Топты топтауға арналған ойындар Мазмұны Түйіспе ойындар \байланыс орнатуға арналған ойындар\ топты топтауға арналған ойындар\ «Мұрын арқылы амандасу»



Дата04.07.2016
өлшемі42 Kb.
#178139
Топты топтауға арналған ойындар

Мазмұны

Түйіспе ойындар \байланыс орнатуға арналған ойындар\ топты топтауға арналған ойындар\

1. «Мұрын арқылы амандасу» Бір минуттың ішінде көптеген адаммен қол, мұрын, тізе, ерін және т.б. амандасуға болады.

2. «Төсбелгіні табу» Қыз жігіт болып, екі жұпқа бөліну керек. Мысалы: жігіт есіктің сыртына шығып тұрады. Екінші жігіт қыздың денесіне көрінбейтін жерге бір затты \төсбелгіні\ жасырады. Кімнің жылдам екенін анықтау үшін, бірнеше жұптың қатысуымен де ойынды өткізуге болады. Бірнеше жұпты топтастырып,көз байлау арқылы да ойын өткізуге болады. Бірінші жұптың көзін байлап, екінші жұптың денесіне жүргізуші қыстырғыштарды жасырып, бірінші жұп қыстырғыштарды жылдам табуы шарт.

3. «Алақанға сурет салу» Ойынды екі жұптан орындайды. Бірінші жұп көзін жауып, екіншісі алақанын ұсынады. Біріншісі көзіне (теңіз, жел, және т.б) бейнелерді елестетіп, екіншісіне алақанын сипау арқылы сол бейнені жіберуі қажет. Кейін екі жұп бір-бірімен орындарын ауыстырады.

4. «Молекула» Топтар ғимарат ішінде қозғалыста болады. Жүргізуші, « үш (4,5 ) адамнан топқа бөлінеміз » деп айқайлайды. Қалғандары бірігіп, топтағылар бір-бірлерін қатты құшақтауы қажет. Топты адам санына байланысты бірнеше шағын топтарға бөлуге болады.

5. «1-арал». Топқа елсіз аралда қалғандарын хабарлайды. Көкжиекте кемені байқайды. Бұл олардың соңғы мүмкіндігі, сондықтан қандай амалды болса да пайдаланып, өздеріне көңіл аудартуы тиіс. Содан кейін, топтан кімді кім байқағандықтарын сұрау керек. Ол адам саусағын майыстырып, сосын кімнің саусағының ұзын екенін көру қажет.

6. «2-арал». «Топ мата қиындысынан тұратын аралға сыйысуы керек». Су көтерілген сайын арал кқлемі азаяды. Аралды шексіз азайта беруге болады.

7. «Соқыр мүсінші» Топ үш адамнан бөлініп, біреусінің көзі байланады. Бұл уақытта екіншісі үшінші адамнан мүсін жасайды. Ал «соқыр» екінші адамнан, үшінші адамның мүсінін жасау керек.



Топпен жұмыс жасауға арналған ойындар

  1. Барлық топтағы адамдар бір-бірімен келіспей, біруақытта бірге секірулері қажет.

  2. Сөйлеспей,орындықтан әр-түрлі пішіндер жасау керек. (мысалы: ю әрпі) Уақытқа өткізуге болады.

  3. барлығы шеңбер болып, көздерін жауып, аяқ – киімдерін шешіп араластырады. Қолдарымен тиіспей, әркім өз аяқ – киімін табуы қажет.

  4. Жабық көзбен, үнсіз, бойының ұзындығы бойынша сапқа тұру керек.

  5. Үнсіз туған күнің бойынша сапқа тұр.

  6. «Жаңғақтар» Әр қатысушыға грек жаңғағы беріледі. Оны дұрыстап қарап, алу керек. Сосын, жаңғақ араластырырлып, ортаға қойылады. Әркім өз жаңғағын табуы қажет. Күрделірек нұсқасы-осы істі көзің жабық қалпында орындау. Сонан соң, әрқайсынан олардың өз жаңғақтарын қалай анықтағандықтарын сұрайды. Талдағанда, алғашқыда барлық адам бірдей секілді көрінгенімен, шындығында олар әр- түрлі. Көп жағдайда сүйкімсіз, қатты қабықтың ішінде нәзік зат жасырынуы мүмкін.

  7. «Кельт дөңгелегі» Ежелгі кельт аңызы бойынша барлық адамдар төрт бұрышқа бөлінеді.

Солтүстіктің адамдары- қозғалыстың адамдары. Жұмыс жасайтын көсбасшылар. Мақсатына жету үшін кез-келген жолды таңдап, алды-артына да қарамайды.


Батыстың адамдары-кесте бойынша, тәртіппен, дәлдікпен жүретін адам.
Шығыстың адамы - шығармашылықтың адамы. Көптеген жаңа ойлары бар, бірақ оны жүзеге асырумен айналыспайды.
Оңтүстің адамы- жылы қарым- қатынас пен жайлылықтың адамы. Алға жылжып, мақсатқа жету үшін топтағы көңіл күй маңызды.
Ежелгі кельттер аңызы бойынша, әр топта үйлесімге қол жеткізу үшін;
топ мүшелері топ ішінен топ құрады

Кезеңдері

  1. Дайындыққа 7-10 минут

Әр жақ өзін таныстырып, өз қасиеттері бойынша жарнама жасайды.

  1. Әр топ басқа әлемнің жағымсыз жақтары туралы айтып, өздерінің де жағымсыз жақтары жайында тыңдайды.

  2. Неге олар әлемнің басқа бөлігінсіз бола алмайды деген сұраққа жауап береді.

  3. Топ жоғарғы дәрежеде ұйымдастыру керектігін, әлемнің төрт бұрышы сияқты адамдардың міндеттердің бөлінуі туралы ортақ мәселелерді шешу үшін қарастырады. Егер барлығы бір топқа бөлініп кетсе, қатысушыларға өзіне жақын жақты таңдауын ұсынып, барлығын төртке теңдей бөлу міндетті.

Топтағы шиленіскен жағдайды сейілтуге арналған жаттығулар.

Жаттығуларды орындау барысында әдепсіздікке бой алдырмау керек.



  1. Алманы иегіңмен қолыңды тигізбей, беру керек.

  2. «Сіріңке» сіріңкенің шырпысын тіске қыстыру арқылы айналдыра бір- біріне беру. (шырпыны қысқартуға болады.)

  3. «Жіптен киім тоқу» Барлығы бірнеше топқа бөлінеді. Қолда бар киімнен жіп тоқу керек. Жіпті ең ұзын тоқыған топ, жеңіске жетеді.

  4. «Кілем-ұшқыш (Жыл мезгілдері)» Адам кілемге жатады қалған топ мүшелері көздерін жауып, оны айнала тұрады.(қыс). Содан соң барлығы оған қолдарын қояды. (көктем). Сосын топ оны көтеріп, шеңберге тұрады. (жаз). Кейін оны ақырын тербетіп, кілемге түсіріп, қояды.(күз). Бұл жерде адамды көтергендердің арқасының түзу болғанын қадағалау керек, яғни аяқтың күшімен адамды көтеру шарт.

  5. «Күн» Бір адам ортаға тұрып, көзін жұмады. Ол «күн» (Жер) топ мүшелері өздеріне ыңғайлы жерге барып, тұрады. Әр түрлі қалыпты таңдауға болады. Содан соң «күн» көзін ашып, жасалған бейнелерге қарайды. Кейін ортада тұрған адам қатысушыларды өзінің ыңғайына қарай орналастырады. Нәтижесінде барлығы топтың адамдарға деген, адамның топқа деген қатынасын шынайы сурет түрінде көреді.

Агрессияны болдырмау

  1. «Мейірімді жұп» Топ шеңберге тұрады. Біреуінің көзі байланады. Жүргізуші бір адамды қолымен көрсетіп, оған деген ашу-ызаны төгіп тастауды сұрайды. Сосын оның көзін босатады. Ол өзінің «құрбасын» көріп, одан кешірім сұрайды. Ең қызықтысы ол адамның өзін көрсеткендігі.

  2. «Сурет» Өзің жек көретін адамның суретін салу. Сосын оның атын қисық әріптер мен жазып, жыртып, қағазды лақтырып жібер.

  3. «Пішін» Шеңберге отырып, топтағылардың әр түрлі бейне пішінін жасайды. «Ортақ жұмысқа» азу тіс, тістер, тырнақ т.б. бейнеленеді. Содан соң барлығы бір мезгілде бейнелер ғарышқа аттанады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет