір мұны рұқсат етілген деп есептейді.
Сауданың бұл түрі төмендегідей: пәлен кісі пәлен саудагерден тауарды, мысалы, автокөлікті, белгілі мөлшердегі ақшаға, белгілі уақытқа, бөліп-бөліп төлеуге келісіп, сатып алады, мысалы, он мыңға. Кейін сатып алушы тура сол саудагерге қайтып келіп, оған тура сол автокөлікті, бірақ, енді аздау мөлшердегі ақшаға сатып алуды ұсынады. Мысалы, сегіз мыңға, бірақ, нақты қолма-қол ақшаға. Енді сатып алушы болған әлгі саудагер өзі осы автокөлікті бөліп-бөліп төлеуге сатқан ақшасынан аз мөлшердегі ақшаны қолма-қол төлейді. Сөйтіп, бірінші сатып алушы сегіз мың ақшаны қолма қол алады, бірақ, оның мойнында он мың қарыз қалады, ал оның екі мыңы - өсімқорлық (риба) болып табылады.
Өсімқорлыққа тыйым салатын Аллаһтың аяттарын және Пайғамбардың хадистерін естіген адам өсімқорлықтың қандайда бір бөлшегі бар саудауданың түрлерін пайдаланбауы қажет. Алайда, кейбір адамдар «әл-инәны» бұл схема – сауданың бір түрі болып табылады деп түсіндіріп рұқсат етеді де, өз сөздерін сауда келісім-шарттарының рұқсат етілгендігі жөніндегі жалпылама дәлелдермен нығайтады. Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына аятындай:
«Және Аллаһ сауданы рұқсат етті де, өсімқорлыққа тыйым салды». (Әл-Бакара, 275)
Олар: «Бұл – тек ғана сату және сатып алу ғой, және біреу бағаны көтерсе, немесе оны түсірсе – оқасы жоқ!» - дейді.
Алайда, іс жүзінде, автокөлікті он мыңға бөліп-бөліп төлеуге келісіп, сатып алған, кейін оны қолма-қол сегіз мыңға сатқан сатып алушы бір-ақ мақсатты, яғни сегіз мың қарыз алуды көздеген болатын. Бірақ, ол өзін мұсылман деп санайтын бұл саудагер, артығымен (процентпен) қайтарып алмай, оған Аллаһтың разылығы үшін қарызға ақша бермейтінін түсінген кезде, екеуі айлаға жүгініп, өздеріне сауда түріндегі өсімқорлықты рұқсат етті.
Бірақ, тек Аллаһтың Елшісі ғана (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қасиетті Кітаптың мән-мағынасын адамдарға түсіндіруші болып табылатынын естен шығармау керек. Бұл жөнінде Ұлы Раббымыз былай деп айтқандай:
«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік». (ән-Нәхль 16: 44).
Ал, екіншіден, Аллаһ Тағала оны былай деп сипаттады:
«Мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді.» (әт-Таубә 9: 128).
Және жұмсақ әрі мейірімді болғандықтан ол бізге шайтанның айласының қақпандары қай жерлерге қойылғандарын көрсетіп кетті. Өзінің көптеген хадистерінде ол бізді шайтанның торларына түсіп қалудан сақтандырып ескертті. Сондай хадистердің бірі болып біз қазір қарап жатқан хадис табылады. Ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «егер сендер саудада «инәны» пайдалансаңдар....» - яғни түрлі қулықтар жасап, Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салғанды сауда деп атап, өздеріңе рұқсат етсеңдер деп айтты. Және іс жүзінде бұл сауда операциялары - процентке ақша алуды бүркемелеу ғана, ал ол – нағыз өсімқорлық болып табылады.
Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ тыйым салған нәрселерді өздерімізге рұқсат етіп, мұндай қулыққа жүгінуден бізді сақтандырды. Және бұл - белгілі бір тыйым салынған істі оның тыйым салынғандығы жөнінде біліп істеген мұсылманның жағдайынан жаман. Өйткені, мұндай жағдайда ол қашанда болса тәубе етіп, өзі істеп жатқан нәрсесін тастауы мүмкін деген үміт қалады. Ал, егер біреуге оның жаман амалы қандайда бір себеппен әдемі болып көрінсе, мейлі бұл – бұрыс түсіндірме, немесе толық надандық болсын, және ол өзінің іс-әрекеттерінде ешқандай жамандық жоқ деп ойласа, онда мұндай адамның көкейіне қашанда болса осынысы үшін Аллаһтың алдында тәубе ету сірә кіріп те шықпайды. Сондықтан, адамдамдардың санасына халәл болып қалыптасып қалған харам нәрсенің қауіптілігі, харам екендігі ешкімде күмән туғызбайтын нәрседен едәуір үлкен. Және өсімқорлықпен, оның осы әрекеттері өсімқорлық екенін біліп-сеніп, айналысушы адамның жағдайының қауіптілігі, тіпті ол Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), аятта5 айтылғандай, соғыс жариялағандығына қарамастан, нәтижеде өсімқорлықпен айналысып, табысының халәл екендігіне бекем сеніп жүрген адамның жағдайының қауіптілігінен төмен болады. Алкоголь ішімдіктерін олардың харам екендігіне сенген түрде ішкен адамның жағдайы сияқты. Бұл жағдайда оның тәубеге келуі мүмкін деген үміт бар. Ал, біреу алкоголь ішімдігін қандайда бір себеппен халәл деп ішсе, оның жағдайы біріншінің жағдайынан едәуір жаман, өйткені, ол бұл мәселені осылай деп түсініп жүргенше тәубеге келеді дегенді елестету мүмкін емес.6
Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), біз бұл жөнінде жоғарыда айтып өйкеніміздей, «инә» саудасы туралы тек мысал ретінде баяндаған еді. Осымен ол, егер мұсылмандар Аллаһ тыйым салған нәрселерді, белгілі бір тәсілдермен халәлға шығаруға тырысып істейтін болса, және бұл олардың арасында таралып кетсе, онда Аллаһ оларға қорлық жіберетініне нұсқағысы келді.7
Кейін Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың шариғатқа қайшы екендігі баршаға белгілі болған нәрселер туралы бізге: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар...», яғни, Аллаһ бізге табыс табуды бұйырды деген сылтаумен, дүние игіліктеріне ұмтылуға және ризық табуға салынып кетсеңдер деп баяндады. Мұсылмандар бұл мәселеде шектен шығушылыққа салынып, өздерінің барлық уақытын егінге, малға және табыстың басқа да түрлеріне бөлуде. Нәтижеде олар өздеріне Аллаһ Тағала жүктеген міндеттерін ұмытады.8
Осындай ұмытылған Аллаһтың бұйрығының мысалы ретінде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың жолындағы джихадқа нұсқап, былай деді: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар, және джихадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды».
Сендер көре алатындарыңдай, бұл хадисте пайғамбарлық болжау бар. Шынында да, уәде етілген қорлық біздің басымызға келіп түсті, біз бұған, өкінішке орай, куә болудамыз. Біз хадисте айтылған нәрселерді істей бастадық, ал бұл бізді өте жаман дертке – қорлық және масқара болу дертіне әкеп соқты. Бұл хәлден шығу үшін біз міндетті түрде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған жүгінуге нұсқаған, және егер біз оған жүгінсек – Аллаһ бізді қорлықтан құтқарады деп айтқан құралына жүгінуіміз қажет.
Көп адамдар, бұл хадисті, нақтылап айтқанда, «...сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін» деген сөздерді оқып, немесе естіп, дінге қайта оралу – қарапайып іс деп ойлайды.9 Маған келер болсақ, мен: «Дінге қайта оралу, біздің халқымызда айтылатындай, «иықтарды сілкуге» мұқтаж», - деймін. Біз барлығымыз білетініміздей, дініміз сан алуан рет шынайы мәнін бұрмалау талпыныстарына ұшырады. Және кейбір жағдайларда бұл мүмкін болды да. Мұндай бұрмалаулардың кейбіреулері туралы көпшілік біледі, ал кейбіреулері туралы біреу білсе, біреу біле бермейді. Және мұның үстіне адамдардың көпшілігі оларды дінге қатысты деп білетін, алайда, іс жүзінде олардың дінге қатысы жоқ болған тіпті сенімдер мен амалдарға байланысты мәселелер де бар. Біз «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар...» деген хадисті қарап шыққан кезде талқылаған мәселе - осының бір мысалы. Өйкені, әрбір адам сауданың бұл түрінің харам екендігін біле бермейді. Бұдан қалса, ислам елдеріндегі кейбір ғалымдар оның халәл екендігі жөнінде пәтуа да шығарып берді. Яғни өсімқорлықты заңдастыру үшін қулық қолданылатын сауданың халәл екендігі жөнінде. Және бұл – тек ислам құқығын (фиқхты) зерттеумен айналысатындар ғана білетін сан алуан мысалдардың бірі ғана.
Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сауданың мұндай түріне тыйым салуымен қатар, оны қолдану - мұсылмандардың қорлық жағдайының себебі болатындығын хабарлады. Және бұл – біз жоғарыда айтып өткендерге нұсқайтын көптеген мысалдардың бірі ғана. Нақты айтқанда, дінімізді түсінуді Құран мен Сүннетке сәйкес қайта қарап шығудан бастау қажеттілігінің (мысалы).
Сондай-ақ, біз тыйым салынғандығы Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде айқын түрде расталған нәрселерді кейбір ғалымдар рұқсат ететінін айтқан кезімізде, олардың айыбын бетіне басқымыз, немесе оларды қаралағымыз келмейді. Біздің қалағанымыз – мұсылмандарға насихат айтып, оларға шынайы ықыластылық таныту10. Бұған қоса, біз өз дінін бұрмаланған және қате күйде түсінетін адамдардың түсінігін түзетуде, бұл қалайша орын алғанына қарамастан, ғалымдармен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз, осы, әсіресе, Ислам құқықтануы (фиқх) саласындағы мамандарға қатысты. Және арамызда үкім шығарушы ретінде Құранның аятын алуды ұсынамыз. Біз барлығымыз бұл аятты жақсы білеміз, бірақ біздің арамызда оған сәйкес өмір сүрушілер аз, ал ол – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
«Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және Пайғамбарға ұсыныңдар: егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да, нәтижеде жақсы». (ән-Ниса 4: 59).
Фиқхты зерттейтін адам, саудамен байланысты басқа да мәселелердегідей, «инә» саудасын қолдану мәселесінде ғалымдардың арасында баяғы кезден бері келіспеушіліктер бар екенін біледі, біздің кезімізді тіпті айтпағанның өзінде. Ал, қазіргі заман ғалымдары осындай мәселелерге тап болған кезде не істейді? Менің білетінім бойынша, олардың басым көпшілігі келіспеушіліктің бар болуын мойындап ғана қояды да, барлығын өз орнында қалдырады.
Міне осы жерде біз: «Ендеше, мұсылмандар өз дініне қалайша оралмақ?» - деп айтамыз. Өйткені, дінге оралу ғана - Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) егер олар оған қайтып оралса, Аллаһ оларды қорлықтан құтқаратынын түсіндіріп, хабарлаған ем болады, ал кері жағдайда барлығы өз орнында қала бермек.
«Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар, және джихадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды».
Бұл бәленін бір ғана емі – дінге қайта оралу болып табылады. Алайда, мұны әрбір адам, әсіресе ғалымдар білетіндей, бұл дінде көптеген келіспеушіліктер пайда болды, және, кейбір уағыздаушылар мен ағартушылар солай етіп көрсетуді қалайтынындай, тек екінші кезекті11 мәселелерде ғана емес. Келіспеушілік (ихтиләф) сеніммен байланысты мәселелерге де келіп тиді. Мысалы, басқа секталар мен ағымдарды айтпағаның өзінде, ашәрилер және мәтурудилер арасындағы келіспеушіліктерге, немесе олардың муътәзиләлармен болған келіспеушіліктеріне қараңдар. Және олардың барлығын біз мұсылман деп санаймыз ғой. Ал Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «... Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды», - деген сөздері олардың әрбіріне жолданған.
Ендеше, біз оған қайта оралуымыз тиіс болған дін нендей екен? Қандайда бір ағымның немесе партияның түсінігіндегі дін бе, сонда?! Келіңдер, бір ауызды әһлю-Суннә12 мазхабтары болып есептелетін төрт мазхабтың13 арасындағы келіспеушіліктермен ғана шектелейік.
Және тіпті осы мазхабтардың біріне жүгінгенің өзінде де, біз онда Сүннетке қайшы келетін бірнеше және тіпті ондаған ережелерді көреміз, олардың кейбіреуі тіпті Құранға да қайшы келеді.
Және сондықтан, мен: «Шын ықыласымен ислам мемлекетін құруға үндейтін Исламға шақырушылар ұмтылып жатқан түзету - міндетті түрде олар ең алдымен Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немен келгенін өздері үшін анықтап алуынан және кейін осы түсінуді ислам үмметіне жеткізуден басталуы керек», - деп есептеймін.14
Дінді дұрыс түсінуге оралудың жолы біреу ғана, және ол – Құран мен Сүннетті оқып үйрену екендігіне мен кәміл сенімдімін, және бұл – ғалымдардың бір ауызды келісілген пікірі де. Бұдан тыс, мазхабтардың имамдары, Аллаһ оларды рақым етсін, бізді оларға соқыр түрде ілесуден сақтандырған еді, және бұл - олардың артықшылықтарына жатады, ал олардың артықшылықтары – бұл бізге белгілі болғандай - Аллаһтан. Олар адамдар олардың сөздерін негізге алуын, сөйтіп шариғаттың негізі - Құран мен Сүннет болып табылатынын ұмытуын қаламаған.
Және мен қазір имамдардың: «Егер (сендерге) сахих хадис (жетсе) – бұл менің мазхабым», - деген мағынаға нұсқайтын барлық айтқандарын келтіруімнің қажеті жоқ деп ойлаймын.15
Бұл имамдар өздерінің пікірлеріне қайшы келетін хадиске ілесуді бұйырып, өздеріне, өз үмметіне және өз ізбасарларына қатысты қаншалықты ықыласты болғанын түсіну үшін осы сөздер толық жетіп асады.
Сөйтіп, сахих хадиске ілесу принципі, керек болса мұны - имамдардың нұсқауларына ілесу принципі деп атаңыз, бізге Құран мен Сүннетке қайта оралудың жолын ашады.
Бүгіңгі күнге дейін әртүрлі шариғат мектептерінің, факультеттерінің және басқа да оқу орындарының оқу құралдарында оқытылатын нәрселердің мысалын келтірейік.16
Мазхабтардың бірінде былай деп айтылады: «Егер адам намазға тұрса, қолдарын денесінің бойымен төмен тастап қойып, бірін екіншісінің үстіне қоймауы керек».17
Не үшін?! Мазхаб осындай!
Ал, ғалым-мухаддистер «Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оң қолын сол қолының үстіне қоймаған» деп айтылған мейлі әлсіз, мейлі тіпті жалған бір хадис болса да табуға бар күш-жігерін қосты. Мұндай хадис жоқ. Ал осы – Исламнан ба?
Мен білемін, сендердің біреулерің: «Бұл – екінші дәрежелі мәселелер ғой», - деп айтуларың мүмкін. Ал біреу: «Бұл ұсақ нәрсе ғой», - деуге де батылы жетуі мүмкін. Алайда, мен Аллаһтың Елшісінен келген діннің және ғибадаттың мәселелерінен болған барлық нәрсе ұсақ-түйек нәрсе болуы мүмкін емес екендігіне кәміл сенемін. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге жеткізген барлық нәрсені біз дін деп қабылдауымыз керек, және шариғат дәлелдерімен санасуымыз қажет. Яғни міндетті болып табылатын нәрсе – міндетті, ал абзал (мәндуб) болып табылатын нәрсе – абзал (мәндуб). Ал енді, діннің қандайда бір нәрсесін, ол нәрсе абзал (мәндуб) болуы себепті, ұсақ-түйек немесе қабық деп айтуға Ислам тұрғысынан мүлде жол берілмейді. Бұдан тыс, қабықты сақтап қалмай, өзекті сақтап қалу - мүмкін емес. Мен мұны олардың айтқандарына шартты түрде ғана келісіп айтудамын.18
Бұл қарапайым мысалға, яғни намазда қолдарды дененің бойымен тастап қоюға, қайта оралайық. Не үшін мұсылмандар осыны істеуді жалғастыра береді? Сүннет туралы кітаптарда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) намаз орындау кезінде бір қолын екінші қолының үстіне қоятынынына нұсқайтын хадистер өте көп ғой. Жауап біреу-ақ – мазхабқа соқыр түрде ілесу (тақлид) және ақиқаттың алдында, өз имамдарының айтқан “Егер (сендерге) сахих хадис (жетсе) – міне осы менің мазхабым” деген сөздеріне де қайшы келіп, қасарысу.
Мүмкін, кейбір адамдарға бұл мысал жеткіліксіз болар. Онда басқасын келтірейік. Бүгіңгі күнге дейін фиқх бойынша кітаптарда біз алкоголь екі түрге бөлінеді деген пікірді кездестіруіміз мүмкін:
1 – аз мөлшерде де, көп мөлшерде де ішілуіне тыйым салынған, жүзімнен алынатын алкоголь.
2 – арпа, жүгері, құрма т.с.с. басқа азықтардан алынған алкоголь. Алкогольдің бұл түрі толық тыйым салыңған болып табылмайды (бұл жөнінде осы кітаптарда айтылатындай), алайда, оларды мас қылатын мөлшерде ішуге тыйым салынады.
Не үшін кітаптарда осы күнге дейін осылай деп жазылуда?
Кейбір адамдар тек өзінің имамының пайымына (иджтихад19) негізделіп, жан-жақтан өзінің наразылығын білдіруі мүмкін! Біздің барлығымыз, мазхабтарымызға қарамастан, кітаптарда Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен мына сахих хадисті оқимыз: «Үлкен мөлшерде мас қылатын нәрсені, аз мөлшерде де ішуге тыйым салынды». Әбу Дауд 3681, әт-Тирмизи 1925, Ибн Мәджәһ 3393. «Әл-Ируә», 2375. Сондай-ақ, ол былай деп айтты: «Мас қылатын нәрсенің барлығы – алкоголь, ал барлық алкоголь тыйым салынған болып табылады». Муслим 2003.
Не үшін бұзақылықтың ернеуінде тұрған және оған түсіп үлгерген адамдарды сергітетін және оларға жүзімнен алынбаған спирттік ішімдіктерді ішуді әдемі етіп көрсететін бұл қауіпті сөздер осы кезге дейін сақталып келуде? Және мұның барлығы - пәлен имам осылай деп айтқандықтан!20 Біз де ол имамды ұлы ғалым деп есептейміз. Алайда, айырмашылығымыз - біз бұл ұлы ғалым қателесуден пәк емес деп есептегенімізде, ал оның пікірін соқыр түрде ұстанушылар өздерін осы ұлы ақиқатты ұмытқан етіп көрсетеді де, оның сөздерін қорғауды жалғастыра береді. Ал басқалары бұл сөздерді пайдаланып, мұсылмандардың арасында алкоголь таратуда. Үшіншілері имамның осы сөздерін емес, оның өзін қорғауда.
Мүмкін сендердің көпшілігің «Әл-’Араби» журналында мұсылмандарға жүзімнен жасалмаған ішімдіктерді ішуге рұқсат беретін бұл пікірді қолдайтын мақала пайда болғанын көрген боларсыздар. Сөйтіп, міне, олардың дәлелі – «өзіңді мас қылатын мөлшерде ішпе» деген сөздер болды.
Бірақ, көпке мәлім болғандай, іс жүзінде мұны істеу мүмкін емес. Өйткені, бірінші тамшы өзінің соңынан екіншісін, үшіншісі - төртіншісін сүйрейді және тағысын тағы. Өйткені, қандай мөлшер мас қылатынын, ал қандай мөлшер мас қылмайтынын анықтау мүмкін емес! Бұл - нәтижесінде мас болуға әкеледі.
Осыдан шыға келе, мені бір нәрсе толғандырады: не үшін осы сөздер фиқх бойынша кітаптарда сақталып келуде, олар бұл пікірді толығымен жоққа шығаратын Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айқын және сахих (сенімді) хадистеріне қайшы келуіне қарамастан?!
Не үшін біз пайдакүнем мақсаттарын көздеген бұл адамға өзінің мақалаларын таратуға және «өзіңді мас ететіндей мөлшерде ішпе, азғантай ғана іш, бірақ, көп ішпе» деп мұсылмандарға спирттік ішімдіктерді ішуге рұқсат етіп, одан түскен пайдаға өзіне сарайлар құруға мүмкіндік береміз.
Ал, мүмкін, оның ниеті ізгі шығар, және ол «Әй, адамдар! Дінді қиындатпаңдар. Егер бір имамның пікірі спирттік ішімдіктерді ішу рұқсат етілген деп тұрса, біз неліктен оған тыйым салуымыз керек?» - дейтін адамдардың жолына жәй ілесуді ғана қалайтын шығар. Мүмкін, бұл надан осындай да шығар. Алайда, осы мақалаға қарсы пікір жазған Шәмның абыройлы ғалымдарының бірінің сасқанын немен түсіндіруге болар екен? Ол ең басында мақала авторының пікірін ұстағандарды қолдайды, кейін бұл жазушының және ол сүйенген адамдардың сөздерін жоққа шығаратын хадистерді келтіреді, олардың кейбіреулерін біз ескертіп қойғанбыз.
Мұндай өзіне сенбеушіліктің және қобалжудың себебі неде? Себебі – ол бұл сөздерді, олар мұсылман ғалымдарының біреуінікі болғандықтан, талассыз дұрыс етуінде. Ал, бұл ғалым әуес-қалауымен, немесе надандығымен сөйлеп тұрған жоқ. Және мен мұнымен келісемін де, онымен бірге: ол әуес-қалауымен, немесе надандықпен айтпады, алайда, ол әуестілік пен надандықтан алшақ болса да, қандайда бір мәселе бойынша өз пікірін шығаруда қателесуден сақталған ба?! Біз барлығымыз: «Жоқ», - деп жауап береміз. Және біз барлығымыз Аллаһтың Елшісінің: «Егер үкім етуші (би, сот), ыждағаттылық танытып қаулы шығарса, және оның пікірі дұрыс болып шықса, онда оған екі сауап. Ал егер ол ыждағаттылық танытып үкім етсе, және қателессе, онда оған бір сауап», - деген сөздерін ұмытпағанбыз. әл-Бухари, 7352; Муслим, 1716.
Бірақ, неліктен біз муджтахид-ғалымға21 бір сауап берілетінін ұмытамыз және оның қателескенін жәй ғана мойындап қоймаймыз? Кейбір адамдар үшін «пәлен имам қателесті» - деп айту өте қиын.
Ал, біз: «Мұндай шектен шығушылық не қажет?» - дейміз. Неліктен біз имамдардың біреуі өзінің қандайда бір пікірінде қателесті және оған екі сауаптың орнына береу ғана беріледі деп айтудан қорқамыз? Неліктен біз осыны өзімізге принцип етіп алмаймыз және біз қазір ғана талқылаған екінші дәрежелі мәселелерде амалға асырмаймыз?!
Және егер осы ғалым әлгі жазушыға қарсы пікір ретінде жазған жолдауды оқысаңдар, нәтижесінде онда бұл жазушының қателігіне нұсқайтын ешнәрсе таппайсыңдар, өйткені, негіз ретінде ол мұсылмандардың бір имамының пікірін алды. Ал бұл имамның кейбір ізбасарлары бұл пікірді мұқият зертеп, оған шариғи дәлелдерді қарсы қойған соң, имамын онда ыждағат танытқаны үшін бір сауап алатындардың қатарына жатқызып, осы (пікірден) бас тартты ғой. Және өздері сахих хадистерді ұстана бастады. Ал неліктен біз осы жолдауда «Бұл мәселеде имам қателесті және оған бір сауап беріледі» деген ескерпені таппаймыз? Сондай-ақ, «Бұл жазушы имамның сөзіне сүйеніп, Сүннетке қайшы келуге құқығы жоқ еді» деп, оған сөгіс білдіруді де таппаймыз!
Жауап – біздің жүректеріміздің соқырлығында, өйткені, біз имамды дәріптеп, оны Аллаһ бізді міндетті еткеннен де артығырақ қадір тұтамыз. Біз Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жасы үлкенді құрметтемеген және жасы кішіге қамқорлық көрсетпеген, және біздің ғалымға лайықтысын бермеген – бізден емес», - деген сөзіне сенеміз. «Сахихуль-джәми’», 5443.
Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізді ғалымдардың құқықтарын орындауға үндеді. Алайда, адамдар өз іс-әрекеттерімен ғалымды қателесуден пәк етіп, Пайғамбардың дәрежесінен де биік көтермелеуне оның құқығы бар ма? Ал, іс-әрекеттер, сөздерге қарағанда, көп нәрсені білдіреді емес пе?22
Біз ғалымға құрмет көрсетіп, оны лайықты түрде қадірлеуіміз қажет екендігі - Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін қалдырып, оның сөздерін көтермелеуіміз қажет дегенді білдірмейді. Біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінің алдында оның сөздеріне басымдық беруімізге болмайды.
Және біз жоғарыда сөз еткен нәрселер - бүгіңгі күні біздің ортамызда таралып кеткен, Құран Мен Сүннеттің білгірлері тарапынан сөгіс немесе наразылық білдірілмей қалып жатқан іс-әрекеттердің бір ғана мысалы.
Мен бұл жөнінде бір өзімнің жарияланған еңбегімде айтқан болатынмын. Және оқырман сол жолдауымнан тек бір ғана нәрсе алуы керек еді - істің мәні - Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Көп мөлшерде мас қылатын нәрсені аз мөлшерде ішуге де тыйым салынады», - деп айтқанында. «Әл-Ируә», 2375.
Және сондықтан «Әл-‘Араби» жұрналынан болған әлгі жазушы қателесті, және оны қолдаған ғалым да қателесті. Және біз ешкімге әуестеріміз ауып қарамаймыз. Қателік – ол қателік, күпірлік – ол күпірлік, ол ерексекпен орын алса да, баламен орын алса да, еркекпен орын алса да, әйелмен орын алса да. Қателік, оны кім жасаса да, қателік болып табылады.
Сондай-ақ, мысал ретінде бүгіңгі күнге дейін сақталып келе жатқан және «Азаматтық хәлдер туралы заң» деп аталатын, некелесуге қатысты кең таралған пікірді келтіруге болады.
Жалпыға мәлім болғандай, өкінішке орай, бізге бір ауызды келісім бойынша шариғатқа қайшы келетін ережелерді қамтитын конституцияны міндеттеп қойды. Алайда, бұған қарамастан, біз айтып тұрған пікір шариғат заңы деп беріледі. Және бұл – саналы және кәмелет жасына жеткен мұсылман қызға уәлиінің (қамқоршысының)23 рұқсатынсыз күйуге шығуға болады деген, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Қандайда бір әйел уәлиінің (қамқоршысының) рұқсатынсыз күйеуге шықса, оның некесі жарамсыз. Оның некесі жарамсыз. Оның некесі жарамсыз!»24 - деген айқын сөздеріне қайшы келетін пікір. «Әл-Ируа» 1840.
Кейде адамдар маған: «Сонда осы хадисті сен ғана түсіндің бе?» - деп сұрайды. Мен оларға: «Бұл хадисті осылайша етіп араб тілінде имам болып саналатын кісі түсінді, ал ол - имам әш-Шәфи’и. Және бұл – Албаниялық бір кісінің пікірі ғана емес. Алайда, бұл албаниялық кісі бұл хадисті тауып алды, және бұл хадисті ‘Абдуль-Муталлиб тайпасынан болған қурайш имамы қалай түсінгенін де тауып алды».
Не үшін біз сахих хадиспен нығайтылған бұл дұрыс пікірді ғалымның пікірін алу үшін қалдырдық?
Ия, біз имамдардың иджтихадымен санасамыз. Алайда, иджтихад Құран мен Сүннеттің қатесіз мәтіндеріне қайшы келмейтін жағдайда ғана құнға ие болады. Біз барлығымыз фиқх негігіздері (усуль әл-фиқх) туралы кітаптардан: «Егер (Құраннан немесе Сүннеттен алынған) айқын мәтін болса, онда (ой-тұжырымға негізделген) пікір жарамсыз болады», немесе: «Айқын мәтін болса, иджтихад рұқсат етілмейді», - деген ережелерді оқимыз. Осы ережелер бұл ғылымның ғалымдары тарапынан жаппай мойындалған. Онда, неліктен, біз осы Сүннетке сәйкес келетін ережелерді тәжірибеде қолданбаймыз да, оған қайшы келетін пікірлерді қасарысып ұстап аламыз.
Және егер біз шындығында да Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін», - деп айтып, нұсқаған емделуге кіріскіміз келсе, онда: «Дінге қайта оралу тек сөз жүзінде ғана болуы керек пе, әлде ол амалдар мен сенімдерде көрініс табуы керек пе?» деген сұраққа жауап беруіміз керек?
Мұсылмандардың көпшілігі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына, және Мухаммәд – Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік береді. Алайда, олар бұл куәліктің міндетті болған талаптарын орындамайды. Және бұл – өте ауқымды тақырып. Мұсылмандар, тіпті діннің уағыздаушылары деп аталатындар, біздің кезімізде бұл куәліктің мағынасына дұрыс түсіндірме бермейді. Жас мұсылмандардың және ислам жазушыларының көбі бұл куәліктен «Заң шығару құқығы тек Аллаһқа ғана тән» деген ұғым шығатындығына басты назарды аударған. Иә, мұсылман жастары және ислам жазушылары болмыстың осы қырына ерекше маңыз беретінін мен ашық түрде жариялағым келеді. Яғни, заңдарды орнату Тек жалғыз Аллаһ Тағаланың құқығы екендігіне. Және бізге міндеттелген, орын алып жатқан проблемаларды шешуде сүйенетін конституциялар «Заңдар тек Аллаһқа ғана тән» дегенге қайшы келетініне (назар аударады). Алайда, мен бұл жазушылардың өздері назар аудаған нәрселерінде тиянақсыз екендігін көрудемін, нақты айтқанда, заңдарды орнатуға тек Аллаһ ғана құқықты және Аллаһтың үкімдері – ол Құран мен Сүннеттің үкімдері екендігінде.
Сендердің ойларыңша, егер кәпірден қандайда қайшы заң келсе, ол Аллаһтың заңына қайшы келеді, солай ғой? Ал егер қандайда бір ғалым өзінің ыждағаттылығында (иджтихад) қателессе, онда бұл Аллаһтың үкіміне қайшы келмейді ме?!
Мен бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ екендігіне кәміл сенімдімін. Мұсылман адам Құран мен Сүннетке қайшы келетін кез-келген пікірді тастауға міндетті, ол пікір кімнен келсе де. Алайда, бұл күпірлікті айтқан кәпір мен, өйткені ол мәңгі Тозақта қалатын кәпір, және қателесіп, қателігі үшін сауап алатын мұсылманның арасында айырмашылық бар. Біз бұл жөнінде сахих хадиске сүйеніп, жоғарыда айтқан болатынбыз.
Сондықтан, дінге оралу оны түсінуге жол жасалғаннан кейін ғана мүмкін болмақ. Және бұл - тәжірибеге «әл-фиқх әл-муқаран» (салыстырмалы фиқх)25 деп аталатын фиқхты енгізуден басталып орындалуы керек. Бұл фиқхты оқып-зерттеу міндетті болып табылады. Оны шариғат білімі туралы диплом алатынның барлығы оқып-зерттеуі қажет.
Әрі қарай, біз Ислам мемлекетін орнатуға шақырғанда, бұл мемлекеттің нақты заңы және кодексі болу керектігін мойындаймыз. Ал, бұл заң қай мазхабтың негізінде құрылады? Және қай мазхабтың негізінде бұл заңға түсіндірмелер жазылады?
Кейбір ислам қайраткерлері бүгіңгі күні болашақ ислам мемлекетінің конституциясы сүйенуге тиіс болған құқықты құрастыруға кірісіп кетті. Және біз бұл құқықтың жоғарыда сөз етілген «салыстырмалы фиқхты» оқып-зерттеуге, немесе біздің терминологиямызда айтылатындай «Құран мен Сүннетті оқып-зерттеуге» негізделмей жатқанын көреміз. Осындай қайраткерлердің біреуі белгілі бір мазхабты оқып-зерттеп, ал кейін осы мазхабтың пікірін өзі жазған құқықтың көптеген тарауларында жеткізген. Ол өзінің кітабын ислам мемлекеті пайда болғанда ол оның конституциясы болуы үшін дайындаған, ал бұл жақын арада орын алуы мүмкін. Ал, іс жүзінде ол, спирттік ішімдіктің рұқсат етілгендігі туралы жазған адам сияқты, ешқандай жаңалық жасаған жоқ. Ислам мемлекетінің конституциясының жобасы туралы ең кем дегенде ол өзіне осы мәселе бойынша Сүннетпен нығайтылған басқа имамның пікіріне қайшы келетін әлсіз пікірді қамтығанын айтуға болады. Және мен айтып тұрған нәрсе «Егер мұсылман зиммиді26 өлтірсе – одан кек алу ретінде оны өлім жазасына кеседі» деген тарауда келген. Және бұл пікір ислам фиқхында белгілі. Алайда, басқа: «Егер мұсылман зиммиді өлтірсе, кәпір үшін кек алу ретінде оны өлтірмейді» - деген пікір де бар, өйткені әл-Бухаридің жинағында Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманды кәпір үшін өлтірмейді», - деген сөздері келтіріледі. «Әл-Ируә», 2209.
Ал, мұсылманды кәпір үшін өлім жазасымен өлтіру туралы заңды, ол Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөзіне қайшы болып тұрса да, ислам құқығына енгізуге бұл ғалымды не итермеледі екен?!27
Мен мұның себебі - ол осы мазхабтың фиқхын оқып-зерттеп, соның үстінде өсіп, оған ілесуді өзіне де, өзгеге де міндетті еткені екеніне мығым сенемін. Ал, енді осыны дінге қайта оралу деп атауға болады ма? Ақықатында, дін: «Кәпір үшін мұсылманды өлтірмейді!» - деп айтып тұр, ал мазхаб өлтіреді дейді. Сондай-ақ, бұл жазушы сол тармақта: «Ал, егер мұсылман зиммиді қателесіп өлтірсе, онда құн не болады? Оның құны мұсылманның құнындай», - деген. Осылай деп ол сүйенетін мазхабқа ілесетін конституция жариялап тұр. Алайда, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кәпірдің өлімі үшін құн муминнің құнының жартысына тең». «Сахих әл-Джәми’», 3391.
Ал, біз конституция ретінде нені қабылдауымыз керек? Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөзін бе, әлде оған қайшы келетін пікірлерді ме? Және мұндай мысалдар өте көп.
Сөйтіп, дінге қайта оралу – бұл Құран мен Сүннетке қайта оралу, өйткені имамдардың бір ауызды келісімі бойынша, дәл соларда дін қамтылған. Және тек соларға ілесу ғана - адасушылықтан кепілді қорғау болып табылады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен сендерге олардан кейін сендер ешқашан адасушылыққа түспейтін екі нәрсе қалдырдым – Аллаһтың Кітабын және менің Сүннетімді, және олар маған су айдынының қасында көрсетілмейінше ажыратылмайды». «Сахих әл-Джәми’», 2937.
Біз бұл мысалдарды білім иелері діннің Құран мен Сүннет деген екі негізге сәйкес келетін түсінігіне қайта оралудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуі үшін және мұсылмандар Аллаһ осыны рұқсат етті деп харамды халәл етпеуі үшін ғана келтірдік.
Және дінге қайта оралуға қатысты айтқым келген нәрсе.
Егер біз Аллаһ Тағала бізге ұлықтық беруін, қорлықтан құтқаруын және дұшпандарымызға қарсы бізге көмектесуін қаласақ, онда бұл үшін проблеманы жалғыз ұғыну ғана жеткіліксіз болады. Ал бұл – дінді және шариғат дәлелдерін бұрмалап тастаған түрлі пікірлерден құтылудың қажеттілігін бұрыс түсіну проблемасы. Тағы бір маңызы аз болмаған фактор бар, ал ол – амалдар. Білім – амалдарды атқаруға қажетті құрал ғана. Және егер адам таза, түрлі адасушылықтардан еркін білімге ие болып, бірақ, оған сәйкес іс-әрекет жасамаса, онда, бұл білімнің ешқашан жемісі болмайтыны – әп-айқын. Сондықтан да білімнің ізінен әркез амал ілесуі қажет.28
Әрбір білім иесі бүгіңгі күні мұсылмандардың жаңа ұрпағын – (яғни )Құранға және сахих Сүннетке сәйкес өмір сүретін мұсылмандардың ұрпағын тәрбиелеуге кірісуі керек. Және адамдарды олар өздерінің ата-бабаларынан мирас етіп алған дін туралы жалған түсініктерінде қалдыруымызға бізге рұқсат етілмейді. Өйткені, олардың кейбіреулері бір ауызды келісім бойынша жалған болып табылады, ал басқаларында иджтихад шеңберіндегі келіспеушілік бар, алайда, Сүннетке қайшы келетін иджтихадта.
