Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер


Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер



бет2/4
Дата09.04.2024
өлшемі35.4 Kb.
#498215
1   2   3   4
Жоспар полит

2. Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер.
Алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар – бархмандар жүргізген. Брахманизмнің көрінісі б.з.д. 2 –мыңыншы жылдардың ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды «Веды» деп атаған. Заң бойынша қоғамды 4 варнаға (жікке) бөлген: (оларды құдай жасаған):
1) брахмандар.
2) кшатрий-жауынгерлер
3) вайшийлер (шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер)
4) құлдар, варнадан тысқары тұрғандар.
Брахманизм идеологиясы көптеген заң жинақтары: дхармасутр мен дхармашастарлардан тұрады. Мысалы, б.з.д. II ғасырда Ману заңдары жазылған. Онда варнаның талаптары тұжырымдалған. Варнаның бастапқы екеуі билеуші болады. Ману заңы бойынша патша брахмандарды мойындауы керек. Ману заңында жазалауға ерекше мән берілген. Таяқтауға дейін жаза қолдану бар.
Брахманизм идеологиясын сынаушы буддының негізін қалаушы Сиддхартха болды. (б.з.д. YI ғасыр). Ол құдай барлық билікті жүргізуші, заң шығарушы деген ұғымды теріске шығарады. Будды теңдікті жақтады. Буддизм идеологиясы гуманизмге, адамгершілікке, өзге адамды сыйлауға, зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермеуге уағыздайды. Буддизмде жазалаудың ролі мен көлеміне шек қою, азайту көзделген. Заңдылықты бағалау көзделген. Буддизмнің кемшілігі — жоғарғы дәрежеге жетілудің жеке адамдардың алдында тұрған міндет деп қоюында (нирвана). Нақты саяси-құқықтық құбылыстарға жеткілікті мән бермеуінде жатыр. Соған қарамастан, буддизм актуалды ағым. Ашокидің билік құрған кезінен бастап (б.з.д. 268-232 жылдар) Индия бірікті де буддизм мемлекеттік дінге айналды. Буддизм Оңтүстік – шығыс Азияның басқа елдеріне тарады.
Брахманизм идеологиясынан ауытқу «Артхашастра» (б.з.д. 4-3 ғасырлар) трактатында байқалады. «Артхашастрада» саяси-құқықтық және әкімшілік-билік нұсқауларға көбірек назар аударылып, оның пайдалы жақтары көрсетіледі.
3. Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері.
Конфуций (Кун-цзы) (Шамамен б.з.д. 551-479 жылдар) Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан-балаға ауысатын мұралық аристократияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі — елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал, биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.
Конфуцианшылдық доктринасы мынау – бабаларды құдайдай санау, ата-анаға табыну, төменгілердің жоғарғыларға мүлткісіз бағынуы. Өзін-өзі ұстаудың бұл регламенті – қоғамның әрбір мүшесінің санасына, адамдардың психологиясына кірігіп кетті. Аталған доктрина, насихат мына сөйлемде тайға таңба басқандай танылады: «Жоғарыдағы мен төмендегінің өзара қарым-қатынасы жел мен шөптің қатынасына тең: жел соқса шөп иілуге тиіс». Заманында идеологиялық және моралдық тетікті ұстаған әскери-феодалдық сословие конфуцианшылдықты пір тұтуы, буддизмді ұстануы жайдан-жай емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет