Экология негіздері экология



Pdf көрінісі
Дата15.10.2022
өлшемі492.94 Kb.
#462784
Экология негіздері



Экология негіздері


ЭКОЛОГИЯ

организмдердің қоршаған ортамен қарым-
қатынастарын, ұйымдасу деңгейлері әр түрлі экожүйелердің
қалыптасуы және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол
қоршаған орта факторларынның организмге әсерін, түрдің
тіршілік етуі мен механизмдерін, экологиялық жүйенің қызмет
атқаруы мен олардың биологиялық өнімділігін зерттеумен
айналысады. 
Экология биологиялық зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланады: 
тәжірибелік жұмыстар, далалық бақылаулар және түрлі
экожүйелерде өтетін процестерді математикалық моделдеу. 
«Экология» терминін 1869 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель 
ендірген болатын.







Организмге әсер ететін тіршілік ортаның
элементтері
экологиялық факторлар
деп аталады. 
Олар үш топқа бөлінеді

Абиотикалық
Биотикалық
антропогендік.


Абиотикалық факторлар

өлі табиғаттың
физикалық және химиялық
факторларынның жиынтығы, олардың
қатарында өте маңызды- температура, 
ылғалдылық, жарық және өзге де 
климаттық компоненттер, сондай-ақ судың, 
ауа және топырақ орталарының химиялық
құрамы және т.б.


Биотикалық факторлар

организмдердің оны қоршаған биотамен
қарым-қатынастарының барлық
формаларын айтады
.


Антропогендік факторлар

адамның қоршаған ортаны
тірі организмдер тіршілік ететін ортаның өзгерісіне алып
келетін немесе олардың тіршілігінде көрініс беретін түрлі
әрекеттердің жиынтығы. Биотаға антропогендік
факторлардың әсері артып келеді. Салыстырма үшін: 
қазіргі кезде адам техниканың көмегімен табиғатқа көп
әсер ете алады, бұрынғы неандерталдықтарға шаққанда. 
Экологиялық факторлардың осылайша жіктелуі шартты. 
Кейде берілген факторды бір категорияға орналастыру
қиын. Мысалы, балараның ұясының температурасы
қоршаған орта температурасымен қатар, ұядағы аралар
санына да тәуелді болады. Бір мезгілде абиотикалық та, 
биотикалық та факторлардың функциясы саналады.


Ортаның экологиялық факторлары организмге бірігіп әсер
етеді, олардың әрқайсысының әсері өзгелердің әрекетін
қарқындылығына тәуелді. Мысалы, адам ауаның жоғарғы
температурасын оның ылғалдылығы төмен болғанда жақсы
көтерсе, суықты жоғары калориялық тағамдарды қолданғанда
көтере алады.
Организмдердің бір мезгілде қоршаған ортаның түрлі
факторларын қабылдайтындығын ескере келе, сиректеу
олардың әсері оптимуммен сәйкес келеді. Кейде бір фактор 
бұл мәнге ие болады.


Тіршілік үшін маңызды факторлар көп жағдайда мәні
оптимумнан алшақтап, төзімділік шегіне жақындасады
немесе шектеуші фактор деген атауға ие болады. 
Шектеуші фактор организмдер тіршілігінде үлкен роль 
атқарады, оның экологиялық ортасын және географиялық
ареалын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет