Егінсу ауылдық округінің 2013 жылы атқарылған 9 айлық жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті округ тұрғындары! Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!



Дата24.02.2016
өлшемі71.86 Kb.
#17257
Егінсу ауылдық округінің 2013 жылы атқарылған 9 айлық жұмысы туралы округ әкімінің есебі
Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!

2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі» туралы Жарлығын іске асыру мақсатында, жыл сайын әкімдердің есеп беру кездесулері өткізіледі.

Бұл жұмыс тұрғындарды елде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси реформалармен хабардар етуді жоғарлатуға бағытталған.

Елбасының тапсырмасына сәйкес жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында өткізетін есептік кездесулері үкімет пен халық арасындағы дәстүрлі сұхбаты болып табылады, ол өз қатарынан біздің жүргізіп жатқан жұмыстарымыз туралы халықты ақпараттандырып қана қоймай, сондай-ақ өзекті мәселелер мен тапсырмалардың шешімі жөнінде өз жоспарларымызға уақытында түзетулер енгізу болып табылады.

Бүгінгі менің есебіме Ұлан аудандық статистика басқармасының бастығы Жүрбекбаев Дархан Шомпаевич қатысып отыр.

9 ай бойы сіздермен әртүрлі сұрақтар бойынша кездесулер өткізіліп, проблемалық сұрақтар талқыланып, олардың шешілу жолдары қаралды. Бүгін біз соларды қорытындылаймыз. Жетістіктермен бірге бір қатар мәселелер шешімін таппай отыр: ауызсу мәселесі әлі де өзекті күйінде тұр. Ауызсу мәселесі біздің ауыл үшін ең маңыздысы болып отыр. Бүгінгі күні ауылды сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 186 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Ауылдың ішкі жолдары және инфрақұрылымдар, әлеуметтік-мәдени жағдайлар айтарлықтай материалды ресурстарды талап етеді.

Алматы тас жолынан Ұлан ауылына дейінгі жолды жөндеуге жоба жасалынып, экспертизадан өтті. Бірақ, өкінішке орай республикалық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2013 жылға қаражат бөлінген жоқ.

Бүгінгі күнде округімізде бас дәрігер – терапевт маманы, лаборант маманы жоқ болып отыр. Осы мәселе бойынша аудандық денсаулық сақтау бөліміне сұраныс берілген. Қазіргі уақытта аптасына 1 рет Айыртау ауылынан дәрігер терапевт келіп, яғни сейсенбі күні науқастарды қабылдайды.

Ұлан ауылында Почта пункті аптасына 3 күн жұмыс істейді. Барлық төлем ақы, газет журналдарға жазылу жұмыстары толық көлемде жүргізіледі.

Ауылдық округтің елді мекендері телефон байланысымен қамтылған. Ұлан ауылында 199 нөмір, Жанұзақ ауылында 30 нөмір, Борсақ ауылында 1 нөмір жаңа сандық автоматтандырылған телефон стансасымен іске қосылуда. ACTIV, BEELINE, KCELL ұялы байланысы бар.

Ауылда электрик жоқ, бұл сұрақ толық көлемде әлі шешімін тапқан жоқ.

Жанұзақ ауылының орталық көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жарық берілді. 2013 жылға бюджеттен Ұлан, Борсақ ауылдарының көшелерін жарықтандыруға қаражат бөлінді. Көше жарықтандыру жұмыстары Ұлан ауылында аяқталып, Ахметов көшесінде 20 столб, Борсақ ауылында 11 столб басында жарық жанып тұр. Сондай – ақ Ұлан ауылымыздағы клубқа ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 4 486 мың теңге қаражат бөлініп, ағымдық жұмыстары жасалып, аяқталды.

Қазіргі уақытта облыс орталығынан аудан орталығы арқылы Ұлан, Жанұзақ ауылдарына күніне екі уақыт микроавтобус қатынайды.

Шағын ауылдың шағын бизнесі де күн сайын шарықтап келеді. Бүгінге дейін округ бойынша 5 сауда нүктелері мен 5 дүкен тұрғындарды қажетті азық-түлік, керек-жарақтармен қамтамасыз етуде.

Ауылдық округ әкімдігі меншіктің барлық түрлері басшыларымен бірігіп біздің селолық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар атқарды.


Ауыл шаруашылығы
Округтің экономикалық негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауылдың негізгі күнкөрісі саналатын мал шаруашылығында да ілгерілеу бар. Округ көлемінде ірілі – ұсақты 86 шаруа қожалығы,

2 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Оларда барлығы 1995 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 804 бас сиыр, 8588 бас қой - ешкі, 1728 бас жылқы бар. Жеке қосалқы шаруашылықтарда 2462 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 936 сиыр, 5860 бас қой, 743 бас жылқы, 716 бас ешкі бар.

Шаруа қожалығымен – 2697 центнер ет, 15930 центнер сүт өндірілді.

Тұрғындармен барлығы – 3589 центнер ет, 22089 центнер сүт, 100100 дана жұмыртқа өндірілді.

Ауылдағы «Көрпебай», «Бүркіт», «Болат», «Тоғанас», «Жанарбек» шаруа қожалықтары облыс орталығындағы аудан көлемінде өткізілетін демалыс күнгі жәрмеңкелерге белсене қатысып, өз өнімдерін арзандатылған бағамен сатады.

Округте барлығы 76200 га жер учаскесі бар, оның ішінде – 9447 га егістік жер, шабындық – 3748 га, жайылым жерлер – 34641 га, орташа балл бонитет – 22.

Тұрғындардан сүт жинау «Шығыс сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жүргізілуде. Биылғы жылғы қысқа шөп дайындалып жатыр. Оралмандарға бөлінген жерге картоп, көкөніс егіп, суару, түптеу жұмыстарын жасап осының арқасында картоптан мол өнім алады деп күтілуде.
Әлеуметтік сала.
2013 жылы округ бойынша 17 отбасы немесе 53 бала балаларға арналған көмек алды.

Округте бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ол 6 жалғызбасты зейнеткер мен мүгедектерге көмек көрсетеді.

Жыл басынан 11 адам қоғамдық жұмысқа қатысты. 11 адамға 205260 мың теңге төленді. Бүгінгі күні жұмыссыздар саны – 2 адам.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша

10 адам несие алуға өз өтініштерін және бизнес жобаларын тапсырып, ірі қара, ұсақ мал басын көбейтуге несие алды. Ауыл тұрғыны Мырзагалиев Руслан 3 млн. теңге несие алып шағын наубайхана ашты. Наубайхананың ашылуы біз үшін, ауыл тұрғындары үшін өте тиімді. Наубайхана Ұлан ауылының тұрғындарын ғана емес, сондай-ақ Жанұзақ ауылының тұрғындарын нан және ұннан жасалынған т.б. өнімдерімен қамтамасыздандырады.
Білім беру саласы.
Егінсу ауылдық округіне қарасты Ұлан ауылындағы С. Аманжолов атындағы орта мектепте 126 оқушы оқиды. 12 комплект сыныптары, 2 – жаңа технология, 1 – физика, 1 – химия, пәндік және 1 – мультимедиялық кабинеттер бар, 24 ұстаз қызмет етеді. Мектепке «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биология және психология пәндерінен 2 мұғалім келді. Жанұзақ ауылының Ш. Бәшіков атындағы негізгі мектепте 1 – 9 сынып аралығында 34 оқушы оқиды, 12 ұстаз қызмет етеді.

Борсақ ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте 1 – 4 сынып аралығында 7 оқушы оқиды, 5 ұстаз қызмет етеді.

1- 4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балалары толығымен ыстық тамақпен қамтылып, облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, күнделікті балалардың рационына бал енгізілген.

Барлық мектептерде 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балаларына тегін тамақ беру ұйымдастырылған. Демеушілік жасап отырған азаматтар бар, олар – Сулейменов Мырзахан, Ахметжанов Турсынбек, Бухарбаев Қайрат, Кунафин Орал, Мухамадиев Құмарғазы, Сабырова Зинаят апай ет, сүт, бал өнімдерімен көмек көрсетті.

С. Аманжолов атындағы орта мектебінің қасында 20 орындық интернат жұмыс істейді. Бүгінгі күні онда 13 бала тұрып білім алуда. Интернат барлық қажетті жабдықтармен қамтылған.

Сондай-ақ 20 орындық шағын балалар орталығы жұмыс істеуде.


Денсаулық саласы
Ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалаумен 3 мекеме айналысады. Ұлан ауылында дәрігерлік амбулатория; Жанұзақ, Борсақ ауылдарында фелдшерлік-акушерлік пункті бар. Онда 5 медициналық маман тұрғындарға қызмет атқарады. Жыл көлемінде 25 нәресте дүниеге келген, қайтыс болған адамдар саны – 7.

Алдын ала емдеу жұмыстары және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Кезекшілік ұйымдастырылған.


Салық
Округ бойынша тұрғындардан жер салық төлемі мен мүлік салығы толығымен жиналды. Мүлік салығы – 29 509, жер салығы – 109 694 тенге.
Құқық қорғау
Округте учаскелік полиция қызметкері Бердігожаев Болат жұмыс істейді. Қызмет көрсету аумағында 1731 адам тұрады, Ұлан ауылында 1263 адам, Жанұзақ ауылында 297 адам, Борсақ ауылында 155 адам тұрады.

9 ай көлемінде 11 арыз- шағымдар тіркелген.

Профилактикалық тіркеуде 24 адам тұр. Оның ішінде дәреже бойынша: – 22 адам ішімдікпен қиянат көретіндер;

- 2 адам мерзімнен бұрын шартпен босатылған.




Азаматтардың арыз-өтініштерімен жұмыс
Барлық түскен арыз-өтініштер – 6.

  • жер мәселелері жөнінен – 6;

Арыз-өтініштер уақытында қаралып қойылған талап-тілектер шешімін тауып, арыз иелеріне хабарланды.

Ауылды көркейту және көгалдандыру.
Еліміздегі ауылды көркейту мақсатында жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың, бағдарламалардың арқасында ауылдағы біраз жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жарлығы бойынша 2 айлық санитарлық тазалық жұмыстары кезінде округте қыстай жиналған қоқыстарды жинау бойынша сенбіліктер және «Таза бейсенбі» күндері өткізілді. Бұл іс-шараларға «Тоғанас» шаруа қожалығының техникалары мен оралман ағайындардың шағын тракторлары жұмылдырылып, бұзылған ғимараттардың орындары тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Мектептің, ескерткіштің маңайлары тазаланып, гүлзарлар жасалды, сонымен қатар 100 түп ағаш отырғызылып, 600 түп гүл отырғызылды, қоршаулары боялды.


Бюджет
2013 жылғы ауылдық округтің әкімі аппаратының бюджеті 13,820 мың. теңгені құрады, оның 7 млн. 792 мың. теңгесі ауылдық округтің қызметін қамтамасыз ету үшін.

Ауылдың тазалығына 110,0 мың. теңге, көріктендіру жұмыстарына – 130,0 мың теңге, жарықтандыру – 4 млн. теңге.



Құрметті жерлестер!

Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты халықтың тұрмысын, әлеуметтік жағдайын жоғарлату үшін жұмыс жасайды. Әрбір қызметкер, әрбір еңбек етуші ұжым, әртүрлі мамандық иелері аулдық округтің дамуына және отанымыз Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім білдіремін. Қазақстан әлемдегі игілікті, берекелі елдердің қатарында болатындығына сенімдіміз деп айта аламын. Бүгінгі күні бізге керегі – бұл бірлік пен келісімдік, алға қойған айқын міндеттерді жауапкершілікпен орындау.

Баяндамамның соңында сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Еліміз бейбітшілікте болып, экономикасы өсе берсін!



Назарларыңызға рахмет!


Егінсу ауылдық округі әкімінің м.а. Б. Аскабылов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет