Ежелгі заман тарихынан, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихы



Дата11.11.2023
өлшемі272.65 Kb.
#483004
түріЛекция
Қ тарих лекциялар жинағы Ерлан


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ежелгі заман тарихынан, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихы
және қазіргі Қазақстан тарихынан лекциялар жинағы

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Атырау қ., 2020 ж.



Ежелгі заман тарихы 5 сынып
I БӨЛІМ. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ АДАМДАР ӨМІРІ
АЛҒАШҚЫ АДАМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалында (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер. Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталады.
Питекантроптың қаңқасы алғаш рет 1891 жылы Ява аралынан табылды. Ол бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда Солтүстік Қытайдан табылған синантроп (“Қытай адамы”) тұрады. Синантроп бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты “тік жүретін адам” деп атайды.
Еліміздің аумағында алғашқы адамдар бұдан 1млн-дай жыл бұрын пайда болған. Мұны Арыстанды өзенінің бойынан (Жамбыл облысы) және Қаратаудан (Оңтүстік Қазақстан) табылған еңбек құралдары дәлелдейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар – питекантроптың замандастары.
Орта тас ғасырында (б.з.б. 100-40 мың жыл аралығында) өмір сүрген адам алғаш рет Неандерталь (Германия) жерінен табылған. Сондықтан ғалымдар оған неандертальдық деген атау берген. Ол тастан, сүйектен, ағаштан құралдар жасай білген, шақпақ тастармен от жағуды үйренген.
Неандертальдықтың басы еңкіш, мойны қысқа, ал тістері аса ірі болған. Оның сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегі табылды.
Алғашқы еңбек құралдары қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар болды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалып, өте қарапайым болған. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды.
Кейінгі тас ғасырында (б.з.б. 40-12 мыңжылдықта) адамзат дамуының жаңа кезеңі басталды. Адамзат жердің барлыққа жуық аумағын игерді. Қажырлы еңбектің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын неандертальдықтан кейін “саналы адам” пайда болды. Оның миы ”епті адамның” миынан екі есе үлкен болды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарған. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды. Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты.
“Саналы адамның” сүйегі алғаш табылған жер Кро-Маньон үңгірі (Франция) болғандықтан, ол кроманьондық деп аталды.
“Саналы адам” тік жүруді, анық сөйлеуді меңгеріп, сөздік қорын жетілдіріп отырды. Рухани жағынан жетіле түсті. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер бұған дәлел болады. Діни наным-сенімдері қалыптаса бастады, адамды жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген.
Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Жеміс-жидектерді терді, жеуге жарамды тамырларды қазып алды, құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.
Алғашқы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды. Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдарды, жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады.
Қаратау үңгірінің тұрғындары домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал жасай білген. Мұндай құралды чоппинг деп атайды. Бұл құралмен онша жуан емес ағашты кескен.
Алғашқы адамдар ұстауға ыңғайлы тасты жарып, бөлшектеп, жүзін өткірлеген. Бұл қару чоппер деп аталады. Онымен таяқты ұштады, өлтірген аңдардың денесін боршалады, терісін сылды.
Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі: палеолит – ежелгі тас ғасыры (б.з.б. 2 млн 500 мың – 12 мың жыл) (2011 жылғы баспада б.з.б. 2 млн 600 мың – 12 мың жыл деп көрсетілген), мезолит – орта тас ғасыры (б.з.б. 12-5 мың жыл), неолит – жаңа тас ғасыры (б.з.б. 5-3 мың жыл). Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғысынан неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарымен ерекшеленеді.
Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Алғашқы адамның ғылыми атауы:

  2. Бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген алғашқы адам:

  3. Еліміздің аумағында табылған алғашқы адам:

  4. Неандертальдық адамдардың өмір сүрген жылдары:

  5. Ежелгі адамның алғашқы еңбек құралдары:

  6. Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасқан кезең:

  7. Анық сөйлей білген ежелгі адам:

  8. Алғашқы адамдардың кәсібі:

  9. Екі жағынан егеліп, жүзі өткірленген тас құрал:

  10. Алғашқы адамдар чопперді пайдаланды:

  11. Тас дәуірінің кезеңдері:

Еңбек құралдарының жетілуі.
Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суып, қыс ұзаққа созылды. Еуропа мен Азияның солтүстігінде қалыңдығы 2 км алып мұздық пайда болды. Жылылыққа үйренген жануарлар қырылып, тірі қалғандары оңтүстікке ауып кетті.
Ертедегі адамдар ең әуелі найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланды және оны өшірмей ұзақ сақтауға тырысты. Адамдар бірте-бірте отты өздері жағуды үйренді. Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Ағаш таяқты бір-біріне үйкелеп, қыздырғанда бықсыған жаңқаларға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тигізіп, тұтандырды. Отты пайдаланып адамдар жылынды, жыртқыш аңдардан қорғанды, тамақ пісірді.
Алғашқы еңбек құралдарын дайындау тәжірибесі баяу жинақталды. Адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасауды меңгерді. Теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үш бұрышты қалақшалар, пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шоқпармен бірге найза да пайдаланылды. Cүйектен ине мен біз дайындалды. Адамдар тасты өңдеуді, бұрғылауды үйренді. Тастан пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасалды.
Кейінгі палеолитте сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып, кескіш құрал жасаған. Желім ретінде тау балауызы, қарағайдың шайыры, битум қолданылған. Құрал жасаудың бұл әдісін “қыстырма әдісі” дейді.
Мезолитте (б.з.б. 12-5 мың жыл) тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.
Алып мұздық бұдан 13 мың жыл бұрын ери бастады. Жер беті мұздықтан босап, қазіргі қалпына келді.
Далалық аймақтарда адамдар желге қарсы қалқа жасауды үйренді. Ірі жануарлардың сүйектерінен және ағаш бөренелерден баспана салу шықты.
Жаңа тас ғасырында (неолитте) адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін ойлап тапты: дәнүккіш, келі, балта, қайла.
Адамдар үшкір сүйектен ине, жануарлардың сіңірлерінен жіп жасап, хайуандардың терісінен киім тіге бастады. Саз балшықты күйдіріп ыдыс жасады. Пешке ағаш көмірін жақты.
Қол қашау дегеніміз – қалақ тасты екі жағынан қашап, таяққа бекіткен құрал. Оның ұзындығы 20 см, салмағы 1 кг болған. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған бес мыңнан астам құралдардың бәрі – қашау мен үшкір заттар.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезең:

  2. Мұз дәуірі басталды:

  3. Жер бетін басқан мұздықтың ери бастаған кезі:

  4. Тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады:

  5. Ұзындығы 20 cм, салмағы 1 кг шомбал құрал:

  6. Ежелгі замандағы от жағудың ең алғашқы әдісі:

  7. Үшкір сүйектен жасаған зат:

  8. Бөрiқазған, Шабақты тұрақтарынан шамамен қаншаға жуық тас құралдары табылған:

  9. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құралды қалай атаймыз:

  10. Қазақстанда алғашқы адамдар шамамен 1 миллиондай жыл бұрын өмір сүргендігін дәлелдейтін тастан жасалған еңбек құралдары Маңғыстаудың қай тұрағынан табылды:

Тас дәуірі (палеолит)


Адамзат қоғамындағы ең ұзақ тас дәуірі (палеолит) ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінеді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 млн 500 мың – б.з.б. 40-35 мың жыл аралығын қамтыған (2011 жылғы баспада б.з.б. 2 млн 600 мың – б.з.б. 40 мың жыл аралығы деп көрсетілген). Кейінгі тас ғасыры б.з.б. 40-12 мың жыл аралығын қамтиды. Ерте және кейінгі палеолит аралығындағы орта тас ғасырының мерзімі – б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы.
Ерте палеолит 3 кезеңнен тұрады.
1) Олдувэй – б.з.б. 2,6 млн – 800 мың жылдар.
2) Ашель – б.з.б. 800-140 мың жылдар.
3) Мустье – б.з.б. 140-40 мың жылдар.
Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылды. Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштар шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.
Адамдар тобы біртіндеп туысқандардың ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл “саналы адамның” шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында барлық жұмыстарды аналар атқарып, ұжымдағы аналар беделі артты. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Жер, баспана, еңбек құралдарына ортақ меншік болды.
Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді. Оған ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Жалпы жиналыста сайланған ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Рулық бірлестіктерді көсемдер басқарды.
Шақпақата (Маңғыстау) және Арыстанды (Қаратау) тұрақтары ерте тас ғасырының ең көне ескерткіштері болып есептеледі. Cебебі бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар.
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісінің бірі – Батпақ тұрағы. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метр тереңдіктен табылған. 300-ге таяу тас қырғыштар қазып алынды. Тұрақтың жасы – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл. Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылған.
Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу. Үшкіртастарды тас жарықшақтарынан жасап, ұштарын ретушь әдісімен өңдеп өткірлеген. Қырғыштардың жүзін де ретушьпен өңдеген.
Адамдардың тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Тас дәуіріне жататын Жамбыл облысындағы Бөріқазған және Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құралдар табылды.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан табылған тас құралдар саны:

  2. Палеолит дәуіріндегі тас құралдарды өңдеу әдісі:

  3. Батпақ тұрағы табылған аймақ:

  4. Ерте палеолиттік тұрақтардың ең көнеcі:

  5. Рулық қауымдағы даулы мәселелерді шешті:

  6. “Саналы адам” кезіндегі туысқандық ұжым:

  7. Шығыс Қазақстаннан табылған кейінгі палеолиттік тұрақ:

  8. Ұзаққа созылған тарихи кезең:

  9. Палеолит неше кезеңге бөлінеді:

  10. Кейінгі палеолит қай мыңжылдықтарды қамтыды:

Орта тас ғасыры (мезолит)


Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит дәуірінің басты жаңалығы садақ пен жебе болып есептеледі.
Бұл дәуірдің үлкен жаңалығының бірі — ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал (микролит).
Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.
Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырып құрылып, үстінен аң терісін жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын осындай баспана табылды.
Б.з.б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда жылы үй салу аса қажет болмады.
Палеолиттің соңы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер жүріп жатты. Жер бетін басқан алып мұздық еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады. Мезолит дәуірі б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктерді еге бастады. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты.
Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары (инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан, садақ атудан, ал қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.
Егіншіліктің шығуы әйелдер еңбегіне байланысты болған. Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты, кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егінді оратын тас орақты және дәнүккішті жасады.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болған шаруашылық:

  2. Балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы:

  3. Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:

  4. Мезолитте болған үлкен климаттық өзгеріс:

  5. Аңшылардың жеңіл қос секілді баспаналары болған кезең:

  6. Қазақстан жерінде археологиялық ескерткіштер аз табылған кезең:

  7. Садақ, жебе, микролиттің пайда болуы басты жаңалық болған дәуір:

  8. Мезолит дәуірінде қауым қандай топтарға бөлінді:

  9. Мезолит дәуіріне жататын тұрақты көрсетіңіз:

  10. Орта тас ғасыры (мезолит) қай мыңжылдықтарды қамтиды:

  11. Қай кезеңде ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты:

Жаңа тас ғасыры (неолит)


Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді. Жер өңдеудің қарапайым түрін меңгеріп, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен өндіру және тоқымашылықпен айналыса бастады. Сонымен, неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.


Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған ұштар мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мұндай құралдарға жебе мен найза, жүзі өткір тастардан жасалған пышақ пен орақтар жатады. Құрамалы құралдар екі түрлі материалдан құрастырылып, құралдың ұшы немесе жүзі ұсақ өткір тастан жасалған.
Неолиттік тұрақтар мен қоныстар еліміздің аумағында көптеп кездеседі. Олардың жалпы саны 500-ден астам. Неолиттік тұрақтар адамдар уақытша және ұзақ уақыт аралығында тұрақты өмір сүрген қоныстар болып екіге бөлінеді.
Ежелгі адамдардың негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты болып, жайылымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар олардың соңынан жылжып көшіп отырған. Сондықтан мекендердің көпшілігі уақытша болған.
Неолиттік тұрақтар: Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая Балка (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Бұл тұрақтар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан және жаңа тас ғасырының соңғы кезі – б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты. Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра (керамика) жасауды біліп, ыдыстарға өрнектер салған. Сондықтан бұл дәуірді “қыш құмыралар заманы” деп атайды. Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады.
Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген. Бұл о дүниеге деген сенімнің болғандығын білдіреді.
Қызылорда облысында орналасқан Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған. Тұрақтан қой мен сиырдың (80 пайыз) және жабайы жылқылардың қаңқалары табылды. Бұл тұрақтың тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен айналысқан.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Құрамалы құралдар жасау шыққан кезең:

  2. Қазақстан аумағындағы неолиттік тұрақтар саны:

  3. Неолиттік тұрақтардың ең көнесінің мерзімі:

  4. Б.з.б. 5-3 мың жылдық аралығын қамтитын кезең:

  5. Неолиттік адамдардың жерлеу дәстүрі:

  6. Маңында су қоймасы болған неолиттік тұрақ:

  7. Өнім өндіру шыққан кезең:

  8. Неолит дәуіріне жататын Пеньки тұрағы Қазақстанның қай аймағынан табылды:

  9. Неолит дәуірінің негізгі жаңалықтарының бірі қандай:

  10. Жезқазған өңірінен табылған неолиттік тұрақтар саны:

  11. Неолит кезеңіне жататын Қазақстан аумағынан қанша тұрақтар табылған:

Мыс – тас ғасыры (энеолит)

Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.


Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.
Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.
Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Шебір тұрағы табылған жер:

  2. Энеолит дәуіріндегі ірі өзгерістер:

  3. Энеолиттік тұрақтар:

  4. Ежелгі адам металдан жасалған құралдарды игере бастады:

  5. Энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші:

  6. Мыс-тас ғасыры (энеолит) қай мыңжылдықты қамтиды:

  7. Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы қанша гектар жерді алып жатыр:

  8. Энеолит дәуіріне жататын қай тұрақтан теңіз маллюскаларынан жасалған моншақ табылды:

  9. Энеолит дәуірінде қайтыс болған адамды қалай жерлеген:

  10. Аталық ру қай дәуірде орнай бастады:

  11. Энеолит кезеңіне жататын Ботай ескерткіші Қазақстанның қай аймағынан табылды:

  12. Энеолит кезеңіне жататын Ботай тұрағының мерзімін көрсетіңіз:

Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі


Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.


Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.
Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырды. Ежелгі адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Сол жануарларды ата тегіміз деп сиынған.
Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттер жасаған. Магиялық әрекеттер – құлшылық етіп сиыну, құрбандық шалу, қорғайды деген түсінікпен тұмар тағу.
Сонымен бірге, адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болған. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеген.
Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен, адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.
Өте ерте заманда өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс – қанның түсі. Ертедегі адамдар қан жанмен байланысты екенін білген.
Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін салған.
Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Жүгіріп жүрген еліктің бейнесі жасалды:

  2. Алғашқы қауым суретшілері жиі бейнеледі:

  3. Қанның жанмен байланысты екендігіне деген сенім:

  4. Неандертальдықтардың адамды жерлеу ғұрпы:

  5. Магиялық әрекеттерге жатады:

  6. Адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер, табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ең көне сенім:

  7. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған зат:

  8. Тасқа түсірілген суретті хат:

  9. Ежелгі адамдардың түсінігіне тән сенімді белгілеңіз:

  10. Ежелгі адамдар не үшін құрбандық шалған:

  11. Ежелгі адамдардың суреттерінде шұбар ат ненің белгісі болған:

  12. Неандертальдықтар өлімді қалай түсінген:

Қола дәуірінің негізгі сипаты


Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Адроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды.
Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.
Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болды. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын жерлерде орналасқан.
Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған. Шытынап, уатылған кенді тас және қола қайланың, ағаш сынаның көмегімен опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.
Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің әсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады.
Академик В.П.Алексеевтің берген сипаттамасы: "Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған".
Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды.
Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді.
Петровка мен Боголюбов қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған.
Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат күштеріне табынған.
Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер, билеген адамдар салынған.
Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Қола дәуірінің хронологиялық шеңбері:

  2. Кенді қорыту үшін салынды:

  3. Қола дәуіріне жататын металл кеніштері табылған аймақ:

  4. Андрондықтардың басты кәсібі:

  5. Қола дәуірінің ең алғашқы қалаларының бірі:

  6. Андрондықтардың баспаналары:

  7. Қола дәуірінің мәдениеті:

  8. Еліміздің аумағында қола дәуірі басталды:

  9. Қола дәуіріне жататын, Орталық Қазақстаннан табылған қоныстар саны:

  10. Андрондықтардың бет-бейнесін сипаттаған антрополог-ғалым:

  11. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі:

  12. Кенді опыруға арналған құралдар:

  13. Андрондықтардың жерлеу ғұрпы:

  14. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылған жер:

  15. Петровка қонысы орналасқан аймақ:

Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер


Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірінің тайпалары рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрген. Кейінгі қола дәуірінде басталған алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы уақыт өткен сайын күшейе түскен. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі арта түсті. Қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы орныға келе, әлеуметтік теңсіздік туды.


1946 жылы Әлкей Марғұлан бастаған археологиялық экспедиция қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады. Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекендерінен көптеген қола ескерткіштері табылды. Кейінгі қола дәуіріне жататын бұл кезең Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталды.
Бұл мәдениетте үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленетін зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болған.
Қауым мүшелерінің арасынан малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Жеке меншік – малға, ал жерге – қауымдық, рулық меншік болды.
Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар кездеседі. Оны әйелдер самай шашына қыстыратындықтан, самай сырға деп аталады.
Сонымен бірге, андрондықтар әр түрлі жыртқыш аңдардың тісінен мойындарына тұмарша таққан.
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келген. Құмыраларда тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.
Мал басының артуына байланысты жайылым жиі ауыстырылды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге көшіп отыруға мәжбүр етті. Осыдан жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Қоныстар малшылардың қыстауына, егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды.
Тебіндеп жайылуға байланысты қой мен жылқы саны артып, ірі қара азайды. Қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан алысқа көшіп бағу әдісіне әкелді. Мал шаруашылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-көлік ретінде пайдаланудың орны ерекше болды.
Қола дәуірінің қоныстары өзен-көлдердің жағасында орналасты. Қоныстар 5-10, кейде 20 шақты үйден тұрған. Үйлердің аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін жетті.
Қола дәуірінің соңына қарай қола мен мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Мало-Красноярка (Шығыс Қазақстан), Алексеев (Батыс Қазақстан), Степняк (Солтүстік Қазақстан) қоныстарынан және Жетісудан қола, мыс орақтар табылды.
Қола дәуірінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары – абыздар пайда болды. Абыздар рудың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады. Андрондықтар қайтыс болған адам келесі бір дүниеге ауысады деп ойлаған. Сондықтан жерлегенде қару-жарақ, еңбек құралдарын қоса көмген.
Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Қоныстың тұрғындары үй маңындағы бақташылықпен, кетпенді-теселі егіншілікпен айналысқан.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Қола шалғы табылған жер:

  2. Қола дәуіріндегі жоғары дінбасылары:

  3. Жетісу жерінен табылған қола дәуірінің егіншілік құралы:

  4. Андрондықтардың қоныстары орналасты:

  5. Тебіндеп жайылуға байланысты көбейген мал түрі:

  6. Жайылымды жиі ауыстыруға байланысты шыққан шаруашылық:

  7. Ернеуі тік, бүйірі шығыңқы қыш құмыралар кездесетін мәдениет:

  8. Бір жарым орамды алтын бұйым атауы:

  9. Жеке меншік пайда болған дәуір:

  10. Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген энциклопедист-ғалым:

  11. Андрондықтардың қоғамдық құрылымы:

  12. 1100 тонна қалайы шығарған Нарым, Қалба кен өндіру аймақтары қай кезеңге жатады:

II БӨЛІМ. ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН. КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Адамдар жылқыны азық және мініс көлігі ретінде пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді әрі қыста тебіндеп жайылады, шөпті қар астынан тұяғымен аршып алады. Металл ауыздықтың шығуы жылқыны міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Ендігі жерде атқа мінген бақташы малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.


Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйе өсірудің маңызы зор
болды. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Түйе жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Солтүстік аймақта сиыр, ал оңтүстікте қой көп өсірілді.
Қазақстан далаларында б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасынан егіншілікпен шұғылданудың тиімсіз екендігі белгілі болды. Табиғатта құрғақшылық күшейіп, жауын-шашын азайды. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Далалықтар көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Егіншілікпен айналысу тиімсіз болды:

  2. Түйе малы көп өсірілген аймақ:

  3. Көшпелілердің суыққа төзімді, тебіндеп жайылатын малы:

  4. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептері:

  5. Жылқыны қолға үйретуге қандай жағдай әсер етті:

  6. Не себепті кейінгі уақытта көшпелілер арбамен көшуден бас тартты:

  7. Қазақстанның қай аймағында көшпелі шаруашылықпен қатар егіншілікпен айналысты:

  8. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептерінің бірін көрсетіңіз:

  9. Қойды бағу несімен қолайлы болды:

  10. Қандай шаруашылық бақташылықтың пайда болуына әсер етті:

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі


Көшпелілер жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге көшіп жүрген.


Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халық жиналысы өткізіліп, ру мен тайпаның маңызды мәселелері шешілген.
Қыстау – жылы қоралары бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал қыстауда төлдетіледі.
Көктеу – қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және мал төлдеп жатқан кездегі қора маңындағы жайылым.
Көктеу шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеуде ежелгі мереке – Наурыз мейрамдалған. Бұл мереке бұдан 3000 жылдай бұрын пайда болған. Көктемгі және күзгі жайылымдарда қой мен түйе қырқымы жүргізілген.
Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Жайлауда үйлену тойы, әр түрлі ойын-сауық, ат жарысы, күрес өткізілген және жыршылардың жыры, ақындар айтысы тыңдалған. Қысқы азық-түлік әзірленген.
Көшпелі мал шарушылығының бірнеше түрі болған.
Таза көшпелі тұрмыс – еліміздің батысы мен орталық аудандарында қалыптасқан.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Қазақстанның шығысында, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында дамыды.
Отырықшылық – оңтүстіктегі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында болған.
Киіз үй екі бөліктен – ағаш қаңқадан және жабуға арналған киізден құралған.
Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің негізі, уық – керегеге байланып, шаңырақты көтеріп ұстап тұратын бөлігі, шаңырақ – дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалған төбесі. Көшпелілер киіз үй ішіндегі ошақты киелі санаған.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Киіз үйдің негізгі бөлігі:

  2. Батыс және Орталық Қазақстанда қалыптасқан шаруашылық түрі:

  3. Жайлаудағы мал жаю тәсілі:

  4. Наурыз мейрамы пайда болды:

  5. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон түрлері:

  6. Қыстау дегеніміз:

  7. Көшпелілердің негізгі баспанасы:

  8. Қанша үй ауылды құраған:

  9. Қай жайылымда малды алысқа шығарып жаятын болған:

  10. Киіз қандай негізі 2 бөліктен құралған:

Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар).


Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген. Олардың оңтүстігінде хаумаваргалар қоныстанған.
Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар” (арбада тұрғандар) деп атаған.
Б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп атаған. “Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.”
Тиграхауда сақтары (шошақ бөріктілер) Жетісу, Тянь-Шань таулары, Сырдарияның орта ағысын мекендеген. Жетісу алқабы олардың жиі қоныстанған орталығы болған. Шошақ бөрікті сақтар осы күнгі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Сақтар – б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Cақ тайпаларының атауының мағынасы әр түрлі болып келеді. Парсы жазбаларында – құдіретті еркектер, иран жазбаларында – жүйрік атты турлар, грек жазбаларында – азиялық скифтер деп аталады.
Грек деректерінде сақтарды “дайлар” деп атау кездеседі. Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, исседондар, аргиппейлер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстігін, Солтүстік және Орталық аймақтарын қоныстанған.
Темір дәуірі б.з.б. 8 ғасыр мен б.з. 6 ғасыры аралығын қамтиды.
Ол екіге бөлінеді: ерте темір дәуірі ( б.з.б. 8 – 3 ғасырлар ) және кейінгі темір дәуірі (б.з.б. 3 ғасыр – б.з. 6 ғасыры).
Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Рулар үлкен тайпаларға бірігіп, тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды. Мысалы сақ, сармат, ежелгі үйсіндер мен қаңлылар және ғұндардың тайпалық одақтары пайда болды.
Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру-тайпалардың ішкі-сыртқы қатынастары алғашқы мемлекеттердің пайда болуын туғызды.
Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар:

  2. Темір дәуірінің кезеңдері:

  3. Сақтарды “дайлар” деп көрсететін дерек:

  4. Сақтардың Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен мерзімі:

  5. Тиграхауда сақтары қоныстанған аймақ:

  6. Геродот жазбаларындағы сақтардың аталуы:

  7. Сақ қоғамында қызыл және сары-қызыл түсті киім киетіндер:

  8. Арал маңын мекендеген сақ тайпалары:

  9. Сақ тайпалары бөлінді:

  10. Сақ қоғамы қандай үш топқа бөлінді:

  11. Сақ қоғамында хан қалай сайланып отырды:

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ерте заманда кеншілер темірді арнайы пеш-көрікпен өндірген. Тастан немесе шикі саз балшықтан салынған пештің астынан ауа үрлейтін көрік орнатылды. Пештің ішіне бірнеше қатар етіп салынған отын мен кен тасын қалап, отынды тұтатып, көрікпен ауа үрлеген. Темірдің шала қорытылған қиыршықтарын бөліп алып, төске салып, балғамен соғып, сом темір алған. Геродоттың мәліметінше, сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған. Қатты суық болғанда ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылды. Бұдан басқа шикі кірпіштен салынған үйлері болған. Мал өсіруші көшпелі сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болды. Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды. Жылқыны мініс көлігі ретінде қолданды. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген. Қойдың жүні киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүні пайдаланылды. Сақ малшылары өркешті түйе өсірген. Көшкенде түйені күш-көлік ретінде қолданған. Сақтар ауа үрлейтін көрікпен пештің ең жоғары температурасын 1200 градусқа жеткізген. Кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін 1530 градус температура қажет. Сондықтан темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана алуға мүмкіндік болған. Сақтардың соғысқа және аңшылыққа арнап күймелер жасаған. Күймелер екі доңғалақты және доңғалақтарының құрылысы әр түрлі болуымен ерекшеленген. Соғыс күймелеріне аттар жегілген. Жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйреген.
Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Сақтар соғысқа арнап не жасады:

  2. Көрік арқылы пештің температурасы жеткізілді:

  3. Сақтардың негізгі шаруашылығы:

  4. Сақтардың қыс кезінде тұратын баспанасы:

  5. Ерте замандағы темірді өндіру тәсілі:

  6. Шірік-Рабат қонысы қайда орналасқан:

  7. Алматы маңынан табылған сақтардың құрбандық табағын көрсетіңіз:

  8. Қай ежелгі тарихшының айтуынша сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған:

  9. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын сақтар қалай көшіп отырған:

  10. Сақтарда балық аулау кәсібі қай аймақтарда жақсы дамыған:

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың торына түсіп, қаза табады.
Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:
“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.
Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.
Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.
Б.з.б. 4 ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.
Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.
Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Парсы патшасы Дарийдің сақтарға шабуылдаған жылы:

  2. Дарийдің əскерін шөл далаға апарып қырған сақ малшысы:

  3. Сақ патшайымы Томирис туралы “әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” - деп жазған Рим тарихшысы:

  4. А.Македонский сақтармен соғысты:

  5. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті бастаған сақ батыры:

  6. Марафон шайқасында сақтар кімдермен бірігіп соғысты:

  7. Бехистун жазбаларындағы дерек:

  8. “Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шықты” - деп жазған тарихшы:

  9. Парсылармен соғыста қаза тапқан Томиристің баласы:

  10. Кир қайтыс болғаннан кейін парсылар сақтарға қанша жылдан кейін қайтадан шабуыл жасады:

Сақтардың мәдениеті
Б.з.б. VII ғасырдан бастап “аң стилі” пайда болды. “Аң стилінің” негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған.
Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға “өмір ағашы” дейтін арыстан бейнесі тараған.
Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак-сақтардың астанасы Шірік-Рабат орналасқан. Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.
Есік обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.
Есік обасына 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты “Алтын киімді адам” - деп аталды.
Сақ ханзадасының жанынан семсер, қанжар-акинак, алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен апталған қола теңгелер, мөр-жүзік табылды. Барлығының саны – 4000-нан астам.
Алматының күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр.
Бәбіш-Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді.
Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан Бесшатыр қорымы 31 обадан тұрады. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Қорым б.з.б. 5-4 ғасырларға жатады.
Ғалымдар үлкен Бесшатыр обасын “патша” қорғандары деп атайды. Себебі бұл обаларда патшалар, даңқты адамдар жерленген.
Оба үйіндісінің айналасындағы тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар – менгирлер орнатылған. Кейбір менгирлерге қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашалып салынған.
Сағана 3 бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесі. Сағананың қабырғасы 16 қатар бөренеден қиып салынған.
Жетісу сақтарының кіші обалары қарапайым адамдардың қабірлері болып есептеледі. Сақ дәуірінің бас кезінде қола кезіндегі сияқты мәйітті тас сандықшаларға, кейін жер қабірге жерлеген.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Үлкен Бесшатыр обасының атауы:

  2. Бесшатыр обасындағы ірі тас бағандар атауы:

  3. Бесшатыр сағанасының бөліктері:

  4. Бесшатыр қорымындағы обалар саны:

  5. Тұрғындары егіншілікпен айналысқан сақ қаласы:

  6. Алматының күншығысында орналасқан қорған:

  7. Есік қорғанынан табылған бұйымдар саны:

  8. Есік обасынан табылған “Алтын адам”:

  9. 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша табылған оба:

  10. Апасиак-сақтардың астанасы:

  11. Сақтарға “аң стилі” өнері тарады:

  12. Б.з.б. 7 ғасырдағы сақ өнері:

  13. Сақ дәуірінің бас кезінде мәйітті жерледі:

Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер Жетісуда шоғырланған. Бұл мәдениет 700 жылдай уақыт өмір сүрген. Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері б.з.б. 3 ғасыр – б.з. 4 ғасыры аралығын қамтиды.


Қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап үйсін атауы кездеседі. Үйсіндерді “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” - деп сипаттаған. Халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құралған деп жазылған.
Үйсіндердің ордасы – Қызыл-Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол Ыстықкөл мен Іле өзенінің аралығында орналасқан. Үйсіндер шығысында Бесбалық, батысында Шу және Талас өзендері, Қаратаумен шектеседі.
Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. “Усунго”, “Синго” cөздері көшпелі мемлекет деген ұғымды білдіреді. Басшысы – Гуньмо. Тайпа көсемдері “бек” деп аталады.
Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдарды құлға айналдырған. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылған.
Бай үйсіннің 4-5 мың жылқысы болған. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін таңба салған.
Әр түрлі заттарға салынған таңба-мөрлер жеке меншіктің болғанын дәлелдейді. Жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да тараған. Көсемдер: “менің жайылымыма ешкім мал жаймасын” - деп жеріне басқаны жолатпаған.
Балшық және тас мөрлерді қатардағы адамдар қолданған. Билеушілер мен әскербасыларда, бай адамдарда алтын және мыс мөрлер болған. Мөрмен немесе таңбамен малдарды белгілеген.
Жеке меншіктің шыққаны, мүлік теңсіздігінің болғаны зираттардың көлемінен де байқалады. Үлкен обаларға бай адамдарды бағалы қарулары, ыдыстарымен бірге көмген.
Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қатынасын жасаған. Көршілерімен қандай қатынаста болғандығы туралы мынадай деректерден білеміз: “Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Шығысында Ғұндармен, солтүстік-батысында Қаңлымен, батысында Дауаниямен, оңтүстігінде әр түрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды”.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Б.з.б. 3 ғасырдан б.з. 4 ғасыры аралығын қамтитын Жетісудағы мәдениет:

  2. Үйсін атауының қытай жазбаларында кездескен уақыты:

  3. Үйсіндердің ордасы:

  4. Үйсіндердің басшысы:

  5. Үйсіндерде құл еңбегі пайдаланылды:

  6. Үйсін қоғамында жеке меншік болғанын айғақтайтын белгі:

  7. Үйсіндер қауымында балшық пен тастан жасалған мөрлерді қолданды:

  8. Үйсіндерде үлкен обаларға кімдер жерленді:

  9. Үйсіндермен тең құқықты дәрежеде қарым-қатынаста болған ел:

  10. Үйсіндер қоғамында "бек" деп кімдерді атаған:

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Ертедегі деректерде үйсіндер “ағаш егіп, қалалар мен елді мекендер салған” - деп жазылған. Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының маңында орналасқан. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазба жұмысын жүргізген археологтар бірнеше көне қаланың орнын тапты.


Үйсіндердің қоныстарында 4-5 үй бір ауылды құраған. Қонысқа жақын жерлерде ру және әулеттің зираты орналасқан.
Үйсіндердің тұрақты үйлері тау бөктерлеріне салынды. Қысқы үйлері шикі кірпіштен және тақтатастан қаланған. Үйдің едені балшықпен сыланып, үйді жылытатын жер ошақ ортаға салынды.
Үйсіндер жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді. Археологтар арнайы шырақ жағатын табақ пен құрбандық ыдыстарын тапқан, қыш ыдыстарға күннің суреті салынған.
Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Теріден күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киімдер тікті. Бұдан басқа тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан және сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыған. Мата тоқу үшін тоқыма кермесі қолданылған. Ағаш ұсталары қайыңнан астау, табақ, тостаған, ожауды ойып істеген.
Үйсін әйелдері саз балшықтан ыдыстар жасаған. Жасау тәсілі екі түрлі болған: арнайы ұршықшамен және құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру.
Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі – 20 метр, биіктігі – 2 метрге жуық. Үйсіндер мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қабірде жерлеген. Ежелгі үйсіндер өлген адам қайта тіріледі деп ойлаған. Сондықтан адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады деген бұйымдардың бәрін бірге көмген.
Ақтас қыстауы төңірегінен аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген егіс танабының орны анықталды. Сонымен бірге тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды. Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан.
Далалықтар былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояған. Бұл кәсіппен көбінесе, әйелдер айналысты. Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды.
Үйсін қоғамында зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері өркендеді. Ақтас қорымынан осындай зергерлік өнердің тамаша үлгісі табылған.
Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Үйсіндердің зергерлік өнерінің тамаша үлгісі табылды:

  2. Үйсін әйелдерінің көбінесе айналысқан шаруашылығы:

  3. Ақтас қонысы төңірегінен табылды:

  4. Жетісу үйсіндерінің жерлеу дәстүрі:

  5. Үйсіндер қауымында саз балшықтан ыдыс жасаушылар:

  6. Үйсін қоғамындағы жақсы дамыған кәсіп:

  7. Ертедегі үйсіндердің діни сенімі:

  8. Үйсіндердің қысқы үйлер салынды:

  9. Үйсіндердің әулеттік зираттары орналасты:

  10. Үйсін қаласының орны табылды:

Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы
Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.
Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданылды. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді.
Арыстың сол жағалауында 100 шаршы шақырым аумақта 20 шақты төбе жатыр. Соның бірі – Көк-Мардан қаласының орны. Бұл жерден табылған үй балшықтан соғылып, пешпен жылытылған. Үйдің екінші бөлмесі – қоймада құмандар және тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ сақталған балшық кеспектер орналасқан. Ошақ қасынан дәнүккіштер мен диірмен табылды.
Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген.
Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады.
Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысына сүйенеді. Сондай қазба жұмыстарының бірі – Жетіасар ескерткіштерінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр.
Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен.
Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр.
Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады.
Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қонысынан б.з. 1 мыңжылдығының алғашқы жартысына жататын қала орны табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады.
Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.
Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған.
Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған.
Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жылдан астам бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б. 3-2 ғасырлар – б.з. 5 ғасыры аралығында өмір сүрген.
Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған.
Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген.
Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы) болған деп көрсетілген.
Б.з.б. 6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” - деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.
Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.



  1. Қаңлылар туралы “Канха “сөзі кездесетін ежелгі Иран кітабы:

  2. Қаңлы тайпалар одағындағы адам саны:

  3. “Тарих жазбаларын” жазған:

  4. Б.з.б. 3-2 ғасырлар – б. з. 5 ғасыры аралығында өмір сүрген тайпалық одақ:

  5. Қаңлылар бақылауға алған сауда жолы:

  6. Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілері:

  7. Арыс пен Талас өзендері, Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүрген тайпа:

  8. Қаңлылар жеріндегі Қостөбе қонысынан табылды:

  9. Сырдарияның орта ағысына таралған мәдениет:

  10. Қаңлылар б.з.б. 46-36 жылдары көмектесті:

  11. Жетіасар мәдениетінің таралу аймағы:

  12. Қаңлы мәдениеттері бөлінеді:

  13. Қаңлылар туралы алғаш рет жазылған деректер:

  14. Арыс өзенінің сол жағасында орналасқан қаңлы қаласы:

  15. Қаңлыларда құл еңбегі қолданылды:

  16. Қаңлы елі неше иелікке бөлінген?

  17. Қаңлылардың астанасы:

  18. Қаңлылар астанасын көрсетіңіз:

  19. Қаңлы тайпасында көсемдердің билігі беріліп отырған жүйе:

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ежелгі Құлата қаласының орнынан 50 гектар жерді алып жатқан металл өңдеудің ірі орталығы табылды. Кенді балқыту үшін дөңгелек және төрт бұрышты пештер пайдаланылды. Бұл пештер кен өндіретін орындарға жақын орналасқан.
Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған. Металл өндірісінің орталығы Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Бұл аймақта алтын, күміс, темірді өндіру және өңдеу кәсібі дамыған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілікке қолайлы жерлерде қаңлылар отырықшы тіршілік еткен. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Cырдария аңғарларында дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілді. Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.
Егістікті суару үшін Шыршық өзенінің оң жағалауында 20 шақырымдық Зах каналы, сол жағалауынан Ханарық арығы қазылды. Қаңлыларда тәлімді егіншілік басым болған. Астықты арнайы қыш көзелер мен ыдыстарға салып, ұра-шұңқырларда сақтаған.
Қаңлы елінің жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан қаңлылар бірқатар елдермен сауда қатынасын жасаған. Отырар ескерткішінен Балтық бойынан әкелінген кәріптастан (янтарь) жасалған моншақ табылды. Сирияның көгілдір фаянсынан тізілген моншақтар Жетіасар, Отырар, Ташкент алқаптарындағы қабірлерде кездеседі.
Зерттеушілер Сырдария аймағынан б.з.б. 3-4 ғасырларда соғылған 1300 теңге тапты. Отырар алқабындағы Мардан қорымдарынан б.з.б. 2 ғасырға жататын Қытай теңгелері табылды.
Қаңлылар Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.
Сырдария мен Арал аймақтарындағы ескерткіштер арасында Қара теңіз бойынан, Ираннан, Сириядан, Үндістаннан, Қытайдан әкелінген заттардың кездесуі қаңлылардың сауда қатынасының жақсы өрістегенін білдіреді.
Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.
Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.



  1. Қаңлы әйелдері арасында жақсы дамыған кәсіп:

  2. Қаңлылардың Ұлы Жібек жолы бойында бақылап отырған бағыты:

  3. 1300-дей теңгелер табылған аймақ:

  4. Қаңлы жеріне Балтық бойынан әкелінген әшекей бұйым:

  5. Зах каналы қазылды:

  6. Қаңлыларда отырықшы шаруашылық дамыған аймақ:

  7. Шаш-Илақ аймағында дамыған шаруашылық түрі:

  8. Қаңлы жеріндегі металл өңдеудің ірі орталығы:

  9. Мардан қорымынан табылған Қытай теңгелері қай ғасырдан бері пайдаланылған:

  10. Қауыншы мәдениетінде адамдарды қалай жерлеген:

Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.
Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.
Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын.
Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.
Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.
Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді.
“Көрші ел Дунху елшілері ғұндарға келіп, алғашқыда Мөденің ең жақсы атын беруді талап етеді. Мөде сүйікті атын беруді бұйырады. Елшілер екінші рет келіп, Мөденің сұлу әйелін беруді талап етеді. Мөде әйелін беріп жібереді. Елшілер үшінші рет келіп, шекаралық біраз жерді беру талабын қояды. Бұл жер мал жаюға қолайсыз, бос жатқан жер болатын. Мөде ашуланып: “Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” - деп Дунхуға шабуылдайды. Оларды талқандап, аумағын өзіне қосып алады”.
Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.
Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.
Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған.
Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Қытай билеушісі жыл сайын көшпелілерге жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған.
Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: “ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші елдерге шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…” - деп жазылған.
Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Мөде шаньюйдің жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды.
Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды.
Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады.
Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды.
Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды.
Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Ғұн тайпалары көшуінің екінші толқыны басталды:

  2. Cолтүстік ғұндардың көшіп-қонуға мүмкіндік алған жері:

  3. Ғұн мемлекеті екіге бөлінді:

  4. Мөде тұсындағы ғұн мемлекетінің аумағы:

  5. Ғұндар кезеңі:

  6. Ғұндардың күш-қуаты туралы жазылған дерек:

  7. Ғұндарға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болған мемлекет:

  8. Ғұндардың Қытаймен соғысы созылды:

  9. Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген тайпалық бірлестік:

  10. ”Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” - деп айтқан билеуші:

  11. Ғұн державасының пайда болған мерзімі:

  12. Ғұн мемлекеті қанша қанатқа бөлінді:

  13. Ғұн империясының басқару тобы құралды:

  14. Ғұн мемлекетіндегі шаньюйден кейінгі басты тұлға:

  15. “Ғұн” атауы пайда болды:

  16. Ғұн мемлекетінің б.з.б. 209 жылы пайда болғандығы жөнінде жазған шығыстанушы ғалым кім:

  17. Қытайдың Хань әулетін б.з.б. I ғ. ортасына дейін бағындырған тайпаны көрсетіңіз:

Халықтардың ұлы қоныс аударуы

448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның келбетін сипаттап жазды: “Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды”.


Аттиланың замандасы ол туралы естелік қалдырған: “Таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақтанды”.
Ғұндардың жорықтарда жеңу себептері әскери техникалық басымдылығына байланысты болды. Ғұн әскерінің негізгі құрамы – шапшаң атты әскер. Олар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолданды. Жылжымалы, жақсы бекіген қамалдардың үстінде садақшылар тұрып, оқ жаудырған.
А.Марцеллин ғұндардың жауынгерлік қасиетіне ерекше тоқталды. “Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді”.
Византия елшісі Прииск ғұндар туралы біраз дерек қалдырған. “Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді”. Келесі бір дерегінде: “әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына тартады” - деп жазған.
Ғұндардың жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деген оқиғамен белгілі. Ғұндар Қазақстан және Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді.
5 ғасырдың 30-жылдары Аттила (Еділ) Румыния мен Венгриядағы ғұндарды қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннонияны, Мезияны басып алды. Кейін Франция жеріне өтті. Ғұн империясы Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті.
Аттила әскері 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктердің, франктердің біріккен күштерімен шайқасты. 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, француз, итальян тілдерінде туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди “Аттила” операсын жазды. Қазақ халқы оны Еділ деп атайды.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Аттила туралы еңбектер қай кезеңнен бастап жазыла бастады:

  2. Каталаун шайқасы болған жыл:

  3. Рим империясына қауіп төндірген билеуші:

  4. “Халықтардың ұлы қоныс аударуын” бастаған тайпа:

  5. Өзінің деректерінде ғұндарды бейбіт халық ретінде сипаттаған шежіреші:

  6. Ғұндардың жауынгерлік қасиетін ерекше сипаттаған:

  7. Ғұндардың жаулаушылық жорықтарда жеңу себептері:

  8. “Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақтанды” - деп жазған:

  9. Аттила (Еділ) туралы құнды дерек қалдырған Византия елшісі:

  10. Византия елшісі Прииск қай жылы Аттиланың сарайына барады:

Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

Ғұндар егіншілікпен де айналысқан. Олардың үйлерінен астық сақтайтын ұралар табылды. Ал еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездеседі.


Ғұн шеберлері ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан жасаған. Cүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.
Аммиан Марцеллин ғұндар туралы: “Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық-суыққа, шөлге үйренген” - деп жазған.
Ғұндар – көшпелі патриархалды ел. Билеушісі – шаньюй, билік мұрагерлікпен қалдырылып отырған. Ғұндарды ақсақалдар кеңесі басқарған. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген, ұсақ қылмыстар үшін бетін тілу жазасы берілген.
Көшпелілер алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғалымдар б.з.б. 7 ғасырға жататын безендірілген алтын заттар тапқан. “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған.
Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған.
Ғұндар көшпелі өмір сүрген. Римдіктер мен гректерге ғұндардың өмір салты өзгеше болып көрінген. Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әр түрлі көзқарасты кездестіруге болады.
Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин: “Ғұндар төзімді келеді. Күні-түні ат үстінен түспейді, сауда-саттығын да ат үстінде жүріп жасайды, ат үстінде ішіп-жейді, ат үстінде қалғып ұйықтайды, тіпті түс де көреді” - деп сипаттап жазған.
Ғұндардың қалалары болған. Прииск ғұн әмірінің сарайының әсемдігі туралы жазды: “Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Биік мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр”.
Приискіні Аттиланың сарайындағы аппақ тастан қаланған монша ерекше таңғалдырған.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Ғұн жерінде Приискті ерекше таңғалдырды:

  2. Ғұндарды “күні-түні ат үстінен түспейді” - деп сипаттаған:

  3. Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу тәсілі:

  4. Көшпелілердің алтын әшекей жасаудағы жетістігі:

  5. Ғұн қоғамының құрылымы:

  6. Ғұндардың төзімділігі туралы жазған рим тарихшысы:

  7. Ғұндардың сұйық тағамдарға арналған ыдыстары жасалды:

  8. Ғұндардың астықты сақтайтын орны:

  9. Ғұндардың билеушісінің титулы:

  10. Полихромды стиль дегеніміз:

Сармат тайпаларының орналасуы

Конспект


“Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары Диодор, үлкен Плиний, Полибий жазған. Геродот жазбаларында савроматтарды скиф тілінде сөйлеген дейді.
Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында, негізінен Жайық пен Елек, Жем өзендерінің бойында кездеседі.
Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Босфор мемлекетімен байланыс орнатқан. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жорықтар жасаған.
Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде жерлеу орындарымен қоса, аруақтарға арнап ас беруге және мінажат жасауға арналған ғибадатханалар кездеседі. Ғибадатханаларда құрбандық шалатын тас үстелдер және саны 30-40-қа жететін діңгек тастар орнатылған. Бұл жерден от жағылған орындардың белгісі жиі ұшырасады. Осыған қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі болған.
Геродот пен парсы патшасы Ксеркс өз жазбаларында Арал-Каспий теңіздерінің аралығында б.з.б. 1-мыңж. ортасында өмір сүрген тайпалар туралы жазған. Бұл тайпаларды дах (дай, даг), сақ-массагет деп атайды.
Дайлар бірнеше ру-тайпадан тұрған. Б.з.б. 248-24 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның бір бөлігін және Гирканияның шеткі аймақтарын басып алды. Олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған.
Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы Сарықамыс-Құлсары аралығында саз топырақты төбешіктер табылды.
Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Жайық , Елек, Жем өзендерінің бойындағы обалар негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген.
Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. 8 ғасыр мен б.з. 5 ғасырында мекендеген. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Ал б.з.б. 3 ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған.


Үйге: Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабын дәптерге жазыңыз.

  1. Сарматтардың өмір сүрген мерзімі:

  2. Сарықамыс-Құлсары обалары табылды:

  3. Апарн тайпасының билеушісі:

  4. Дах, сақ-массагет тайпалары қоныстанған өңір:

  5. Сарматтардың Үстіртте табылған ескерткіштері:

  6. Сармат тайпалары байланыс орнатқан мемлекет:

  7. Сармат ескерткіштері кездесетін аймақ:

  8. Көне дәуір авторларының еңбектерінде“сармат” атауының кездесетін уақыты:

  9. Сармат тайпасы жайлы деректер қай ғасырдан бастап кездеседі:

  10. Сармат қоғамында ерлер мен әйелдердің құқығы қандай болды:

Тақырыптың тесті

Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы


Конспект
Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.
Cармат тайпаларында аңшылық қосымша кәсіп болды. Аңшылық қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды. Аң мен құстарды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.
Cарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Шаруашылығында көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыспен қатар отырықшылық та дамыды. Еділ мен Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтарда малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алған.
Сарматтар тұрқы қысқа, жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқылармен бірге алыс жорықтарға мінетін қазанаттарды өсірген. Оларға тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.
Батыс Қазақстан аумағынан табылған Бесоба қорымындағы қабірде екі абыз әйел жерленген. Олар шалқасынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. Қабір ішінен қол айна, алтын сырғалар, моншақтар және қасқыр бейнесі салынған үш аяқты құрбандық тақта табылды.
Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған.
Сынтас қорымының бірінші обасында үш савромат жауынгері жерленген. Ортада әскербасы жатыр. Жауынгерлердің жанынан жебенің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар табылды. Сонымен бірге қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты.
Соңғы сармат кезеңіне жататын Аралтөбе ескерткіші Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылды. Бұл қорымнан үш оба қазылды. Қабірден көсемнің қаруы, абыз асатаяғының бөліктері, әшекейлі бұйымдары табылды.
Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келеді. Қазанды темірден құйып жасаған. Шыны ыдыстарды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Теріден торсық, саба, көнек, местерді жасаған.

Конспект сұрақтар



  1. Сарматтар өміріндегі қосымша кәсіп:

  2. Сарматтардың негізгі шаруашылығы:

  3. Сарматтарда қазанаттарды кім иеленген:

  4. Сарматтардың Бесоба қорымында жерленген:

  5. Сарматтарда әскери демократия заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін шешті:

  6. Үш савромат жауынгері жерленген қорым:

  7. Аралтөбе ескерткіші табылған жер:

  8. Сарматтардың ыдыстары жасалынды:

  9. Сармат əйелдеріне берілген құқық:

  10. Аралтөбе ескерткіші қайда орналасқан:

  11. Қандай заттарды сарматтар өздері жасамай, шығыс елдерінен алғызған:

Тақырыптың тесті

Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан


Конспект
Геродоттың жазбаларында Орталық Қазақстанды аргиппейлер мен исседондар мекендегені айтылған. Қазіргі ғалымдардың анықтауынша, Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.
Көшпелілер қар еріген кезден бастап көктеуге көшкен. Қыстан арықтап шыққан мал оңалуы үшін көктемде асықпай көшкен. Өйткені ақпан мен наурыз айларында мал төлдеп, жылдам жүруге мүмкіндік бермеген.
Малшылар күн ысымай тұрып, жазғы жайылымға тезірек жетуге асыққан. Жазда малды семірту үшін қолайлы жағдай жасау қажет болды. Жазғы тұрақ күн ыстығына байланысты ұзаққа созылды. Жаздағы негізгі мәселе су болып табылған. Мал жаю 6 айдан 9 айға дейін созылған.
Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері "тасмола мəдениеті" деп аталады.
Алғашқы ескерткіштері табылған жер – Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірі. Бұл мəдениетті исседон тайпалары қалдырған.
Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – “мұртты обалар”. Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған.
“Мұртты обалардың” 4 түрі кездеседі. Біріншісі – үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі – екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі – алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі – үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады.
“Мұртты обалар” бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен.
“Мұртты обалар” Орталық Қазақстаннан басқа Солтүстік, Шығыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерден де табылған.

Конспект сұрақтар



  1. “Мұртты қорғандардың” атқарған рөлі:

  2. “Мұртты обалардың” қанша түрі болғанын атаңыз:

  3. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі:

  4. Сарыарқа аумағындағы ескерткіштер аталады:

  5. Жазғы тұрақтың ұзаққа созылу себебі:

  6. Көктемгі көш қашан басталды:

  7. Орталық Қазақстанның ежелгі тұрғындары:

  8. Ежелгі заманда Сарыарқаның шығысында кімдер қоныстанған:

  9. «Тасмола мәдениеті» Қазақстанның қай аймағынан табылды:

  10. Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік-батысында кімдер қоныстанған:

Тақырыптың тесті

Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан


Конспект
Қысқы жайылымға қар кеш жауып, ерте еріп кететін аймақ таңдалынды. Қыста жел соқпайтын жерлерге орналасу көзделді. Қысқы жайылымдар солтүстік аймақтың оңтүстігіне таман орналасты.
Солтүстік аймақтағы шаруашылықтың басым түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілерде қой көп болды. Шаруашылықта басты орында жылқы болған.
Қазақ даласында жұт болып тұрған. Жұт кезінде жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6-8 жылда, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрған.
Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына Тасмола мәдениетінің әсері болған. Ұлыбай атырабының ескерткіштері Тасмолаға ұқсас келеді. Өйткені олар да “мұртты обаларға” иесімен бірге атын қоса көмген.
Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын үш қоныс – Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел. Қоныстардан дөңгелек және жалпақ түпті, бүйірлі қыш ыдыс қалдықтары, қола пышақтар, түйреуіштер, тас құралдар, темірден жасалған жебе ұштары, қанжарлар табылған.
Сақ заманының алғашқы кезеңінің жақсы зерттелген обалары – Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз. Бұл обалардан садақ жебелері, пышақтар, қола айналар, қыш ыдыстар табылды.
Геродот өз деректерінде савроматтар “биік таулардың бауырында” тұрған аргиппейлермен (қазіргі Орал таулары бойында) көрші болған деп жазады. Ал олардан шығысқа қарай исседондар қоныстанған. “Аргиппей” – “ақ жалды жүйрік аттардың иелері” деген мағынаны білдіреді.
Темір дәуірінде Қазақстан жерінде түсті металл қорыту, өндіру ісі жақсы дамыған. Б.з. 2-3 ғасырларына жататын металл бұйымдар Шығыс Еуропа мен Кавказ жерлерінен табылды.
Cолтүстік Қазақстан жерінен табылған темір бұйымдар Батыс Сібір, Оралдан табылған заттардан 2-3 ғасыр ертерек уақытпен мерзімделеді.
Бұл Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың темір өндірісін ерте игергенін, қазақ даласы темір қорытудың алғашқы орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді.
Геродот аргиппейлердің өмір салты туралы өз жазбаларында баяндаған: “Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, соның астын паналайды. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді. Олар өкпелескен көршілерін татуластырады, егер біреу өздеріне қорған іздеп қашып келсе, оны ешкім ренжітпейді, бұл халықты аргиппей деп атайды”.
Солтүстік аймақтан табылған өнер үлгілері “аң стиліне” жатады. Ертедегі адамдар түйелердің айқасы, шауып келе жатқан қасқыр, дала қыраны сияқты көріністерді бейнелеген.
Б.з.б. 8 – б.з. 2 ғасырында Солтүстік Қазақстанды мекендеген тұрғындар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қоныстанған тайпалармен мәдени байланыста болған. Мұны қазба мәдени мұралардағы кейбір ұқсастықтар айғақтайды.
Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанның тұрғындары егіншілік пен отырықшылықтан көшпелі өмір салтына ауысты.
Солтүстіктегі және басқа аймақтардағы тайпалардың өзара ұқсастықтары болған. Кейбір тарихшылардың есептеуінше, аргиппейлер, сарматтар, савроматтар – бір халықтың атауы.
Есілдің оң жағалауында ерте темір дәуіріне жататын Ақтау бекініс-қалашығы орналасқан. Қалашықтың бекініс қорғаны болған. Бекініс қабырғасының биіктігі 5-6 метр үйілген топырақ дуалдың үстіне ағаштан тұрғызылған. Бекініс бес қорғаныс қалқасынан тұрады.

Конспект сұрақтар



  1. Темір дәуіріндегі Ақтау бекініс-қалашығы орналасты:

  2. Солтүстік Қазақстан тұрғындары көшпелі өмір салтына ауысқан кезең:

  3. Темір дәуірінде Солтүстік Қазақстан тұрғындары мәдени байланыста болды:

  4. Темір дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстаннан табылған өнер үлгілері:

  5. Геродот жазбаларындағы “Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, соның астын паналайды. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді” деген мәлімет қайсы тайпа туралы?

  6. Ежелгі Қазақстан жерінде өндірілген металл бұйымдар табылды:

  7. Геродот дерегіндегі савроматтардың “биік таулардың бауырында” тұрған көршілері:

  8. Солтүстік өңірдегі темір дәуірінің жақсы зерттелген обасы:

  9. Ерте темір дəуірінің солтүстік аймақтағы қоныстары:

  10. Ұлыбай атырабының ескерткіштері ұқсас:

  11. Жұттың қайталанып тұратын уақыты:

  12. Темір дәуірі кезінде солтүстіктегі шаруашылықтың басым түрі:

  13. Қысқы жайылымға таңдап алынды:

  14. Шілікті «Алтын қорғаныны» қай ғасырларға жататынын көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан


Конспект
Шығыс Қазақстанды ертеде аримаспылар мекендеген. Аримаспылардың атауы Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан. Тарбағатай баурайын тиграхауда сақтары қоныстанған. Шығыс Қазақстан ертеде металлургияның орталығы ретінде даңқы шыққан.
Шығыс Қазақстанда ерте темір дәуірінің б.з.б. 5-4 ғасырларына жататын Берел қорымынан 40-тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі – 9 метр. Берел кезеңі деп аталуы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты. Бұл қорымдағы обаға жерленген адам жер бетінен 6-7 метр тереңдікте жатыр.
Берелдің кіші обаларынан бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген адамдар табылды. Адамдармен қоса бұл обаларға аттары бірге көмілген.
Ертедегі тұрғындар мәйітті бальзамдау әдісін білген. Мәйітті жасанды мұзға орналастырған. Олар желдің суықты төмен қарай әкетіп, сонда тұрақтап қалуын ойлап, қорғанның биіктігі мен енін есептеп шығарған. Осылайша желдеткіш желісі орнап, температура төрт градус суыққа дейін тұрақты қалыпта тұрған.
Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының жерінде алып “патша қорғандары” көптеп кездеседі. Бұл жерде сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді.
Берел обасына жерленген адам астау-саркофагқа салынып, қарағаймен қаланған қабір ішінде жатыр. Қабір жанына 16 аттың қаңқасы, ер-тұрман бірге көмілген. Ат әбзелдерінің алтынмен апталғанына қарағанда, обада тайпа көсемі, ру ақсақалы, бай немесе батыр адам жерленген болуы керек.
Археолог-этнолог Әбдеш Төлеубаевтың б.з.б. 8 ғасырға жататын 3-Шілікті қорымындағы №1 обадан тапқан археологиялық жаңалығы тарих ғылымында үшінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метрге жуық. Алып ғимараттың ішіне патшаны жерлеген. Ол сом алтыннан құйылған 4325 (2011 жылғы баспада 4303 деп берілген) қаптырма және әшекей түймешіктермен безендірілген киіммен жатыр. Патшаның жанынан биліктің белгісі болып саналатын алтын бесжұлдыз табылды.
Бұл жәдігерді ғалымдар “Шілікті алтын адамы”деп атады.
1998-1999 жылдары З.Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде Берел кезеңіндегі №11 оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды. Балқарағайдан ойылып жасалған астау табытта 45 жастағы ер адам мен әйел жерленген (б.з.б. 294 ж.). Олардың киімдері інжу-моншақтар мен алтын жапырақшалармен әшекейленген. Обадан ат-әбзелдері мен ішкі құрылысы бұзылмаған 13 жирен жылқы табылды. Әр жылқы алтынмен апталып, күміспен күптелген салтанатты әбзелдермен безендірілген.
Осы аумақтағы Шілікті қорымындағы 51 обаның бірі “Алтын қорған” деп аталады. 1960 жылы зерттелген “Алтын қорған” обасында ер адам мен әйел жерленген. Балқарағай бөренелерінен салынған қабірден 13 қола жебе, қорамсақ, алтын қаптырма табылды. Ғалымдар бұл қорғанды б.з.б. 7-6 ғасырларға жатқызады.
Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орны Шығыс Қазақстаннан табылған №1 оба болып есептеледі. Мерзімі б.з.б. VIII ғасырға жатады. Бұл – Қазақстан жерінен табылған үшінші алтын киімді адам жерленген оба. Бұл жәдігер тарихта “Бәйгетөбе” деп аталады.
Берел мәдениетінің бір ерекшелігі жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады. Қыш ыдыс жасаудың екі түрі кездеседі. Біріншісі – мойны қусырылып, кейде тік болып келетін құмыралар, екіншісі – жатаған, жайпақ көзелер.
Б.з.б. III-I ғасырларда Тарбағатай далаларында Жетісудың үйсін мәдениетіне туыстас мәдениет қалыптасқан. Бұл жерді ертедегі үйсіндерге туыстас тайпалар немесе үрге деген атпен қытай жазбаларында кездесетін тайпалар мекендеген.

