әйел-ананы сыйлауға, адами ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;
әйел, ана, қыз бала жөнінде халқымыздың қандай мақал-мәтелдері бар?
ата-бабамыз ару қыздарды «Аққудайын сыланған, тотыдайын таранған» деп кез-келгеннің қолына түсе бермейтін асыл құстарға теңеген. Ендеше, қазақ аруы қандай болуы керек екен? 4.Ой шақыру.
(суретте ақ кимешек киген әйел) /ақылгөй ана, дана әйел, ел жанашыры, бүтін рудың қорғаны, шаңырақтың ұйытқысы
Мағынаны тану.- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?- Оны білу үшін мысалды оқып көрелік.
Венн диаграммасы арқылы Есенейге тұрмысқа шыққанға дейінгі және кейінгі Ұлпан бейнесін ашамыз.
Сонымен бірге Ұлпанды алғанға дейінгі және алғаннан кейінгі Есенейге сипаттама жасаймыз.
Романдағы әйел образы.
«Ұлпан» романында Ғабит Мүсірепов әйелді қалай сипаттайды? Сіз бұл сипаттамамен келісесіз бе?
«Ұлпан» романында Ғабит Мүсірепов әйелді қалай сипаттайды?____________________________________________
Романнан үзінді келтіріңіз. ______________________________
/Әйел-ана жөнінде нақыл сөздер айтылады/
__________________________________________________________
Шешім: Романнан не түйдім ------------------------------
Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге батылы жетпейтін оқушылар үшін керемет дүние болып табылады.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/. Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – сын тұрғысынан ойлау деп білемін.