ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕСИТЕТІ
Тақырып: "Экономикалық процестерді зерттеуде ақпараттық технологияларды қолдану"
Топ: Менеджмент 21.341
Орындаған: Құдайқұл Нұркелді
Тексерген:
ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерліктің дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
іріспе
Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады.
«Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.
Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:
жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды бағалауға;
қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;
жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;
ақшалай табыс алуға негізделген»./1/
Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер — мамандардың институты мүлдем жоқ.
Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі.
«Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес.» /2/
Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.
« Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті тұр.
Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:
өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;
инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі.Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі.
Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:
инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау;
инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;
инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.»/3/
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады:
«инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;
инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;
инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру;
тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;
инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату».
«Шағын және орта инновациялық кәсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін. Және де шағын кәсіпорынның басшысы аталмыш ұйымның қызметкері болып қалады, ал инновациялық идеяларды дәлелдеу және дамыту жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың жабдықтарымен жүргізіледі. Осындай шағын ұйымның аясында қол жеткізілген инновациялық жетістіктер шағын кәсіпорынға да, сондай-ақ ғылыми ұйымға да тиесілі болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындар инновациялық өнімдерді нарыққа жылжыту үшін делдал қызметін де атқарады.»
«Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:
білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;
инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек
Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға соңғы бес жыл ішінде ЖІӨ-нің 0,2% жұмсалады. Бұл, әрине, төмен көрсеткіш. Алайда, Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне орай, 2010 жылға дейін кезең-кезеңмен аталған көрсеткішті ЖІӨ-нің 2% дейін көтеру, ал 2015 жылы 2,5-3,0% жеткізу көзделіп отыр. Кейбір ғылыми-зерттеулерді қажетті деңгейде қаржыландырмау мен жауып тастау салдарларынан көптеген жас ғалымдар ғылым саласынан кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, ғылымның материалды-техникалық базасы тозып, ескірді».
«Инновациялық қызметтегі мемлекеттің орны оның ғылымға бөлген қаражаттарымен анықталады. Атап айтсақ, 2000 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9%), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0%), Германияда – 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35%), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25%), ал Швецияда – 7,6 млрд.долл. (ЖІӨ-нің 4,0%).
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда мемлекеттің жəне коммерциялық құрылымдардың қатысу деңгейі Еуропа мен одан тыс жерлерде əртүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың үлестері сəйкесінше 75 жəне 77%-ы құраса, Еуропада 66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің ішінен ҒЗТКЖ-ды мемлекеттік қазынадан қаржыландырудан келесілер алдынғы орындарды алып отыр: Португалия (70%), Италия мен Греция (50%-ға жуық), Польша (58%), Венгрия (53%),Словакия (48%) жəне Чехия (42%). Əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан көшбасшы тұрған елдер ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінген қаражаттарға қатаң бақылау орнатады. Ол үшін мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қолдау, инвестициялар тарту, құрал-жабдықтар лизингі сияқты экономикалық механизмдер қолданылады. Əдетте əлсіз дамыған елдерде ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінетін үлес- 0,5%-ды құрайды. Қазақстан да осындай елдердің құрамына кіреді. 2005 жылы Қазақстан зерттеулер мен əзірлемелерге ЖІӨ-нің 0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің қатысуы 51,2%-ды құрап отыр. Осындай шектеулі қаржыландырудың арқасында Қазақстанның əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығару деңгейі нөлге тең болады. Басқа елдермен салыстырсақ, ғылыми өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы Ресей үлесі 0,3-0,5%, Еуропа Одақ елдері-35%, АҚШ-25%, Жапония-11%, Сингапур-7%, Оңтүстік Корея-4%, Қытай-2%.»/4/
Көптеген мемлекеттерде инновациялық саясат шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Өйткені бұл сфера жаңа өнімдерді енгізуге тез икемделеді жəне қолайлы инновациялық бəсекелі ортаны қалыптастырады.
«Қазіргі кезеңде Қазақстанда инновацияларды құру және енгізу аясында кәсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін көреміз. ҚР статистика агенттілігінің бағалауы бойынша, 01.01.2010 ж. мерзіміне сәйкес республикада кәсіпорындардың инновациялық-белсендігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік санының 3,9% құрайды (10096 бірлік) (сурет 1). Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының инновациялық-белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Европада – 40%-ға дейін (Румыня – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%)».
«Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: Алматы қаласы – инновациялық белсенділік 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы – 1,2%, Алматы – 1,4%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5%, Қызылорда – 1,5%.
Сурет 1. 2008-2014 жж. ҚР кәсіпорындарының инновациялық- белсенділігінің меншікті салмағы/6/
Кесте 1 – ҚР салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. Теңге
Егер 2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кәсіпорындар арасында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4%), ал 01.01.2010 ж. мерзімінде өңдеу өнеркәсібі алда болды – 68,95% (кесте 1).
Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет етеді. Қосымша пайда табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол соғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы керек.
«Қызылорда облысының индустриалдық-инновациялық дамуына тоқталсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар Жарлықтарының күші жойылуы туралы» № 958 Жарлығына, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды- инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің Іс шаралар жоспарын бекіту туралы» №302 Қаулысына сәйкес аймақтық индустрияландыру Картасы әзірленіп Қызылорда облыс әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі №38 шешімімен бекітілді». /6/
2010 жылы индустрияландыру Картасы шеңберінде жалпы сомасы 26 млрд. теңге болатын 11 жоба іске асырылды, 400 жаңа жұмыс ашылды.
«Индустрияландыру Картасын іске асыру таукен, мұнайхимия, мұнайгаз өнеркәсібінің, жол саласының агроөнеркәсіп секторының, энергетиканың дамуына ықпал етті.
Мұнайхимия, мұнайгаз өнеркәсібінің саласында 4 жоба, аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 2 жоба іске асырылды:
«Шапағат сүт» ЖШС-мен ауысымына 30 тонна нан өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды. Облыс орталығын 65 пайызға нан бұйымдарымен қамтамасыз ететін жалғыз ірі кәсіпорын;
«Голштино фриз» венгерлік тұқымды 660 бас ірі қара малға сүт тауарлы фермасы пайдалануға берілді («РЗА» ЖШС). Ферма жылына 10,8 мың тонна сүт өнімдерін шығарады.
Қызылорда облысының инновациялық белсенді кәсіпорындар деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылдың қорытындысымен 1,5 пайыздан 6,1 пайызға артты
2011 жылдың басында ғылыми- техникалық қызметпен аймақта 8 ұйымдар мен кәсіпорындар айналысты. 2010 жылы атқарылған ғылыми- техникалық жұмыстар көлемі 110,5 млн. теңгені құрады. Ғылыми- техникалық жұмыстардың жалпы көлемінде шеберлік зерттеулер үлесі 74,6 пайызды құрады және ғылыми- техникалық қызметтер – 25,3 пайызды құрады.
Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологияларды, құрал жабдықтарды және материалдарды ендіруге бағытталған. 2010 жылы шығындар 17,8 млрд. теңге, оның ішінде 97,8 пайызы- инновациялық процестер.
Республика бойынша облыс технологиялық инновацияларға шығындар бойынша 3 орында. Аймақтың инновациялық инфрақұрылымын дамыту және қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.»/7/
Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында инновациялық дамуды стратегиялық міндет ретінде белгілеп, оған осы заманғы ғылым мен техниканың барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, елдегі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді осыған негіздеді. Ал мұның өзі әрбір азаматтың белсенділігін, іскерлігін арттырады. Соның нәтижесінде еліміз таяудағы жылдар ішінде дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылады.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) елдің 2020 жылға дейінгі инновациялық даму қағидаттарын, іргелі бағыттары мен басымдықтарын білдіреді.
Тұжырымдамада Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің жай-күйін талдау, сондай-ақ инновациялық дамудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері көрсетіледі, бұлардың түпкілікті мақсаты нарыққа бәсекеге қабілетті тауарларды, процестер мен қызметтерді шығару болып табылады.
Бүгінде инновациялық қызметтің қарқындылығы көбінесе экономикалық даму деңгейінен көрінеді: жаһандық бәсекеде инновациялар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін елдер жеңіске жетеді. Яғни, инновациялық экономиканы дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Елде дамыған кәсіпкерлік сектор мен қоғамның инновацияларды қабылдау мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары кіріс әкелетіні туралы шетелдердің тәжірибесінен тұжырым жасауға болады. Жаңа ғылыми басылымдарға, бұйымдарға, технологияларға, қызметтерге, кадрлар біліктілігіне, басқару әдістеріне шоғырландырылған инновация экономикалық дамыған елдердің бәрінде де бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы болып табылады.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі 4,3%-ды құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш – 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда, Францияда – шамамен 50%-ды, Ресейде – 9,1%-ды құрайды.»/8/
Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына байланысты күшейіп келе жатқан бәсеке, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі ниеті дамудың келешектегі жолы – инновациялық экономикаға жеделдетіп өтуді айқындап берді.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанды инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі пайымы мен бағыттарын тұжырымдауды тапсырды.
«Осы Тұжырымдамада Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан – 2030» Қазақстанның даму стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»және «Ғылым туралы»Қазақстан Республикасының заңдарының негіз қалаушы нормалар ескеріледі»./8/
Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде ғалымдар мен академиялық сала өкілдерінің қатарындағы сарапшылардың, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен экономиканың әрқилы салаларындағы даму институттары сарапшыларының ұсынымдары ескерілді. Олардың арасында: М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, «Қазақстан мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникакциялық холдинг» акционерлік қоғамы, «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы, «Біріккен химия компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Минералдық шикізатты кешенді ұқсатудың ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «ҚазАтомӨнеркәсіп» акционерлік қоғамы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы және т.б. бар. Сондай-ақ халықаралық комиссиялардың және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Біріккен ұлттар ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы, Колумбия университитеті комиссиясы (АҚШ), Кореяның ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институты (КИСТЕП), HTSPELtd (Ұлыбритания) және InnoAG (Германия) технологияларды коммерцияландыру жөніндегі компаниялар сарапшыларының шолулары мен есептеріндегі ұсынымдар ескерілді.
Тұжырымдаманың ережелері қоғам қызметінің барлық салаларында инновациялық саясатты іске асыру кезінде бағдар болып табылады.
Жаһандық инновациялық индекс пен Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің көшбасшысы болып табылатын Швейцария жоғары оң жақ бұрышта орналасқаны көрініп тұр. Бұл ретте, Қазақстан Мексика, Оңтүстік Африка, Словакия сияқты елдермен бір топта төмендегі сол жақ бұрышта орналасқан, бұларда инновацияларды жеке сектор мен жоғары оқу орындарының барынша аз қатысуымен негізінен мемлекет құрады.
Қазақстанның мұндай жағдайы елдің инновациялық дамуының іргелі негіздерін қалыптастыратын фактрорлармен негізделген.
Біріншіден, тұтастай алғанда, экономиканың инновациялық дамуының төмен деңгейі кейде мемлекеттік секторда инновацияларды енгізу дәрежесінің жеткіліксіз болуымен де негізделеді.
Қазіргі уақытта мемлекет халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық үкіметті дамыту, халыққа қызметтерді «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсету және т.б. сияқты стандарттарын жоғарылату жөнінде бірқатар маңызды бастамаларды іске асырып отыр.
«Сонымен қатар, интернет пайдаланушылардың 2008 жылғы 15.1 адамнан 2010 жылы бір жүз адамға айтарлықтай өскеніне қарамастан, интернетті білім алу және біліктілікті жоғарылату мақсатында пайдаланудың төмендегені байқалады (2008 жылы 34.1 % және 2010 жылы 25.9 %). Бұдан басқа, интернетті қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен байланыс жасау үшін пайдаланудың болмашы ғана өскені байқалып отыр, мысалға 2008 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы өсу бар болғаны 3.6 %-ды құрады.» /9/
Жоғарыда келтірілген статистика мемлекеттік ұйымдар мен оқу орындарының заманауи технологияларды, атап айтқанда интернет-технологияларды енгізуі мен пайдалануының көрсеткіші төмен екенін көрсетеді.
Екіншіден, қоғамда инновациялар «мәдениетін» тарату деңгейінің жеткіліксіз екені байқалып отыр.
Әсіресе, бұл инновациялық ойлауды қалыптастыруға төмен дәрежеде бағытталған білім беру және кадрлар даярлау жүйесіндегі тәсілдерден көрінеді. Бұдан басқа, бұл отандық зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерінің талап етілу деңгейінен көрінеді де, ғалымның мәртебесімен және тұтастай қоғам үшін ғылыми қызметтің маңыздылығымен негізделеді.
