Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ



бет1/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекция Кеңестік Казақстан


ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1. Модуль. Қазақстан кеңестік әміршіл және әкімшіл жүйенің орнауы және нығаюы жылдарында


1-Лекция. Қазақстан қазан төңкерісі және Кеңес үкіметін орнату тұсында (1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың сәуіріне дейінгі аралық). 2 сағат
* Лекция мақсаты:
Әкімшілік, сот-прокуратура органдарының коммунистік партия ұйымына бейімделу процесін ашу.
* Түйін сөздер:
«революция», «үкімет», «өкімет», «саяси партиялар», «қызыл террор».
*Негізгі сұрақтар:
1. Кіріспе
2. Ресейдегі қазан төңкерісі және Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, ерекшеліктері.
3. Алашорда мен Қоқан үкіметтерінің тағдыры және олардың
кеңес үкіметімен қарым-қатынастары
1. Кіріспе барысында студенттерді пәннің қысқа сипаты, курстың мақсаты, міндеттерімен таныстырамыз.
2. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті.
1917 ж. Жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады.
1917 ж. 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды.Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 25 қазанда Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғанын жариялады.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, Қазақстаннда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. 1917 ж. соңы мен 1918 ж. науырызы аралығында кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады.
Алайда ауылдың экономикалық және мәдениеттегі ерекшеліктерінен туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты. Еңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халақ азық-түлік тапшылығынан зардап шекті.Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді.
3. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта – 1917 ж. 2 қарашада жарияланған «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында» және 1917 жылы 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің «Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне» үндеулерінде көрініс тапты.
1918 ж. Қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3- съезінде В.И.Лениннің дайындаған «Еңбекшілер мен қаналған халықтардың Декларациясы» қабылданды.Декларацияда «Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикаларының федерациясы негізінде құрылады» делінген.
РСФСР құрылғаннан кейін, 1918 ж. Көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. сәуірінің 20-нан 1 мамырына дейін Ташкент қаласында өткенТашкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің 5 съезінде жүзеге асты.Қазіргі Қазақстанның оңтүстіік аймағы Түркістан автономиясының құрамына кірді. 1918 жылғы 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен алынды.
«Алаш» зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін көп күресті. «Алаш» партиясының 1917 жылғы 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда ұлттық үкіметі құрылды. Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етіп, кеңес өкіметімен келіссздер жүргізді. Кеңес өкіметі Алашорданың тәуелсіздігін мойындамады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет