Әдістемелік құрал «ЭНЕРГИЯНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫНА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ» Рахимбаева Жұлдыз Сархытхановна, Физика және электротехника пәнінің оқытушысы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Азаматтық қорғау жоғарғы колледжі Энергияның сақталу және айналу заңы теңдеуі динамиканың ең жалпы формуласы болып табылады да, элементар механиканың барлық дерлік есептерін шығаруға мүмкіндік береді. Көптеген есептерде бұл теңдеу негізілердің бірі болады да, динамиканың екінші заңы мен импульстің сақталу заңы теңдеулерімен қосылып, берілген құбылысты сипаттайтын толық теңдеулер жүйелерін құрайды. Энергияның сақталу заңын қолдану әсіресе мынандай есептерді шығарғанда өте қолайлы:
а) бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің екі механикалық күйі немесе орны берілсе,
б) бірқалыпсыз айнымалы қозғалыс кезіндегі дененің екі механикалық күйі немесе орны қарастырылса
Энергияның сақталу заңы теңдеулері арқылы шығарылатын есептерді шығарудың жалпы әдісін төмендегідей түрде көрсетуге болады:
а) Схемалық сызбаны салады да, энергияның сақталу және айналу заңы формуласын жазады:
(1)
б) Қарастырылып отырған дененің бірінші және екінші жағдайын анықтайды. Бұл жағдайлар көбінесе бастапқы және соңғы күйлері болып табылады.
в) Потенциалдық энергияны есептейтін нольдік деңгей таңдап алынады. Ол үшін көбінесе дененің қозғалыс кезіндегі ең төменгі жағдайы, немесе дене бірінші күйден екіншісіне ауысқанда түсетін деңгейін алу қолайлы.
г) Траекториякның кез келген нүктесінде денеге әсер ететін барлық сыртқы күштерді салады және дененің бірінші және екінші күйлердегі механикалық энергиясын сипаттайтын кинематикалық шамаларды (v,h) көрсетеді.
д) A=FSCosα ,
формулаларының қолайлысы арқылы сыртқы күштер жұмысының және күйлердегі толық механикалық энергия өрнектерін құрайды. Оларды энергияның сақталу заңының негізгі (1) теңдеуіне қойып, белгісіз шамаға қатысты шешеді. Егер белгісіз саны бірден артық болса, құрылған энергияның сақталу заңы теңдеулеріне динамиканың негізгі заңы теңдеуі, импульстің сақталу заңы теңдеуі немесе кинематика формулалары қосылады. Нәтижесінде пайда болған теңдеулер жүйесін шешу белгісізді анықтауға мүмкіндік береді.