Және тек осындай тазартудан және діннің қайта жаңғыруы неден басталуы мен оның жолы қандай екенін түсінуден кейін ғана жаңа ұрпақты осы сахих білімнің негізінде тәрбиелеу орын алуы қажет. Және мұндай тәрбиенің жемісі, міндетті түрде, таза ислам қоғамының, ал содан кейін ислам мемлекетінің де пайда болуы болады. Және осы екі бастапқы сатыларсыз – сахих білімсіз және соның негізінде жүргізілетін дұрыс тәрбиесіз – ислам басқаруын, немесе мемлекетін орнату мүмкін емес екендігіне мен кәміл сенемін.
Мен осы сатылар Исламды қайта жаңғырту ісінде қаншалықты маңызды екеніне мысал келтіремін. Бізде – Шамда мұсылмандардың тобы бар, олар да Исламның қайта жаңғыруын және оның негізінде жаңа ұрпақты тәрбиелеуді қалайды, және тіпті бұл үшін белгілі күш-жігерін де салуда. Бірақ, біз олардың басшыларының көбі өздері Исламды біз айтқан жолдың негізінде мұқият оқып-үйренуге мұқтаж екендігін сезудеміз. Біз бұл қайраткерлер жұмаға қараған түнде ислам жастарын Аллаһқа құлшылық ету үшін шақыратынын көрудеміз. Иә, бұл шақыру – Аллаһқа мойынсынуға және оған ғибад етуге деген шақыру. Және бұл – өте жақсы. Бірақ, олар Сүннетті зерттеп-оқымағандығынан және оны түсінуге тырыспағандығынан, және өздерін осыда жастайынан тәрбиелейтін ұрпақты көріп үлгермегендігінен, оған деген қайшылыққа түсті. Біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Басқа түндерді қалдырып, жұмаға қараған түнді (түнгі) намазды орындау үшін белгілеп қоймаңдар, және басқа күндерді қалдырып, жұма күнін ораза ұстау үшін белгілеп қоймаңдар», - деген сөздерін меңзеп тұрмыз.29 Муслим, 1144.
Ал, енді жұмаға қараған түнді ерекше етіп белгілеуге және оны ғибадатқа арнауға біздің қандай құқымыз бар, мұны бізге Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған болса. Жауап: мұның себебі болып надандық табылады. Бірақ, онда не үшін білім иелері мұндай істеуге тыйым салынғандығына нұсқап, бұл надандықты жоймайды?!
Балалардың басқалары өздеріне музыка тыңдауды рұқсат етеді, өйткені, барлық каналдар оған толы. Ал, неліктен ешкім оларға Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) музыкалық аспаптарға және музыкаға тыйым салып, өз уақытын ойынмен, бос сөзбен және музыкамен өткізетіндерді (Аллаһ) маймылдар мен доңыздарға айналдыратындығымен қорқытқандығын нұсқамайды? «әс-Сильсилә әс-сахиха», 91. Бұл ұрпақ не нәрсе – халәл, ал не – харам болып табылатындығында тәрбиеленбеді. Өздерін ақтау ретінде бұл балалар музыканың халәл екендігі туралы жолдау жазған имамдардың бірі Ибн Хазмнің сөздері сияқты, кейбір ғалымдардың сөзін келтіреді.30 Және бұл пікір олардың арасында өте жылдам таралып кетті, өйткені, ол пікірде олардың әуес-қалауларына сәйкес келетін нәрселер бар. (Мұндай топтардың) кейбір жетекшілері және өздерін қоғамды түзетумен айналысып жүргендер деп ойлайтындар: «Егер осы имам осындай пікірді шығарған болса, онда біз музыка тыңдап, оған осыда ілесе аламыз; мұның үстіне оны қазір барша естуде», - деп жариялайды.31
Ал, Сүннет қайда кетті?! Ақиқатында, Сүннет ұмытылды!
Және егер Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) дінге қайта оралуды қорлықтан құтылудың құралы еткен болса, онда біз оны ғалымдардың Құран мен Сүннетке негізделетін пікірлеріне сүйеніп, дұрыс түсінуіміз керек, және дәл осының үстінде жаңа ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Міне осы - мұсылмандардың барлығы шағымданатын проблемалардың шешілуіне жеткізетін жол.
Маған бір сөз ұнайды, және ол мен жоғарыда айтып өткендерімнің қорытындысы болады. Бұл - кезінде дінге шақырумен айналысқандардың біреуінің сөзі. Және бұл сөз көктен түскен белгі сияқты деп есептеймін. Ол: «Ислам мемлекетін өз жүректеріңде құрыңдар, және ол сендер үшін жерде құрылады», - деген сөз.
Біз өзімізді Исламымыздың, дініміздің негізінде түзетуіміз керек. Ал бұл, мен айтқандай, надандықтың көмегімен іске асырылмайды. Алайда, бұл тек білімнің негізінде ғана орын алуы мүмкін және бұл жерде ислам мемлекеті құрылғанға дейін жалғаса беруі қажет.32
Және соңында бұл ұлы істі жүзеге асыруға қабілетті әрбір кісіге шынайы Исламды, ол туралы Құран мен Сүннетте айтылатын Исламды, таратуда, және оның үстінде жас ұрпақты тәрбиелеуде ғалымдармен ынтымақтастықта болуды мирас етемін. Бұл ескерту еді, өйткені ескерту муминдерге пайда әкеледі.33
Әс-Саләму ‘аләйкум уә рахмәту-Ллаһи уә бәракәтуһ!
سلسلة
"الدعوة السلفية"
(٤)
التصفية و التربية
وحاجة المسلمين إليها
للشيخ
محمد ناصرالدين الألباني
باللغة الروسية
الإصدار الأول
الإعداد : الموقع» إلى الإسلام«
Достарыңызбен бөлісу: |