Конспект сұрақтар



  1. Тарбағатай өңіріндегі үйсіндерге туыстас тайпалар:

  2. Жайпақ түпті қыш ыдыстар таралған темір дәуірінің мәдениеті:

  3. Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орны қай мерзімге жатады?

  4. Шілікті қорымындағы “Алтын қорғанның” салынған уақыты:

  5. Берел қорымындағы №11 обаны зерттеп, ашқан археолог-ғалым:

  6. Ғалым Ә.Төлеубаев ашқан археологиялық жаңалықтың атауы:

  7. Астау-саркофагқа салынып жерленген адамның қабірі табылған Шығыс Қазақстандағы оба:

  8. «Патша қорғандар» ең көп шоғырланған аймақ:

  9. Шығыс Қазақстан тайпаларының мәйітті ұзақ сақтау әдісі:

  10. Кіші Берел обаларында адамды жерлеген:

  11. Сақ дәуіріндегі Берел қорымы табылған аймақ:

  12. Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар:

Тақырыптың тесті

III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИ ЖЕТІСТІКТЕРІ.


ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ
Конспект
Парсы сарайында ұзақ уақыт тұрған Ксенофонт сақтардың тәрбиелілігі туралы мына оқиғаны жазған: “Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың ат жарысын ұйымдастырды. Жарыста жас сақ жігіті алға шығып, мәреге бірінші болып жетті. Парсы патшасы жігітке патшалығын атқа айырбастауды ұсынғанда, ол бас тартып, атын ер жүрек адамның алғысына ғана бере алатындығын мәлімдеді”.
Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым-қатынас б.з.б. 2 ғасырда басталған. Ұлы Жібек жолы үйсіндер мен қаңлылар жері арқылы өткен. Жібекті басшылар мен елшілерге сыйға тартқан, көптеген елдерде жауынгерлерге еңбекақы орнына берген. Ұлы Жібек жолы арқылы Рим шынысы мен теңгелері, Қытайдың ыдыстары мен айналары, жібегі, Еуропа ілгектері, Иранның асыл жүзіктері Қазақстанға жеткен.
Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Геродот бұл жолдың бір бағытын былайша сипаттаған: Қара теңіз жағалауынан Дон өзеніне дейін, сарматтар жері, Орал маңы, Ертіс пен Алтайға дейін.
Геродоттың айтуынша, бұл жерлерді сарматтар, исседондар, аргиппейлер, аримаспылар мекендеген.
Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтар Қытаймен, Үндістанмен, Персиямен сауда қатынасын жасаған. Сақ обаларынан қытай айналары, Ираннан әкелінген бұйымдар табылған.
Сақтар мен сарматтардың өнерінде “аң стилі” деген өзіндік бейнелеу өнері болған. Б.з.б. 7-6 ғасырларда шыққан “аң стилінде” жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Оңтүстік-шығыс Еуропа аумағында табылды.
Арриан көшпелілердің әскери қаруларының ерекшелігін суреттеп жазған: “Cкифтер өздерін және аттарын берік сауытпен мұқият қорғаған”. Мұндай мәліметтерді Геродот деректерінен де көреміз. Шірік-Рабат қаласының орнынан сақ жауынгерінің темір қару-жарағы мен сауыт-сайманы табылған. Еуропада мұндай қарулар орта ғасырларда ғана пайда болды.
Орталық Қазақстанда б.з.б. 7-5 ғасырларда “аң стилімен” қатар “полихром стилі” дамыды. Көшпелілер заттарды безендіруді, заттарды түйіршіктермен әшекейлеуді білген. Ал б.з. 3-5 ғасырларында полихром стилі барынша гүлденді.
Үйдің қабырғасымен жапсарлас салынған түтіндік үйді толық жылытып тұрған. Түтіндіктің үстіне жататын орын немесе сәкі төсек орнатылған.
Көшпелілердің баспанасы – киіз үй аса қолайлы әрі әбден жетілген құрылыс үлгісі болып саналады.
Көшпелілер көптеген халықтардың күнделікті тұрмысында қолданатын заттары мен тұтыну бұйымдарын жасаған. Үзеңгіні алғаш рет көшпелілер қолданған. Ауыр, түзу семсердің орнына қайқы қылышты жасап шығарған. Ерлердің шалбарын көшпелілер өте ерте кезде ойлап тапқан.

Конспект сұрақтар



  1. Көшпелілердің әскери қаруларын сипаттап жазған Македонскийдің тарихшысы:

  2. Б.з. 3-5 ғасырларында гүлденген өнер:

  3. Ғұн үйлеріндегі жылыту жүйесі:

  4. Көшпелілердің аса қолайлы және жетілген құрылыс үлгісі:

  5. “Аң стилінде” жасалған бұйымдар табылған аймақ:

  6. Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтармен сауда жүргізген елдер:

  7. Ұлы Жібек жолының Геродот сипаттаған бағыты:

  8. Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым-қатынас басталған уақыт:

  9. Сақтардың тәрбиелілігі туралы жазған ғалым:

  10. «Аң стилі» қай ғасырда шыққан:

  11. Жүсіп Баласағұнның шығармасын көрсетіңіз:

  12. Мұхаммед Хайдар Дулатидың тарихи шығармасын көрсетіңіз:

  13. Атақты өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасын көрсетіңіз:

  14. «Мухаббатнама» шығармасының авторын көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары


Конспект


Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым-қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір-біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.
“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба-ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.

Конспект сұрақтар



  1. “Мұртты қорғандардың” шығысқа бағытталуы білдіреді:

  2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар сиынды:

  3. Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған:

  4. Сармат көсемі жерленген қорым:

  5. Сақтардың құрамындағы тайпалар:

  6. Қазақстан жерін мекендеген көшпелі халықтардың рулық қорымдары көп жағдайда қалай болып келеді:

  7. Климаты мен географиялық орналасуына байланысты еліміздің әр аймағында белгілі бір малдың түрі басым ұсталған. Оңтүстікте қай мал басым болған:

  8. Сарматтар ертеректе үлкен обаға кімді жерлеген:

  9. Елімізді қоныстанған ежелгі тайралар кімнің аруағына табынған:

  10. Бойтұмарларды не үшін таққан:

Тақырыптың тесті

Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні


Конспект
Қазақстанды ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр-тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі.
Одан бұрынғы кездегі адамдардың бас сүйектері сақталмаған.
Қазақстан жерін қола дәуірінде еуропеоидтік нәсілге жататын адамдар мекендеген. Андрондар қыр мұрынды, ат жақты, ақшыл өңді, сарғыш шашты, орта бойлы болған.
Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан және Шығыс Қазақстандағы қорымдардан табылған адамдардың бет әлпеттері ұқсас.
Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін антрополог М.Герасимов жасады.
Монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақтарда көбірек байқалады. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында монғолоидтық белгілер аздау кездеседі.
Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуға қоныстанған байырғы үйсіндердің түріне ұқсас болып келеді. Жетісу үйсіндерінің бас мүсінін антрополог М.М.Герасимов жасаған. Монғолоидтық белгілер үйсіндердің еркектеріне қарағанда әйелдерінде көбірек кездеседі.

Конспект сұрақтар



  1. Сарматтардың бет пішіні ұқсас:

  2. Сақтарда монғолоидтық белгілер көбірек байқалған аймақ:

  3. Ойжайлау қорымы орналасқан жер:

  4. Қола дәуірі тайпаларының нәсілі:

  5. Жерімізде мекендеген тайпалардың бет пішіні, тұлғасы туралы деректер кездесетін дәуір:

  6. Белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың бет пішінін, түрін, түсін, бойын, тісін және т.б. сыртқы келбетін, өзгешелігін және ұқсастықтарын зерттейтін ғылым:

  7. Қостанай облысындағы Алексеев қорымынан табылған адамның бас сүйегінен оның бет пішінін жасаған антрополог:

  8. Моңғолоидтық белгілер аздау кездесетін аймақтар:

  9. Жалпы адамзат баласы қандай нәсілдерге бөлінеді:

  10. Андронов мәдениетін қалдырған тайпалар Қазақстанды қай дәуірде мекендеген:

Тақырыптың тесті

7 сынып

1 ТАРАУ. ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР (6-9 Ғ).
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
Конспект
Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында парсылармен шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді.
Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 552 жылы қаза болып, орнына баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 552-554 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
Түріктер негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары тау бөктерлеріндегі шатқалдарда немесе Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария бойындағы тоғайлы жерлерде орналасты. Тараз қаласы маңынан түрік кезеңіне жататын қыстақ-кенттер табылған. “Күлтегін” жазба ескерткішінде де қала туралы сөздер кездеседі. Түріктердің алғашқы кездегі мәйітті өртеп жерлеуі отқа табынушылықтан туған.
Кең байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет бола алмады. 581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды. Бұл жағдайды пайдаланған Қытай және басқа да мемлекеттер түріктерге шабуылдады. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

Конспект сұрақтар



  1. Түрік қағанатында тайпааралық соғыс қашан басталды:

  2. Түрік қағанатындағы наным-сенім:

  3. Түрік тайпаларының қыстақ-кенттері қайдан табылды:

  4. Түрік тайпаларының қыстаулары орналасты:

  5. Түріктер Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз бойына қашан үстемдік етті:

  6. Түріктердің эфталиттерді жаулап алған кезі:

  7. Алтай тайпаларын бағындырған қаған:

  8. Қытай билеушілерінің түріктерге төлеген салығы:

  9. Мұқан қаған тұсында түріктерді қалай атады:

  10. Қара-Еске қағанның аварларды жеңген жері:

  11. “Елхан” атағын алған түрік қағаны:

  12. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары:

  13. 545 жылы түріктердің бейбіт қатынаста болған мемлекеті:

  14. Түрік этнонимінің қытай жылнамаларында белгілі болған уақыты:

  15. Қазақстан аумағында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет:

  16. Қай жылы араб қолбасшысы Күтейба ибн Мүслим Шашты басып алды:

Тақырыптың тесті

Батыс Түрік қағанаты (603-704 жылдар)


Конспект
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.
Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.

Конспект сұрақтар



  1. Қытаймен тиімді шарт жасасқан Шығыс Түрік қағаны:

  2. Шығыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары:

  3. “Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген” – деп жазған:

  4. Түріктер жаппай отырықшылана бастады:

  5. Батыс Түрік қағанатындағы негізгі шаруашылық:

  6. Түрік қоғамында құлдықтың болғандығын аңғартатын дерек:

  7. Салықтың “қанмен өтейтін” түрі:

  8. Сот істерін атқарушылар:

  9. Қағанаттағы жоғарғы билеуші және әскербасы:

  10. Қытай басқыншыларын жеңген қаған:

  11. 659 жылы Жетісуға басып кірген мемлекет:

  12. Ешбар Елтеріс қаған енгізген жүйе:

  13. Билік үшін талас басталды:

  14. Тон қағанның одақтасы болған ел:

  15. Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған билеуші:

  16. Шегу қағанның билік құрған кезі:

  17. Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі:

  18. Батыс Түрік қағанатының халқы:

  19. Батыс Түрік қағанатының орталығы:

  20. Қазақстан аумағында 603 жылы құрылған мемлекет:

Тақырыптың тесті

Түргеш қағанаты (704 -756 жылдар)


Конспект
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.

Конспект сұрақтар



  1. Соғдылықтардың Жетісуға көптеп келе бастаған уақыты:

  2. Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық:

  3. Түргеш теңгелері соғылған қала:

  4. Түргештерде шаруашылықтағы негізгі мәселенің бірі:

  5. Түргеш қағанаты құлады:

  6. Атлах шайқасында бірігіп шайқасты:

  7. 748 жылы Суябты жаулап алды:

  8. Сұлудың орнына келген қаған:

  9. Соғды жерінен арабтар қуып шығарылды:

  10. Арабтардың Сұлу қағанға қойған аты:

  11. Сұлу қағанның Тоқарстандағы арабтарды жеңген жылы:

  12. Сұлу қағанның шығыстағы жағдайды жақсартуда қолданған тәсілдері:

  13. Орданы Суябтан Талас қаласына көшірген қаған:

  14. Түргештер туралы алғашқы деректер:

  15. Түргеш қағанатының негізгі жер аумағы:

  16. Түргеш қағанатының орталығы:

  17. “Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ” – деп жазған ғалым:

  18. Түргеш мемлекетінің әлсіреуі нәтижесінде …… жылы Қарлұқ қағанаты құрылды:

  19. Үшлік хан қай мемлекеттің қағаны болған:

  20. Араб басқыншыларына қарсы шайқаста Сұлу қаған бірлескен ел:

Тақырыптың тесті

Қарлұқ қағанаты (756-940 жылдар)


Конспект
Араб тарихшысы әл-Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері – Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан қарлұқтар 756 жылы түргештерден билікті алып, өз мемлекеттерін құрды. Қағанат орталығы – Суяб қаласы. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен бірігіп, Ұйғыр қағанатын жеңді. Осы жеңістен кейін Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадыр-хан өзін қаған деп жариялайды. Самани әулеті мұсылман дінін тарату сылтауымен “ғазауат соғыс” жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилерге алым-салық төлеп тұруға міндетті болды. Саманилер Таразды басып алып, қалада мешіт салдырды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан мен Оғұлшақ (Білге Күл Қадыр-ханның балалары) жүргізген. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылды. Қарлұқ қағанатын ішкі тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретті. Осыны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алды. Қағанат талқандалды. Баласағұнды екі жылдан кейін Сатұқ Боғра хан (Арсланның баласы) қайтарып алады. Осы ханның кезінде қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау басталды.
“Худуд әл-алам” қолжазбасында: “қарлұқтар тұрған аймақ – халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар” деп жазылған.
Қарлұқтарда аталарының зиратының басына тастан жасалған балбалдарды қою кең тараған. Түрік жазбаларында “Батыр ерлерін балбал етіп қойды” деген жазу табылды. 7-8 ғасырлардан құлпытас орнату дәстүрі дами бастады. Орхон-Енисей, Талас-Шу өзендері бойынан табылған түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары – “Күлтегін” мен “Тоныкөк” жазбалары. Бұл ескерткіштер Қарлұқ қағанатының кезінде түрік жазуының жаңа түрде дами бастағанын көрсетеді.

Конспект сұрақтар



  1. Түрік жазуларының ішіндегі ең атақтылары:

  2. Зират басына қойылатын тас мүсіндер:

  3. Қарлұқтардың қыстаудағы баспаналары салынды:

  4. “Қарлұқтар тұрған аймақ ең бай жерлер” – деп жазылған қолжазба:

  5. Қарлұқтардың қосалқы шаруашылығы:

  6. Қарлұқтардың қыстауларда тұрақтаған уақыты:

  7. Қашғардың түрік билеушілері басып алған Қарлұқ қағанатындағы қала:

  8. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі созылды:

  9. Саманилердің діни ықпалы тараған аймақ:

  10. Қарлұқтарға “ғазауат соғысын” жариялап, шабуылдады:

  11. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі созылды:

  12. Қарлұқтардың мемлекет құрып, күшейе бастағанын көрсететін дерек:

  13. Қарлұқ қағанатының өмір сүрген мерзімі:

  14. Қарлұқтардың Жетісуға жылжу себебі:

  15. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жері:

  16. Қарлұқтарды “ежелгі түріктер” деп жазған:

  17. 7 ғасыр басындағы қарлұқтар құрамындағы тайпа саны:

  18. Қай тайпа 756 жылы Түркеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алды:

Тақырыптың тесті

Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)


Конспект
9 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл – оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі.
Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды. Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері күл-еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады. 10 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында Әли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-салық оғыздардың наразылықтарын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Ақырында, 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.
Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы Махмуд Қашғари жазған.

Конспект сұрақтар



  1. 11 ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал бойынан ығыстырған тайпа:

  2. Оғыздардың күзгі жайылымдары туралы дерек қалдырды:

  3. Оғыздарда елтірі беретін қойлар көп өсірілетін аймақ:

  4. Жанкент, Жент, Жуара қалалары орналасты:

  5. “Түрік қолөнердің барлық түрін өзі істейді…” деп жазған тарихшы:

  6. Шахмәлік Хорезмді жаулап алды:

  7. Салжұқтар басып алған қала:

  8. 985 жылы оғыздар шабуылдаған ел:

  9. Оғыздардың Киев князімен бірігіп, Хазарларды талқандаған жылы:

  10. Оғыздардың қарлұқ және қимақтармен бірігіп жеңген тайпасы:

  11. Оғыздар жеріндегі аймақтар саны:

  12. Оғыздардағы шонжарлар кеңесі:

  13. Оғыздардағы жоғарғы билік иесінің лауазымы:

  14. Оғыздар 24 тайпадан тұрған деп жазған ортағасырлық ғалым:

  15. Оғыз мемлекетінің аумағы:

  16. Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар ығысты:

  17. Хазарларға қарсы соғыста Киев князі Святослав кімдермен одақ құрды:

Тақырыптың тесті

Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)


Конспект
9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.
10 ғасырдың басында қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы Жамлекесті жаулап алды. Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуылдап тұрған. Қимақтарға 10 ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекеті шабуылдай бастады. Қарахандықтардың жорықтары 11 ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады. Қимақ қағанатының құлауының екі себебі болған. Біріншісі – қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екіншісі – сыртқы қайшылық.
Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айрылғандар жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Қола айнадағы жазулар 9-10 ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді. Қимақ шонжарлары 10 ғасырда ислам дінін қабылдай бастады.

Конспект сұрақтар



  1. Қимақтардың исламды қабылдаған уақыты:

  2. Қимақтардың жазу құралы:

  3. Қимақтарда жатаққа айналғандардың кәсіптері:

  4. Қимақтарда мал шаруашылығының басым болғандығын жазған парсы тарихшысы:

  5. Қимақ қағанатының құлауының себептері:

  6. 10 ғасырдың екінші жартысында қимақтарға шабуылдаған мемлекет:

  7. Қимақтар жаулап алған тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы:

  8. Қимақтардың саяси өміріндегі беделі күшті топ:

  9. Қимақтарда “шад-түтік” лауазымы берілді:

  10. Қимақтарда қағаннан екі саты төмен атақты иеленуші:

  11. Қимақтар құрамындағы тайпа саны:

  12. Қимақ қағанатының өмір сүрген мерзімі:

  13. Қимақтардың ішінде қыпшақтар болғандығы туралы жазды:

  14. Қимақтардың Монғолияның солтүстік-батысын мекендеген мерзімі:

Тақырыптың тесті

Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері


Конспект
Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6-9 ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениеттің орталығы Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан қалалары болған. Жетісу аймағында Тараз, Талхир, Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан. Қытай жылнамасында Испиджаб қаласының аты кездеседі. Бұл қала Махмуд Қашғаридің жазбаларында Сайрам деп аталған.
Қалалардың құрылысы 3 бөліктен жасалған. Бұл қала тұрғындарының әлеуметтік теңсіздігін көрсетеді. Қаланың орталық бөлігінде бай-шонжарлар тұрған. Орталық бөлікті қоршай орналасқан екінші бөлікте тұрмысы орташа қалыптағы қала тұрғындары, қолөнер шеберлері орналасқан. Үшінші бөлік екіншінің сыртынан қоршай орналасқан. Мұнда егіншілер мен кедейлер тұрған.
Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер кісе белдік жасауға ерекше көңіл бөлген. Ер адамдардың күнделікті тұтыну құралдарын өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы бұйымдары болған. Түріктер кен қорыту ісімен V ғасырдан бастап айналысқан.
Қала санының өсуі сауданың жандануына үлкен әсерін тигізді. Сауда негізгі үш бағытта жүргізілді: халықаралық сауда, қалалардың өз аумағындағы сауда, және қалалықтардың дала халқымен сауда байланысы. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен. Жол бойында орналасқан Суяб, Тараз, Испиджаб арқылы сауда керуендері жүрген. Жібек жолының тармақтары Испиджабтан Фарабқа, одан Түркістан арқылы Орталық Қазақстанға қарай созылған.

Конспект сұрақтар



  1. Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің теңгелері табылды:

  2. Иран, Византиямен сауда келіссөздерін жүргізген түрік қағаны:

  3. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы өтетін аймақ:

  4. Cауданың жандануына әсер етті:

  5. Түрік кезеңінде түсті металдар өндірілген аймақ:

  6. Түріктер кен қорыту ісімен айналысқан кезең:

  7. Түріктер қолөнер бұйымдарын жасауда ерекше көңіл бөлді:

  8. Киіз үй туралы жазылған деректер:

  9. Қыстақ-кент тұрғындарының негізгі шаруашылығы:

  10. Қалалардың құрылыс жүйесінің бөліктері:

  11. Қазіргі Сайрам қаласының бұрынғы атауы:

  12. 6-9 ғасырларда қалалық мәдениет дамыған аймақ:

  13. Қалалық өмір қалыптаса бастады:

Тақырыптың тесті
Архитектура және өнер.
Конспект
Жерімізде сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері көптеп кездеседі. 7-8 ғасырларда басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимараты төртбұрышты кесек тастардан қаланған. Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында орналасқан. Құдық үстіне салынған құрылысты парсыша “сардоба” деп атайды. 6-9 ғасырларда Мырзашөл керуен жолының бойына салынған екі сардоба белгілі. Екі сардобаның құрылысы және күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсайды.
Дың ескерткіштері қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Олар Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау жерлерінен көптеп табылды. Ақбешім, Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орындары табылған (7-8 ғ.ғ.). 9 ғасырдың екінші жартысынан бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастаған. Баба-Ата қаласы орнынан мешіттің қалдығы табылған. Балбал (мүсін тас) қаза болған қолбасшы, атақты адамдардың басына қойылған. Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі. Қолданбалы өнер түрлеріне балшықтан жасалған терракота, көркем керамика және ұсақ пластика жатады. Терракоталарда адамның бет-әлпеті, шашы, киімі бейнеленеді.
Конспект сұрақтар

  1. Терракоталарда бейнеленеді:

  2. “Әкем Қағанға балбық тіктім” деп жазған:

  3. Ислам дінінің архитектуралық құрылысы салына бастады:

  4. Будда ғибадатханаларының орындары табылған қала:

  5. Дың ескерткіштері көп салынған кезең:

  6. Құдық үстіне салынған құрылыс:

  7. Ақыртастан кіші сәулет өнері:

  8. Құрылысы аяқталмай қалған ғимарат:

  9. 6-11 ғасырларда салынған екі сардобаны көрсетіңіз:

  10. Будда ғимараттарының орны табылған қалалар:

Тақырыптың тесті

Түріктердің рухани мәдениеті


Конспект
Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған мерзімі туралы жаңа пікірлер туды. Көне түрік жазуы б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы бұған дәлел болады. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан соңғы 30-40 жыл ішінде көне түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуы түрік билеушілері арасында тез қабылданды. Бұл жағдай түрік жазуының өмірде қолдану аясын тарылта бастаған. Ел ішінде түрік жазуымен қатар соғды жазуы кең тараған.
Жазу өнерінің дамуына байланысты 8 ғасырда жазба әдебиет пайда болды. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары. “Қорқыт ата” мен “Оғызнама” – 8-9 ғасырларға жататын шығармалар. Бұл шығармалар 8 ғасырда ауызша айтылған, 11 ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған.
Түріктердің зираттарынан табылған бұйымдар олардың о дүниелік өмірге сенуінің айғағы болып табылады. Олар отқа, табиғатқа табынған. Түріктер қаза болған адамның мәйітіне аты мен заттарын қоса өртеген. Сондай-ақ түріктер көк бөріге табынған. Балаға, бәйге аттарына тіл-көз тимеу үшін бөрінің тырнағын, көзін, тілін кесіп алып, тағып қоятын болған. Ұмай анаға отбасына шапағатын тигізеді деп табынған. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда мұсылман діні 8 ғасырдан бастап кең тарала бастаған.

Конспект сұрақтар



  1. Көне түрік жазуының бүкіл халық игілігіне айнала бастаған кезеңі:

  2. Мұсылман діні кең тарала бастаған кез:

  3. Отбасына шапағатын тигізуші:

  4. Тіл-көз тимес үшін тұмар ретінде тақты:

  5. Түріктерде мәйітті өртеу ғұрпы білдіреді:

  6. “Оғызнама” дастаны 6 ғасырда аударылды:

  7. “Оғызнаманың” ескі нұсқасын бірінші жазып қалдырған тарихшы:

  8. Қорқыт ата ескерткіші орналасқан жер:

  9. 8-9 ғасырларға жататын әдеби шығарма:

  10. Түріктердің жазба әдебиеті пайда болды:

  11. Түрік жазуымен қатар ел ішінде кең тараған жазу:

  12. Көне түрік жазуларының ескерткіштері табылған жер:

  13. Көне түрік жазуы қалыптасқан мерзім:

  14. Көне түрік әліпбиіндегі әріп саны:

Тақырыптың тесті

2 ТАРАУ. ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР.


ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ
Конспект
10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан қалады.
Қарахандықтардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін тайпалары кірді. Қарлұқтар мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа болып саналады.
Жер иеленудің бір түрі – “иқта”, ал иеленуші адам “иқтадар” (парсыша) деп аталды. “Иқтаның” мәні – “иқтадар” қарапайым халықтан салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп жер қалдырып отырған. Оларды “вакфтық жерлер” деп атаған. Отырықшы аудандарда үлескерлерді араб, парсы деректерінде “музари” немесе “барзигар” деп атаған. Мұның мәні – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинап отыру. Бұдан басқа “коммендация” деп аталатын қанау түрі болған. Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берген. Кейін әлсіз адам отбасын қорғағаны үшін ірі жер иесіне салық төлеген.
Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 10 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік қайшылықтардан Самани әулетінің үстемдігі әлсіреді. Мұны пайдаланған Хасан Боғра хан Испиджабты ешбір қарсылықсыз басып алды. 10 ғасырдың соңында қарахандықтардың Орта Азияға жорығы қайта басталды. Осылайша Қарахан мемлекеті Мәуереннахрды біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс иеліктерден тұрды. Шығыс хандықтың аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан. Батыс хандық Мәуереннахрды биледі. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға шығыстан қарақытайлар басып кірді. 1212 жылы Шығыс хандықты найман ханы Күшлік басып алды. Ал Батыс иеліктің ханы қаза болғаннан кейін, Мұхаммед 1212 жылы Батыс хандықты біржолата құлатты.
Исламның мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне өзгерістер енгізді. Қарахан мемлекетінің аумағында Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері салынды. Қарахан сәулет өнерінің тағы бір ерекшелігі Шығыс моншаларының салынуы болып табылады.

Конспект сұрақтар



  1. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға басып кірген тайпа:

  2. Қарахандықтардың шығыстағы иелігін басып алған хан:

  3. Түріктерде мал өсірудің басты орын алғандығын жазған тарихшы:

  4. Әдет-ғұрпы мен тілі жағынан түріктерге ұқсас болған халық:

  5. Қарахан мемлекетінің аумағында орналасқан кесене:

  6. Салжұқ сұлтаны Мәлік шах жаулап алған Батыс Қарахан хандығының қалалары:

  7. Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінді:

  8. Батыс Қарахан хандығының аумағы:

  9. Шығыс Қарахан мемлекетінің орталығы:

  10. Насыр ибн Әлидің Мәуереннахрға жорыққа аттанған жылы:

  11. 10 ғасырда Испиджабты, Бұхараны, Самарқандты жаулап алған хан:

  12. Қарахан мемлекеті исламды мемлекеттік дін етіп жариялады:

  13. Қарахан мемлекетіндегі отырықшы аудандардағы үлескерлердің араб, парсы деректеріндегі атауы:

  14. Дінбасылардың иелігіндегі жерлер:

  15. Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрі:

  16. Қарахан мемлекетіндегі мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орын:

  17. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа:

  18. 942-1212 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет:

Тақырыптың тесті

Наймандар, керейіттер, жалайырлар


Конспект
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.

Конспект сұрақтар



  1. Найман, керейіт, жалайырлардың көршілес тайпалары:

  2. Керейіттерде сан жағынан басым болған мал түрі:

  3. Найман, керейіт, жалайырларда ұлыстардың ішкі істерін жүргізуші:

  4. Жалайыр тайпасының бөліктері:

  5. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару жүйесі:

  6. 1201 жылы өзін гурхан етіп жариялаған жалайыр тайпасының өкілі:

  7. Жалайырлар туралы дерек қалдырған Әбілғазы ханның еңбегі:

  8. Жалайырдан шыққан атақты ақын, шешен, әрі батыр:

  9. Жалайыр тайпалары туралы мәлімет қалдырған деректер:

  10. “Керейіттер мәдениеті өте жоғары болған…” деп жазған тарихшы:

  11. Шыңғысханның керейіттерді басып алған жылы:

  12. Керейіт мемлекетінің екіге бөлінген кезі:

  13. Керейіт мемлекетінің шарықтау кезі:

  14. Керейіттер жақсы қарым-қатынаста болған хандық:

  15. Керейіт хандығының құрамындағы аймақ саны:

  16. Керейіт тайпаларының қоныстанған аумағы:

  17. Шыңғысхан әскерінен Күшлік ханның қашқан аймағы:

  18. Қырғыз, меркіт, найман тайпаларының біріккен құрылтайы шақырылған жыл:

  19. Наймандарға қарсы бірігіп, шабуылдаған елдер:

  20. Наймандарды қарақытайлардың үстемдігінен құтқарған хан:

  21. Найман мемлекетінің орталығы:

  22. Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген тайпа бірлестігі:

  23. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының Қазақстан өңірін қоныстана бастаған кезі:

Тақырыптың тесті

Қарақытайлар (1125-1212 ж.)


Конспект
Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген қидан тайпалары. Қидандардың 10 ғасырда Батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде қарақытайлар деп айтылады. 1125 жылы Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісуға келіп қоныстанды. Қарахандықтардың әлсірегенін пайдаланған Елюй Даши 1125 жылы өз әскерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді. Олар Баласағұнды басып алып, оған жақын жерде өздерінің орталығы – Ғұз ордасын құрды. Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған. Әйелдер де мұрагер бола алған, тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті. Алым-салық жүйесі бойынша, әрбір үйден 1 динардан ақша жиналған. Ірі қала әкімі гурханға жыл сайын жер салығын – харадж төлеп отырған. Жетісудың егінші тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. 12 ғасырдың екінші жартысында қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейткен. Бұған қарсы ел ішінде наразылықтар туа бастаған. 1141 жылы Самарқанға жақын Қатуан даласында болған шайқаста қарақытайлар Бұхараға басып кіреді. Бүкіл Мәуереннахрдың орталық бөлігін басып алады. Қарахандар олардың вассалы болып, салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Қарақытайлар Хорезмді жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болды. Қарақытайлар шығысында Гансу жеріндегі ұйғырларды өздеріне тәуелді етті. Батысында Әмударияның төменгі ағысын бағындырды. Оңтүстікте Балх пен Хотан жерлері де оларға тәуелді болды. Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасай отырып, 1198-1204 жылдары Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, ауыр жеңіліске ұшырайды. Қарақытайлар 1208 жылы шығыста наймандардан жеңіледі. 1210 жылы оларға Хорезм шахы қарсы шығады. Екі жақтан шабуылға ұшыраған Қарақытай мемлекеті 1212 жылы құлайды.

Конспект сұрақтар



  1. Қарақытайларға екі жақтан шабуылдады:

  2. Қарақытайлардың гурид тайпаларымен соғысқан мерзімі:

  3. Қарақытайлардың шығысында тәуелді еткен тайпалары:

  4. Тақ үшін таласта қарақытайлардың көмегін пайдаланған Хорезм билеушісі:

  5. Қарақытайларға жылына 3000 динар төлеп отырған ел:

  6. 1141 жылы қарақытайлар басып алған қала:

  7. Қарақытайлар Қарахан әскеріне ойсырата соққы берді:

  8. Қарақытайлардың салықты күшейткен кезі:

  9. Қарақытайларда ірі қала әкімі төлейтін жер салығы:

  10. Қарақытайларда әр үйден жиналатын салық мөлшері:

  11. Елюй Даши гурхан қаза болғасын, билікке келді:

  12. Қарақытайлықтардың орталығы:

  13. Қидандардың Жетісуға келіп, қоныстанған жылы:

  14. Қидандарды түрік тілдес деп көрсететін деректер:

  15. Қарақытай тайпаларының бұрынғы атауы:

Тақырыптың тесті

Қыпшақ хандығы


Конспект
Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.
Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.
Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер “кундар” немесе “командар” деп атаған.
Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы ұзақ жылдар бойы қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке, тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. 13 ғасырдың басында Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ. Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

Конспект сұрақтар



  1. Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі:

  2. Қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған:

  3. Қыпшақ жылқылары қайда сатылды:

  4. Арба үстіне тігілген үйлер туралы жазған саяхатшы:

  5. Қыпшақтарда тамақтың негізгі түрі неден жасалды:

  6. Қыпшақтарда малдың көптігі туралы жазды:

  7. Хорезмдіктер мен қыпшақтар арасындағы қақтығыстың нәтижесі:

  8. 13 ғасырда хорезмдіктер мен қыпшақтардың соғысу себептері:

  9. Хорезм шахы Текештің Сығанақты жаулап алған жылы:

  10. Қыпшақтардың қол астындағы оғыздарға шабуылдаған Хорезм шахы:

  11. Орыс деректеріндегі Ресей жеріндегі қыпшақтардың атауы:

  12. Қыпшақтар оғыздарды жеңіп, шекарасын кеңейтті:

  13. Қыпшақ тіліндегі құлдың атауы:

  14. Қыпшақтарда әскери басқару жүйесі бөлінді:

  15. ”Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен” деп жазған:

  16. Қыпшақтардың құрамына қарлұқ пен жікіл тайпаларының кірген кезі:

  17. Қыпшақтардың ең беделді тайпасы:

  18. Қыпшақтардың этникалық құрамы қалыптаса бастаған кез:

  19. Қыпшақтардың қыстаған жерлері:

  20. Қыпшақ хандығы құрылған мерзім:

Тақырыптың тесті

3 ТАРАУ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ


Конспект
Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Б.з.б. 1 ғасырдың ортасында алғаш рет Қытайдан Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыққан. 6 ғасыр – жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды елдерінде игеріле бастаған. Соғды елі жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда орындары болған. Жапонияның ертедегі астанасы Наргада да жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды. Қытайдың фарфор ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларынан табылды. Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларынан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылды. Б.з.б. 2 ғасырдың ортасында Жібек жолы халықаралық қатынас жағынан жандана бастады.

Конспект сұрақтар



  1. Түрік қағанаты мен Византия арасындағы сауда келісімі жасалды:

  2. Патшалар үшін бағалы сыйлық болды:

  3. Жібек жолының халықаралық қатынас жағынан жандана бастаған кезі:

  4. Мешіт-медресе орындары табылған жер:

  5. Талғар мен Отырардан табылған бұйымдар:

  6. Bизантия құмыралары табылған қала:

  7. Жібек сататын сауда орындары болған Жапония қаласы:

  8. Жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен ел:

  9. Б.з. алғашқы кезінде жібек өндіру игеріле бастаған елдер:

  10. 6 ғасырда жібек матасы белгілі болған елдер:

  11. Үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынаста болған уақыты:

  12. Ұлы Жібек жолының солтүстік бағытының тармақтары:

  13. Жібек жолының Қытайдан басталып, Ыстықкөлге жеткен бағыты:

Тақырыптың тесті

Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі


Конспект


Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға баратын үшінші бағытпен атақты елші, саяхатшы Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан. Сығанақтан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай бір тармақ шықты.
Монғол шапқыншылығына байланысты сауда қарқыны бәсеңдеді. Жол бойындағы қалалар әлеуметтік-экономикалық өзгеріске түсе бастады. Кейбір қалалар қаңырап бос қалған. Ал 17 ғасырдан бастап теңіз жолдары ашылып, Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады. 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстан негізінен солтүстік жағында Ресеймен, ал оңтүстік жағында Қытаймен сауда байланыстарын жүргізе бастаған.

Конспект сұрақтар



  1. Сауда қарқынын бәсеңдеткен жағдай:

  2. Сығанақтан Ақсүмбе арқылы шыққан тармақ бағытталды:

  3. Керуен жолдары торабында орналасқан қала:

  4. Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан саяхатшы:

  5. Керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы:

  6. Отырардан шыққан жолдың біріншісі Отырарға барса, екіншісі қайда барды:

  7. Қазақстанның қай аймағы Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын негізгі қақпасы болды:

  8. Испиджаб қаласына жеткен Ұлы Жібек жолының тармағы нешеге бөлінді:

  9. Васидж қаласынан шыққан жол Сырдың жоғары жағымен қай қалаларға жетті:

  10. Византиялық күміс құмыралар қай қаладан табылды:

Тақырыптың тесті

4 ТАРАУ. 9 ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – 13 ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ. ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ


Конспект
Ерте орта ғасырға (6-9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10-12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда, кейінгі зерттеулер бойынша, қала саны 37-ге жеткен. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған.
Қалалық отырықшылық мәдениет Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік-батыс Жетісу аймағынан (орталығы – Тараз) 36 қала орны табылды. Солтүстік- шығыс Жетісудан 70 қала жұрты ашылды.
Ортағасырлық қалалар көлемі мен экономикалық жағы бойынша өсіп отырған. Олар 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатады. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар кіреді. Үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар жатады. 10-12 ғасырлардағы қалалар дамуының ерекшелігі – отырықшылық мәдениеттің Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай тарала бастауы. Дамыған ортағасырлық қалаларға Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбе жатады. 10-12 ғасырлардағы қала құрылысындағы басты жаңалық – мешіттер мен шығыс моншаларының салынуы. 10 ғасырдағы тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастаған.
Конспект сұрақтар

  1. Ортасы аула ретінде пайдаланылатын тұрғын үйлер салынған аймақ:

  2. Қазіргі канализацияның қарапайым түрі:

  3. Өсімдік тәрізді және геометриялық өрнектермен безендірілді:

  4. Құйрықтөбе қаласынан табылған үй:

  5. Тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастады:

  6. Екі шығыс моншасы табылған қала:

  7. Отырардың солтүстік-шығысынан табылды:

  8. Орталық және Шығыс Қазақстан аймақтарында отырықшылық мәдениеттің тарала бастаған кезі:

  9. Үшінші топқа кіретін қалалар:

  10. Бірінші топқа жататын қалалар:

  11. Қалалар көлемі жағынан бөлінді:

  12. Солтүстік-шығыс Жетісудан табылған қала саны:

  13. Қарнақ, Шур қалалары орналасқан аймақ:

  14. Сырдың орта ағысында орналасқан қала:

  15. Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың топтаса орналасқан жері:

  16. Оңтүстік Қазақстандағы қала орындарының саны:

  17. Сығанақ қаласы Қазақстанның қай аймағында орналасқан:

  18. Ұлытау етегінде орналасқан Х-ХІІ ғасырларға жататын қалаларды көрсетіңіз:

  19. 11-12 ғасырға жататын “қоржын үй” қай қалада табылған:

Тақырыптың тесті

9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы


Конспект
Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараздан табылды. Құмыралардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі-түсті әйнек тәрізді сырмен сырланған. Бұл ыдыстардың сырлары жер астында қанша уақыт жатса да, өшпей, химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түсін сақтап қалған. Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі – шыны бұйымдар жасау. 10 ғасырға жататын шыны ыдыстар Отырар, Тараз, Йасы қалаларынан табылған.
Зергерлік кәсіп ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп есептеледі. Отырар, Тараз, Талғардан күміс білезік, алтын сырға, сақина, алқалар табылған. Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптің бірі – сүйек ұқсату. Cүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіні – мүйізден жасалған әшекейлер.
Испиджаб, Отырар, Фараб қалаларында ақша шығаратын сарайлар болған. Алайда 10-12 ғасырларда айырбас саудасы басым болған. 10-12 ғасырлардағы сауда қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш болды. Ол қалалар арасындағы сауда байланысымен бірге, далалық аймақтар тұрғындарының саудаға араласуын, қала мен даланың байланысын да күшейтті. Егіншіліктің дамуы қала санының және тұрғындарының өсуіне байланысты болды. Қала маңындағы егін егуге қажетті жерлер кең түрде игеріле бастады.
Конспект сұрақтар

  1. Шу аңғарындағы өңделетін жер көлемі:

  2. Қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш:

  3. Таразда ешкі түбіттерімен айырбас сауда болғандығын жазды:

  4. Хорезм шахы Мұхаммед Текеш теңге соқтырған жыл:

  5. Сүйек түйреуіштер, шахмат тастары табылды:

  6. Ұсталықтағы шеберліктің жетістігі:

  7. Шыны ыдыстарды жасау тәсілі:

  8. Қыш құмырашылардың жетістіктері:

  9. Жетісудан табылған құмыралардың түр-пішіні:

  10. Сыры өшпеген қыш құмыралар табылған қала:

Тақырыптың тесті

Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы


Конспект
Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11-12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. 10-12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. 10 ғасырдағы араб-парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене – алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс моншалары болып табылады.
Конспект сұрақтар

  1. Қазіргі кезде мұражайға айналған шығыс моншасы орналасқан қала:

  2. Тараз моншасындағы бөлмелер саны:

  3. Жобалануы жағынан Орта Азияның, Кавказдың моншаларына ұқсас монша:

  4. Айша-бибі кесенесінің күйдірілген кірпіштен қаланып, сақталған бөлігі:

  5. Бабаджа-қатын кесенесі салынған мерзім:

  6. Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері орналасқан жер:

  7. Құйрықтөбе қаласынан табылды:

  8. Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған мешіт:

  9. 10-ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің болғандығы туралы жазылған дерек:

  10. Сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған кезең:

  11. Арыстан бейнесі салынған терракота табылды:

  12. Ғимараттарды өрнектеуде қолданылатын оюланған кірпіштер:

  13. Алаша хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан:

  14. Қ.А.Иассауи ғимаратының қасында орналасқан Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі кімнің ұрпағына арнап салынған:

  15. Қай кесене Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 шақырым жерде орналасқан:

Тақырыптың тесті

Дін және мәдениет. Исламның таралуы


Конспект
Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-cенімдердің болғандығын білдіреді. Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алған. Ортағасырлық қалаларда отқа табыну әдеті кең таралған. Құйрықтөбе мен Отырардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілген. Жетісу аймағында ертедегі діни сенім дәстүрлері кең тараған. Тәңірге жалбарынудың белгісі, христиандықтың белгілері табылған.
Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендігі анықталды. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерленген. 12 ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасына ислам діні кең түрде ене бастады. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласында мешіт, медреселер салынды. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.
Конспект сұрақтар

  1. Қыпшақтар арасына ислам дінінің кең түрде ене бастаған мерзімі:

  2. Мұсылман дәстүрімен жерленген зират табылды:

  3. Жұма мешіті орналасты:

  4. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің көптеп салына бастағанын жазды:

  5. Насыр ибн Сейяр Қазақстанның оңтүстігіне басып кірді:

  6. Арабтардың 714 жылы басып алған қаласы:

  7. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим Бұхараны алды:

  8. Ертедегі діни дәстүрлер кең тараған аймақ:

  9. Отқа май тамызу рәсімі жасалады:

  10. 11-12 ғасырлардағы отқа табыну белгісі:

  11. Оғыздар қорғаушысы ретінде табынды:

Тақырыптың тесті

Ғылым мен білімнің дамуы


Конспект
10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл-Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған. Ол дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылды. Фараб өлкесінен шыққан ондаған Фарабилердің еңбектері мен есімдері белгілі. 12 ғасырда өмір сүрген ғалымдар қатарына Исхақ әл-Фараби, Жаухари әл-Фараби, Ахмад әл-Фараби жатады. Энциклопедист-ғалым әл-Бируни тарих, математика, география, астрономия, медицина секілді ғылым салаларынан 150-ден астам еңбек жазып қалдырған. Махмуд Қашғаридің үш кітаптан тұратын “Түрік тілдерінің сөздігі” (“Диуани луғат ат-түрк”) еңбегі – түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар түріктердің мекендерінің аты, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Жүсіп Баласағұнидің – “Құтадғу білік” еңбегі алғаш рет түрік тілінде жазылған кітап. Ғалымның “Құт негізі-білік” (“Құтадғу білік”) еңбегінде философия, астрономия, алгебра ғылымдарына тоқталуы оның жан-жақты, білікті адам екендігін көрсетеді. Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі – “Ақиқат сыйы”. Бұл шығарма халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады. Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра – “Даналық кітабы” (“Диуани хикмет”) болып табылады. Бұл еңбек адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырады. Сонымен бірге, Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ахмет Йассауидің шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын Сүлеймен Бақырғани. Әли ақынның “Жүсіп-Зылиха” атты поэмасы махабаттағы адалдықты жырлаған. 10-12 ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми, әдеби шығармалар жазылып, рухани мәдениеттің дамуы алға басқан.
Конспект сұрақтар

  1. Йассауидің шәкірті, ғұлама ақын:

  2. “Даналық кітабын” жазған:

  3. Ахмет Йассауиге діни білім берген ұстазы:

  4. Ахмет Йассауидің туған қаласы:

  5. Ахмет Иүгнекиге берілген баға:

  6. Ахмет Иүгнекидің еңбегі:

  7. Қарахандықтардың даңқы шыққан ақыны:

  8. Жазба әдебиет қалыптаса бастаған кез:

  9. 1021-1075 жылдар аралығында өмір сүрген ғұлама:

  10. Баласағұни “Құтадғу білік” еңбегін сыйға тартты:

  11. Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген ғалым:

  12. Алғаш рет түрік тілінде жазылған еңбек:

  13. Қашғариді “түрік тілдерін салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы” деп атаған ғалым:

  14. Махмуд Қашғаридің еңбегі:

  15. Денелердің жерге тартылыс күшін алғаш тапқан ғалым:

  16. “Асыл тастар” еңбегін жазған энциклопедист-ғалым:

  17. Исхақ әл-Фараби өмір сүрді:

  18. Әл-Фарабидің терең игерген ғылым саласы:

  19. Әл-Фараби өмір сүрді:

  20. 10 ғасырдан бастап әдеби және ғылыми шығармалар жазылды:

  21. 13 ғасырда махабаттағы адалдықты жырлаған поэма:

  22. Бұхара қаласында А.Йассауиге діни білім алуына көмектескен ғұламаны көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

5 ТАРАУ. 13-15 ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. МОНҒОЛДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІН ЖАУЛАП АЛУЫ


Конспект
1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен әкімшілік билікке бөлінді. Әскери аумағы жағынан мемлекет үш әскери әкімшілік аймақтан тұрды. Олар – барунгар (оң қанат), жоңғар (сол қанат) және кул (орталық қанат). Мемлекеттің басты заңы “Жасақ” деп аталды. Оның бірінші бөлімінде Шыңғысханның нақыл сөздері мен ел басқарудағы шешімдері болған. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар мен жазалау ережелерінен құралды. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды.
1207-1208 жылдары Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Ал 1207-1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан кінәздігін, ұйғырларды бағындырды. 1211-1215 жылдар арасында Шыңғысхан Қытай жерін басып алды. 1217 жылы Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. Монғолдар 1218 жылы Жетісу жеріне енді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды. Оның басты себебі “Отырар опаты” болған. 1219-1220 жылдары Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшті. Жетісу аймағында монғол шапқыншылығына дейін 200-ден астам елді мекен болған. Ал 13-14 ғасырларда 20-ға жуық қала қалған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Ең бастысы, халықтардың этникалық құрамы мүлдем бұзылды. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзақ жылға кешеуілдеді. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жерінде Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары пайда болды. Төле Монғолия жерін биледі.
Конспект сұрақтар

  1. Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашудағы басты себеп:

  2. Отырарды қоршауға алды:

  3. Отырар қаласы монғолдарға қанша уақыт бойы қарсы тұрды:

  4. Жошы бастаған әскерлер аттанды:

  5. Сыр бойындағы қалалар монғолдардың иелігіне көшті:

  6. Жетісу аймағындағы монғол шапқыншылығынан кейінгі қала саны:

  7. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуын ұзақ жылға кешеуілдеткен жағдай:

  8. Жошы ұлысының аумағы:

  9. Қазақстан жеріндегі монғол ұлыстары:

  10. Құрамына Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағы кірген ұлыс:

  11. Үгедей ұлысының аумағы:

  12. Ұлы хан Мөңке қайтыс болды:

  13. Монғолдардың Жетісуға енген жылы:

  14. 1217 жылы Жетісуды басып алуға аттанды:

  15. Шыңғысхан Қытай жерін басып алды:

  16. Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулады:

  17. Өкімет билігінің жоғарғы органы:

  18. Мемлекеттің басты заңы:

  19. Ханның жеке басын қорғайтын жасауыл:

  20. Монғолияның әскери-әкімшілік аймақтары:

  21. Монғол мемлекетінің әкімшілік билігі:

  22. Шыңғысханның туған жылы:

  23. Монғол империясы құрылған мерзім:

  24. Тимучиннің (Шыңғысхан) ел билеген жылдарын көрсетіңіз:

  25. Қай жылдары Хорезм шахы Мұхамед Текеш Отырар қаласында теңге соқтырған:

  26. Қандай оқиғаға байланысты қыпшақтар мен Хорезм мемлекетінің Сыр бойындағы қалалар үшін күресі тоқтатылды:

  27. Шыңғысханның қай заңы бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды:

  28. Қай жылдары Ұрыс хан өз атынан Сығанақта теңге соқтырған:

Тақырыптың тесті

Алтын Орда (13 ғ.ортасы-16 ғ. басы)


Конспект
Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Орталығы алғашында Сарай-Батуда (Еділ бойында) болды, кейін Сарай-Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227-1255 жылдары мемлекетті басқарған. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Батый хан мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттыруға, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгендігі айтылған.
1236-1242 жылдары Батысқа жасалған жеті жылдық жорықты Батый хан басқарды. Берке хан Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкілмонғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Берке хан Алтын Орданы күшейту үшін мұсылман дінін қабылдады. Меңгу-Темір 1271 жылы Египетпен байланысына кедергі болуға тырысқан Византияға қарсы жорыққа шықты. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты. Тохты хан Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосты. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырған. Египетпен тығыз қатынаста болды. Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан мен баласы Жәнібек ханның билігі тұсында болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген. Оның билігі кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды.
14 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейді. Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін алады. Әмір Темір Алтын Ордаға шабуылдап, мемлекетті бас көтере алмастай етіп тұралатты. 15 ғасырдың ортасында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп кетті.
Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізді. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан “мәлік” деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылды. Алтын Ордада басқару жүйесінде басқақтар маңызды орын алды. Олар басқару қызметімен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді. Даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істі беклербек басқарған. Азаматтық билік уәзірлердің қолында болған. 14 ғасырда Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастаған.
Конспект сұрақтар

  1. Беркеден кейін хан болды:

  2. Тохты хан сауда байланысын жандандырған ел:

  3. Өзбек хан Египет сұлтанына хабарлады:

  4. Өзбек пен Жәнібек хандар тұсындағы Алтын Орданың жағдайы:

  5. Алтын Ордада алауыздық күшейген кез:

  6. Тоқтамыс хан Мәскеуді өртеді:

  7. Алтын Орданы бас көтере алмастай тұралатқан билеуші:

  8. Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды:

  9. Алтын Ордада іс жүргізу жұмыстарында пайдаланған жазу:

  10. Түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер:

  11. Жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізушілер:

  12. Алтын Ордадағы даруғалар қызметі:

  13. Әскери істі басқарушылар:

  14. Мемлекеттік әкімшілік аппарат қызметкерлері негізінен құралды:

  15. Берке ханның исламды күшейтудегі мақсаты:

  16. Монғол империясына тәуелділігін мойындамаған Алтын Орда ханы:

  17. Алтын Орда мен Египет арасындағы байланыс күшейді:

  18. Алтын Ордаға салық төлеуге мәжбүр болған елдер:

  19. Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастаған кез:

  20. Батый хан елдің экономикасын арттыруға көңіл бөлді деп жазды:

  21. Мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы атанған хан:

  22. Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы:

  23. Алтын Орданы құрған монғол ханы:

  24. Жошы ұлысының орнына құрылған ірі мемлекет:

  25. Алтын Ордадағы даруғалардың қызметін көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

Ақ Орда (13-1 5 ғасырдың басы)


Конспект
Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы.
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.
Конспект сұрақтар

  1. Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері пайдаланылды:

  2. Ерзен хан тұсында Ақ Ордада дамыды:

  3. Ақ Орданың біраз жерін жаулап, өз хандығын құрды:

  4. Сырдария бойындағы қалалар үшін Ұлықбекпен соғысты:

  5. 1380 жылы Тоқтамыс хан басып алды:

  6. Тоқтамыс Сығанақты біржолата алды:

  7. Әмір Темірдің Тоқтамысқа көмектескендегі мақсаты:

  8. Ұрұс ханның Сарайды, Қажы-Тарханды басып алған уақыты:

  9. 14 ғасырдың 60-жылдары Сарай қаласында бір жылда билікке келді:

  10. Мүбәрак хан өз атынан теңге соқтырды:

  11. Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған кезі:

  12. Ақ Орда мемлекетінің сипаты:

  13. Ақ Орданың аумағы:

  14. Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет:

  15. Жошы ұлысының сол қанатын басқарды:

  16. Ақ Орда билеушісі, Жәнібектің әкесі:

Тақырыптың тесті

Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы)


Конспект
14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы.
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.
Конспект сұрақтар

  1. Қазақ хандығының құрамына енген Моғолстанның бөлігі:

  2. Жүніс ханның билік еткен жері:

  3. 1433-1462 жылдары хандық билікте болды:

  4. Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорығын жасады:

  5. Ілияс Қожа қоршауға алған қала:

  6. 1365 жылғы Әмір Темір мен Ілияс Қожа арасындағы шайқас:

  7. Тоғылық-Темірдің сыртқы саясаттағы көздеген мақсаты:

  8. Моғолстанда бір күнде ислам дінін қабылдаған адам саны:

  9. Тоғылық-Темір хан болып сайланды:

  10. Моғолстан хандығындағы беделді тайпа:

  11. Моғолстанның аумағы туралы жазылған еңбек:

  12. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды?

Тақырыптың тесті

13-15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір


Конспект
13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды.
Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.
Конспект сұрақтар

  1. Ноғай Ордасының негізін қалаушы:

  2. Нұрад-дин кезіндегі Ноғай Ордасының саясаты:

  3. Едіге Тоқтамыспен үздіксіз соғыс жүргізді:

  4. Едіге ұрпақтарының келісімінсіз қабылданбады:

  5. 15 ғасырдың ортасында ноғайлар жаулап алды:

  6. Ноғай Ордасындағы ұлысты билеушілер:

  7. Ноғай Ордасы ыдырай бастады:

  8. 17 ғасырдың басында үлкен Ноғай Ордасының халқы ығысқан аймақ:

  9. Ноғай Ордасымен экономикалық, саяси байланыста болған елдер:

  10. Батыс Сібір тайпаларына ықпал етті:

  11. Батыс Сібірдегі түрік тілдес тайпалардың бірлестігінде басты рөл атқарды:

  12. Батыс Сібірді басқарушы әулет:

  13. Батыс Сібір хандығының астанасы:

  14. Батыс Сібірде ноғайлардың қолдауымен билікке келді:

  15. Батыс Сібір Әбілхайыр хандығына өтті:

  16. Қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасқан Шайбани ұрпағы:

  17. Сібір хандығының негізгі жерлері:

  18. Батыс Сібір хандығымен достық шарт жасасқан ел:

  19. Ибақ ханды өлтірді:

  20. Шоқан Уәлиханов “екі туысқан Орда” деп атады:

  21. Ноғай Ордасы халқының негізгі құрамы:

  22. Батыс Сібір аймағында Торғай, Есіл, Ертіс бойын мекендеді:

  23. Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам:

  24. Ноғайлар оңтүстік-батысында көшіп-қонып жүрді:

  25. Сарайшық қаласы біржола қирады:

  26. Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды байланыстырды:

  27. Сарайшықтың гүлденген дәуірі:

  28. 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында құрылған хандық:

Тақырыптың тесті

Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)


Конспект
1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталды. Ұлыстың алып жатқан жері мен халқының көпшілігі қыпшақтар болғандықтан, оны Қыпшақ хандығы деп те атаған. Әбілхайыр хандығы батысында Жайық, шығысында Балқаш, оңтүстігінде Арал мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде Тобыл, Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Рузбихан дерегі бойынша, Әбілхайыр хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан және қазақтардан тұрған.
1431 жылы Екіретүп деген жердегі Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқаста Әбілхайыр жеңіске жетті. Кейін Орда-Базарды бағындырып, өзінің орталығы етті. Оған дейін астана Тура қаласы болған. 1446 жылы Әбілхайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етті. Бұл жеңістен кейін Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Cығанақ қаласын өзінің орталығы етті. 1446 жылы Самарқанды алды.
1456-1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған ойраттардан жеңіліп қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Аққыстау деген жерде қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылды.
Конспект сұрақтар

  1. Әбілхайыр хан қайтыс болған жер:

  2. Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде жеңілді:

  3. Әбілхайыр ханның Самарқанды алған жылы:

  4. Әбілхайырдың Мұстафа ханды жеңген шайқасы болды:

  5. Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқас:

  6. Әбілхайыр хан әскерінің құрамына қосылған ру-тайпа саны:

  7. Әбілхайыр ханның көп күш-жігерін жұмсаған жері:

  8. Әбілхайыр хандығы шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған деп жазды:

  9. Әбілхайыр хандығының батысындағы аймақ:

  10. Әбілхайыр хан болып сайланды:

  11. Әбілхайыр 16 жасында тұтқынға түседі:

  12. Найман, бұйрық, қарлұқ тайпаларының қыстаған жерлері:

  13. Масуд ибн Усман Кухистанидің еңбегін көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары


Конспект
Әмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады.
Әмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.
Конспект сұрақтар

  1. Әмір Темірдің өмір сүрген уақыты:

  2. Әмір Темірдің қатыгездікпен жүргізген басқыншылық жорықтары бағытталған аймақ:

  3. Әмір Темірдің Алтын Орданы басып алудан бұрын көздеген мақсаты:

  4. Ақ Орданың жеңілуіне әкеп соққан жағдай:

  5. Ақ Орданың жаңа ханы Темір-Мәлік Тоқтамысты жеңіліске ұшыратты:

  6. Тоқтамыстың 1380 жылдан бастап жаулап алған жерлері:

  7. 1391 жылғы Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы шайқас:

  8. 1395 жылғы Терек шайқасының нәтижесі:

  9. Алтын Орда экономикасына оңалмастай нұсқан келтірген жағдай:

  10. Әмір Темір әскері Алмалықтың жанында талқандады:

  11. Әмір Темірдің Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейінгі жорығы бағытталды:

  12. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған барлық жорықтарының мерзімі:

  13. Әмір Темірдің Қамар ад-динді талқандау үшін жіберген әскерінің саны:

  14. Әмір Темірдің Моғолстанның қолбасшысы Қамар ад-динді талқандаған жері:

  15. Қамар ад-дин Әмір Темір әскерінен күйрей жеңілді:

  16. Әмір Темірге қарсы одақ құруға әрекет жасаған елдер:

  17. 1390 жылдары Әмір Темірге толық тәуелділікке түскен ел:

  18. Әмір Темір қайтыс болған жер:

  19. Қай жылы Әмір Темір Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға бұйрық берді:

Тақырыптың тесті

Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы


Конспект
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген. Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері – хан, сұлтандар, оғландар. Хан кеңесінің құрамы хан тұқымдарынан, ұлысбектерден, әмірлер мен бек, билерден тұрған. Ханның кеңесшісі уәзірлер болған. Құрылтай – хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстанда түрік тайпаларының басшылары “әмір” деп аталған. Ал Ноғай Ордасында оларды “мырза” деп атаған. Қарапайым халық “қараша” деп аталады. Әділ үкім шығаратын “би” қызметі болған. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Осы жерлер “інжу” деп аталған. Иқта, сойырғал деп аталатын сый-жерлер әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет еткендерге берілген. Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық тағар деп аталған. Жан басына және мал басына құшыр салығы салынды. Жер көлеміне байланысты қалан салығы салынған. Мал салығы зекет деп аталған. Отырықшы егінші аймақтардан харадж, баж салықтары алынған. Мұрагердің “тел бауырын” көкілташ деп атаған. Ал мұрагердің тәрбиешісі атабектер болған. Жастайынан сайланған хандарға ақыл беретін кеңесшінің лауазымы “наиб” болған. Ханның аңшылық ісін басқаратындар миршикар деп аталған. Жасауылдар жиын-той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрді қадағалап отырған. Cарай қызметінің басшылары ішік аға басы делінсе, хан кеңесшілері инақтар деп аталған. Ал даруғалардың міндеттеріне салық жинау, тәртіпті қадағалау кірген. Хандық өкіметтердің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі билеушілер мүддесін қорғауға бағытталған.
Конспект сұрақтар

  1. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хандық биліктің ең жоғарғы өкілдеріне жатады:

  2. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хан кеңесінің құрамы:

  3. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны:

  4. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы түрік тайпаларының басшылары:

  5. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында “бек” атауы берілген:

  6. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы қарапайым халықтың атауы:

  7. Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері:

  8. Алтын Орда хандарының інжулік жерлері орналасқан аймақ:

  9. Шағатай мемлекетінің інжулік жерінің аумағы:

  10. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы тікелей хандардың қарамағындағы жерлер:

  11. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы ханға адал қызмет істегендерге берілетін сый-жерлер:

  12. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық:

  13. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы жан басына және мал басына салынатын салық:

  14. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында харадж, баж салықтары алынды:

  15. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы мұрагердің “тел бауыры”:

  16. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы миршикар атқаратын қызмет түрі:

Тақырыптың тесті

14-15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы


Конспект
Монғол шапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік Қазақстанда дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарында жанданды. Жартылай отырықшы мал шаруашылығы Жетісуда дамыған. Мал өсірудің үшінші түрі – көшпелі мал шарушылығы Орталық, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп, қону бағыттарына байланысты қалыптасты. Суармалы егін шаруашылығының орталығына Йасы, Сауран, Отырар қалаларын жатқызуға болады. Жетісудың оңтүстік-батыс жағында, Тараз маңында қалалық өмір сақталып, суармалы егіншілік орталығы болған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына зардабын тигізді. Іле алқабындағы қалалық мәдениет 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында мүлдем құрып бітті. Талас жағасында 1269 жылы құрылтай өткізіліп, отырықшы халық пен қала тұрғындарынан белгіленген салық көлемінен артық алуға тыйым салынған заң шығарылды. Қалалық өмірдің дамыған кезі – Ақ Орда хандары Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтайлардың билік құрған тұсы.
Күлтөбе, Раң қалаларынан ыдыс жасайтын шеберхана орындары табылды. 13 ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария қалаларында кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар, Түркістан қалаларынан жергілікті шеберлер жасаған қола айналар мен шырағдандар табылды. Күмістен жасалған орама білезіктер Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азияның солтүстік аудандарында кең тараған. Отырар, Тараз қалаларында әйнек жасау кәсібі 10-11 ғасырлардан белгілі болған. Монғол шапқыншылығынан кейін бұл кәсіп тоқырауға ұшырағанымен, 13 ғасырдың аяғында қайта жандана бастаған. Қалалық мәдениеттің дамуы адам тіршілігіне қажетті барлық кәсіптің жандануына жол ашты.
Конспект сұрақтар

  1. Мал шаруашылығы мен отырықшылық өмір қайта жандана бастаған кезең:

  2. 14-15 ғасырлардағы шаруашылықтың негізгі түрлері:

  3. 14-15 ғасырлардағы көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың көшу бағытының ұзақтығы:

  4. Төменарық, Бозғыларық каналдары қазылған жер:

  5. 14-15 ғасырлардағы вақф-грамотасы бойынша берілді:

  6. 14-15 ғасырлардағы суармалы егіншіліктің орталығы:

  7. Іле алқабында қалалық мәдениет мүлдем жойылды:

  8. 1269 жылғы Талас жағасындағы құрылтайда қарастырылған мәселе:

  9. 14-15 ғасырлардағы қалаларда тіршіліктің жандана бастауы туралы жазды:

  10. Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбарак тұсында:

  11. 14 ғасырдағы Күлтөбе, Раң қалаларының орнынан табылды:

  12. Кірпіш күйдіретін шеберханалары болған қалалар:

  13. 14-15 ғасырларда Отырар мен Түркістанның жергілікті шеберлері жасаған бұйымдар:

  14. 14-15 ғасырлардағы күмістен жасалған орама білезіктер кең тараған аймақ:

  15. Әйнек жасау кәсібі белгілі болған кезең:

Тақырыптың тесті

6 ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЭТНОСАЯСИ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Конспект
Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О.Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті андрондықтарға ұқсас болған. Шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами бастады. Монғолдар түркіленіп, Шыңғыс тұқымдарының өзі түрік тілінде сөйлеп, монғолдық сипаттан ажырады. Монғолдарға дейін жергілікті ру-тайпалардағы пайда бола бастаған монғолоидтық тұрпат күшейе түсті.
13 ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды. Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі 150-200 жылға кешеуілдеді.
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі. 15 ғасырдың 1-жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы, тілі, түр-тұрпаты, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы ұқсас болған. Олар “92 баулы өзбектер” шежіресі бойынша 92 тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуынша, өзбектерге шайбанилер, қазақтар, маңғыттар жатады. Бұл деректен байқалатыны Өзбек хан хандық құрған кездің өзінде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.
Конспект сұрақтар

  1. Өзбектерге басты үш халық жататынын жазған тарихшы:

  2. Өзбектерге кіретін үш халықтың ержүрегі және ең көбі:

  3. Қазақ хандары Әмен мен Сәменді жазалаған билеуші:

  4. Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы ұқсас болған кезең:

  5. Үйсіндер деген атау уақытша айтылмай, орнына аталды:

  6. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарды:

  7. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасу үрдісін кешеуілдетті:

  8. Қазақ жерінде пайда болған түркіленген жаңа этникалық топтар:

  9. Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті:

  10. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті қай тайпаға ұқсас:

  11. Қазақ хандығының негізі қаланған жерді көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі


Конспект
15 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру-тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта Азияға көше бастаған. Бұл жағдай Моғол хандығындағы этносаяси қауымдастықты әлсіретті. Әбілхайыр хандығындағы ру-тайпалардың жан-жаққа бытырауы бұл хандықтың мүлдем жойылып, ал қалған бөліктерінің Орта Азияға барып, өзбек халқының негізін қалауына себеп болды. Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырлануы Қазақ хандығының құрылуына жол салды және қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды. Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен басты жағдай – оның құрамына қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайпалар одағының енуі. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде “өзбек-қазақтар” деп аталды. Қазақ атауы тұрақтанып, қазақ халқының этникалық атына айналды.
“Қазақ” cөзі 13 ғасырға дейін бостандық сүйгіш “еркін адамдар” деген мағынада қолданылып келген. Ал 14 ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастаған. “Алаша хан” аңызында қазақ халқы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы айтылады. “Алаш” сөзі алғаш рет 9-10 ғасырларда айтылған. Жезқазған аймағындағы Жанғабыл өзені бойында Алаша хан ордасы болған. Ал Қаракеңгір өзенінің оң жағасында Алаша хан күмбезі болған. Қазақ халқының жүзге бөлінуі өз жерін қорғау қажеттілігінен туған.
Конспект сұрақтар

  1. “Қазғақ оғлұм” атауы кездесетін жазбалар:

  2. Шығыс Дешті Қыпшақта “қазақ” атауы қолданылды:

  3. “Араб-қыпшақ” сөздігінде “қазақ” атауына берілген түсініктеме:

  4. Түрікмен жеріне қыпшақтардың “қазақ” болып барған кезі:

  5. ”Қазақ” сөзі этникалық мағынаға ие бола бастады:

  6. Қазақ халқы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:

  7. “Алаш” сөзі алғаш рет айтылды:

  8. Алаша хан ордасы орналасқан аймақ:

  9. Қазақ халқының өз жерін қорғау қажеттілігінен туындады:

  10. Ру-тайпалардың ен-таңбаларын салған жартас табылған жер:

  11. Жәнібек пен Керей хандарға ілесіп көшкен тайпалар:

  12. Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен басты екі этникалық топ:

  13. Қазақ хандығының құрылып, нығайған кезі:

  14. 15 ғасырдың басында Жетісу аймағындағы ру-тайпалардың көшкен жері:

Тақырыптың тесті

Қазақстанның 14-15 ғасырлардағы сәулет өнері


Конспект
14-15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері. Отырардың батысында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын жерде Арыстан баб кесенесі орналасқан. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Кесене биіктігі – 37,5 метр, екі биік күмбезді. 35 бөлмеден тұрады, ең негізгісі – кітапхана, басты бөлмесі – көрхана. Оңтүстік жағындағы үлкен және кіші ақсарайда атақты адамдар жерленген. Көккесене – Сығанақтың маңында, Төменарық кентінен 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Алаша хан кесенесі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. 15 ғасырдың II жартысында салынған Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Йассауи ғимаратының шығысында, 60 м жерде орналасқан.
14-15 ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат төбесін жабу ісінде күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама материалдар пайда болды. Құрылыс материалының соншалықты жоғары сапалы болуы сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.
Конспект сұрақтар

  1. 14-15 ғасырларда ғимарат төбесін жабу ісінде жетілдірілді:

  2. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіндегі бөлме саны:

  3. Далалық сәулет өнері үлгісінде жасалған кесене:

  4. Қабырғаларының сырты кілем өрнегіне ұқсатып қаланған кесене:

  5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі салынды:

  6. Арыстан баб кесенесі орналасқан жер:

  7. Ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған мезгіл:

  8. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан:

  9. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан:

  10. Қожа Ахмет Йассауидің ұстазын көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

7 ТАРАУ. БІРТҰТАС ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ


Конспект
15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар арасында араздықты туғызып, елде бей-берекетсіздік өршіді. Мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетті. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілхайырдың билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы басты 3 аймаққа шоғырланды. Олар – Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Түркістан. Біртұтас қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының негізі экономикалық жағынан дамуы болды.
Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар қола дәуірінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан. Осы шаруашылықтың дамуы барысында жартылай көшпелі және отырықшы жер өңдеу кәсібі қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағында орта ғасырларда қалалық отырықшылық шаруашылық өркендеген. Қазақ жерінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы да ру-тайпалардың экономикалық және мәдени жағынан дамуына зор ықпал еткен. Тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады. Қазақ халқының бірігуінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.
Конспект сұрақтар

  1. 15 ғасырда жартылай мал өсірумен және егіншілікпен айналысқан ру-тайпалардың қоныстанған жері:

  2. 15 ғасырдағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы шоғырланған аймақ:

  3. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылықтың шарықтау шегіне жеткен кезі:

  4. 15 ғасырдағы Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықтағы ұлыс саны:

  5. Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліс тапқан соң, ел ішіндегі беделі түсе бастады.

  6. Керей мен Жәнібек хандармен бірге көшіп-қонып жүрген ру-тайпаларды алғашқы кезде қалай атады:

  7. Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде арғындар қай аймақта мекендеді:

  8. Моғолстан ханы Есен-бұға не себепті Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдады:

  9. Әбілқайыр хандығы қашан құрылды:

  10. Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде қоңыраттар қай аймақты мекендеді:

Тақырыптың тесті
Қазақ хандығының құрылуы
Конспект
15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс тепкен. Керейлердің мекені – Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь және Тобыл өзендері аралығы. Қаңлылар Қаратау бауырын, Сырдария мен Жетісу өзендері бойын мекен еткен. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрған. Жалайырлардың мекені – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу. Үйсіндер Жетісуда қоныстанған. Қазақ хандығының іргесін нығайтып, күш-қуатын арттыруға, ірі, дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер қазақ қоғамының билеуші топтарының мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы, Қаратау баурайындағы, Сырдария бойындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың көпшілігі 15 ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. 15 ғасырдың басында Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі аумағы Қозыбасы мен Шу аймағы болған. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт тайпалары болды. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі деп Моғолстанды айтамыз. Қазақ хандары қырғыз халқымен де өзара тату тұрған.
Конспект сұрақтар

  1. Керей мен Жәнібектің қазақ тайпаларын бастап, көш бастаған бағыты:

  2. Қазақ хандығы құрылды:

  3. Жәнібек ханның қоныстанған жері:

  4. 15 ғасырда Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде мекендеді:

  5. Қаңлылардың мекендеген жері:

  6. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі:

  7. Жәнібек ханның баласын өздеріне хан ету үшін сұраған көрші ел:

  8. Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне тайпалардың топтасуы басталды:

  9. Моғолстанның қай ханы Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер берді:

  10. Қай тарихшының еңбегінде Қазақ хандығының құрылуы жөнінде мәліметтер кездеседі:

  11. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қай хандықтың құрылуы жайында мәліметтер кездеседі:

  12. М.Х.Дулати еңбегінде Қазақ хандығы қай жылдары құрылған деп көрсеткен:

  13. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай мемлекеттен бөлініп шықты:

  14. «Шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қай жылы қабылданды:

Тақырыптың тесті

Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)


Конспект
15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс-қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1) Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан жайылымды пайдалану тәртібін қалпына келтіру. 2) Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату. 3) Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. Хандардың Сыр бойындағы қалаларды өзінің экономикалық-әскери тірегіне айналдыруы Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болған. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды. Сыр бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. 15 ғасырдың соңында Сырдария өңіріндегі күрес барысы, билікке таласушы күштердің арақатынасы қазақ хандарының басымдылығын танытты. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен таластарды тоқтатты. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады.
Конспект сұрақтар

  1. Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан қалалар:

  2. Шайбани ханға қарсы шығу үшін Қазақ хандары бірлесті:

  3. Шайбани ханның Сыр бойындағы қалаларды басып алған жылы:

  4. Шайбани ханмен одақ құрған хандық:

  5. 1470 жылы Керей хан шабуылдаған қала:

  6. Қазақ хандарының Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алған уақыты:

  7. Дешті Қыпшақ даласын билеудегі басты шарт:

  8. Қазақ хандары Әбілқайыр хандығымен не үшін соғыс жүргізді:

  9. 1470 жылы Керей хан Түркістанға шабуыл жасайды, ал Жәнібек хан қай қалаға шабуылдайды:

  10. 15 ғасырдың 80 жылдары Шайбани хан екінші рет қай қаланы басып алды:

Тақырыптың тесті

Қасым хан (1511-1518)


Конспект
Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығына Керейдің ұлы Бұрындық келді. Оның ел басқарған уақыты 1473/1474-1511 жылдар. 1511-1518 жылдар аралығында ел басқарған Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өрледі. М.Х.Дулати Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, оның халқының саны 1 млн-нан астам болғандығын айтады. Сонымен бірге Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. М.Х.Дулати Қасым ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді.
“Қасым ханның қасқа жолы” құқықтық заңына енетін ережелер – мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы. Ол қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.
16 ғасырдың басында Қазақ хандығының шекарасы Солтүстікте және Шығыс Солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тауына дейін жетті. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағы мен Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Шығыс Оңтүстікте Жетісу жерінің басым бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендерінің алабы қарады. Батыс Солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым хан тұсында хандықтың саяси-әкімшілік, сауда-экономикалық орталығы бастапқы кезде Сығанақ болды. Қасым хан алғашында Түркістан қаласында, ал өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта билік жүргізген. Қасым хандығы Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда және дипломатиялық байланыстар жасады.
16 ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды. Жер көлемі ұлғайды, халық саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы тартыстар азайды. Өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. Қасым хан Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегі бойынша, 1518 жылы қайтыс болған. Ал орыс деректерінде 1521 жылы қыста Сарайшық қаласында қаза тапты деп айтылады.
Конспект сұрақтар

  1. Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі:

  2. Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегі бойынша, Қасым хан қайтыс болды:

  3. Қасым ханның шабуылы сәтсіз болды:

  4. 16 ғасырдың басында Қасым ханның сыртқы саясатындағы басты бағыт:

  5. Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуінің себебі:

  6. Қазақ хандығының сауда және дипломатиялық байланыста болған елдері:

  7. Қасым хан өмірінің соңғы кезінде билік жүргізді:

  8. 16 ғасырдың басында Қасым хандығы Батыс-Солтүстікте созылды:

  9. Қасым хан ұлыс басшылығына сайлады:

  10. “Қасым ханның қасқа жолы” құқықтық заңындағы аламан міндеті, ердің құны қаралатын ереже:

  11. “Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді” – деп жазған ортағасырлық ғұлама ғалым:

  12. М.Х.Дулати дерегіндегі Қасым кезіндегі халық саны:

  13. “Қазақ сұлтандары мен хандарының бір де біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған” деп жазған:

  14. 1473/1474-1511 жылдары Қазақ хандығын басқарды:

  15. Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі Қасым ханның Жетісудағы билігінің ...... себеп болды:

  16. Мұхаммед Хайдар Дулати өз деректерінде Қасым ханды қай жылы қайтыс болған деп көрсеткен:

Тақырыптың тесті

Хақназар хан (1538-1580)


Конспект
Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, аймақтық жағынан ұлғайтуға, халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) зор үлес қосты. Хан өзінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай Ордасымен, Орыс мемлекетімен, өзбектермен бейбіт қарым-қатынас жасауды басты міндеті санады. Хақназар хан батыстағы Ноғай Ордасымен, оңтүстігінде Орта Азиямен, солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатты.
Жетісуға ойраттардың тонаушылық жорықтарының жиілеуі Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатты. Моғолдармен соғыстағы сәтсіздік пен ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназар хан Жетісудың біршама жерінен айрылды. Хақназар хан Бұхар ханы II Абдаллахпен “Дос болып, өзара көмектесу” жөнінде “ант беріскен шарт” жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, сауда қатынасы ұлғайды. 1579 жылы II Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар жасырын түрде екеуін де қолдады. Абдаллах хан оған Түркістан аймағындағы қалаларды сыйға берді. Баба сұлтан да Хақназарға Түркістан, Сауран қалаларын тарту етті. 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін сезіп қалған Баба сұлтан, жансыздары арқылы Хақназарды сұлтандарымен бірге өлтіреді. Хақназар хан сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана білді. Қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.
Конспект сұрақтар

  1. 1569-1573 жылдары Қазақ хандығында болып қайтты:

  2. II Абдаллах пен Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды:

  3. Хақназар хан “Дос болып, өзара көмектесу” жөнінде шарт жасасты:

  4. 16 ғасырдың ортасында Дон даласына қарай ығысты:

  5. Қазақ хандығына келіп қосылған Ноғай Ордасының тайпалары:

  6. Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан жағдай:

  7. Моғолстанға қарсы құрылған әскери одақ:

  8. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы басты міндеті:

  9. Хақназар хан батысында қарым-қатынас орнатқан ел:

  10. Cаяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіруге үлес қосқан билеуші:

Тақырыптың тесті

Тәуекел хан (1582-1598)


Конспект
1580-1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасады. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. Тәуекел сұлтанға риза болған Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты.
1582 жылы Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты. Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді. Тәуекел ханның дипломатиялық жұмыстары нәтижелі болды. Хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бірқатар руын басқаруға, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Қалмақтардың біраз бөлігі Тәуекел ханға бағынышты болған. Тәуекел ханның басты мақсаты Өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. 1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасалған “ант беріскен шартты” бұзды. Өзбек хандығына шабуылдап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрамды басып алды. Ташкентке қауіп төндірді. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады. Тәуекел хан елшілігі 1594 жылы Мәскеуге барды. Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден Вельямин Степанов жіберілді. Қазақ-орыс қатынастарының дамуы керуен саудасының кеңеюіне жағдай жасады. 1598 жылдың қысында Ташкент түбінде қазақтар өзбек әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс хандықтың беделін, күш-қуатын арттыра түсті. Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді. Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды. Қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары Сыр бойындағы қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, Cібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.
Конспект сұрақтар

  1. 1598 жылы жойылған хандық:

  2. 1595 жылы Мәскеуден Қазақ хандығына келген елші:

  3. Тәуекелге Сібір ханы Көшіммен соғысу талабын қойды:

  4. Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммедтің орыс патшасына барған жылы:

  5. Ұзаққа созылған соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығына қосылды:

  6. Тәуекел хан Бұхараны неше күн қоршады:

  7. Тәуекел хан жасағының Мәуереннахрға кірген жылы:

  8. 1583 жылы Тәуекел хан шартты бұзып, қатер төндірді:

  9. Тәуекел ханға бағынышты болды:

  10. Тәуекел ханның тұсында шығыстан қауіп төндірді:

  11. Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның әскерін талқандады:

  12. Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасалды:

  13. 1580-1582 жылдары хан тағына отырды:

  14. Қазақтың қай ханы Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізді:

  15. Қазақтың қай ханына Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты:

  16. Бұхара ханы Абдаллах Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі қай уәлаятты сыйға береді:

Тақырыптың тесті

Есім хан (1598-1628)


Конспект
Тәуекелдің інісі Есім қазақтың көп санды әскерін басқарған, Ташкент, Түркістан аймағын билеген көрнекті сұлтан болды. Cондықтан қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған. 17 ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығын екі хан билеп, елде саяси бытыраңқылық орын алды. Тәуекелдің інісі Есім хандық билікті алған тұста, Тұрсын Мұхаммед сұлтан 1613-1614 жылдар шамасында өзін хан етіп жариялады. Есім ханның астанасы – Түркістан болды, ал Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз хан деп жариялады. Есім хан Бұхар ханымен бітім жасасып, Орта Азия қалаларымен экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Алайда Бұхар ханы қазақ хандығының бытыраңқылығын пайдаланып, бітім шартты бұзып, қазақ жеріне жорықтар ұйымдастырды. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Самарқан маңындағы Айғыржар жерінде болды. Бұхар әскері жеңіледі. 1611 жылы Ташкент түбіндегі ұрыста Имамқұли хан басқарған бұхар әскерін Есім хан жеңеді. Бұхар ханы келісімге келуге мәжбүр болды. Алайда Есім мен Тұрсын арасында қайшылықтар шиеленісе түсті.
17 ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қарым-қатынастар орнады. Бұл қатынастар екі хандықтың қарама-қарсы топтары арасында құрылды. Бұл жағдай қазақ хандары арасындағы қайшылықтарды тереңдете түсті. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған Тұрсын хан Түркістанды шауып кетеді. Есім хан бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руы мен Тұрсын ханды жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта “Қатаған қырғыны” атанды.
“Есім ханның ескі жолы” деген сөз Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
Конспект сұрақтар

  1. 17 ғасырда Қазақ хандығымен одақтық қарым-қатынас орнатқан ел:

  2. Тарихтағы Тұрсын ханның бүлігі:

  3. “…кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін…” деп жырлаған әйгілі жырау:

  4. Есім хан жеңіске жеткен Ташкент түбіндегі шайқастың болған мерзімі:

  5. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы өткен жер:

  6. Қазақ хандығын екі хан билеп, саяси бытыраңқылық орнаған кез:

Тақырыптың тесті

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы


Конспект
Есім ханның баласы Жәңгір 1628-1652 жылдары хан болған. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп, Орбұлаққа бекінген Жәңгір ханның 600 cарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды. Көмекке Самарқан қаласының әкімі Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен келеді. Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен “Билер кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық-қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.
Төле Әлібекұлы (1663-1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би өз өмірін елінің бірлікте, ынтымақта болуына арнаған. Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағасындағы бір ауылда дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбек би Тайкелтір бимен бірге қалмақ ханына барып, алмастай өткір сөзімен оны жеңіп, малын да, жанын да түгел алып қайтқан. Әйтеке Бәйдібекұлы (1682-1766) – атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Шын есімі – Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. 1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық жасақтары құрылды. Қазақ жасақтары жоңғарларды талқандап, шығысқа қарай ығыстырды. Қазақ хандығындағы ірі шонжарлар арасындағы алауыздық пен енжарлық жаудан қорғану үшін халықты жұмылдыруға кедергі келтіріп отырды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жағдай қайтадан ауырлап кетті.
Конспект сұрақтар

  1. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы:

  2. Қазыбек бидің жастық шағы өткен жер:

  3. Төле би өз өмірін арнады:

  4. “Жарғы” сөзінің қазақша ұғымы:

  5. 1710 жылғы Қарақұм жиынында талқыланған мәселе:

  6. Жоңғар феодалдарының Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған уақыты:

  7. Тәуке ханның басты мақсаты:

  8. Битөбе мен Күлтөбеде өткізілді:

  9. Тәуке хан тұсында соттық мансапты атқарды:

  10. Тәуке хан тұсында хандық кеңесте негізгі рөлді атқарды:

  11. Тәуке ханның ел басқарған кезі:

  12. 1680 жылы жоңғарлар басып алған қалалар:

  13. Жәңгір ханға Самарқаннан көмекке келген батыр:

  14. Орбұлақ шайқасы болған жер:

  15. Ерлік істері көрші елдерге аңыз болып тараған қазақтың ханы:

Тақырыптың тесті

8 ТАРАУ. ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ 16-17 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ


Конспект
Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды. Ауылдық басқару, ата-аймақ, рулық басқару, ұлыстық билік, жүздік билік, хандық билік, құрылтай немесе мәслихат. Ауылдық басқару туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралды. Ауылды ауылнай немесе ауылбасы басқарған. Ата-аймақ бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. Бұл ұйымды ақсақал басқарған. Ру он немесе он бес аймақтан құралған. Ру басшысын ру биі немесе рубасы деп атаған. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болды. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі болып есептеледі. Жүздің биі ордаби деп аталған. Хандық үш жүзден құралды. Ұлы жүз аумағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Орта жүз аумағы – Орталық жəне Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Кіші жүз аумағы – Батыс Қазақстан. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды.
Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі – Құрылтай (Мəслихат). Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселені талқылауға үш жүздің азаматтары құрылтайға түгел қатысады. Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар сайланды. Сонымен бірге хан болып сайлану үшін Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап болды.
16-17 ғасырларда қазақ халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Қазақ қоғамында бас бостандығы жоқ құлдар мен күңдер де болған. Оларда ешбір құқық болмаған.
Конспект сұрақтар

  1. Кіші жүз рулары:

  2. Төре тұқымының ішкі әулеттік дауларын шешті:

  3. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі:

  4. Хан болып сайлану үшін қойылатын басты талап:

  5. Ханның жасағы:

  6. Қазақ қоғамындағы ақсүйектер тобы:

  7. Қазақ қоғамында ешбір құқығы болмағандар:

  8. Ұлы жүз құрамына кіретін рулар:

  9. Жүздік ұйым құралды:

  10. Әр ұлыстың жаугершілік жағдайда шығаратын жасағы:

  11. Өз қасиетімен немесе аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік етті:

  12. Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлы жағын жазалап отырды:

  13. Туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралды:

  14. Қазақ хандығын басқару жүйесінің тармақтары:

  15. Атақты Орбұлақ шайқасы қай жылы болды:

  16. Орбұлақ шайқасы кезінде қазақтың қай батыры жоңғар әскерінің сыртынан шабуыл жасаған:

  17. Қай жылы Арал өңірінің қазақтары Әбілғазыны хан сайлады:

Тақырыптың тесті

Қазақ халқының 16-17 ғасырлардағы шаруашылығы


Конспект
Қазақ халқының көшіп-қонуында белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қоны болған. Маусымды көші-қон дегеніміз – жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону. Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді: қысқы көш, көктемгі көш, жазғы көш, күзгі көш. Қыстауда 6 ай қозғалмай бір жерде отырған. Көктеу, жайлау, күздеуде 2 айдан тұрақтаған. Қыста мал бағатын қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі жұт болды. Жұт дегеніміз – жем-шөптің таусылып, қыстың ұзарып, қатты суық болудан, қар қалың түсіп жер бетінің мұз басып қатуынан және түрлі жұқпалы аурулардан малдың қырылуы. Малдың жұқпалы аурулары: кебенек – ешкіде, қарасан – сиырда, топалаң – қойда, маңқа, жамандат – жылқыда, ақшелек – түйеде болған. Көктеуге көшудегі басты мақсат – мал төлдету, жүн қырқу. Жайлауға көшудің басты міндеті – малды семірту. Себебі малдың қыстан аман шығуы жайлаудағы қоңдануына байланысты болған. Күздеуде қойдың күзем жүнін қырқады. Әйелдер күзем жүннен киіз басып, киіз үйлерінің қажетті бұйымдарын дайындаған. Күздік көш жүгін қысқа дайындаған азық-түліктері, киіз-төсеніштері, киімдері ауырлатқан.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өте ертеден егіншілік мəдениеттің өркендеген жері болып есептеледі. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен де айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылығы шикізаттарын өңдеумен айналысты. 17 ғасырдағы деректерге қарағанда алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.
Оңтүстік Қазақстандағы қалалар 15 ғасырдың аяғынан Қазақ хандығының қол астына қарай бастады. Ал 16-17 ғасырларда ол қалалар толық қазақтардың қолына өтіп, төңірегінде елді мекендер қалыптасты. Қалалар шығыстан батысқа қарай Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Сығанақ қаласы қазақтар үшін сауда орталығы, 13 ғасырдан қыпшақтардың орталығы, 15-16 ғасырлардан Қазақ хандығының астанасы болған. Түркістан қаласы 16 ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасына айналды. Қазақ халқының ұлттық негізі Түркістанда бекіген. 18 ғасырдан бастап ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастаған. Бұған жоңғар-қалмақ шапқыншылығы, қазақ-өзбек хандықтары арасындағы жүз жылға жуық болған соғыстар, Ұлы Жібек жолының сауда жасау қуатының әлсіреуі басты себеп болды.
Конспект сұрақтар

  1. Маусымды көші-қон мезгілі:

  2. Қыста қазақ ауылдары үшін ең қауіпті жағдай:

  3. Көктеуде жас төлге арнап жасалған жылы күрке:

  4. Қазақтардың жайлауға көшудегі басты мақсаты:

  5. Күздеуге көшу басталатын мезгіл:

  6. Ерте заманнан егіншілік кәсібі дамыған аймақ:

  7. Астық сақтайтын орын:

  8. Малынан айырылып, егіншілікпен айналысқан кедейлер:

  9. Құны бір үйір жылқымен бағаланған қымбат таспен әшекейленген бұйым:

  10. Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың Қазақ хандығына толық өткен кезі:

  11. 15-16 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы:

  12. Қазақ халқының ұлттық негізі бекіген қала:

  13. Ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастады:

Тақырыптың тесті

Қазақ халқының мәдениеті


Конспект
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті жетіліп отырды. Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазда киіз үйде, ал қыста шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үйде тұрған. Жазғы үйлері – киіз үй және арба үстіне орнатылған жылжымалы үй-күйме. Киіз үйдің ағаш сүйегі 3 бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Киіз үйдің бауы – басқұр негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарды. Үйді жауып тұратын киіздер – түндік, үзік, туырлық.
Қысқы киімдер – құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қойдың немесе түйенің жабағысын қалың матамен тыстап тігілген күпі, шидем ішік, тон. Қысқы бас киімдері елтіріден, түлкі терісінен тігілген тымақ болды. Жазда ыстық өткізбейтін жұқа киізден жасалған қалпақ киді. Бойжеткен қыздардың бас киімі бағалы аң терісінен тігілген бөрік болды. Жас келіндердің бас киімі – сəукеле. Кейін сәукеле орнына желек жамылды. 30-40 жастағы əйелдің бас киімі кестеленген кимешек деп аталды. Орта жастағы əйел – жаулық, жасы келген əйел күндік киген.
Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі – жент. Жылқы сүтінен – қымыз, сиыр мен қой сүтінен – айран, қатық, құрт, ірімшік, май, түйе сүтінен шұбат жасаған.
Қарқаралы көш деп көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың қауырсынынан төрт басты қарқара тағуды айтады. Ол көш кезінде тіл-көз қарқараға ауады деген сенім болғандығын көрсетеді.
Күннің алғашқы күркіреуі ағарғанның көбеюінің, өсімдіктердің жетілуінің хабаршысы болған. Қымыз ашытып “қазық майлау”, “бие мұрындық” деп аталатын той-томалақ жасаған. Қазақ келіндері “ат тергеу” ғұрпы бойынша, үйдің үлкен-кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды.
Лирикалық-эпостық жырларда халық тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері кең көлемде көрініс тапқан. Батырлар жыры – халқын жат жерліктердің шапқыншылықтарынан қорғап, ауыр азаптардан құтқарған ғажайып күш иесі, батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы дастан. Қазақ ертегілері халық тұрмысының түрлі жақтарын, қоғамдық өмірін, арманын айқын көрсетеді. 15 ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды. 15-17 ғасырларда Алтын Орда, Ақ Орда дəуірінде көне қыпшақ тілі ресми, əдеби тіл ретінде қолданылды. 16-17 ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады.
15-17 ғасырларда қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын зерттейтін тəжірибелі білгірлер шыққан. Бұлар – халық күнтізбесін жасаушылар. Олар жұлдызды аспан картасын жатқа білген. Ежелгі түркілер мүшел күнтізбесін жақсы білген.
16-17 ғасырларда қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Зират құрылысы қайтыс болған кісінің әлеуметтік жағдайын байқатты. Халқымыздың мәдениеті ғасырлар тереңінен жалғасып, қоғамның дамуына байланысты біртіндеп дамып, жетіліп отырған.
Конспект сұрақтар

  1. Киіз үйдің негізгі бекіту қызметін атқаратын бөлігі:

  2. Құлын терісінен тігілген қысқы киім:

  3. Жас келін сәукеле орнына жамылды:

  4. Ешкі терісінен тігілген жұмсақ аяқ киім:

  5. Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі:

  6. Көш керуеніндегі түйелерге қарқара тағу дәстүрі:

  7. Қазақ келіндерінің үйдің үлкен-кішілерінің аттарын атамау ғұрпы:

  8. Халық арасына кең тараған ертегілер:

  9. Қазақ тілінің өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналған кезі:

  10. 16-17 ғасырларда тарихи шығармалар жазыла бастады:

  11. Түнде жүріс бағытын бағдарлайтын жұлдыз:

  12. Мүшел күнтізбесінің дәлелі ретінде табылды:

  13. Қазақтар балаларын медреселерде оқытқан деп жазды:

  14. Қазақтарды “Ислам дініне сенетін халықтар” деп жазды:

  15. Күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қаланған мазарларға жерленді:

  16. Қазақтардың жазғы үйлерінің екі түрі:

  17. Киіз үйдің «басқұр» бауы қандай қызмет атқарды:

Тақырыптың тесті
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Конспект
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жыраулар поэзиясы ерекше орын алады. Әйгілі Сыпыра жырау – Қазақстанның батысында өмір сүрген қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Ауыз әдебиетінде Асан Қайғының Жәнібек ханмен бірге болғандығы айтылады. Аңыз бойынша, Дешті Қыпшаққа әйгілі Қотан ақынның ұлы Дайырқожа Әбілхайырдың атақты билерінің бірі болған. Оны әділ билік жүргізгені үшін халық Ақжол би атап кеткен. Доспамбет жырау өлеңдерінен жерін жаудан қорғауға шақырған жалынды насихат сарыны сезіледі. Қазтуған Сүйінішұлының белгілі жыры – “Алаң да алаң, алаң жұрт”. Шалкиіз Тіленшіұлы жырынан асқан дарынды ақынның асқақ бейнесі мен асыл текті жауынгер-батырдың құдіретті болмысы көрінеді. Жиембет жырау Бортоғашұлы Есім ханның əскербасы және кеңесшілерінің бірі болған. Ол “Əмірің қатты, Есім хан” толғауын жырлаған. Марғасқа – Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. Жырау “Еңсегей бойлы ер Есім” атты жеті мың жолдық тарихи жырды шығарған. Ақтамберді Сарыұлы – “Ақтабан шұбырынды” оқиғаларының куəгері. Жырау Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін жалғастырушылардың бірі болды. Үмбетей жырау батырларды мадақтап, елге таныстырып отырған. Оның “Бөгенбай өліміне”, "Ей Ақтамберді, Қабанбай", "Бекболат биге" атты жырларының тарихи танымдық жағы басым. Бұхар жырау Қалқаманұлы ел билеу ісіне араласып, Абылай ханның ақылшысы болған.
Қазақ халқының саз өнері – халық болып қалыптасқанға дейінгі ру-тайпалардың музыкалық өнерінің тікелей жалғасы. Қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын 13-15 ғасырларда Қазақстан жері арқылы өткен саяхатшылар – Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло, Рузбихан, Якуб жазып кеткен.
Қазақ халқының бүгінгі таңда 40-тан астам музыкалық аспаптары бар. Жау шапқанда дабыл, дауылпаз, ұран, керней арқылы елге хабар беріліп отырған. Бақсы-балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобызды пайдаланған. Балшықтан, қамыстан, мүйізден үрмелі аспаптар – сазсырнай, сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады. Ішекті музыкалық аспаптар – жетіген, шертер, домбыра, қобыз. Cоқпалы аспаптар – даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқ.
Конспект сұрақтар

  1. 14 ғасырда өмір сүрген, қазақ пен ноғайға ортақ тұлға, әйгілі жырау:

  2. Доспамбет жыраудың қайтыс болған жері:

  3. Кавказдың терістігі, Қырым, Дон бойында әскери жорықтарға қатысқан жырау:

  4. Жиембет жыраудың шығармасы:

  5. Марғасқа жыраудың өмір сүрген кезеңі:

  6. Ақтамберді жыраудың өлім жазасына бұйырылып, қашып құтылған жылы:

  7. Үмбетейдің жыраулық жолға түсуіне әсер етті:

  8. Абылай ханның ақылшысы болған жырау:

  9. Қаңлы елінің музыканттары туралы хабарлайтын дерек:

  10. “Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деп жазды:

  11. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының саны:

  12. Қазақ халқының саз аспаптарының ішіндегі үрмелі аспабы:

Тақырыптың тесті

16-17 ғасырлардағы тарихи шығармалар


Конспект
Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған еңбегі – “Та’рих-и-Рашиди”. Бұл еңбек – Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Жетісуды билеген әмірші – Поладшы Дулати. Хайдар Дулати оның жетінші ұрпағы болатын. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы тілдерін жетік білген. Ол Жамал Қаршидің, Рашид ад-Диннің, Жувейнидің, Əбдіразақ Самарқанидің еңбектерін зерттеп, тарихи шығармаларына арқау етті. Өтеміс қажының “Шыңғыснама” еңбегі 16 ғасырдың ортасында жазылған. “Шыңғыснамада” Жошы хан əулетінің тарихы баяндалады. 16 ғасырдың 40-жылдары Масуд ибн Усман Кухистанидің “Тарих-и-Абулхайр-хани” еңбегі жазылды. Онда көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдың тарихы айтылады. Шах Махмұд Шорастың “Тарих” (“Хроника”) шығармасында Бұйдаш, Хақназар, Тəуекел, Есім, Жəңгір хандар туралы тарихи деректер келтірілген. Əбілғазы Бахадур хан 1661 жылы "Түрікмен шежіресін", 1665 жылы "Түрік шежіресін" жазған. Еңбектері шежірелік сипатта жазылған. Шығармалар түрік дәуірінен бастап, Шыңғыс ұрпақтарының тарихын баяндайды. Сондай-ақ кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған. Қадырғали Жалайыри тұтқында отырып жазған “Жылнамалар жинағы” еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, қамқорлық жасауын өтінеді. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, қалалары мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері айтылады. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы, заң ережелері туралы ғылыми құнды деректер берілген.
Конспект сұрақтар

  1. Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөніндегі құнды шығарма:

  2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы:

  3. Мұхаммед Хайдар Дулати мына тілдерді жетік білген:

  4. “Шыңғыснама” еңбегінде баяндалатын дерек:

  5. “Тарих-и-Абул хайр-хани” еңбегін жазды:

  6. 16-17 ғасырлардағы қазақ-моғол қатынастарының тарихы баяндалған шығарма:

  7. Əбілғазы Баһадүр жақсы меңгерген өнер:

  8. “Түрік шежіресі” еңбегі жазылды:

  9. 1643 жылы Әбілғазыны хан етіп жариялайды:

  10. Әбілғазы бастаған "Түрік шежіресін" жазуды аяқтады:

  11. Қадырғали Жалайыридің Орда сарайындағы қызметі:

  12. Қадырғали Жалайыридің тұтқында отырып жазған еңбегі:

Тақырыптың тесті

8 сынып
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 18 ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУЫ. 18 ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖАҒДАЙЫ


Конспект


Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда-экономикалық, дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы арта түсті. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырда орыс мемлекетінен қазақ даласы арқылы Бұхар мен Хиуаға 44 елшілік пен орыстың 9 дипломатиялық желілері өткен. 1613 жылы 300 адамнан тұратын Ходжа Наурыз елшілігінің сауда керуені қазақ даласы арқылы Орта Азиядан Астраханға, Еділ өзенімен Саратовқа, Самараға, Қазанға барған.
Орыс үкіметі Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті. Обск қалашығы (1585 ж), Түмен (1586 ж), Тобыл (1587 ж), Тара (1594 ж), Томск (1604 ж) әскери-бақылау қоныстары Қазақ хандығының солтүстік-шығысын отарлауда тірек болды. Жоғарғы Ертіс бойына салынған Жәміш (1716 ж), Омбы (1716 ж), Железинск (1717 ж), Семипалатинск (1718 ж), Павлодар, Өскемен (1720 ж) әскери бекіністері қазақ жеріне Ресей әскерінің ішкерілеп енуін жеңілдетті. Қазақ-жоңғар қайшылықтарының шиеленісуі, И.Д.Бухгольц, В.Чередов, П.Ступин, И.Н.Лихаревтің қазақ өлкесіне әскери жорықтары Ресейдің Қазақстандағы ықпалын күшейте түсті. Ресей Қазақ хандарының ойрат жаулаушыларымен күресін өз мақсатына шебер пайдаланды.
Қазақ жерін біріктірушілердің бірі Тәуке хан Ресеймен қарым-қатынасты ушықтырмай, шыдамдылық көрсетіп, елдің басты күшін жоңғарларға қарсы жорыққа бағыттады. Тәуке хан билеген кезде қазақ хандығын уақытша болса да қалыпқа келтіріп, бір орталыққа бағындырды. Ол 1715 жылы (кейбір деректерде 1718 жылы) қайтыс болды. Тәуке ханның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп алды. Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Күшік, Ұлы жүзді Жолбарыс басқарып, үш жүздің бірлігі әлсіреді. Ішкі саяси жағдайға Нұралы мен Ералы, Орта жүзде Барақ сұлтан, шақшақ руынан Жәнібек Қошқарұлы, қанжығалы Бөгенбай, Ұлы жүзде Төле би мен Бөлек, Хангелді батырлар айтарлықтай ықпал етті. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастыруда белгілі қолбасшы және мемлекет қайраткері Әбілқайыр ерекше көзге түсті. 18 ғасырдың басында қазақ феодалдық мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси ахуалы күрделі жағдайда қала берді.
Конспект сұрақтар

  1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына ықпал еткен Ұлы жүз қайраткерлері:

  2. Павлодар, Өскемен бекіністері қай жылы салынды:

  3. Орыс үкіметі Қазақстанмен шекарада 1604 жылы салған бекініс-қоныс:

  4. Ходжа Наурыз елшілігінің сауда керуені қазақ даласы арқылы Қазан қаласына барған жылы:

  5. Тәуке ханнан кейін таққа кім отырды:

  6. Жәміш (Ямышевск) бекінісі қай жылы салынды:

  7. Орыстың қай патшасы «Барлық Азия елдері үшін Орда кілт пен қақпа» деп айтқан:

  8. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырда Қазақстан арқылы Бұхар мен Хиуаға қанша Ресей елшілері өтті:

  9. Тобыл бекінісі қай жылы салынды:

  10. Обск қалашығы қайда орналасқан:

Тақырыптың тесті

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі


Конспект
1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм жиынында жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылады. Біріккен халық жасағы құрылып, жоңғар әскері шығысқа қарай ығыстырылды.
1715 жылдың күзінде Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ жерінің бірлігі ыдырай бастады. Тәуке ханның мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси жəне экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты. Солтүстік-батыстан – башқұрттар, солтүстіктен – Сібір казактары, оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары, шығыстан – Жоңғария, оңтүстік-шығыстан – Қытай шабуылдады. Қазақ жеріне əсіресе қауіп төндіргені жоңғар мемлекеті болды. 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында жоңғар əскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті.
1718 жылы Аягөз өзені бойында жоңғарларға қарсы шайқас болды. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен жау талқандалды. Алайда бұл жеңіс қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады. 1723 жылы жоңғар əскері Қазақ өлкесіне басып кірді. Жетісуды, Қаратауды басып өтіп, Талас алқабындағы қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін” апатының басы болатын. Қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті. Жетісу өңірі қатты ойрандалды.
XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі халықтың қайғы-қасіреті баяндалған «Елім-ай» әні дүниеге келдді. Бұл негізнен тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама (1723-1725 жж.)» деген атаумен белгілі оқиға кезінде шығарылған. Жоңғарлардан қашқан халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жеткен.
Жоңғарлар 1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды . Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар батырларымыз туған жерді азат етуге бірікті. Біртұтас əскер ұйымдастыруда Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.
1726 жылы “Бұланты” шайқасы болды. 60 мыңдық қазақ-қырғыз əскері қалмақтарды талқандады. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Шайқастан кейін Қазақстанның солтүстік – батысы азат етілді. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында Ордабасы жиынында үш жүз жасақтары жауға бірігіп, соққы беру жөнінде келісімге келді. Əбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. 1730 жылдың көктемінде (1729 ж.) Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы болды. Əбілқайыр ханның басшылығымен үш жүздің əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. “Аңырақай” шайқасынан кейін жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегініп, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары Əбілқайыр мен Сəмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Ұлы жүз əскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады.
Оңтүстік Қазақстан өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.
Конспект сұрақтар

  1. Тәуке ханнан кейін аға хандыққа таласқан хандар:

  2. “Аңырақай” шайқасының маңызы:

  3. “Аңырақай” шайқасы болған жер:

  4. Түркістанның оңтүстік-шығысында болған қандай жиын:

  5. «Қалмақ қырылған» шайқасынан кейін азат етілген өңір:

  6. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары қай жылы басталды:

  7. Жоңғарларға қарсы біртұтас əскер ұйымдастыруда ерекше көзге түскен батыр:

  8. 1725 жылы жоңғарлар басып алған қалалар:

  9. Жоңғар шапқаншылығы кезінде қатты ойрандалған қазақ өлкесі:

  10. Жоңғар шапқыншылығынан қашқан Ұлы жүз рулары қайда беттеді:

  11. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” оқиғасы қай жылы басталды:

  12. Аякөз шайқасы қай жылы болды:

  13. Қай жиында біріккен халық жасағы құрылды:

  14. 18 ғасырдың бас кезінде жоңғарлардың жеткен жері:

  15. 18 ғасырда Қазақ хандығына солтүстіктен кім шабуылдады:

  16. Тәуке ханның мирасқоры кім:

  17. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ әскерінің қолбасшысы, қазақ батырын көрсетіңіз:

  18. «Елім-ай» әні қай ғасырда дүниеге келген:

  19. «Аңырақай шайқасында» барлық қазақ жасақтарына қолбасшылық жасаған кім:

  20. Қай жылғы жоңғарлардың қазақтарға қарсы жорығы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасымен ұласты:

Тақырыптың тесті

Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі


Конспект
Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680-1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды. Ол көздеген мақсаттардың ішіндегі ең бастысы Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен бірігу болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары қазақ ауылдарының шаруашылық мұқтажымен де байланысты болды. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтауды Ресеймен келісімге келу арқылы шешуді ойластырды. Бұдан басқа қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтатуды көздеді. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңуді де ойлады. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету- оның мақсаттарының бірі болды. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен əскери одақ құру болды.
Əбілқайыр хан Петербургке аттанған елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің қол астына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпанда Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазанда Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Барақ сұлтан, Бөкенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
18 ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең болды. 1740 жылы Иран əміршісі Нəдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын. Ол бекіністер – Жəміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша үкіметі қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатын көздеді. 1734 жылы мамырда Сенат хатшысы И.К.Кириллов басқарған «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» жабдықталып, Қазақстанға жіберілді. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. 1738 жылы тамызда Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жылы тамызда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді. Алайда Орта жүз дербестігін әлі де сақтады.
Ресей үкіметі қазақтарды қорғау деген желеумен зеңбірек пен əскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырды. Олар экономикалық мүдделерін бірінші орынға қойып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысты.
1741-1742 жылдары қонтайшы Қалдан Серен (Галдан Цэрэн) Орта жүз бен Кіші жүзге екінші “ақтабан шұбырынды” жорықтарын жасады. Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылды. 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты қазақтарды жəне шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н. Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. Кіші жүз ханы Əбілқайырдың беделі өсіп, Орта жүздің Арғын, Керей, Уақ, Қыпшақ рулары оны аға хан ретінде мойындады. Орта жүз ханы Əбілмəмбет Түркістанға, Əбілқайырдың жауы Барақ сұлтан оңтүстік-шығыс аймаққа ығыстырылды. Кіші жүз ханы ауыр жағдайға қарамастан, қазақ жерін өз қолына біріктіруге тырысты. Ресей үкіметі Əбілқайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды. Империяның қысымына шыдамаған Əбілқайыр Ресейден қайтадан бөлініп кетуді ойластырды. 1748 жылы Əбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.
Ресей империясы құнарлы жерлерді иемденіп, оларды төрелерге, қожаларға берді және ресейлік ірі помещиктер Юсупов пен Безбородкоға Каспий жағалауының құнарлы жерлерді бөліп берді. Бұл Бөкей Ордасындағы көтерілістің басталуының себептерінің бірі еді.
Əбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей билігін мойындауы Қазақстан тарихындағы өзекті оқиға. Бұл қадамның жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына белгілі дәрежеде шек қойғаны мәлім.
Конспект сұрақтар

  1. Ресей императрицасы Анна Иоанновнаның Кіші жүз елшілігін қабылдаған жылы:

  2. 1731 жылы Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші Жүз старшындарының саны:

  3. Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысқан табын руынан шыққан батыр:

  4. 1714-1720 жылдары патша өкіметінің Ертіс бойына əскери бекіністер салудағы басты мақсаты:

  5. И.К.Кириллов басқарған экспедиция қай жылы жабдықталды:

  6. Ор бекінісінің негізі қай жылы қаланды?

  7. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізген Орынбор комиссиясының басшысы:

  8. Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге қай жылы ант берді?

  9. 18 ғасырдың 40 жылдары Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындаған кімдер?

  10. Екінші “ақтабан щұбырынды” жорығы кімдерге бағытталды?

  11. Қай жылы жоңғарлардан Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамау талап етілді?

  12. Орыс үкіметінің әскери бөлімдері орналасқан өңір:

  13. Орта жүздің кейбір рулары аға хан ретінде кімді мойындады?

  14. 1747 жылы Хиуа тағына кім отырды?

  15. Кіші жүз ханы Әбілқайыр қай жылы қайтыс болды?

  16. Кіші жүз ханының Петербургке елшілік жібергендегі мақсаты:

  17. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы:

  18. Әбілқайыр ханның шаруашылық мұқтаждыққа байланысты көздеген мақсаты:

  19. Əбілқайыр ханның басты мақсаты:

  20. Қай жылы «Қырғыз-қайсақ» экспедициясы Ресейде құрылды?

  21. Қай Ресей помещиктері Каспий жағалауының құнарлы жерлерін иемденген?

Тақырыптың тесті

Қазақстан 18 ғасырдың ортасында


Конспект
Әбілқайырдың мұрагері Нұралының иелігіне шек қойылды. Әбілқайыр ханның басты тірегі болған шекті руы Батыр сұлтанды хан деп таныды. Әбілқайыр қазасынан кейін Кіші жүзде екі хандық орнады. Оңтүстік-шығыс бөлігінде –Батыр сұлтан, солтүстік-батыс бөлігінде Нұралы. Бұл жағдай патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аудандарын отарлауы үшін қолайлы болды. Патша əскерінің қуғынына ұшыраған 50000 башқұрт Қазақ хандығына қашып, қазақ ауылдарынан қорғаныш тапты. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті. 18 ғасырдың 20-жылдары Алтайды патша үкіметінің отарлауы барысында пайда болған кен орындары мен зауыттарға қауіп төнді.
1747 жылы патшайым Елизавета Петровна үкіметі Демидовтар əулетінің қолында болған Алтай тау-кен кəсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады.
1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі Қалдан Серен қайтыс болды.Таққа талас басталып, Орталық Азиядағы саяси жағдай шиеленісіп кетті.1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас нəтижесінде Жоңғар хандығы əлсіреді. Бұл жағдайды Пекин сарайы өз мүддесіне пайдалануға тырысты. 1755 жылы 19 шілдеде жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды. Əмірсана Цин билігіне қарсы шығып, қазақ сұлтандары Абылай мен Əбілпайызға арқа сүйеді. Маньчжур-Цин əулеті Əмірсананың қарсылығын жаныштай отырып, Жоңғарияны түбегейлі талқандауға кірісті. 1758 жылы Жоңғария толық талқандалды. 1761 жылы империялық əкімшілік бірлестік – Шыңжан (жаңа шекара) құрылды.
18 ғасырдың 40-50 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірі бекініс шептермен қоршалып, Горькая, Ертіс, Колыван, Есіл немесе Пресногорьковск шептері пайда болды. Ең ірі бекініс Петропавл 1752 жылы салынды. Ой шебі Жаңа Есіл шебімен жалғасты (540 верста). Гурьев қалашығынан Звериноголовск бекінісі арасының ұзындығы 1600 шақырым. Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп-қонатын жерлері тарыла бастады. Жайықтың, Есілдің, Торғайдың, Ертістің бойындағы көшпелі халықтың шұрайлы жерлерінде отаршылдық езгінің қаупі күшейді.
18 ғасырдың 60 жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі. Сауда айналымының орталығы Орынбор қаласы болды. Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары-Семей, Өскемен, Бұқтырма қоныстары. Ташкент, Бұхар, Қоқан жəне Қашғар көпестерінің жиі келетін сауда орталығы – Қызылжар (Петропавл) қаласы. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері. Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңітті.
1756 жылғы қыркүйекте Жайық жағасына жақын жерлерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. Ал 1757 жылғы желтоқсанның соңында Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды. Кіші жүздегі Нұралы хан мен Батыр сұлтан арасындағы кикілжіңді пайдаланған Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді казактарға тартып əперді. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді бекініс коменданттары иеленіп алды. Бекіністерден алғашында 10 шақырым, кейін 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды. 1760 жылы Ертіс өңіріне Ресейдің əр түкпірінен жерсіз шаруаларды, қылмыскерлерді, Доннан, Башқұрт жерінен казактарды əкеліп қоныстандырды.
1757-1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев 1756 жылғы үкімет талабын ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді. Сондықтан аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов тұсында қысым қайта күшейді.
18 ғасырдың 60 жылдарының соңы – 70 жылдардың басында Семейде 330-ға жуық қазақ көпестері сауда жасаған. 1765 жылы Жәміш бекінісінде барлығы 350 қазақ, соның 158-і Қазыбек би мен Абылай жіберген саудагер болған. Қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып, Қазақстанның Ресейге тəуелділігін күшейтті.
1766 жылы Əбілмəмбет хан Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жəміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды. 1767 жылы 15 қарашада II Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. 1799 жылғы 21 қарашада император I Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарының 45000 отбасына Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.
Патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы қазақтардың жерін басып алу шараларының бастамасы болды.
Конспект сұрақтар

  1. Кіші жүзде Батыр сұлтанды хан деп таныған ру:

  2. Патша қуғынына ұшырап, Қазақстанға қашқан башқұрттар саны:

  3. 18 ғасырдың 40 жылдары Орталық Азиядағы саяси жағдайдың шиеленісу себебі:

  4. Алтайдағы тау-кен кəсіпорындарын орыс патшаларының отбасыларының меншігі деп жариялаған патша:

  5. Жоңғар хандығы қай жылы әлсіреді?

  6. Жоңғар мемлекетінің иелігі кімнің меншігі болып жарияланды:

  7. Қытай әскері Қазақстан шекарасына қалай жетті?

  8. Жоңғария толық қай жылы талқандалды?

  9. Бекініс шептермен қоршалған Қазақстан өңірі:

  10. 1752 жылы салынған ең ірі бекініс:

  11. Қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі:

  12. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар:

  13. Қазақ керуендерін Семей, Жəміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды:

  14. Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары:

  15. Жәміш бекінісіне Қазыбек би мен Абылай жіберген саудагерлер саны:

  16. Жайық бойында қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды:

  17. Ресей өкіметі Каспий теңізі мен Жайық өңірін отарлауда пайдаланған басты қаруы:

  18. Қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне 1757-1758 жылдары кім рұқсат берді?

  19. Ертістің оң жағасындағы жерлерді кімдер иеленді?

  20. Қазақтарға Ертістің оң жағасына қоныстануға қай жылы рұқсат етілді?

Тақырыптың тесті

Абылай хандығы


Конспект
Абылай хан (Əбілмансұр, Сабалақ) 1711-1781 жылдары өмір сүрген. Ол қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер. Абылай қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай, қанжығалы Бөгенбай, тарақты Байғозы, Малайсары, Баян батырлардың күшін біріктіре білді.
1740 жылы тамызда Абылай хан және Орта жүз ханы Әбілмәмбет, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, Ресей мемлекетіне ант берді. Сонымен қатар, қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Цинь империясымен де қарым қатынасты үзбеді. Ол Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырып отырды.
1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі – Əмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Әмірсананың қазақ жерін паналауын Маньчжур-Цин әулеті шабуыл жасау үшін пайдаланды. 1757 жылы маусымда қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған əскер Қазақ шекарасына басып кірді. 1757-1760 жылдары Қазақ елінің дербестігін, жерінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытай билігін мойындады. 18 ғасырдың 20-30 жылдары жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жайылымдар дипломатиялық жолмен қайтарылып алынды. 1760 жылы қытайлар Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Жоңғария жойылғаннан кейін, оның жерін басып алған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі.
Абылай Орта Азия хандықтарымен байланысын дамытуға көңіл бөлді. 1771 жылы үш жүз өкілдері Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп таныды. Оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей мен Қытайдың қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындады. 1778 жылы 24 мамырда II Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тəуелсіздігін сақтады.
Хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай хан мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Билердің қызметіне шек қойды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, жоспарларын қиындықсыз іске асырып отырды. Абылай хан қазақтардың Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын дамытуын қолдады. Абылай хан төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты: Үмбетей жырау, Тəтіқара ақын, Бұқар жырау. 1781 жылы Абылай хан дүние салды. 1781 жылы Абылайдың бас мирасқоры Уəли хан болып сайланды. Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруға қабілетсіз болды. Қазақ хандығының бірлігін Абылай сияқты қамтамасыз ете алмады.
Конспект сұрақтар

  1. Абылайдың бас мирасқоры кім?

  2. Абылай хан төңірегіне топтасқан ақын-жыраулар:

  3. Абылай хан қай өңірде егін шаруашылығын дамытуды қолдады?

  4. Абылай хан ел басқаруда кімге арқа сүйеді?

  5. Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекіткен билеуші:

  6. Абылай қай жылы хан болып сайланды?

  7. 18 ғасырдың 70 жылдары Абылай кімге шабуыл жасады?

  8. Тарбағатай маңайында көшіп жүрген қазақтарды кімдер қудалады?

  9. Абылай Қытай билігін қай жылдары мойындады?

  10. Қытай шабуылына қарсы Кіші жүзден жасағымен келген сұлтан:

  11. Абылай сұлтанның мақсаты:

  12. Абылайды паналап, Орта жүзге қашқан жоңғар билеушісінің мұрагері:

  13. Абылай жоңғар тұтқынына қай жылы түсті?

  14. Абылай ханның өмір сүрген жылдары:

  15. Қай жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей мемлекетіне ант берді?

  16. Қай көрші елмен Абылай хан өзара қарым-қатынасында тату-тәтті саясат ұстануға тырысты?

Тақырыптың тесті

Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев


бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Конспект
1770 жылға дейін Жайық пен Еділ өзендері бойындағы қазақтар мен қалмақтардың арақатынасы күрделі болды. 1771 жылы 30 мыңнан астам қалмақтардың бұрынғы Жоңғарияға қарай көшіп кетуі жер тапшылығын бəсеңдетті. Қазақ рулары өз иеліктерін қайтарып алудан үміттенді. Алайда патша өкіметінің мақсаты қазақтарды ығыстырып, казак әскері мен орыс помещиктерінің иеліктерін кеңейту болды.
Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылдардағы орыс шаруалар соғысына Еділ мен Жайық бойындағы башқұрт, татар, Орта жəне Кіші жүз қазақтары қатысты. Қазақтардың қарсылығын туғызған жағдайлар: 1) Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі; 2) Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы; 3) Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.
1773 жылғы 20 қыркүйекте Е. Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады. Жер мен суды қазақтарға қайтаруға уəде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды. Кіші жүздің ірі ақсүйектері – Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады. 1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түнінде Нұралының өкілі Зəбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сəтсіздігі Нұралы ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. II Екатерина Нұралы ханға арнайы грамота жіберіп, Пугачевті өзіне жақындатпауын талап етті. Пугачев күштерінің Орынбор əскери шебіне жақындауы, осы өңірде көшіп-қонып жүрген қазақтарды рухтандырды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы басқарған топты көмекке жіберді. Қазақ жігіттері Жайық бекінісін қоршауға табан тіресе қатысты. Кулагин бекінісін алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды. Орынборды қоршауға 200-ге жуық қазақ қатысты.
1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы хан бастаған ақсүйектер екі жақты бағыт ұстанды: 1) соғысты пайдаланып, жер тапшылығын жою; 2) өзіне бағынышты қазақтарды қазақтарды тəуелділікте ұстау жəне жеңілсе патша алдында ақталу.
1773 жылғы қазанда қазақтар Пресногорьковск бекінісіне,Троицк, Гагарьевск редуттарына шабуылдады. 1774 жылы жазда қазақтар арасында Звериноголовск бекінісі төңірегінде Пугачев тығылып жүр деген лақап тарады. Торғай өзенінің бойында старшындар Құдайменді мен Тайыр басқарған шаруалар ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен шектелді.
Орынборды қоршаудағы сəтсіздік Пугачев күштерінің Троицк бекінісіне шегінуіне себеп болды. Орта жүзден Дəуітбай би Пугачевтің үндеуіне қолдау білдіріп, старшындармен бірігіп, соғысты қолдайтын шешімге келді. 1774 жылғы күзде Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша əскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысты. Бұхар хандығына дейін барған Орта жүз қазақтары Тобыл мен Есіл өзендері бойына қайтып оралды.
Кіші жүз қазақтарының қозғалысы үш кезеңге бөлінеді: 1) Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта тартылуы (1773 ж. қыркүйек – 1774ж. наурыз). 2) Көтерілістің кең таралуы (1774 ж. наурыз – 1774 ж. күз). 3) Қозғалыстың басылуы (1775 ж. қыркүйек – 1776 ж. ақпан).
Орта жүз қазақтары қозғалысы үш кезеңге бөлінді: 1) Пугачев шабармандарының Орта жүзді аралап, көтеріліске шақыруы (1773 ж. қыркүйек – 1774 ж. сəуір). 2) Орта жүз жасақтарының жоғарғы Жайық жəне Ой бекіністері төңірегінде Пугачев күштерін қолдауы (1774 ж.сəуір- маусым) 3)Орта жүз қазақтарының Ертіс жəне Оңтүстік Сібірдегі əскери шептерге қауіп төндіруі (1774ж. жазы – 1776 ж.).
1774-1775 жылдары Сібір шегінде орналасқан патша əскері 3500 болса, 1775 жылы қосымша 626 адам, кейін 409 солдат әкелінді. 1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы əлсіреді. А.В.Суворов бастаған күш Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандады.
1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақ халқының белсене қатысуы орыс-қазақ байланысындағы маңызды оқиға.
Конспект сұрақтар

  1. Жайық бойындағы шаруалар соғысы қай жылы әлсіреді?

  2. 1774 жылы Пугачев қай жерде тыгылып жүр деген лақап тарады?

  3. 1774 жылғы күзде Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша əскерінің қысымымен қайда ығысты?

  4. Пугачевты қолдауға шешім қабылдаған Орта жүз биі:

  5. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысу қозғалысы қанша кезеңге бөлінді?

  6. Орынборды қоршаған қазақтар саны:

  7. Пугачев көтерілісі кезінде кіші жүз қазақтарын рухтандырған жағдай:

  8. Пугачевке жолыққан Нұралы ханның өкілі:

  9. Е.Пугачевтің Нұралы ханға үндеу жолдаған мерзімі:

  10. 18 ғасырдың 70 жылдары қазақтардың жер тапшылығын бәсеңдеткен жағдай:

  11. Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысу қозғалысы қанша кезеңге бөлінді?

  12. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы болған мерзім:

Тақырыптың тесті

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының


1783-1797 жылдардағы көтерілісі
Конспект
1773-1775 жылдырдағы шаруалар соғысына қазақтардың жаппай қатысуы Нұралы хан бағытының әлсірегенін көрсетті. Кіші жүзде билігін күшейту үшін патша үкіметі әкімшілік басқаруға өзгерістер енгізді. Неплюевтің кезінде 1744 жылы құрылған Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүздің көп бөлігі Сібір және Уфа басқармасына бағындырылды. Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды.
1783-1797 жылдары болған көтерілістің басты қозғаушы күші шаруалар, старшындар, билер, ру басшылары болды. Көтеріліс аумағы Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі жерлерді қамтыды. Көтерілістің басты мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою, Орал казак əскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою болды. Көтеріліс басшысы – байбақты руының старшыны, батыр жəне шешен Сырым Датұлы.
1783 жылдың күзінде батырдың Орал казак əскерімен ашық түрде арпалыс жолына түсуі басталды. Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісті қолдаған руларға қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. 1785 жылғы 17 ақпанда көтерілісті басу үшін аттандырылған генерал-майор Смирновтың тобында 300-ге жуық Орынбор қазағы, 2000-нан астам башқұрт, бірнеше зеңбірек болды. Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 70-ке жуық қазақты тұтқынға əкетті. 1785 жылғы наурызда көтірілісшілерге қарсы 1000-нан астам казак тобымен старшина Колпаков жəне Пономарев аттанды. Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдағанда сұлтан Айшуақтың баласы Атақ шайқаста қаза тапты. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. 1785 жылғы жазда болған Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Орынбор өлкесінің губернаторы барон О.A.Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға негізделген жоба ұсынды. 1786 жылы Орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 1787 жылы Кіші жүзде патшаның əкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.
Көтерілістің қайта жандануын тездеткен жағдай 1791 жылы Орск маңында Ералының хан (1791-1794 ж.ж.) болып сайлануы болды. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болып, 1795 жылы Есім хан (1795-1797) болып сайланды. Нұралы ұрпағының хандық билікке келуі Сырымның қарсылығын өршітті.
Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы көтерілістің қайтадан өрлеуіне түрткі болды. Атаман Д.Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті.
1796-1797 жылдардағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан күшеюіне түрткі болды. 1797 жылы Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді. 1797 жылы төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Нұралының ұлы Қаратайды хан көтерді. Барон Игельстром хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі төрт адамнан тұрды. Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор əкімшілігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескенді. 1797 жылы күзде патша үкіметі Айшуақты хан етіп бекітті.
1797 жылғы күзде полковник Скворкин тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында байбақты, алаш, беріш, адай руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды. Бөкей сұлтан басқарған 800 адамдық топ жазалаушыларға қосылды. Сырым тобы Ойыл өзені бойына көшіп кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.
1797 жылы Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетіп, 1802 жылы Хиуада қайтыс болды.
1801 жылы 11 наурызда патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың өтуге, мал жаюға рұқсат берді. Бұл Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс патша үкіметінің отарлау саясатын, ең шұрайлы Жайық өңірін басып алуға ұмтылғанын дəлелдеді. Көтерілістің жеңілуіне әсер еткен жағдайлар: 1. Феодалар мен старшындық топтар арасындағы алауыздық. 2. Руаралық қайшылықтар. 3. Көтерісшілердің нашар ұйымдасуы. 4. Сырымның көтерілістің əр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.
Конспект сұрақтар

  1. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны:

  2. 1785 жылдың наурызында Орал казактары кімдерге шабуыл жасады?

  3. Сахарная бекінісін алуда қаза тапқан Айшуақ сұлтанның баласы:

  4. 1785 жылы жазда старшындар съезі қабылдаған шешім:

  5. 1785 жылы күзде Кіші жүз билерінің мəжілісіне қанша ру өкілдері қатысты?

  6. Орынбор губернаторы Игельстромның мақсаты:

  7. Игельстром жобасына Сырымның көзқарасы:

  8. Орынборда Шекаралық комиссия құрылған мерзім:

  9. Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?

  10. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін Сырым табын жəне кердері руларын қайда көшірді?

  11. Көтерілістің қайта жандануын тездеткен жағдай:

  12. Есімнің хандық билікке келген мерзімі:

  13. Сырым Датұлына қарсы аттанған жазалаушыларға қосылған 800 адамдық топты кім басқарды?

  14. Есім ханның қазасынан кейін феодалдық топ кімді хан етіп жариялады?

  15. Хан сайлауының орнына құрылған хандық кеңестің төрағасы:

  16. Сырым Датұлы қайтыс болған жер:

  17. Қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат берілген мерзім:

  18. Сырым мен Нұралы хан арасындағы араздықтың тууына не себеп болды?

  19. Сырымның Орал казак əскерімен кескілескен күресі қашан басталды?

  20. Көтеріліс басшысы Сырым Датұлының лауазымы:

  21. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты:

  22. Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған мерзім:

  23. 18 ғасырдың соңында патша үкіметінің Кіші жүзде енгізген өзгерістері:

Тақырыптың тесті

18 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті


Конспект
Қазақстанның Ресей құрамына енуі әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірге өзгерістер әкелді. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зеттей бастады. Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталғанымен, Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды. И.Д.Бухгольцтің әскери жорық экспедициясы I Петрдің “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған жеке тапсырмасы болды. Экспедиция құрамында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренат “Жоңғария картасын” жасады. Г.Ф.Миллер Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды оқып, зерттеп жүйеге келтірген. “Сібір тарихы” еңбегінде Орта жүз туралы жазған мәліметі ерекше бағалы. Г.Миллердің жазбаларында орын алған ерекше мәлімет, жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы жазғаны. П.И.Рычков Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен қиыншылықтарын атап өткен. П.И.Рычковтың баласы капитан Н.П.Рычковтың “Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар” атты еңбегінде Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы мәліметтер, Кіші жүз қазақтарының өмірі туралы қызықты бақылаулар бар. Әбілқайыр ханның сол кезде жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған. Неміс саяхатшысы, натуралист П.С.Палластың “Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат” еңбегінде халықтың жағдайы, орналасуы, әскери бекіністердің салынуы суреттеледі. И.Муравин, Д.Галдышев, Я.Гуляевтер Әбілқайыр, Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болған. Орск маңында хандар мен сұлтандардың съезіне қатысып, өлкедегі саяси жағдайды суреттеп жазған.
Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.
Конспект сұрақтар

  1. Жанақ ақын шығармашылығының ең басты жетістігі:

  2. Қалқаман батырдың баласы, қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі:

  3. 1706-1778 жылдары өмір сүрген жырау:

  4. Тәтіқара ақын шығармаларының гүлденген уақыты:

  5. Ақтамберді жырау шығармалары кімге арналды?

  6. “Орынбор тарихы” еңбегінде не баяндалады:

  7. И.Муравин, Д.Гладышев, Я.Гуляевтер болған хан ордалары:

  8. Абылай сұлтанды тұтқыннан босатуға қатысқан зерттеуші:

  9. Неміс саяхатшысы П.С.Палластың еңбегінде не суреттеледі:

  10. Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп жазған тарихшы:

  11. “Сібір тарихының атасы” атанған ғалым:

  12. И.Д. Бухгольцтің экспедициясы кімнің талабымен құрылды?

  13. Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы Қазақстанның қай аймағын зерттеді?

Тақырыптың тесті

ІІ БӨЛІМ. 19 ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ


Конспект
19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық, Каспий, Зайсан көлі маңайында қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аудандарында тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады. Шығыс, орталық аймақтарында түсті металдар, тас көмір өндіретін кен орындары ашылды.
19 ғасырдың I жартысы – Қазақ елінің Орта Азия хандықтарымен, Сібірмен, Цинь империясымен сауда байланыстарын кеңейте түскен кезең. 1803 жылғы 19 мамырда Ресей үкіметі керуендер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат берді. Ірі сауда орталықтары – Петропавл (Қызылжар), Ақмола, Орал, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы. Қазақстанның батыс өңіріндегі ірі сауда орталығы Кіші Орда (хан Ордасы) болды. Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл қаласы ерекше болды.
Халық арасында ықпалы кеміген хандар патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына қарсылық көрсете алмады. 1781-1819 жылдары Орта жүзді басқарған Уəлидің қатігездігі халықтың наразылығын туғызды. Патша үкіметі 1815жылы екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Бөкей – 1817 жылы, Уəли – 1819 жылы қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. 1822 жылы “Сібір қырғыздарының жарғысы” шықты. Авторы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тəртіптерді əлсірету. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Cөз жүзінде округті билеу аға сұлтанға берілсе де, істі шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізу олардың рөлін әлсіретті. Орта жүз жəне Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы “Сібір қырғыздарының облысы”деп аталды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том, Омбы, Сібір қырғыздарының облыстары кірді. Орталығы – Тобыл, кейін Омбы (1839 жылдан бастап). Округтер – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж), Баянауыл (1826 ж), Аякөз (1831 ж), Ақмола (1832 ж), Үшбұлақ (1833 ж), Аманқарағай (1834 ж), 40-50 жылдары құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлады. Оларға майор əскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді.
Сот ісі 3-ке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, шағым айту. 1822 жылғы реформа Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді. Орта жүзде хандық билік жойылды. 1824 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссеннің “Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысы” қабылданды. 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.
Бөкей Ордасындағы хандық билік 1845 жылға дейін сақталды.
Конспект сұрақтар

  1. Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат қай жылы берілді?

  2. Қазақстанның батысындағы ірі сауда орталығы:

  3. 1781-1819 жылдары хан болған Орта жүз билеушісі:

  4. 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының Жарғысының» авторы:

  5. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты:

  6. 1822 жылғы “Жарғыға” сəйкес Орта жүздегі əкімшілік-басқару қанша сатыға бөлінді?

  7. 1822 жылғы Жарғы бойынша округтер қайда бағындырылды?

  8. Сібір қазақтарының округінің аумағы:

  9. Көкшетау округі құрылды:

  10. Аға сұлтанды кім сайлады?

  11. 1822 жылғы Жарғы бойынша мұрагерлікпен берілетін билік:

  12. 1822 жылғы Жарғы бойынша қылмыстық істер қайда қаралды?

  13. Шетелдермен келіссөз жүргізуге кім құқылы болды?

  14. Орта жүзде хандық билік қай жылы жойылды?

  15. «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысын» кім дайындады?

  16. Кіші жүздің соңғы ханы:

  17. Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасқан кез:

  18. Бөкей Ордасы қай жылы құрылды?

  19. «Сібір қазақтарының жарғысына» сәйкес Орта жүздегі билік қандай әкімшілік бөлікке бөлінді?

Тақырыптың тесті

Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы


Конспект
Қазақ, орыс халықтарының байланыстары шаруашылық және мәдени салалармен ғана шектеліп қалған жоқ. Бұл байланыс Ресей халықтарының француздардың шапқыншылығына бірлесе тойтарыс беруінде де көрінді. Наполеон орнатқан континенттік блокаданы əлсіретуде, қазақтардың мал жəне мал өнімдерін Орынбор өлкесіндегі сауда орталықтарына жеткізуінің маңызы зор болды. Наполеон армиясымен соғыста атты əскер ерекше рөл атқарды. Бұл қазақтардан жылқы сатып алу мөлшерін арттырып отырды. Соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында 40 кавалериялық полк құрылды. Қазақтар Орынбор полктерінде, əсіресе Орал казактарының əскери топтарында көп болды. 1812 жылғы қазан-қараша айларында Орынбор губернаторы Г.С. Волоконскийдің соғыс басталғандығы туралы манифесі қазақ ауылдарына жетті. Қазақтарды жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған – старшын Байсақал Тілекұлы.
Елтон тұз өндіру орнының жұмысшылары Батыс майданға 1 млн. пұт тұз жөнелтіп, 22000 сом жинап берді. Риддер, Зыряновск, Белоусовка кен орындарының жұмысшылары мыс, қорғасын балқытуды көбейтіп, соғыс қажетіне 239 сом жинады.
Соғыс туралы хабардан кейін жүздеген қазақ жігіттері бүкіл ел бойынша ұйымдастырылып жатқан халық жасақтары мен тұрақты әскери бөлімдерге тіркеліп, майданға аттанды. 1812 жылғы қыркүйекте ерлігі үшін Майлыбайұлы күміс медальмен, Зындағұлұлы көгілдір ленталы медальмен марапатталды. 1812 жылғы 27 шілдеде Малаево Болото, Левия ұрыстарында Мұрат Құлшоранұлы мен Еріш Азаматұлына хорунжий атағы берілді. Вязьма түбіндегі ұрыста 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы ерлігі үшін 3-дəрежелі "Қасиетті Анна" орденімен марапатталды. Рамоново шайқасында атты әскер жауынгері Боранбай Шуашбайұлы, жасауыл Ықсан Əубəкірұлы ерлікпен шайқасты. Башқұрт полкы құрамында ақын Нарынбай Жанжігітұлы "Георгий" орденінің толық кавалері болды. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы Лейпциг, Глогау, Веймар, Ганау, Франкфурт шайқастарына қатысты. 1814 жылғы 14 наурызда император І Александрдың бұйрығымен Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген əскер арасында Əмен Байбатырұлы мен Нарынбай Жанжігітұлы болды.
Шоқынған қазақ Яков Беляков жасауыл болған 3-Орынбор қазақ полкі 1813 жылы Беннигсеннің, Польша əскерінің авангардында болып, кейін Сеславиннің партизан корпусы құрамында шайқасты. Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере, Ла Ротьере ұрыстарына қатысты. Ол 1830 жылы Орынбор өлкесінің билеушісі П. Эссенге хат жолдап, денсаулығына байланысты əскерден босатуды, туған ауылына қайтаруды сұраған.
Ақын Əмен Байбатырұлы Орынборға оралып, 1853 жылы Орынбор губернаторы В.А.Перовскийдің қоқандықтарға қарсы жорығына қатысып, Ақмешітті алуға, Сыр бойы қазақтарын Қоқан езгісінен азат етуде үлес қосты. Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы екі халықтың әскери бауырластығын нығайтқан ерекше оқиға болды.
Конспект сұрақтар

  1. Əмен Байбатырұлы В.А.Перовскийдің жорығына қатысып, қай жерді азат етті?

  2. Денсаулығына байланысты туған ауылына қайтаруды сұраған:

  3. Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген қазақтар:

  4. Сағит Хамитұлы қандай марапатқа ие болды?

  5. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медальмен марапатталды:

  6. Елтон тұз өндіру орнынан майданға жөнелтілген тұз мөлшері:

  7. Қазақ ауылына соғыстың басталғандығы туралы хабар қай уақытта жетті?

  8. Ресей жеріне Орта жүзден қоныс аударған щаңырақ саны:

  9. 1812 жылғы соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында не құрылды?

  10. Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер түрі:

  11. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы қай жылғы Ресей әскерінің шетелдегі жорықтарына қатысқан:

Тақырыптың тесті

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс


Конспект
19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. 19 ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы шекті, төртқара, табын, байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады. 1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты. Отаршылдыққа қарсы күресті Абылай ханның немерелерінің бірі – Кенесарының ағасы сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. Көкше және Ұлытаудың маңындағы шаруалар патша үкіметінің жазалау қысымына төтеп бере алмай, Орта жүздің оңтүстігіне көшіп кетті. 1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтіртті.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына əсер еткен əкесі – Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау бойынан Қоқан шекарасына көшуінің басты себебі – патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. 1836 жылы Қасым сұлтан және балалары Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапты.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-азаттық сипат алды.
Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. Ақсүйектер мақсаты – көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу және көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің бостандығын қалпына келтіру. Көтеріліске əртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты – орыс, өзбек, қырғыз. Кейде көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. 1838 жылғы мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. Бұл көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс болды. 1838 жылдың күзінде қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы тобы қосылды. 1841 жылы көтерілісшілердің қоқандық əскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы жəне бірнеше қоқан бекіністерін алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады.
1844 жылғы шілденің 20-нан 21-не қараған түнінде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадан Кенесары маңына жиналуына түрткі болды. Орынбор əкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мəжбүр етті.
1845 жылғы сəуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келіп, патша əкімшілігінің талаптарын жеткізді. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салынды. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді. Кенесарының Орынбор қазақтарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындағанда ғана көтерілісшілерге кешірім берілетіндігі басты шарт ретінде қойылды. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды.
Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды. Қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою, жазалаушы топтардың бассыздығын тыю, салық жинауды тоқтату. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. Кенесары тобы Сарыарқадан оңтүстік аудандарға ығысуға шешім қабылдады. Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі – Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау болды. Кенесары əскерін Жетісу қазақтарының бəрі бірдей қабылдамады. Абылайдың баласы сұлтан Сүйік Ресей билігін мойындаса, үйсін, жалайыр, дулат руларының көпшілігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы Жетісудағы белді руларды Ресейден көмек сұрауға мəжбүр етті.
1847 жылғы сəуірде Кенесары 10 мың əскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгерді. Кенесары əскерлерінің қырғыз ауылдарын шабуылдауы Кенесарыға қарсы өшпенділікті туғызды. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі көтерілісшілер қатарын сиретті. Қазақ рулары көтерілісті өз жерінде қолдап, Қоқан жəне қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстады. Ресей империясынан жеңілдіктер алған ақсүйектер орталықтанған феодалдық мемлекетті қалпына келтіруге мүдделі болмады. Ақырында 1847 жылы Тоқмаққа жақын Майтөбе түбіндегі шайқаста (Кекілік сеңгір) Кенесары қырғыз манаптарынан жеңіліс тапты.
1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтірді. Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды. Хандық кеңестің құрамы Кенесарының жақын туыстарынан, би, батыр, сұлтандардан тұрды. Хандық кеңеске негізінен ұрыста ерлік көрсеткен немесе дипломатиялық қасиеттерін көрсете білген өкілдер кірді. Кенесары жер шаруашылығын дамытуды қолдап отырды. Барымтаға, жиі қайталанып тұратын тартыстарға қатаң шек қойды. Алайда Кенесары сарбаздары сауда керуендерін шабуылдап, экономикалық байланыстарға нұсқан келтірді.
Бұл көтеріліс үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған
19 ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.
Конспект сұрақтар

  1. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге кім бұйрық берді?

  2. Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталу себебі:

  3. Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына əсер еткен кім?

  4. Кенесары Қасымұлы көтерілісі қамтыған аймақ:

  5. Кенесары көтерілісіне қатысқан би, сұлтан, старшындар саны:

  6. Көтеріліске қатысқан ұлт өкілдері:

  7. 1838 жылы мамырдағы Кенесары сарбаздарының әрекеті:

  8. Жоламан Тіленшіұлы тобының көтерілісшілерге қосылған уақыты:

  9. 1841 жылы тамызда Кенесары сарбаздары қайда аттанды?

  10. Старшина Лебедевтің қызметінен алынып, сотқа берілу себебі:

  11. Орыс әкімшілігіне Кенесары алғашқы елшілігін жіберді:

  12. Кенесары ауылына келген орыс елшілері:

  13. Кенесары мен патша үкіметі арасындағы келіссөздің тоқтау себебі:

  14. Ырғыз, Торғай өзендері, Ұлытау маңына бекіністер қай жылы салынды?

  15. Кенесарының Сарыарқадан көшкен бағыты:

  16. Кенесарыға қарсы кімдер өзара одақ құрды?

  17. Жетісудағы руларды Ресейден көмек сұрауға не мəжбүр етті?

  18. Кенесарыны қолдаған Ұлы жүз батырлары:

  19. Кенесары қырғыз жеріне қанша әскермен басып кірді?

  20. Кенесары бастаған қазақ жасағының қырғыз манаптарынан жеңілісіне не әсер етті?

  21. Кенесарының қырғыз манаптарынан жеңілген жері:

  22. Кенесары хандық билікті қай жылы қалпына келтірді?

  23. Кенесары хандығының өзіндік ерекшелігі неде?

  24. Хан Кенесары неге қатаң шек қойды?

  25. Көтерілісшілердің әскери күшін кім басқарды?

  26. XІX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігін билеген хандық:

  27. Кенесары Қасымұлы қай жылы туылған?

  28. Қай жылы Долгов пен поручик Герн Кенесары ауылына келді:

Тақырыптың тест

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі


Конспект
1801 жылғы 11 наурызда император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей Ордасы (Ішкі орда) құрылды. Бөкей Нұралыұлы Кіші жүздің белді сұлтаны. Саяси күреске 18 ғасырдың соңынан араласа бастаған. 19 ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді. Бөкей орыс өкіметіне жағымды болды. Баласы Жəңгір Астрахан губернаторының үйінде тəрбиеленді. Орыс, парсы, араб тілдерін білді. Патша үкіметі қаражатына 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайын салғызды. Хандықтағы шұрайлы жайылым жерді хан өз туыстары мен сарай ақсүйектеріне бөліп берді. 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды. Хан тапсырмаларын орындайтын 12 старшын баж салығының жиналуын қадағалады.
Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді орыс помещиктерінің, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы жəне Жəңгір билігінің халық мүддесіне қайшы келуі хандықтың басқару жүйесін шайқалтты. Салықтың ауыртпалығы да әлеуметтік қарсылықтың тереңдеуіне себепші болды. 1833 жылы Жəңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы көтеріліске түрткі болды. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі 1836-1838 жылдары болды.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің басты мақсаты – хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мəселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту болды. 1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болды. Көтеріліс басшылары Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
1836 жылғы қазанда Исатай маңына қосымша 20 ауыл көшіп келді. 1836 жылдың соңында Бөкей Ордасындағы оқиға Петербург сарайына əбден белгілі болды. I Николай "бүлік" басшыларын қатаң жазалауды тапсырды. 1837 жылғы 15 қазанда Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы, хан кеңесшісі Балқы бидің ауылын ойрандады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне əсер етті. 1837 жылғы қазанның аяғында саны 2 мыңға жеткен көтерілісшілер хан сарайын қоршады. Қоршауды бұзуға 600 адамдық тобымен подполковник Геке жəне Меркулов топтары талпынды. Старшындар мен билердің бір бөлігі Гекенің үндеуіне сеніп, көтеріліс қатарынан кетті. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе шайқасында 3000-нан астам адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты. Исатай 500 сарбазымен кенеттен шабуылдап, жазалаушыларды шегіндіруді жоспарлады. 60 сарбаздан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлініп кетті. Казактардан 3 адам жараланды. Қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті. Губернатор В.А.Перовский жарлығымен Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсан батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылардың торын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті. Исатайдың Кіші жүзге өтуі осы өңірде Кенесары көтерілісі әсерімен тарала бастаған халық қозғалысымен тұспа-тұс келді. Жоламан Тіленшіұлы жасақтары Кенесарыға қосылды. Кенесары көтерілісінің Кіші жүзді шарпуы Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездетті. Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланысты болған сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің кең таралуы да Исатай қозғалысын тездетіп басуды күн тәртібіне қойды. Байбақты руының старшыны Жүніс Жантелин тобы Исатаймен байланыста болды.
1838 жылғы 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасында зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді. Көтерілісшілерден 80-дей сарбаз өліп, 6 адам тұтқынға түсті. Айшуақұлынан бірнеше жүз, казактардан 4 адам жарақаттанды. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты.
1838 жылғы шілдеде Махамбет тобы Нұртазғали Өзбекұлы жəне Табылды Шерғазыұлы сұлтандардың ауылдарына шабуылдады. 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қайтыс болды.
Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары жəне казак офицерлері мен солдаттары марапатталды.
1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін де шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді. Бұл жағдай 1842 жылы жаңа қозғалыстың басталуына себеп болды. Қозғалыс жетекшілері – ноғай руынан Аббас Қошайұлы жəне масқар руынан Лаубай Мантайұлы. Қозғалыс антифеодалдық бағытта болды. Олар хан мен сұлтандарға бағынбау, алым-салықты төлемеу, жер тапшылығын шешу, Жайықтан Кіші жүзге өтуге рұқсат алу талаптарын көтерді. Жəңгір ханға қарсы наразылығын білдіру мақсатында көтеріліс жетекшілері патша шенеуніктеріне барып жолықты. 1844 жылы наурызда екеуі де Жəңгірдің талабымен тұтқынға алынып, Оралда əскери сотқа берілді. 1847 жылы Лаубай түрмеде қайтыс болып, Аббас Лифляндияға қара жұмысқа айдалды.
1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін салық мөлшеріне шек қойылды. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
Бұл оқиға Ішкі Ордадағы хандық биліктің əлсірегендігін дəлелдеді. Ал көтерілістің жеңілу себептері үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі жəне Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы болды. Бұл қозғалыс 19 ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтік езгіге де, отаршылдыққа да қарсы бағытталған көтеріліс болды.
Конспект сұрақтар

  1. Бөкей Ордасындағы көтерілістің нәтижесі:

  2. Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы әскери сотқа қай жерде берілді?

  3. Бөкей Ордасындағы Аббас Қошайұлы жəне Лаубай Мантайұлы бастаған жаңа қозғалыс қай жылы басталды?

  4. Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару кімге тапсырылды?

  5. 1838 жылғы Ақбұлақ шайқасының салдары:

  6. Кіші жүздің батысында кең таралған көтеріліс басшысы:

  7. 1838 жылы қаңтарда Исатай тобы қайда қауіп төндірді?

  8. Кенесары топтарын қолдаған Кіші жүз рулары:

  9. Исатай тобы Жайықтан шығысқа қарай қай жерден өтті?

  10. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған Тастөбе шайқасы қашан болды?

  11. Жиделі түбіндегі Исатай жасағының саны:

  12. 1837 жылғы 15 қазанда болған шайқас:

  13. Бөкей Ордасындағы көтеріліс Петербургке қашан белгілі болды?

  14. Жəңгір хан көтеріліс басшыларын тұтқындауды кімге тапсырды?

  15. Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі қашан басталды?

  16. Еңбекшілер арасында үндеу таратқан ақын:

  17. 1791-1838 жылдары өмір сүрген беріш руының старшыны:

  18. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі болған мерзім:

  19. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске түрткі болған жағдай :

  20. 19 ғасырдың 30 жылдары жыл сайынғы ақшалай салық мөлшері:

  21. Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді кімдер иеленді?

  22. 1827 жылы құрылған хан саясатын іске асыратын өкілдік мекеме:

  23. Бөкей Ордасында хан сарайы салынған жер:

  24. Орыс өкіметіне жағымды болған Кіші жүз сұлтаны:

  25. Бөкей Ордасы құрылған мерзім:

  26. Қай жылдары Махамбет, Шернияз Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісіне қатысқан:

  27. Исатай Тайманұлы қай жылы қаза тапқан:

  28. Бөкей Ордасындағы көтеріліс қай жылдары болды:

Тақырыптың тесті

19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі


Конспект
19 ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістермен белгілі. 19 ғасырдың ортасында болған Сырдария бойындағы көтерілістің себебі: Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтеріліс жетекшісі – Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Көтеріліске Арал маңындағы ірі рулар қатысты.
1843 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.
1845 жылғы көктемде Жанқожа тобы хиуалық 2000 əскерді жойып жіберді. 1847 жылы Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан əрекеті сəтсіз аяқталды. Жаңақала ауданы көтеріліс ошағы болды. 1856 жылдың жазында Жанқожаның жанына 2 мыңдай қарулы топ жиналды. 1856 жылы желтоқсанның аяғында көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды. Жанқожа бірігіп соғысу үшін қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді. Күштерді біріктірмеу үшін генерал-майор Фитингов тобы жіберілді. 1860 жылы Жанқожа көтерілісі талқандалды. Патша әскерінің қуғындауынан Жанқожа Арал маңынан шегінуге мәжбүр болды.
Арал теңізінің солтүстігінде Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғасын тапты. Орынбор әкімшілігі Есет батырды ұстауды сұлтан Арыстан Жантөринге тапсырды. 1855 жылғы 8 шілдеде Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөрин лагеріне шабуылдап, сұлтанды сыбайластарымен қоса мерт қылды. 1857 жылы наурызда тұтқынға түскен 3 қазақ атылып, 18-і Сібірге жер аударылды. 1858 жылғы қыркүйекте Есет батыр Орынборға барып, патша билігін лажсыздан мойындады.19 ғасырдың 50 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Сырдарияның орта ағысынан Ақмешітке дейінгі, Ташкенттен Жетісуға дейінгі жерлер Қоқан хандығына тəуелді болды. Қоқан хандығының езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс 1858 жылы наурызда Əулиеата маңында болды. Негізгі қозғаушы күші – қазақ, қырғыз шаруалары. Көтерілістің себебі: Мырза Ахметтің қазақ, қырғыз жерлерін күшпен тартып алып, өз жақындарына беруі. Қыздар мен тұрмыс құрмаған əйелдерге қосымша салық салуы. Көтерілісшілер Əулиеата, Тоқмақ, Шымкенттегі Қоқан бекіністерін қоршап, Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді. 3 мыңдық қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан көмек сұрады. Көтерілісті басуға келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды. Қоқан әскерлерінің жақындауы қазақ ауылдарын Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуге мәжбүр етті. 1858 жылғы мамырда көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады. Қазақ феодалдары опасыздық жасап, Қоқан ханы Худиярмен ымырластық келісімге келді. Көтерілістің басты ошақтары аяусыз жаншылды. Бұл көтеріліс Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.
Конспект сұрақтар

  1. Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды қашан алды?

  2. Қоқандықтар шабуылынан қазақ ауылдары қайда көшуге мәжбүр болды?

  3. Қоқан хандығының қарсы ең ірі көтеріліс болған жер:

  4. 19 ғасырдың 30-40 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігін иеленген кім?

  5. Есет Көтібарұлы тобы сұлтан Жантөрин лагеріне қашан шабуылдады?

  6. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс қамтыған аймақ:

  7. Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі қай жылы талқандалды?

  8. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілісшілер ошағы:

  9. Төменгі Сыр қазақтары Қуаңдария бойындағы бекіністі қай жылы талқандады?

  10. Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісінің болу себебі:

Тақырыптың тесті

Қазақстандағы саяси жер аударылғандар


Конспект
1825 жылға дейін Қазақ өлкесінде болашақ декабристер қызмет бабымен болған немесе жер аударылған болатын. Жергілікті ресми мекемелерде қызмет істегендер – Г.Батеньков, А.Жемчужников, М.Муравьев, В.Вольховский, А.Янушкевич.
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің шеткі аймақтармен танысуына себеп болды. 1826-1828 жылдары П.Коновницин және М.Лаппа Ертіс бекіністерінде айдауда болды. Орынбордағы желтоқсаншылардың жасырын ұйымының мүшесі прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньков “Сібір Қазақтарының Жарғысын” дайындауға көмектесті. Жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С.М.Семенов болды. Айдауда жүріп, Омбы облыстық басқармасы шешімімен Өскеменде қызмет атқарып, кейін дəрігер болды. Ол саяхатшы-ғалымдар Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, Қазақ елін аралап, жергілікті халықтың өмірімен танысты. Ал М.И.Муравьев-Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алып, халықты емдеген. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен байланысты. Мұражайды экспонаттармен жабдықтауға Жəңгір хан көмектесті. Орал қаласындағы мұражайда Г.С.Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Г.С.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. В.Вольхосвкий 1825 жылы Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының картасын” жасады. 1867 жылы Мəскеуде жарық көрген И.Завалишиннің “Батыс Сібірді сипаттау” еңбегінің бір бөлімі қазақтардың өміріне арналған. А.Д.Коровковтың “Іле бекінісіне бару” очеркі қазақ жері мен шексіз даласы туралы жазылған.
1849 жылы М.В. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған жазушы Ф.М.Достоевский “Белинскийдің идеясын” таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысып, жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлді. Семейде Ш.Уəлихановпен кездесіп, Омбыда басталған таныстық жалғасты.
А.Макшеев Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған. Cонымен бірге Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхатты сипаттап, қазақтардың ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшіл ақындар А.П.Баласогло, Д.Д.Ахшарумов Қазақ өлкесі тақырыбымен шұғылданды. Петрашевшілдер қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді.
Конспект сұрақтар

  1. Райым бекінісінен Қосаралға дейінгі саяхатты сипаттап жазған кім?

  2. Ф.М.Достоевский өлке тарихын зерттеуде айналысты:

  3. Г.С.Карелин қатысқан экспедиция қай жерді зерттеді?

  4. 1831 жылы Орынборда ашылған мұражайды жабдықтауға кім көмектесті?

  5. Қазақ елін аралап, халықтың өмірімен танысқан декабрист:

  6. 1826-1828 жылдары П.Коновницин және М.Лаппа айдауда болған жер:

  7. Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алған декабрист:

  8. «Кіші жүз руларының картасын» жасаған кім:

  9. Ф.Достаевский не үшін жер аударылды:

  10. И.Завалишиннің «Батыс Сібірді сипаттау» еңбегі қашан жарыққа шықты:

  11. Қазақстанда болып қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер соты жөнінде құнды мәліметтер жинаған поляк азаттық қозғалысының өкілін көрсетіңіз:

Тақырыптың тесті

19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары


Конспект
19 ғасырдың басында Пекин сарайының басқа елдерден өзін оқшау ұстау саясатын өзгертпеуі, ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасады. Ресей үкіметі экономикалық байланыстарды Қазақ шекарасы арқылы дамытуға ұмтылды. 19 ғасырдың басында Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері Шыңжаң мен Қазақстанда сауда айналымдарын дамытуда ерекше рөл атқарған. 1809 жылы көпес Нерпин Тара қаласынан 5000 сомға тауар жеткізіп, Бұқтырманы басып өтіп, Қытайдың Шəуешек қаласында тауарын сатып, Бұқтырмаға қайтып оралды. 1812 жылы Ташкент көпестері Ниязов пен Аширов керуені құны 1 млн. сомға жуық тауарды Құлжа базарында сатты.
Шығыспен экономикалық байланыстың орталықтары Семей, Петропавл қалалары болды. Петропавл – Орта Азиямен саудада ең маңызды елді мекен. Ал Семей – Қазақстан мен Қытай арасындағы ірі сауда орталығы. Ресейлік сатылатын тауарлар – өнеркəсіптік дайын бұйымдар, маталар. Қазақтар негізінен мал жəне мал өнімдерін айырбастады.
Грузин көпесі Семен Мадатов ресейлік бұйымдарын Ақсу, Құлжа, Қашғар, Қытайлық Жаркент қалаларында сатып, “Үлкен Тибетке” дейін жетті. Ол Кашмирде болып, тұңғыш рет 250 кашмирлік шəліні Қазақ еліне жеткізді. Кабулдық ауған көпесі Мехти Рафаилов Семейден Қашғарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынды. 1824 жылы Ташкент көпесі Муминов Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргізудің пайдалылығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысты. 19 ғасырдың 30 жылдарынан шекаралық бекіністер арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейді. Салықты төлеуден қашқан көпестердің бұйымдары ресейлік заңдар негізінде тəркіленді. Ресей мен Қытай арсында шекаралық сауданы реттейтін мемлекетаралық келісімнің жоқтығы сауда қатынастарына кедергі болды. Шекаралық өңірде арнайы жəрмеңкелердің болмауы да қазақтар тарапынан сауданың айырбас сауда шеңберінде қалуына себеп болды. Орыс-қазақ сауда қатынастарының кеңеюі, Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азия халықтарымен байланыста болуы бүкіл Орталық Азиядағы халықаралық жағдайға әсер етті.
Конспект сұрақтар

  1. Шекаралық бекіністерде баж салығы қашан көбейтілді?

  2. Ауған көпесі Мехти Рафаилов ұсынған жол:

  3. “Үлкен Тибетке” дейін жеткен грузин көпесі:

  4. Сұлтан Құдаймендінің баласы Ғабдолланы Петербургке жібергендегі мақсаты:

  5. Шығыспен экономикалық байланыстың орталықтары:

  6. Тара қаласынан 5000 сомға тауар жеткізген көпес:

  7. Шыңжаң мен Қазақстанда сауда байланысын дамытуда ерекше рөл атқарған бекініс:

  8. 1812 жылы керуені 1 миллион сом құрайтын тауарын Құлжа базарында сатқан Ташкенттік көпестер:

  9. 1805-1806 жылдары Патша үкіметі Қытаймен арадағы қарым-қатынасты реттеу үшін Пекинге жіберген елшілікті кім басқарды:

  10. Қай жылы Бағдат көпестері Стамбулдан қымбат тауарлармен шығып, Иранды, Ауғанстанды, Үндістанды аралап, Семейге келді:

Тақырыптың тесті
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ-Қытай сауда қатынастары
Конспект
Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға қойылмады. 1851 жылғы 25 шілдеде Құлжа сауда келісімі жасалды. Осы шартқа сай Батыс Қытайда Ресейдің елшілік орталықтары, орыс көпестерінің сауда орындары ашылды. Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен кедендерінің сауда құқықтары кеңейтілді. Жаркент, Ақсу, Шəуешек қалаларының сыртқы саудасында қазақтарға аса қажет шай, қант, жібек сияқты тауарлар көлемі көтерілді. 1855 жылы Шəуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті халықтың талан - таражға салуы сауда байланыстарын уақытша тоқтатты. Ресей көпестерінің саудасы Құлжа қаласымен шектелді.
1856 жылғы 25 наурызда I Александр сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашуды талап еткен нұсқау шығарды. 19 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында орыс-қытай саудасы құлдырап, саяси байланыстарда өзгерістер байқалды. 1864 жылғы Шыңжандағы көтерілістің барысында дербес Іле өлкесінде – Іле сұлтандығы, Қашғарияда – Жетішар мұсылман мемлекеттерінің құрылуы орыс-қытай, қазақ-қытай байланыстарына өзгеріс енгізді.
1871 жылы Ресей əскері Іле өлкесіне енгізіліп, Іле сұлтандығы Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. Бұл Жетісу өлкесі мен Батыс Қытай арасындағы керуен саудасын күшейткенімен, ресейлік отарлық тәртіптің орнауына да жол ашты.
1881-1883 жылдары орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнген және қазақтардың бір бөлігінің Жетісу мен Қырғыз өлкесіне қоныс аударуы халық санының өзгеруіне, шаруашылық ынтымағының тереңдеуіне жол ашты. 1860 жылғы Пекин шарты, 1864 жылғы Шəуешек хаттамасы Ресейдің Қырғыз елі мен Жетісуды өзіне қаратып алғаннан кейін қалыптасқан ахуалды ресми түрде тануды негіздеді.
1881 жылғы Петербург сауда шарты жасалды. Шекаралық аудандардағы керуен саудасын көтеру, орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат беру, су жолын ашу мәселелері қарастырылды. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашылды.
1882 жылы Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев пен инженер Поклевский Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан су кемесін сатып алды. 1883 жылғы 4 мамырда 20 мың пұт астық тиеген кеме Іле өзені арқылы Қытайдың Сүйдін бекінісіне жіберілді. Қытаймен тікелей Іле су жолының ашылуы 19 ғасырдың 2-жартысындағы орыс-қытай қатынасындағы белді оқиға болды.
19 ғасырдың 80 жылдары сауда байланыстарында Ресейдің Ірбіт, Крестовск жəрмеңкелері жəне Жетісу өлкесіндегі Қарқара, Орталық Қазақстандағы Қоянды (Ботов) жəрмеңкелері ерекшеленді.
1890 жылғы 14 маусымда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды. Бүкіл Қазақстан және Оңтүстік Сібір арқылы өтетін шекарадағы кедендердің қызметін бақылау, баж салығының қазынаға өткізілуін қадағалау жолға қойылды. 1894 жылғы 30 тамызда Сібір теміржолының іске қосылуы Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерді. Сібір өлкесінің экономикалық дамуына үлесін қосты. Қытайға жақын аудандарға тауарлар жылдам жеткізілетін болды. 19 ғасырдың II жартысында Қазақ өлкесі арқылы дамыған сауда байланыстары өзара тиімді болды, екі елдің арасында тығыз шаруашылық байланыс орнады.
Конспект сұрақтар

  1. Сібір теміржолы іске қосылған мерзім:

  2. Мал сатуда үлкен рөл атқарған жәрмеңке:

  3. Семей сауда округінің қызметі:

  4. Іле су жолы қашан ашылды?

  5. Қытаймен сауда жасауға су жолын ашу мәселесі қай жерде қарастырылды?

  6. Пекин шарты жасалған мерзім:

  7. Іле сұлтандығы қайда бағындырылды?

  8. 1856 жылғы 25 наурыздағы I Александр нұсқауы:

  9. Шəуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті халықтың талан-таражға салған мерзімі:

  10. 1851 жылғы 25 шілдедегі сауда келісімі:

  11. XIX ғасырдың II жартысындағы қай елдердің экономикалық қатынасының нәтижесінде «Іле су жолы» ашылды:

  12. Қай жылы Қоянды жәрмеңкесі ашылды:

  13. Жаңа сұрақ

Тақырыптың тесті

ІII БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ (19 ҒАСЫРДЫҢ II ЖАРТЫСЫ). ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ


Конспект
18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды. Орта Азия хандықтары ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенді. Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылғы ақпанда 10 мың əскерімен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған
қазақ шаруаларының азаттық қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып кетті. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістері Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулиеата, Пішпек аудандарын қамтыды.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847 ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855 ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.
Бұл оқиғалар Лепсі мен Іле аралығындағы қазақтардың және 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдетті. Орыс әскерінің Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы іске асырылды.
Конспект сұрақтар

  1. Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалған мерзім:

  2. 1825 жылы Қаратал өзеніне келген орыс әскерінің тобы кімдер?

  3. “Азия комитеті” құрылған мерзім:

  4. Ресей құрамына алынған Сүйік сұлтан қарамағындағы ру:

  5. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы шаруалар көтерілісін кім басқарды?

  6. 1812, 1816, 1820 жылдары қазақ ауылдарына жойқын шабуыл жасаған хандық:

  7. 19 ғасырда ағылшын үкіметінің қолдауына кімдер сүйенді?

  8. Қапал бекінісі қашан салынды?

  9. Қай жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды?

  10. Қай жылы Абылайханның ұлы Сүйік сұлтан өзіне қарасты рулардың Ресей үкіметінің құрамына кіретіндігін жариялайды:

  11. «Түркістан өлкесін басқару Ережесі» қашан қабылданды:

Тақырыптың тесті

Верный бекінісі негізінің салынуы


Конспект
Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді. 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийдің басшылығымен Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Орыс əскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашылды. 1853 жылы Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельский отряды Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылғы көктемде М.Д.Перемышельский отряды Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды. 1854 жылғы күзде Верныйға Іле отрядының 470 əскері əкелінді. 1855 жылы Сібірден 400 отбасы келіп қоныстанды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендеді. Верный кейін Іле қонысы деп аталды.
Верный бекінісі Шу мен Талас алабына Ресей империясының экономикалық-саяси ықпалын жүргізетін басты тірекке айналды.
1855 жылғы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан және Воронежден келген қоныстанушылар көбейді. 1857 жылы тұңғыш су диірмені салынып, ал 1858 жылы сыра зауыты іске қосылды. Белгілі ғалым-саяхатшылар П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.М.Пржевальский, И.А.Северцев, XІX ғасырдың 60 жылдары Ш.Уəлиханов Верныйда болған. Верный бекінісінің салынуы 19 ғасырдың 50 жылдарында Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.
Конспект сұрақтар

  1. 1854 жылы іргесі қаланған Верный бекінісі кейін қалай аталды?

  2. Қапалдағы Ұлы жүз резиденциясы Верныйға қай жылы ауыстырылды?

  3. 1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс:

  4. Таушүбек бекінісі алынған уақыт:

  5. Қай жылы Верный бекінісіне Сібірден 400 отбасы қоныс аударды:

  6. 1854 жылы Верный бекінісіне Іле отрядының қанша солдаты мен офицері келіп қоныстанды:

  7. Қай жылы қырғыздың бұғы руы Патша үкіметінің билігін мойындады:

  8. Қай жылы Верныйдағы алғашқы су диірмені салынды:

  9. Қай жылы Верный бекінісінің негізі қаланды:

  10. 1855 жылы Сібірден келген 400 отбасы қай жерде тұрды:

  11. Вали Ахун Юлдашев қай уездің ауқатты ұйғыр көпесі болған:

Тақырыптың тесті

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары


Конспект
Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды. Іле өңірінде әскери күштерді молайтып, керуен жолдарын бақылауға алуға, сауда-саттыққа зер салуға ерекше мән берілді. 800 орыс және 100 қазақтан тұратын күшті басқарған подполковник Шайтанов Шу алқабына қарай бағыт алды. Сұраншы, Шаян батырлар, Жайнақ би Ресей әскерін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алды. 1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстігінде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Орыс əскерінің Шу аңғары арқылы Қоқан бекіністері Əулиеата, Шымкент, Ташкентке қарай жүруі осы жерден басталды. 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақ, 4 қырқүйекте Қоқанның Жетісудағы тірегі Пішпек алынды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22 мыңдық əскер жіберді. Қазақ феодалдары екіге бөлініп, Кенесарының баласы сұлтан Сыздық тобы Ресейге қарсы шықты. Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.
1860 жылғы 19-21 қазанда болған Ұзынағаш шайқасында Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский əскері қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар – 400 адамнан, орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы рулары кірді.
Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі орыс әскерінің соғыс қимылдарын жеделдетуіне түрткі болды. 1864 жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша əскері Шу алқабын, Мерке, Əулиеата, Түркістан бекіністерін алды. Полковник М.Черняев әскері Шымкент бекінісіне бет алды. Қоқан билеушісі Әлімқұл Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысты. 1864 жылғы 22 қырқүйекте Шымкент алынды. 1865 жылғы шілдеде орыс әскері Ташкентті басып алды.
1866 жылдың басында Бұхар хандығының жеріне орыс əскерлері басып кіріп, хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді. Бұхар хандығының солтүстігінде қоныстанған қазақтар өзбектермен қатар Ресейдің билігін мойындады. 1868 жылғы қаңтардағы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, оның ішінде Қоқан хандығына тəуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. Ал 1873 жылғы Хиуа хандығының жеңілісі қазақтардың оларға тəуелділігін жойды.
Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан жері 15 ғасырдың орта кезінен бастап ерекше мәнге ие болған. Қазақ-орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы IY Иван билік құрған кез болып есептеледі. 18 ғасырдағы князь А.Бекович-Черкасскийдің, И.Д.Бухгольцтің, И.М.Лихаревтің, П.Ступиннің әскери барлау экспедициялары қазақтарды Жоңғария шапқыншылықтарынан қорғауда елеулі орын алды. Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі 18 ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылды.
Конспект сұрақтар

  1. Ресейдің саясатында Қазақстан ерекше мәнге ие болған кез:

  2. Қоқан хандығының жері Ресей құрамына қашан енгізілді?

  3. 1866 жылдың басында кімдер Ресейдің билігін мойындады?

  4. М. Черняев пен Лерхе тобы Шымкентті қашан алды?

  5. Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі қандай іс-әрекетке түрткі болды?

  6. 1860 жылы қоқандықтар мен орыс əскерлерінің шайқасы өткен жер:

  7. Қастек бекінісі қай жылы салынды:

  8. Орыс әскерін құтқарушы ретінде қарсы алған батырлар:

  9. Қай жылы Патша әскері Бұхар хандығының жеріне кірді?

  10. Қоқан ханы Құдиярға қарсы қыпшақтарды басқарған көтеріліс басшысы кім:

  11. Қай жылы Ресей әскері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды:

  12. «Ереже» бойынша Дала генерал-губернаторлық қай жылы құрылды:

  13. М.Черняев басқарған орыс әскері Түркістанды қашан басып алды:

  14. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан генерал-губернаторлығына генерал-губернатор болып кім тағайындалды:

  15. Қай жылы Ресей үкіметі Пішпек бекінісін басып алды:

  16. Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды:

  17. Аға сұлтандар қанша жылға сайланды:

  18. 19 ғасырдың 60-жылдары полковник Циммерман қандай бекіністерді басып алды:

  19. 1864 жылы Әулиеатаны басып алған полковник:

Тақырыптың тесті

IV БӨЛІМ. 19 ҒАСЫРДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ.


ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУЫ
Конспект
Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дəстүрі мен мəдениетінің жаңа сипат алуына әсер етті. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен “мұғалімдікке” куәлігі бар адамдар тартылды.
Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал қалаларында орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты. Қазақ жерінде 1789 жылы Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы тілдерін оқытты. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылып, ресейлік əкімшілік үшін шенеуніктер дайындады. Олар кейін 1837 жылы Сібір кадет корпусы, 1844 жылы орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. 1841 жылы Кіші Ордада Жəңгір ханның ұйымдастыруымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды. Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарына білім беру ғана емес, отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен. 1831 жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды. 1831 жылғы 18 қыркүйекте Семейде орысша оқытатын училище ашылды. 1836 жылы Өскеменде интернаты бар училище ашылды. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан орыс мектептері ашылды. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі Қазақстанда орыс тілді мектептердің дамуына мүмкіндік бермеді.
В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанындағы шенеунік қызметте жүргенде Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз əдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер жазды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысқан. 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірді. “Бикей мен Мəулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.
1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мəлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызының” баспадан шығуы орыс демократиялық өкілдерінің Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды мәліметтердің тарауына септігін тигізді. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасымен танысқан.
19 ғасырдың 20-40 жылдары Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне, А.Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс болды. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі. Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданып, табиғи байлықтарын анықтады.
Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, И.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының өмірін зерттеп, тарихи еңбектер жазды.
Конспект сұрақтар

  1. Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі қашан басталды?

  2. А.С.Пушкин болған Қазақстан қалалары:

  3. “Бикей мен Мəулен” повесінде не сипатталады?

  4. 1831 жылы орысша білім беретін училищелер қай облыста ашылды?

  5. Кіші Ордадағы мектепті кім ұйымдастырды?

  6. Алғашқы сауатты мамандар дайындаған оқу орны:

  7. Орысша білім беретін мектептер ашылған қалалар:

  8. «Азиялық училище» қай жылы ашылды:

  9. Өскемен училищесі қай жылы ашылды:

  10. 1848-1849 жылдары капитан-лейтенант А.Бутаков Қазақстанның қай аймағына экспедиция жасады:

  11. Қай жылы Омбыда әскери училище ашылды:

  12. 19 ғасырдың I жартысындағы қазақ жері туралы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы:

  13. Тарбағатай тауларын, Қалба жотасын 19 ғасырда кім зерттеген:

Тақырыптың тесті




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет