"Әдебиет танытқыш"



Pdf көрінісі
Дата26.09.2024
өлшемі0.57 Mb.
#504021
Әдебиет танытқыш 20240912 094516 0000



Ахмет Байтұрсынов
Studio
Shodwe
"Әдебиет танытқыш"


Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі
Жангелді ауданы, Қостанай облысы – 8 желтоқсан 1937
жыл, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші
ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы,
қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының XX ғасырдың
басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің
бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен
әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым,
ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда
өкіметінің мүшесі.
ұлт ұстазы


1926 жылы сол кездегі астана
Қызылордада беттеліп (әрине,
цензурадан да өтіп), Ташкентте
басылған Ахмет Байтұрсынұлының
«Әдебиет танытқыш» зерттеуі.
 оқу құралы –ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиеттануы деңгейін көрсететін
іргелі де ізашар еңбек



"әдебиет танытқыш"
Қай жылы жарық көрді?
1926 жылы Қызылорда қаласында баспа бетінде бұл оқулық әдебиетті
қазақша танытатын бірден бір классикалық мұраға айналды. Оқулық дейтін
себебіміз, автор, әрбір ұғымды түсінікті баяндай отырып, «нұсқалықты
қараңыз» деп ескертіп отырады. 
Не туралы?
Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері,
жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер,
тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті
мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі
адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл
бөлген.


мазмұны
Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер алған.
Кітаптың бірінші бөлімі 
«Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры,
тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары,
 «сөздің өлең болатын мәнісі»
өлең айшықтары
 «шумақ түрлері»
 «тармақ тұлғалары»
 «бунақ буындары»
«ұйқастығы» т.б. сөз етіледі


екінші бөлім 
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем
қара сөз табиғаты, 
оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян,
 «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, 
әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, 
жол әліптемесі, байымдама,
 байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат
шешен сөзі, білімді шешен сөзі, 
уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. 


Сөйлегенде тіл таза болуы үшін
мынандай талаптар қояды:
— Ескірген сөздерге жоламау;
— Жаңадан шыққан сөздерден қашу;
— Өз тілінде бар сөздің орнына басқа
жұрттан сөз алудан қашу;
— Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде
айтылып, бір жерде айтылмайтын
сөздерге жоламау.


Стилистиканы жіктеуі 
Байтұрсынұлының Тіл қисыны дегенін - стилистика ғылымымен, нақтысы
поэтикалық стилистикамен; 
 Ал поэтикалық семантика ұғымын Байтұрсынұлының Тіл көрнекілігімен
анығы сол бөлімге кіретін категориялармен қатар қарастырылды
поэтикалық семантика (сөз мағынасының ауысуы, яғни, троптар мен өзге де
көркемдік айшықтар; көбіне мұны аталмыш ғалымдар поэтикалық лексиканың
аясында қарай


"Сөз талғау"тарауы
Ал Сөз талғау тарауына кіретін
 Сөз дұрыстығы,
 Тіл тазалығы,
 Тіл анықтығы, 
Тіл дәлдігі деген тараушалар көбіне поэтикалық синтаксиспен
балама ретінде алынды. Және осы бөлімде, қарастырылған
категориялардың барлығы үш аспектіде қаралды.
 Оны түйіндей айтқанда жекелеген категориялардың -
 генезисті,
 семантикасы
прагматикалық функционалдығы тұрғысынан деуге келеді. 
Стилистикаға қатысты Әдебиет танытқыштағы тұжырымдардың
мәні нақты салыстыру үлгісімен де талданды:


Пайдаланылған әдебиеттер:
"Әдебиет танытқыш"
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ «Әдебиет танытқыш» – әлемдік құндылық (мақала)
"А.Байтұрсынов шығармалары"-Алматы:«Жазушы»,
1989.Ұ.О.Еркінбаев. «Әдебиет танытқыштың» теориялық негізі».-Алматы, 2008.
Назарларыңызға рахмет 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет