§1. Экономика және экономикалық жүйелердің типтері
1. Экономикада «көрінбейтін қол» деп атанған бос нарық тетігін ашты:
Д. Рикардо
В. Ленин
А. Смит
А. Маршалл
2. Аристотельдің «хремантистика» ұғымының мағынасы:
байлық жинау өнері, ақша жасау
қолөнершіліктің сипаттамалары
тұрғындардың экономикалық сауатын ашу
тіршілік ету игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары
3. Қоғамдық еңбек бөлінісінің және мырза мен бағынышты арасындағы қарым-қатынастың бар екенін көрсететін ежелгі үнділік дерек
«Астық тасушының әні»
«Ману заңдары»
«Рамаяна»
«Гильгамеш туралы дастан»
4. КСРО-дағы ЖЭС кезеңінде орын алған экономикалық жүйенің түрі:
нарықтық экономика
алғашқы қауымдық экономика
жоспарлы (социалистік)
аралас экономика
5. К. Маркс бойынша, қосымша құн дегеніміз–
капиталист тегін иемденетін құн
жалдамалы қызметкердің еңбекақысы
өнімге кеткен шығынның құны
өндіріс машиналарын сатып алуға кететін құн
6. А. Смит пен Д. Рикардоның ілімін қосымша құн теориясымен кеңейткен:
К. Маркс
А. Монкретьен
Дж. Кейнс
Аристотель
7. Сауданың дамуы ықпал еткен экономикалық саясаттағы алғашқы бағыт:
Классикалық саяси экономия
Меркантилизм
Маржинализм
Марксизм
8. Жоспарлы (социалистік) экономиканың сипатты белгілерінің бірі
экономикалық ресурстарға жеке меншіктің болуы
өндірушінің дербестігі, кәсіпкерлік еркіндігі
экономикалық ресурстарға мемлекеттік меншіктің болуы
тәуелсіз өндірушілердің болуы
9. Кез келген экономикалық жүйе не, қалай, кімдер үшін деген үш сұраққа жауап беруі тиіс деп есептеген америкалық экономист:
П. Самуэльсон
Дж. Кейнс
Д. Гэлбрейт
У. Джевонс
10. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» еңбегінде экономика ілімін бір жүйеге келтіріп, қоғамдық еңбек бөлінісі туралы ілім жасаған:
А. Смит
Дж. Кейнс
Л. Вальрас
А. Пигу
Достарыңызбен бөлісу: |