Экономикалық өсуге қол жеткізу шаралары туралы



Дата09.06.2016
өлшемі31 Kb.
#125371
Экономикалық өсуге қол жеткізу шаралары туралы
Экономикалық өсу деп жалпы ұлттық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал, бұл болса халықтың әл-ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.
Экономикалық өсу негізінен екі факторлардан тұрады. Көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ, уран және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, конъюнктуралық фактор болып табылады.

Экономикалық өсу негізінен ішкі факторлармен анықталуы тиіс. Олар: еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын кеміту, жалпы айтқанда экономиканың нақты секторының пайдалылығын жоғарылату. Бұл бағытта ҚР үкіметі бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында кластерлік жүйелер жасап, технопарктер құрып едәуір жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Нарықтық экономиканы құру жөніндегі әлемнің басқа елдерінің тәжірибесін қабылдай отырып Қазақстан олардың моделдерін тікелей көшіріп ала алмайды, оның басты себебі әлемнің ешбір елі (ТМД елдерінен басқа) ұзақ уақыт бойы әкімшіл-әміршіл басқару шеңберінде болып көрген емес. Бұл бір. Бұдан басқа әрбір мемлекеттің өзіндік тарихы және ұлттық ерекшеліктері және өңірлік дамуының әртүрлі деңгейлері бар екендігін естен шығармау қажет.
Ұдайы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономиканы мемлекеттік реттеу қажет. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру керек деп есептейміз.
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуын анықтайтын ең маңызды басымдықтардың қатарына мыналар жатады:

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы;

Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтар жоғары деңгейлі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

Қазақстан азаматтарының жоғары әлеуметтік деңгейін (денсаулық, білім беру және әл-ауқаттылық) қамтамасыз ету;

Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату;

Инфрақұрылымды, әсіресе көлік пен байланысты дамыту;

Мемлекеттік органдар қызметінің кәсібилігін арттыру.

Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың мақсаттары келесідей:



Экономиканың шикізаттық бағытынан өңдеуші, ұқсатушы өнеркәсіптің басымдығына көшу;

Өндірісті ұйымдастырудың ескірген жүйесінен икемді өндірістік жүйелерге өту, нәтижесінде өнімнің жедел жаңартылуын және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету;

Адам өміріне зиянды өндірістен экологиялық таза және қауіпсіз өнеркәсіптік өндіріске қол жеткізу;

Мамандандырылған өндірісті дамыту негізінде өндірілген өнімнің ішкі және әлемдік рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Академиялық және салалық ғылымды әлеуметтік тапсырыстарға негіздеу мақсатында ұзақ және қысқа мерзімді ғылыми-техникалық болжамдар қатарын жасау және жүзеге асыру;
Қаржы жүйесін сауықтыру;

Ииндикативтік әдістерге көшу;

Қаржылық тетіктерді пайдалану;

Тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау;

Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап, нарық жағдайына лайықтау және келесі кезеңде мемлекет меншігінен алып, мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет