Есенейдің қасында төрт адам жолдасары болады: ең сенімді серігі -
жамағайын түрікмен Мүсіреп, Алдай елінен - аңшы Мүсіреп, руы басқа болса
да Есенейдің қоныстасы Бекентай батыр және Есенейдің қосалқы атын жетелеп
жүретін жас жігіт, түрікмен Мүсірептің туған інісі - Кенжетай.
Түрікмен Мүсіреп сыбызғы тартады: «Бозіңген», «Бозмұнай», «Сүйір батыр», «Алғашқым», «Алқакөл» деген күйлері бар.
Кірме күрлеуіт - Қаршығалыны паналаған бірең-сараң кедейлеу келген үйі бар
ру аты.
Есенейге бір-ақ рет көз қиығын тасғанда, Ұлпанды таныған: түрікмен Мүсіреп.
Есенейге шаншудай тиетін сөздер: «Балаңның баласына», «ағасұлтан». Артықбай Есенейді Кенесарымен соғыста екі рет өлімнен құтқарған. Ал Артықбай Стап дәрігерханасында жатқан алты айда көмек көрсеткен Түрікмен Мүсіреп. Бұл оқиғаның болғанына 15 жыл, Артықбаймен
кездесбегелі 13 жылдай уақыт болыпты.
Есеней кешірім сұрап Артықбайға қара жорғамен бірге «Мұзбел» деген торы
төбелн де жібертеді.
Кенесары қалың қолын Керей-Уақтың өкпе тұсына, Есіл бойына топтап,
Есенейге қарсы үлкен жорыққа әзірленіп жатқаны байқалған.
Аманқарағай дуанының аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов деген төре. Ол адам
Кенесары қозғалысына қосылған да жоқ, қарсылық көрсетпей де келеді.
Омбыда алты дуан үстінен бақылайтын Тұрлыбек отыр. Ол - Есенейдің туысқаны, қарын бөлесі. Бергсен - неміс пе, швед пе, ел қазағы Берсен деп кеткен шикіл-сары майор.
Есенеймен үзеңгілес жүретін жолдастары: Сәдір, түрікмен Мүсреп, Артықбай.
Есенейдің түрікпен Мүсірепке айтқаны: Сенің «Алғашқым» деген күйің болса,
менің «Соңғым» дейтін күйім осы қыз - Ұлпан...
Есеней Нұралы деген момын елдің барлық жерін тартып алғанда, қарғыс көп
естейді екен.
Осыдан соң екі ұлы бірдей қарашешектен бір күнде өліп кетеді. Өзіне де
жұғады, бірақ ол «Әулиесор» атанған тұзды көлге түсіп жүріп, аман қалады.
Осыдан кейін үлкен дақтар қалып қояды.