Инновациялар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бизнесті, халық пен мемлекеттік органдарды біріктіретін ұлттық идеяға айналуға тиіс.
Үшіншіден, ғылымның тиімдігіне ықпал ететін факторлардың болуы.
«Соңғы жылдары Қазақстанда ғылым мен ғылыми-техникалық саланы басқаруды жетілдіру мәселелеріне мемлекет зор көңіл бөліп отыр. Әлемдік практикада бірегей Назарбаев Университеті құрылып, білімді, ғылым мен инновациялық процесті алғаш рет біріктірді, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, ғылым саласын басқарудың мүлдем жаңа жүйесі енгізілді, Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Ғылымды қаржыландырудың жаңа – гранттық, бағдарламалық-нысаналы және базалық нысандары енгізілді. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы құрылды. Инфрақұрылым дамытылуда, мысалға қазақстандық және шетелдік ғалымдардың барлығы үшін қолжетімді ашық үлгідегі ұлттық 5 зертхана және инженерлік бейіндегі 15 зертхана құрылып, заманауи жабдықтармен жарақталды.
Ғылымды қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің өсімін басып озатын қарқынмен айтарлықтай ұлғайту басталды. Айталық, 2011 жылы ғылыми зерттеулерге бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 23 миллиард теңгені құрады.
Дегенмен, ғылымның экономика мен инновацияларға іс жүзінде шығуы әзірге әлі де өте төмен. Әлемдік нарықтағы ғылымды қажетсінетін қазақстандық өнімнің үлесі нөлге тең дерлік. Бұл проблема, өз кезегінде, жоғары оқу орындары тарапынан меншікті ғылыми құзыретті дамытуға деген ынтаның болмауынан туындаған, өйткені батыстық универститеттерге қарағанда олар негізгі кірісті білім беру қызметтерін көрсетуден алады. Бұдан басқа, өнеркәсіптің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан секторлары жаңа технологияларды көбінесе шет елдерде сатып алуға мәжбүр.»/10/
Тұтастай алғанда, қазақстандық қолданбалы ғылымды басқару мен қаржыландырудың қолданыстағы моделі айтарлықтай дәрежеде бизнестің алдында тұрған технологиялық сипаттағы нақты міндеттерді шешуге емес, ғылыми мүддені қанағаттандыруға бағдарланған.
Төртіншіден, технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесінің жоқтығы.
«Технологияларды коммерцияландыру, әдетте, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтердің практикалық қолданысы негізімен байланысты, және де сол ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін басталып, нарық пен коммерциялық тұтынушылар үшін бағалы болатын қасиеттері мен артықшылықтары бар нақты айқындалған технология, өнім немесе қызмет бар жерде басталады.»/10/
Ғылымды қаржыландырудың жалпы ұлғайғанына қарамастан, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің қомақты бөлігі экономиканың нақты секторына енгізілмеген күйінде қалады, әзірлеушілерге пайда әкелмейді және жобалар мен әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал ететін ұйымдық және экономикалық тетіктердің болмауынан бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз етпейді.
«Технологияларды табысты коммерцияландыру мысалдарының жетіспеушілігі елде білімдерді ұлттық байлыққа айналдырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік бермейтін инновацияларды қолдау мен енгізудің ұлттық жүйесінде олқылықтар бар екендігі туралы қорытынды жасауға алып келеді.
Осыған орай, ғылыми-зерттеу қоғамдастығының, мемлекеттік және жеке секторлардың ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттік саясат деңгейінде ынталандырылатын және қолдау көрсетілетін келісілген жүйелі шаралар кешенінің көмегімен экономикада жаңа білімді игерудің тиімділігі мен қарқынын айтарлықтай үдетуге мүмкіндік беретін жаңа тәсіл қажет.
Алдыңғы қатарлы әлемдiк тәжiрибенiң мысалдары мұндай шаралардың қажеттiлiгін көрсетеді. Бұл ретте орталық, сонымен бiрге, жергілікті мемлекеттiк органдар әртүрлi жергiлiктi және мемлекеттiк әріптестердің көпшілігінен тұратын, өзара әрекет ететін және бiр-бiрін толықтыратын икемді желіні құру үшін технологияларды коммерцияландыру процесiн ынталандыруда және қолдауда маңызды рөл атқаруы керек.
Технологияларды коммерцияландыру жүйесінің ұлттық және өңірлік деңгейде дамуы Қазақстан Республикасының ресурстық экономикадан білімге негізделген экономикаға көшуінің бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегiнде, инновациялар саласындағы кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға мүмкiндiк туғызады, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуы, ғылыми және инновациялық қызметтi пайда табудың және тұрғындардың өмiр деңгейiн жоғарылату көзі ретінде насихаттауды қамтамасыз етуге септігін тигізеді.»/20/
Нәтижесінде, 2020 жылға инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа білімді қолдануда елдің барлық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені айқындайтын, қазақстандық жағдайларға сәйкес тиімді технологияларды коммерциаландыру жүйесі пайда болуы тиіс.
Бесіншіден, кәсіпкерліктің даму деңгейінің жеткіліксіз болуы елдегі инновациялық белсенділіктің жоғарылауына кедергі келтіреді.
«2004 – 2010 жылдар кезеңінде кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2,3 %-дан 4,3 %-ға дейін айтарлықтай өскеніне қарамастан, технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындар құрылымы жағынан қазақстандық көрсеткіштер машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығыстары басым «момын новаторлар» тобына жақын. Алайда, Қазақстандағы бизнес өндірістік қуаттарды жаңғырту сатысында тұрғанын және технологияларды жаңартудың инвестициялық тәсілінің басым болуы ол үшін табиғи нәрсе екенін түсіну керек.» /11/
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстанда инновацияларға сұранысты дамыту, оның ішінде техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алу жүйесі, инновациялық компанияға ерекше мәртебе беру жолымен дамыту бойынша мемлекеттің арнайы реттеу шаралары жоқ. Сұраныстың аз болуы елдегі инновациялардың ілгерілеуін тежейтін түйінді фактор болып табылады.
Өз кезегінде, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары кейде осы бағдарламаларға кәсіпкерлердің қалың тобының қатысуына кедергі келтіретін өте күрделі процестерді қамтиды.
Осыған байланысты, инновациялық саясат бағдарламаларының нәтижелерін бақылау мен бағалаудың тиісті тетіктерін бизнеспен бірге орнатып, осындай бағалау нәтижелерін жаңа бастамаларды айқындау және түзетуші шараларды жүргізу процесінде ескерген жөн.
Нарықтық жағдайларда инновациялық даму көрсеткіштерінің жыл сайын өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін инновациялық және ғылыми-техникалық салаларда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық салада да нысаналы мемлекеттік саясат қажет.
Алтыншыдан, өңірлік инновациялық жүйелерді дамытудың ағымдағы жай-күйі инновациялық компаниялардың қалыптасуын қамтамасыз етпейді.
Орталық – өңір, өңірлер – өңірлер іс-қимылын үйлестірудің төмен деңгейі өңірлер дамуында орын алатын теңсіздіктің маңызды элементі болып табылады. Атап айтқанда, бір жағынан көптеген өңірлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың айтарлықтай ұлғаюының өзіне тән белгілері байқалады, бұл ретте кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі мен инновациялық өнім шығару мардымсыз қарқынмен, ал кейде тіпті осы көрсеткіштердің құлдырауымен жүзеге асырылады. Яғни өндірістік сектор үшін бұл жұмыстардың практикалық маңызы жоқ және көбінесе декларативті сипатта болады.
Екінші жағынан өңірлерде меншікті қаражаттың жетіспеуі қолда бар ішкі әлеуетті кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін дамытуға толық көлемде үйлестіруге, тартуға және шоғырландыруға мүмкіндік бермейді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін де, сонымен қатар өңірлік универститеттердің, технопарктердің, даму институттарының ғылыми және зерттеушілік әлеуетін де инновациялық қызметке тарту процесін тежейді.
Қазақстан Республикасында толыққанды өңірлік инновациялық жүйелерді құру белгілі бір өңірді оның ерекшелігін ескере отырып дамытуға назар аударуға, жергілікті кәсіпорындардың проблемаларын шешуге кешенді тұрғыдан қарауға, кәсіпкерлермен, ғалымдармен және өнертапқыштармен неғұрлым тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда бұл жалпы елдегі инновациялық қызметті жоғарылатуға айтарлықтай әсерін тигізеді.
Жетіншіден, өңірлердегі ғалымдар мен инноваторларда инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, сондай-ақ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарына жылдам қолжетімділіктің болмауы.
«Инновациялық инфрақұрылым құру инновациялық қызметті дамытудың және ынталандырудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда 9 коммерцияландыру кеңсесі жұмыс істейді, өңірлік 8 технопарк, салалық 4 конструкторлық бюро, технологиялар трансфертінің 2 орталығы құрылған, ал 2007 жылы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы ашылды. Бұдан басқа, қаржыға қолжетімділікті кеңейту үшін отандық 4 венчурлік қор құрылды, 2010 – 2011 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 8 млрд. теңгеден астам сомаға инновациялық гранттар бөлінді.»/12/
Мемлекет күш-жігерінің басым бөлігі инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталғанын статистика көрсетіп отыр, дегенмен, құрылған инфрақұрылым инновациялық қызметті қолдаудың барлық құралдарын қамтымайтынын атап өткен жөн, сондықтан да нақты экономиканың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Бұдан басқа, инновациялық инфрақұрылым элементтері елдің бүкіл өңірлерін әлі де қамтымай отыр.
Сегізіншіден, әлемдік инновациялық жүйеге кірігуді күшейту қажеттігі.
«Қазақстандық ғалымдар мен инноваторлардың халықаралық ғылыми және бизнес-жобаларға қатысуы, шетелдік қызметтер мен халықаралық даму иституттары және инвесторлар беретін капиталға қол жеткізуі шектелген.
2010 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен қатар бірыңғай кедендік аумақты көздейтін «Кеден одағына» кірді, оның шегіндегі тауарлардың өзара саудасында кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Бұдан басқа, ғылымды, технологиялар иен инновацияларды дамыту мәселелері бойынша Қазақстанныңәрқилы шетелдік мемлекеттермен жасаған 140-қа жуық келісімдері мен шарттары бар.»/12/
Бұған қарамастан, инновациялық даму үшін маңызы бар бірқатар келеңсіз үрдістерді өзгерте, қазақстандық инновациялық жүйенің әлемдік жүйеге кірігу процесін айтарлықтай жеделдете алған жоқпыз. Қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің болмауы осындай факторлардың бірі болып табылады, бұдан басқа, Қазақстан шетелдік жоғары технологиялы компаниялар үшін әлі де жабық нарық күйінде қалып отыр, осының барлығы инновацияларды енгізудің негізгі көтермелеушісі ретіндегі бәсекеге келеңсіз әсерін тигізеді. Экономиканы жаңғырту және технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жобаларды саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіз болуы, шетелдік жоғары технологиялы компаниялардың Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарға орналастыруға сұраныстың төмен болуы әлі де байқалып отыр.
Жоғарыда аталған жүйелі кемшіліктермен қатар, Қазақстанда ғылым мен технологияларды шоғырланған түрде мемлекеттік жоспарлау мен үйлестіру
«Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының негізгі
қағидаттары мен жалпы тәсілдері
Инновациялық дамудың негізгі қағидаттары:
Тұжырымдаманы іске асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
инновациялық қызметте құзыретті ұдайы дамыту;
технологиялық болжамдау негізінде инновациялық даму басымдықтарын қалыптастыру;
мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара тығыз іс-қимыл жасауымен Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту;
инновациялық қызметтің инвестициялық және кадрлық тартымдылығын арттыру;
бәсекені инновациялық мінез-құлықтың түйінді факторы ретінде ынталандыру;
отандық компаниялардың инновацияларды қабылдауын дамыту
инновацияларды дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін дамытып, барынша қолдану;
әлеуметтік-экономикалық саясаттың бюджеттік, салықтық және басқа бағыттарын инновациялық дамудың түйінді міндеттерін шешудің қажетті шарты ретінде үйлестіруді қамтамасыз ету;
өңірлерді инновациялық саясатты қалыптастыру мен іске асыру мәселелеріне барынша тарту
инновациялық процеске қатысушылардың ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін, жаңа өнімдерді, процестер мен қызметтерді коммерцияландырудан барынша жоғары экономикалық пайда алуы;
Қазақстанның жаһандық инновациялық процестерге белсенді қатысуы және кірігу»/13/
Технологиялық болжамдау нәтижелері бойынша айқындалған,
Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту
Неғұрлым дамыған елдер технологиялық көшбасшылыққа және өздерінің инновациялық жүйелерінің тиімділігін арттыруға ұмтылады. Бұл ретте, практика көрсетіп отарғандай, АҚШ-ты, Жапония мен Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, қаржы ресурстарының қомақты көлемін ғылымға жұмсайтын елдердің бір де біреуі барлық ғылыми бағыттар бойынша толық ауқымды зерттеулер жүргізбейді. Бұл жаңа білім алудың жабдықтарға және мамандар даярлауға айтарлықтай шығыстарды көздейтінімен негізделген. Бұл жағдайларда аталған елдер технологиялық болжамдау негізінде ғылыми-техникалық және инновациялық даму басымдықтарын айқындау жүйесін тиімді пайдаланып отыр.
«Технологиялық болжамдау әлеуметтік-экономикалық және инновациялық дамудың стратегиялық бағыттарын сараптамалық бағалау, орта және ұзақ мерзімді перспективада экономика мен қоғамға ықпал етуге қабілетті технологиялық серпілістерді анықтау әдістерінің жүйесін білдіреді. Технологиялық болжамдау негізінде әрбір бес жыл сайын экономиканы, ғылымды, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған технологияларды дамытудың ұзақ мерзімді, 15 – 20 жылға арналған стартегиялары әзірленеді.
Ғылыми-технологиялық даму басымдықтарын айқындау мақсатында 2010 – 2011 жылдар кезеңінде Қазақстанда Кореяның ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институтының (КИСТЕП) әдіснамалық сүйемелдеуімен 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған алғашқы ғылыми-технологиялық болжамдауды жүргізу жөніндегі жұмыс жүзеге асырылды.
Ғылым мен технологияларды дамытудың жаһандық және ішкі трендтерін, сондай-ақ басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік деңгейін позициялау нәтижелерін мұқият талдау негізінде сарапшылар топтары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының пайымын, мақсаты мен міндеттерін қалыптастырды. Ғылыми-технологиялық дамудың пайымы мен мақсатына қол жеткізу үшін қажетті түйінді ғылыми-технологиялық бағыттар мен технологиялар айқындалды.
Әлемдік технологиялық мегатрендтердің координаталарында отандық экономика салаларын дамытудағы үрдістерді анықтау мынаны көрсетті:Елде жаңа технологиялардың көптеген салаларға енуі және олардың негізінде жаңа салалардың қалыптасуы байқалып отыр, алайда бұл процесс әлі айтарлықтай ауқым ала қойған жоқ.Тұтастай алғанда, экономиканың әлемде таралып келе жатқан жаңа технологияларды қабылдауға әзірлігі байқалуда, бірақ бұл процесс мемлекет тарапынан қолдау мен түзетуді талап етеді. »/13/
Жүргізілген талдау нәтижелері болашақта «орнықты инновациялық дамуға» көшу үшін Қазақстанға серпінді технологияларды әзірлеуді күш-жігерді «индустриялық-инновациялық дамуға» шоғырландыру мен үйлестіру қажеттігін айғақтайды. Серпінді технологиялар ғана Қазақстанның технологиялық көшбасшылар тобына кіруінің негізгі факторы болмақ
Жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан үшін басым салалардың қатарына агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен металлургия кешені, энергетикалық сектор, мұнай және газ секторы, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, химия және мұнай химиясы сияқты салалар кірді.
Қолда бар ресурстарды республиканың стратегиялық басымдықтарына шоғырландыру мақсатында анықталған салалар шеңберінде 60-тан астам сындарлы технологиялар айқындалды, бұлар Қазақстанның одан әрі дамуына түрткі болып, елді технологиялық жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік бермек. Осы және басқа да сындарлы технологиялар Қазақстанның болашақ абсолютті инновацияларының негізіне айналады.
Мемлекеттің, ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру арқылы жүзеге асырылатын нысаналы технологиялық бағдарламалар сындарлы технологияларды дамытудың негізгі құралы болмақ. Нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу мен мониторингілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
«Технологиялық болжамдау жөніндегі зерттеулер 3 жылда 1 рет кезеңділікпен өткізілетін болады, олардың шеңберінде Қазақстан үшін сындарлы технологиялардың тізбесі өзектілендірілетін болады.
Орнықты инновациялық даму үшін білім беру, кәсіптік оқыту жүйесінде және қазақстандық кадрлардың құзыреттілігін өсіруде құрылымдық реформалар жүргізіледі. Бұл реформалар адамды үзіліссіз оқытуды ынталандыратын және қоғамның инновациялық мәдениетін қалыптастыратын орта құруға мүмкіндік береді»/14/
Мемлекет білім беру, ғылым, кәсіптік оқыту және инноватордың жағымды имиджін қалыптастыру арқылы инновациялық ойлауды қалыптастыруды ынталандырады.
Білім беруде басты назар болашақ кәсіпкерлерге мықты әсер ететін бастама мен тәуекелдерді қабылдау сияқты қасиеттерді мектепке дейін тәрбиелеуге бағытталатын болады. Осы табысты стратегияны қабылдаған елдердің тәжірибесі оның өнеркәсіптік секторларда ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық қызметінің барлық салаларында инновациялардың өсуіне тиімді әсер ететінін көрсетіп отыр.
Бұдан басқа, бәсекелестікті дамыту инновациялық мінез-құлықты көтермелеудің түйінді факторы ретінде инновациялық орта қалыптастыруға ықпал ететін болады. Бәсекелестік компанияларға өздерінің нарықтағы жағдайын сақтау немесе жылжыту үшін жаңа өнімдер мен процестер ұсыну мақсатында қажетті ынталандыру жинағын қалыптастыра.
Білім беру, ғылым және кәсіптік оқыту арқылы инновациялық ментальдылық.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты білім беру процесінде ғана емес, инновациялық қызмет үшін қажетті дағды мен құзыретті сіңдіруде де жатыр.
Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жастарғаигерілген білімдерін тәжірибеде тиімді пайдалануға және әлеуметтiк бейiмделу процесінде тиiмдi қолдануға мүмкіндік беретін түйінді құзыреттер жүйесін меңгеруі мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Сындарлы және жасампаздық ойлауға қабілеттілік; өзін өзі оқыту, қайта оқу және өзіндік жұмыс дағдыларын қоса алғанда, өзін өзі ұдайы жетілдіру дағдысы мен оған әзірлік; бастамашылдық және тәуекелге қабілеттілік; міндетті үш тілділікті қоса алғанда, шетел тілдерін меңгеру азаматтардың түйінді құзыреттері болады.
Адамның физиологиялық құрылысына орай, мұндай дағдылардың негізі мектепке дейінгі білім беру деңгейінде қалыптастырылатын болады. Осыған байланысты балабақшаларда алдыңғы қатарлы оқыту әдістемелерін енгізу бағдарламалары және олардың стандарттары қалыптастырылады.
Мектепте білім беру деңгейінде мектептерді техникалық жарақтандыруды ғана емес, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын ынталандырудың алдыңғы қатарлы практикаларын енгізуді қоса алғанда, оқыту процесінің қазіргі заманғы жағдайларын қамтамасыз ету негізгі шара
Елдің инновациялық дамуы көп жағдайда бизнестің инновациялық қызметке тартылуының дәрежесімен айқындалады. Инновациялар компаниялардың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін, жоғары технологиялы салаларды дамытуды, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабілетті өнім өндірісін кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның инновациялық жүйесінің мемлекет қозғайтын модельден жеке меншік сектор қозғайтын орнықты жүйеге көшуі бизнес-ортаны дамыту мен инновацияларға сұранысты қалыптастыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Бұл үшін әкімшілік кедергілерді азайту, қаржыға қолжетімділікті жақсарту, инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау, техникалық реттеу саласында жаңа стандарттарды енгізу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады.Әкімшілік және техникалық кедергілерді азайту және салықтық қолдаудың нысаналы тетіктері қаржыға қолжетімділікті жақсартумен бірге көптеген инновациялық компаниялардың пайда болуына ықпал етеді.Ішкі нарықтардың ашықтығы әлемдік білім мен технологияларға қолжетімділіктің ұлғаюына алып келеді. Бұл ретте алдыңғы қатарлы бiлiмдер мен технологиялар трансферті мынадай маңызды бағыттар бойынша:
шағын және орта шетелдік инновациялық компанияларды тарту және олармен бірлескен өндiрiстердi құру;
шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерінде табысты қызмет ететін отандастар ғалымдардың ғылыми әлеуетін барынша қолдану және тарту;
отандық мамандардың құзырын арттыру үшiн алдыңғы қатарлы технологиялардың трансфертi кезінде шетелдік патенттер мен лицензияларды ашу қолайлы жағдайлар және ынталандыру аспаптарын жасау жолымен iске асады.
«Ең жақсы әлемдік тәжірибеге сәйкес ұлттық инновациялық жүйенi дамыту шағын инновациялық кәсiпорындардың ерекше мәртебесін айқындау бойынша шара қолданалатын болады. Ұқсас шаралар Еуропалық одақтың инновациялық бағыттағы бірқатар мемлекеттерінде (Франция, Финляндия, Швеция, Норвегия) қолданыс тапқан. Осы шағын фирмалар жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеу кезінде тәуекелге барады және ұлттық инновациялық жүйелерде инновациялық кәсіпорындардың «сындарлы массасын» қамтамасыз етуге қабілетті болып келед
Тиімді ұлттық инновациялық жүйе құру инновацияларға сұранысты ұлғайту жөніндегі шараларды іске асыруға бағдарланатын болады. Өздерінің инновациялық жүйелерін жылдам дамытқан елдердің көпшілігі инновацияларға сұраныс болмауының салдарынан табысқа жеткен жоқ.» /15/
Әлемдік практика көрсетіп орғандай, коммерциялық кәсіпорындар ұлттық инновациялық жүйенің орталық субъектілері болып табылады, зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу үшін олардың инновацияларды ойдағыдай енгізуіне мүмкіндік беретін меншікті әлеуеті бар.
Бүгінде сұраныстың аз болуы елдегі инновациялардың ілгерілуін тежейтін түйінді фактор болып табылады. Инновацияларға сұранысты қалыптастыруды мемлекет реттеуші және көтермелеуші шаралар есебінен қамтамасыз етеді.Ұлттық инновациялық жүйенің тиімділігін арттыру оның қолда жоқ немесе әлсіз элементтерін анықтап, кейіннен оларды дамытуды ынталандыру үшін тиісті регламенттер (стандарттар) әзірлеу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта техникалық реттеудің қолданыстағы жүйесі алдыңғы қатарлы әрі заманауи технологияларды үдемелі енгізуге бағдарланбаған, өйткені көбінесе әлемдік экспорттық стандарттарға сәйкес келмейтін қауіпсіздік жөніндегі ең аз талаптарды айқындаумен шектеледі. Техникалық реттеу шеңберінде сұранысты дамыту және инновацияларды ынталандыру үшін өнімділік, экологиялылық, энергиялық тиімділік және ресурс үнемдеу жөніндегі міндетті нормалар мен стандарттар көзделеді.
Халықаралық тәжірибе негізінде әлемдік сапа стандарттарына сәйкес инновациялық өнім мен қызметтерге орта және ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс шеңберінде инновациялық компанияларға басым қолдау көрсетіледі. Пәрменді құралдардың бірі ретінде Еуропа елдерінің «Сапа инфрақұрылымы» мемлекеттік сатып алу практикасын қабылдау, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу кезінде өнімнің стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты қосу ұсынылады.
Жаңа өнімге сай жедел техникалық қайта жарақтану белгілі бір бәсекелік артықшылықты қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын жетілдіру жоғары технологиялы кәсіпорындар мен инновациялық өнім өндірісін ынталандырудың маңызды бағыты болып табылады.Инновациялық жобаларды мониторингілеу мен жылжытудың құралы Қазақстанның инновациялар картасы болып табылады, ол арқылы инноваторларға қолдау мен жәрдем көрсетілетін болады. Инновациялар картасындағы жобаларды мониторингі мен іске асырудың тиісті ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.Әкімшілік кедергілерді азайту және салықтық ынталандыру
«Мемлекет салықтық және әкімшілік ынталандыру шараларын инновациялық қызметті жандандырудың неғұрлым пәрменді құралдарының бірі ретінде пайдаланатын болады.Бүгінде Қазақстанда салықтық заңнаманың біртұтастығы қағидаты әрекет етеді, ол барлық кәсіпорындар өнімінің инновациялық құрауышына қарамастан, олар үшін бірыңғай режимді қамтамасыз етеді.Дегенмен, инновациялық кәсіпорындар әкімшілік кедергілер мен салықтық ауыртпалықты барынша төмендететін теңдесі жоқ құқықтық режимді қажет етеді.
Қазіргі уақытта «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында инновациялық инфрақұрылымды және жоғары технологиялы өнім өндірісіне бағдарланған кәсіпорындарды салықтық ынталандырудың бірқатар шаралары көзделген. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы заңнаманы жетілдіру ғылыми-зерттеу қызметін өнеркәсіптің қажеттіліктеріне бейімделуге бағдарлауға мүмкіндік береді.»
«Инновациялық қызметті әкімшілік және салықтық ынталандырудың ықтимал бағыттарын әзірлеу мақсатында:
құқықтық өрісте жұмыс істеу үшін кәсіпорындарды ынталандыруды қамтамасыз ететін тетікті әзірлеу және енгізу;
дамудың алғашқы бес жылында инновациялық кәсіпорынға жағдайларды жеңілдететін ерекше салықтық режимді енгізу орындылығын қарастыру.
Қаржыға қолжетімділікті кеңейту
Қаржыға қолжетімділік Қазақстанды кәсіпкерлікті дамытудың түйінді шектеуші факторы болып қалып отыр. Бұл банк секторының тәуекелді және инновациялық жобаларды қаржыландыруға ниетінің болмауымен негізделеді. Атап айтқанда, бұлар қарызды қамтамасыз ету үшін көп жағдайда шектеулі ғана ресурстарды ғана ұсына алатын шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі жобалар.Компанияның әрекет ету циклінің ішінде жеткілікті қаржы қаражатын ұсыну осы мәселедегі негізгі басымдық болады. Бұған мынадай шараларды іске асыру жолымен қол жеткізіледі:
әлеуетті мүмкіндіктер мен кәсіпкерлік бастамаларды экспериментальдық жүзеге асыруды көтермелеу үшін шағын кредиттер мен шағын гранттар беру көлемін ұлғайту;
қордан қаржыландыру құралдары мен компания дамуының ерте сатысында қаржыландыруға бағытталған құралдарды дамыту;
шетелдік компанияларды қоса алғанда, ірі компанияларды жаңа инновациялық компаниялардағы акциялар пакетін сатып алуға ынталандыру арқылы корпоративтік венчурлік капиталды дамыту;
тиісті базалық жағдайлар жасау жолымен, оның ішінде желілік қоғамдастықтарды қалыптастыруда қолдауды қамтамасыз ету жолымен жеке тұлғалардың венчурлік қызметін ынталандыру (мысалы, бизнес-періштелер).»/16/
Интеграциялық процестердің арқасында Қазақстан нарықтарды кеңейтіп, өзінің инновациялық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік алды. Компаниялыр деңгейінде бәсеке түрінде өсіп келе жатқан қысым новаторлық шешімдер мен технологияларға деген сұраныстың молаюына алып келуі мүмкін.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі жұмыс жалғасын табады, бұл ел экономикасына мейлінше оң әсерін тигізеді. Бәсекенің жоғары болуын қазақстандық компаниялар үшін инновацияларды енгізуге қосымша түрткі ретінде қолдануға болады. Бұл ретте Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын бейімделуді жақсарту, нарықтарға қолжетімділік, неғұрлым ашық құқықтық негіз және жетілдірілген инвестициялық рәсімдер арқылы да жоғарылатуға болады
Дегенмен, дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік салалар үшін мемлекеттік қолдауға және шетелдік капитал қатысатын жобаларды мемлекеттік реттеуге шектеу салады. Бұл ретте, мемлекет тарапынан қорғаудың төмен болуы отандық фирмалардың өздерінің инновациялық қызметін күшейтуіне түрткі болуы да мүмкін.Шетелдік инвестицияларды тарту Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын шынайы жақсарту, жоғары технологиялы жаңа өндірістер құру, негізгі қорларды жаңғырту және көптеген кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтау, менеджмент пен маркетинг саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді енгізу үшін жағдай жасайды.
«Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын инновациялық саясатты іске асыру инновациялық қызметтің тиімділігін арттырудың маңызды алғышартына айналады. Өңірлік инновациялық саясатты іске асыру инновациялық инфрақұрылым жасау жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге, инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға, инновациялық инфрақұрылымның қазіргі элементтерімен ғылыми-зерттеу және білім беру орталықтарының, технопарктердің, инновацияларды қаржыландыру инфрақұрылымымен және инновациялық компаниялармен өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталатын болады.
Өңірлерде инновациялық инфрақұрылымды және инновацияларды қолдаудың тиісті құралдарын қамтитын толыққанды инновациялық жүйелер құрылады. Әрбір өңірде технологияларды дамыту және үздік практикаларды өңіраралық таратуды күшейту желілері құрылады, олардың қызметін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік біріктіреді.
Өңірлік зерттеу орталықтары мен университеттердің өнеркәсіппен ынтымақтастығын тереңдетуді дамытуға зор көңіл бөлінетін болады.
Тұтастай алғанда, инновациялық саясат саласындағы өңіраралық әріптестік және мұндай бірлестіктерді құр
коммуникациялар мен көлік желісін барынша үздік пайдалануға;
персонал ұтқырлығының жоғарылауына;
базалық ресурстарды тарту мүмкіндігіне ықпал етеді.
Аумақтық бірлестіктердің қатысушылары инвесторларға қатысты өздерінің салықтық және әлеуметтік саясатын келісіп, инновациялардың магистральдық бағыттарын бірге айқындай алады.»/16/
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жергілікті атқарушы органдар тарапынан инновациялық процестердің интеграторлары ретінде әрекет ете алады. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің бюджеттерінде инновациялық инфрақұрылым қызметі мен перспективалы инновациялық жобаларды қолдауға қаржы көздейтін болады.
Орталық мемлекеттік органдар мен даму институттары әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсетіп, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырады. Қазақстанның әрбір өңірінде өңірлік технопарктер мен индустриялық аймақтар базасында инновацияларды «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қолдау орталықтары құрылып, қажетті инфрақұрылыммен жарақталады әрі инновациялық жобаларды жылжыту және олардың инноваторларына жан-жақты жірдем көрсету үшін жеткілікті ресурстарға ие болады. Өзінің қызметін мемлекеттік көмегінсіз бастайтын және аралас ұйымдарды білімге негізделген экономикалық белсенділікке тартатын жоғары технологиялы жаңа кәсіпорындар саны технопарктер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта бизнесті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары осы бағдарламаларға кәсіпкерлердің қалың тобының қатысуына кедергі келтіретін өте күрделі процестерді қамтиды. Осыған байланысты, өңірлік инновациялық саясат бағдарламаларының нәтижелерін бақылау мен бағалаудың тиісті тетіктері бизнеспен бірге орнатылыады. Орталық мемлекеттік органдардың қызметі өңірлер бөлінісіндегі инновациялық қызметті бағалауға бағытталады.
Кәсіпкерлік секторды қаржылық қолдауды орталықсыздандыру қажеттігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Өңірлерге өңірлік инновациялық саясатты қалыптастыруға және шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға қатысуға мүмкіндік берудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында толыққанды өңірлік инновациялық жүйелерді құру белгілі бір өңірді оның ерекшелігін ескере отырып дамытуға назар аударуға, жергілікті кәсіпорындардың проблемаларын шешуге кешенді тұрғыдан қарауға, кәсіпкерлермен, ғалымдармен және өнертапқыштармен неғұрлым тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда бұл жалпы елдегі инновациялық қызметті жоғарылатуға айтарлықтай әсерін тигізеді.
«Инновациялық кластерлерді дамыту.Өңірлерде инновациялық кластерлер құру кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін ұлғайтуға ықпал етеді. Инновациялық кластерлік әсерлердің барлық құрамдауыштарының бір уақытта ықпел етуі синергияның пайда болуына алып келеді: кластерлерге қатысушы компаниялар өнім жасауға жеке кәсіпорындардан гөрі күштірек ынталы. Бұл ретте кәсіпорындардың онлдағы қызметі тоғысып, бірін-бірі толықтыруы мүмкін.Инновациялық кластерлерді бір уақытта қалыптастыру байланысты салалар арасындағы өзара алмасуға ықпал етіп қана қоймай, жекелеген әрбір саланың ішінде қатаң бәсекелестікке ықпал етеді. Оларда зерттеу орталықтары, технопарктер, жоғары технологиялар орталықтары, жоғары деңгейлі ақпарт жүйелері салынып, жоғары технологиялар саласында университеттер мен өнеркәсіптің бірлескен зерттеулері жандандырылатын болады.
Бұл салалар мен өндірістерді таңдау процесі, әрбір инновациялық кластер үшін нақты даму жоспарларын әзірлеу және іске асыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болады.»/18/
Өңірлерді инновациялық белсенділігінің деңгейі бойынша жіктеуді жүргізу мақсатында инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау өлшемдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың рейтингін жүргізу жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Рейтинг пен кейінгі талдаудың түпкілікті мақсаты олардың тиімділігі мен дамуына ықпал ететін факторларды талдау арқылы инновацияларды дамыту болып табылады.
Ауқымды мағынадағы инновациялық қызмет, яғни технологиялық қана емес, ұйымдық, басқарушылық, стартегиялық, қаржылық және кадрлық инновациялар да инновациялық мониторинг пен талдау объектісі болып табылады, бұл ретте мұндай талдау жекелеген компаниялар деңгейінде емес, ұлттық және өңірлік инновациялық жүйелер деңгейінде жүзеге асырылады.
Рейтинг ең алдымен, реттеудің, стратегияларды әзірлеудің және басқарудың тиімділігін арттырудың баламалы нұсқаларын бағалауға ықпал етеді. Озық тәжірибені беру, өңірлік инновациялық жүйелерді әзірлеудің неғұрлым жемісті және табысты үлгілерін бірлесіп іздеу оның негізгі міндеті болып табылады. Рейтинг соңғы финалдық қорытынды емес, бар болғаны жаңа жолдарды іздестіру болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар рейтингінің әдістемесінде бағалаудың мынадай негізгі көрсеткіштері пайдаланылатын болады, олар бірнеше топқа бөлінген: инновациялық белсенділік, болашақтың экономикасы салаларындағы инновациялық белсенділік, шығындардың тиімділігі және басқалары.
Рейтингті енгізу және дамыту арқылы бюджеттік қаржыландыруды алудағы өңіраралық бәсекенің дамуы қамтамасыз етіліп, соның нәтижесінде өңірлердің инновациялық әлеуеті дамытылады.
Қорытынды
Әлемдік нарықта бәсекелестік ұлғайып келеді. Есесіне база қорлары азаюда. Сондықтан көмірсу шикізаттарының қайта өңдеу жүйесі және әлемдік мұнай-газ өндірісін пайдалану мәселелері маңызды болып барады. Осыған байланысты, заманға сай уақытта шетелдік мұнай компанияларының инновациялық саясатты жүргізуде және мұнайгаз секторының түрлі саласында жаңа инновациялық технологияларды зерттеу мен қолдану мәселесі өте қажет. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.
Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Нарықтың басты талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық инфрақұрылымның нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге негіз бар. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз экономиканың тұрақты өсіміне жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды жетілдіру арқылы қол жеткізуіміз қажет. Сондай-ақ, «болашақтың экономикасы» нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйеге негізделуі тиіс. Индустриялық-инновациялық даму – еліміздің жаңа онжылдықтағы өркендеуінің өзегі бола бермек» деген ой айтса, «Нұр Отан» ХДП XII съезінде сөйлеген сөзінде Президент ел экономикасының дағдарыстан өтуінің базалық қағидаларын атап көрсетті: «Барлық мемлекеттер өткен ғасырдың басында индустриялануды бастан өткерді, ал КСРО-да бұл 30-жылдары болып өтті. Бірақ мұндай индустрияландыру біз үшін жарамсыз, біз әлемдік экономика дамуының қазіргі құрылымымен сәйкес келетін инновациялық индустрияландыру туралы айтып отырмыз». Осыған орай, 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Қазіргі жаһандану заманында кез-келген мемлекет халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға талпынады. Осы мақсатқа жету барысында халықаралық мамандану мен кооперацияның тереңдеуі, елдер арасында технологиялармен алмасу арқылы инновациялық жағдайын дамыту — экономикалық өрлеудің маңызды факторына айналуд
Бүгінгі таңда инновациялық типті экономикаға жалпы дүние жүзінің көптеген елдері енуде. Кейбір дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |