«Әйтеке би бабамыздың туғанына 370 жыл»



Дата10.12.2023
өлшемі13.87 Kb.
#486110
Әйтеке би бабамыздың туғанына 370 жыл конференция ережесі



«Әйтеке би бабамыздың туғанына 370 жыл» атты ғылыми-практикалық конференциясының ЕРЕЖЕСІ

Ойыл қазақ орта мектебінде 2014 жылдың 14 ақпанында сағат 16ºº-де «Әйтеке би бабамыздың туғанына 370 жыл» атты мектепішілік ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.


Мақсаты: оқушыларды көне тарихи-мәдени мұраларды сақтауға, еңбекке баулу арқылы қызығушылықтарын арттыру және туған жеріне деген отансүйгіштік қасиетін дамыту және тұлғалық қасиетін қалыптастыру.
Конференцияда төмендегі бағыттар бойынша 6,7,8,9 класс оқушыларының ғылыми жұмыстары талқыланады:

  1. ХVІІ ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты.

  2. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының қарым-қатынасы.

  3. Қазақ халқының шешендік сөз өнері.

  4. Қазақ тарихында билердің алатын орны.

  5. Әйтеке бидің тұлға болып қалыптасуында Ақша хан мен Жалаңтөс батырдың алатын орны.

  6. ХVI – XVII ғғ. Қазақ хандығына қатысты еркін тақырыптар.

Конференцияда оқушылар өз жұмыстарының жазбаша және ауызекі түрінде слайд көрсету арқылы 5-6 миннуттық баяндамасын ұсынады, оның құрамында мәселенің қойлымы, нәтижесі, жұмыстың қорытындысы.
Конференция баяндамасын дайындауға қойылатын талаптар.
Жұмыс 3-5 беттен аспауы керек. Жұмыс А4 форматы бетінде, мәтін біржарым интервалында, 14 кегльмен теріліп басылуы керек. Беттер нөмірленіп, жиегі нақтылануы керек. Сол және оң жиектері – 20 мм, жоғарғы және төменгі жиектері 20 мм. Жоғарыдан ортасынан бас әріптермен (толық шрифтімен) – баяндама атауы, 1 см төмен түсіп ортасынан автордың тегі, аты,мектебі, сыныбы жазылуы керек, тағы 1 см төмен түсіп – баяндама мәтіні, мәтіннен кейін қолданылған әдебиеттер тізімі.


Мысыл:
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА МЕКЕНДЕГЕН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ КӨШПЕНДІЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР
Байдосов Мұхтар, Ойыл қазақ орта мектебі, 9 «А» сынып.
Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасына қарай Қазақстанның кең даласында көптеген көшпелі тайпалар мекендеген. Олардың қоныстануы мен тарихы жөнінде антикалық авторлар үзік-үзік жазады. Одан да аз мәліметтер шығыстың жазба деректерінде бар.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Рычков П.И.. Топография Оренбургской губернии. // Оренбургские степи в трудах П.И. Рычкова, Э.А. Эверсмана, С.С. Неуструева. М., 1949, С.42-204.

  2. Аниховский А.Л. Раскопки кургана в с. Красногорском // ТОУАК, вып. XVI. Оренбург,. 1906. С. 69-79.

Ұйымдастыру комитеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет