Экономикалық тұрғыдан дамыған елу елдің қатарына кіру үшін ең бастысы – білікті мамандар дайындау және олардың кәсіби біліктіліктерінің бәсекеге қабілетті болуында



Дата19.05.2022
өлшемі69.5 Kb.
#457429
түріДиплом
Пікір Сын-пікір Тапсырма


Экономикалық тұрғыдан дамыған елу елдің қатарына кіру үшін ең бастысы – білікті мамандар дайындау және олардың кәсіби біліктіліктерінің бәсекеге қабілетті болуында. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан да, Мурзагалиеваның осы дипломдық жобасы дер кезінде орындалған, өзекті мәселені төнірегінде жазылған жұмыс деп білемін.
Мурзагалиева СМЖ игеруге қажетті пәндерді орынды сабақтастыра келіп, СМЖ-ін стандартттау, сертификаттау мәселелерін дұрыс көтеріп, қазіргі кезде ЖОО-де орын алған СМЖ-нің саласындағы шешімін таппаған сұрақтарға жауап іздеген.
СМЖ енгізу бар да және оның экономикалық тиімділігін анықтау, есептеу бар. Көптеген ЖОО СМЖ енгізіп, оның субъективті, объективті тиімділігін анықтауға асықпай отыр. Бұл ДЖ ондай ЖОО-ның жоғарғы басшылығына түрткі болады деп есептеймін.
Мурзагалиева өндірістік практикадан ҚазМАТУ «Сапа қызметі» бөлімінде өтті.
Жобаның жетекшісі ретінде біз қойған барлық міндеттерді дер кезінде, толық көлемде орындап шығып, ДЖ орындауға қажетті барлық материалдарды жинап, қорытып, нәтижесінде осы ДЖ орындады.
Бұл ДЖ –ның негізгі жетістігі – сауалнама-парағын әзірлеу және сол бойынша сауалнама жүргізіп, университетте енгізілген СМЖ денгейін анықтау.
Мурзагалиева теориялық білімін практика қажеттлігіне пайдайлана білетіндігін ДЖ орындау барысында танытты.
Жоғарыда жазылған мәліметтерді қорыта келе, біз Мурзагалиеваның « » тақырыбындағы ДЖ-ын «өте жақсы» деп бағалап, Т.Е. Мурзагалиеваға 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігін беруге болады деп санаймыз.
Сын-пікірге түсіп отырған ДЖ сертификаттаудың әлеуметтік-экономикалық, саяси функциялары және тиімділігі; өнімнің сәйкестігін міндетті растаудың ұйымдық негіздері; міндетті сертификаттау және сәйкестікті міндетті растау; сәйкестікті ерікті растау (ерікті сертификаттау); тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық өндірісі өнімдерінің сәйкестігін міндетті сертификаттау арқылы растауды жүргізу тәртібі мен ережелері; өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларация арқылы растау; сәйкестікті ерікті растауды жүргізу тәртібі; негізгі ауыл шаруашылық дақылдарын сертификаттау ерекшеліктері; ҚР Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің аккредиттеу саласы; аккедиттеудің маңызы мен мазмұны; негізгі мақсаттары мен қағидалары, қатысушылар; сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларын аккредиттеу ерекшеліктері мен тәртібі мәселелері жан-жақты қарастырылған және тиісті қорытынды мен сәйкестікті растау саласын дамытуға қажетті ұсыныстар жасалған.
Жоғарыда жазылған жайттарға сүйене отырып, мен Тулепбергенова орындаған ДЖ-ны «өте жақсы» деп бағалап, Тулепбергеноваға 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігін беруге болады деп санаймыз.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңына және «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заң жобасына сәйкес, елімізде өнімнің сәйкестігін растауға үлкен көңіл бөлінуде.


Елімізде қалыптасқан сертификаттау жүйесі сын көтермейді. Ол ұзын саны шексіз рәсімдерден, ережелерден және тәртіптерден тұрады. Ең бастысы, экономикалық тұрғыдан алғанда, өнімді сертификаттау кезінде өнімнің әлеуетті қауіптің деңгейі мен сертификаттауға кеткен шығындар арасындағы қатынас айқындалмайды.
Өнімді міндетті сертификаттаудан арылып, өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растау - қиын, әрі ұзақ жол. "Техникалық реттеу туралы" заңының қабылдануы - Қазақстанның бұл жолға түскенінің нақты айғағы.
Тулепбергенова өз ДЖ-да жоғарда аталған проблемаларды шешуге ат салысу мақсатында Қазақстан Республикасындағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сәйкестігін растау рәсімдерін талдаған.
ОЛ мақсатқа жету үшін біз дипломшы алдына келесі міндеттерді қойдық:
1 өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сәйкестігін растау ерекшеліктерін зерделеу;
2 ҚР қолданыстағы сәйкестікті растау рәсімдерін зерделеу;
3 кейбір өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сәйкестігін декларация арқылы растау жолдарын қарастыру;
4 ҚР қабылданған сәйкестікті растау рәсімдерін халықаралық талаптар мен нормаларға сәйкес үйлестіру жолдарын қарастыру;
5 бір текті өсімдік шаруашылығы өнімдеріне техникалық регламенттер әзірлеу жөнінде негізделген ұсыныстар жасау.

ДЖ барлық міндеттерді толық қамтып жазылған


Жоғарыда жазылған жайттарға сүйене отырып, біз Тулепбергенова орындаған ДЖ-ғы барлық қорытындылар мен ұсыныстарды толық қолдаймыз.


Біз Тулепбергенова орындаған ДЖ-ны «өте жақсы» деп бағалаймыз және Тулепбергеновағның теориялық деңгейі 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігіне сай деп санаймыз.

Қазіргі кезде Мемстандарт, Ауыл шаруашылығы министрлігі жалпы мемлекет отандық кәсіпорындарда ИСО 9001 стандарты негізінде СМЖ енгізу мәселесіне көңіл бөліп, қаржылық, материалдық көмек көрсетуде. Мемстандарттың деректеріне сәйкес, елімізде 600 астам кәсіпорындар өздерінің СМЖ сертификаттаған. Бірақ ол жүйе барлық кәсіпорындарға бірдей тиімді болып отырған жоқ. Олардың бірнеше себептері бар.


Тулебаева орындаған «» тақырыбындағы ДЖ олардың біріне – жоғарғы басшылықтың СМЖ-дегі рөлін нақтылауға және жетілдіруге арналған.
СМЖ енгізген көптеген КО-дардың басшылары СМЖ-не қатысты проблемаларға тек «Сапа қызметі» бөлімінің мамандары ғана жауапты деп санайды. Бұл әрине жалған пікір. СМЖ-нің саясатында, мақсаттарында анықтайтын, бекітетін жоғарғы басшылық.
Сын-пікірге түскен Тулебаеваның ДЖ-дағы «Сапа шығының бағалау» жұмыс нұсқаунамасы өз алдына жеке еңбек деп бағалауға болады. ОЛ нұсқаунамада ко экономистері мен «Сапа қызметі» бөлімінің мамандары бірігіп, сапаны қамтамасыз етуге кететін шығындардың түрлері анықталған.
«Экономикалық негіздеу» бөлімі алты бөлмшеге бөлініп, ресурстарға талап, жұмыстарды орындау тәртібі, шығынды жоспарлау, өнімнің сапасын тиімді есептеу, өндірісте ақаудың бухгалтерлік есебі және жүргізілетін жұмыстардың сапасын бақылау келтірілген.
Тулебаеваның ДЖ-сының соңында келтірілген қорытындылары мен ұсыныстары ДЖ барлық тараулары мен бөлімдерін қамтиды.
БҰЛ ДЖ қолданылған әдіс бойынша басқа да ко-дың СМЖ-дегі жоғарғы басшылықтың рөлін нақтылауғы және жетілдіруге болады.

Жоғарыда жазылған жайттарға сүйене отырып, мен Тулебаеваның орындаған ДЖ-ны «өте жақсы» деп бағалап, Тулебаеваға 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігін беруді қолдаймын.


СМЖ негізін қалайтын 8 қағида. Осы күні оларды бірінші, екінші, үшінші деп әр қағидаға сандық рет беріліп жүр. Ол дұрыс емес. Әр қағида өз алдына жүйенің бір сигменті және ол өз алдына ең бастысы.


Біз өндірістік тәжірибеге барар алдында Тулебаеваға Концерн «Цесна-Астык» ЖШС-де енгізілген СМЖ талдауға тапсырма бердік. Дипломшы кО СМЖ талдай келе, зерделеу келе жетекшілерімен кеңесіп «Концерн «Цесна-Астык» ЖШС ҚР СТ ИСО 9001 стандартының 5 бөлімі бойынша жоғарғы басшылықтың СМЖ-дегі рөлін нақтылау және жетілдіру» тақырыбы таңдалды.
ОЛ мақсатқа жету үшін біз дипломшы алдына келесі міндеттерді қойдық:

  1. Кәсіпорынның СМЖ қолданылатын жоғарғы басшылықтың міндеттері мен жауапкершілігін анықтау;

  2. Ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиялық мақсаттарын анықтау;

  3. Тұтынушының бағдар қағидасын орындау;

  4. Кәсіпорында ИСО 9001 негізіндегі СМЖ жетілдіру ИСО 22000 негізінде тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйесін енгізу нәтижесінде біріккен жасау;

  5. Жоғарғы басшылық тарапынан жасалған талдау қорытындыларының есебіне сәйкес сапа саласындағы мақсаттрды жаңғырту;

  6. СМЖ нақты іске асыру үшін жауапкершілік пен өкілеттілікті шектеу;

  7. Жоғарғы басшылық тарапынан СМЖ талдауы үшін кіріс және шығыс деректерді анықтау.

ДЖ барлық міндеттерді толық қамтып жазылған

Жоғарыда жазылған жайттарға сүйене отырып, біз Тулепбергенова орындаған ДЖ-ғы барлық қорытындылар мен ұсыныстарды толық қолдаймыз.


Біз Тулебаева орындаған ДЖ-ны «өте жақсы» деп бағалаймыз және Тулебаеваның теориялық деңгейі 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігіне сай деп санаймыз.

Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдардағы агроөндірістік кешенінің тұрақты даму концепциясына сәйкес, астықты экспорттаудан одан өнделетін өнімдерді экспорттауға басымдылық берілген.


2001 жылы 200 000 тн ұн экспорттаса, 2006 жылғы экспорт көлемі 1 300 000 тн құрады. Республикада жылына 5 000 000 ұн өндіретін 1 700 кәсіпорын бар екенін ескерсек, еліміздің экспорттық потенциалы мол екендігіне көз жеткізуге болады.
Сын- пікірге ұсынылған Абдрахманованың « » тақырыбындағы ДЖ-сы еліміздегі астықты сақтау кезінде туындайтын проблемаларға арналған.
Абдрахманова өз ДЖ-да бидайдың сапасы мен мөлшерінің есептеу және қоймаларда бидайды тазалауды ұйымдастыру әдістемесіне жаңа тұрғыдан қарап, университетте алған теориялық білімі негізінде орынды ұсыныстар жасаған.
«Концерн «Цесна-Астык» ЖШС-і мысалында дипломшы астық өнімдерін сертификаттау ережелері мен тәртібін талдап, олардың кемші тұстарына көңіл бөліп, ұтымды ұсныстар жасаған.
Менің ойымша, оқу құралының құндылығы - автордың өзіндік тұрғысынан Қазақстанда сертификаттау және аккредиттеу салаларының қазіргі кезде қалыптасу және даму сатыларын талдауы болып табылады. Оқу құралының ерекшелігі – ақпараттылығы, көтерілген мәселе төңірегіндегі өзіндік ыңғайы, әрі кәсіпорындағы өндірістік бақылау барысында әлеуметтік, экономикалық және технологиялық әсерлерді анықтаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу ұсынысы.
ДЖ-ның кемшіліктері:
1 Абдрахманова ДЖ-да астық өнімдерінің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін сараптауда еліміздегі нормативті құжаттарға ғана сүйенген, астық Қазақстанның ең басты экспортқа шығарылатын өнімі екенін ескеріп, ол көрсеткіштерді еуропалық Директивалармен және Кодекс Алиментариус стандарттарының талаптарымен салыстырған орынды болар еді ғой.
2 ДЖ-ны орындау барысында дипломшы көптеген мемлекеттік бағдарламалардың дерегін пайдаланған, бірақ олардың бірі де «Қолданылған әдебиеттер тізімі» құрылымдық элементінде келтірілмеген.

Қазақстан әлемге өзінің астығымен әйгілі. Болашақта еліміз астықты экспорттайтын бестікке кіру мақсатын алдына қойды. Жалпы түсімділік бойынша Қазақстан қазірдің өзінде бестікке кіреді. Бірақ өнделген астық бойынша 7-орында. Бұл астықтың сапасына тікелей байланысты.


Астықтың сапасы көбіне-көп сақтау кезінде нашарлайды. Себебі КО-дардағы астықты сақтау технологиясы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған технология.
Астықты сақтау технологиясы бойынша қаншама ғылыми жұмыстар мен диссертациялар қорғалды. Бірақ олардың негізі қағаз жүзінде өалып, өндіріске жол таппады.
Өндірістік практикаға барар алдында ғылыми жетекші ретінде біз Абдрахманованың алдына Концерн «Цесна-Астық» ЖШС-де астық өнімдерін сақтау кезінде сапаны бағалауды жетілдіру мәселесін алдына қойдық.
ДЖ барлық міндеттерді толық қамтып жазылған
Абдрахманова астық өнімдерінің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін басқаруды игеруге қажетті пәндерді орынды сабақтастыра келіп, ДЖ-да стандартттау, сертификаттау мәселелерін дұрыс көтеріп, қазіргі кезде астықты сақтау кезіндегі шешімін таппаған сұрақтарға жауап іздеген.
Жоғарыда жазылған жайттарға сүйене отырып, біз Абдрахманованың орындаған ДЖ-ын «өте жақсы» деп бағалап, абдрахмановаға 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігін беруді қолдаймыз.

Қазақстан астықты өңір болғандықтан мемлекет бұл салаға қажетті көңіл бөлуде. Бұл салада бірнеше мемелекеттік бюджеттік бағдарламалар әзірленіп, орындалу үстінде.


Сын-пікірге ұсынылып отырылған ДЖ соңғы уақытта агроөнеркәсіптік кешенде болып жатқан реформаларды толық қамтып, астықты қайта өндеу саласында жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге негізделіп жазылған.
Дипломшы Онғарбаев Концерн «Цесна-Астық» ЖШС мысалында осы КО өндіретін өнімдердің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін қамсыздандыру мәселесі төнірегінде қалыптасқан проблемаларды шешуге талпыныс жасаған.
ДЖ бидай ұны сапасының көрсеткіштерін зерттеудің қалыптасуына қатысты мол ақпарат, әдістемелік бағдар, практикалық нұсқау береді.
Онгарбаев бидай ұны сапасының көрсеткіштерін зерттеу барысында келесі мәселелерді қарастырған:

  • Бидай ұнының сапа көрсеткіштерін анықтау әдістемелерін меңгеру;

  • Бидай ұнының сапа аөрсеткіштерін бағалау;

  • Бидай ұны сапасының бекітілген талаптарға сәйкестігін растау;

  • Жобаға экономикалық негіздемелер беру.

ДЖ барлық міндеттерді толық қамтып жазылған
ДЖ-ның кемшіліктері:
1 ДЖ-ның «Қолданылған әдебиеттер тізімі» құрылымдық элементінде жақын және алыс шет елдің тәжірибесі және ғалымдарының еңбектері ескерілмеген;
2 ДЖ грамматикалық қателіктер кездеседі.

Аталған кемшіліктер дж сапасына нұқсан келтірмейді.


Қорыта келгенде, мен Онгарбаевтің орындаған ДЖ-ны «өте жақсы» деп бағалап, оның теориялық дайындығы 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігіне сай деп санаймын.


Жетекші ретінде біз өндірістік тәжірибеге барар алдында Онгарбаевқа Концерн «Цесна-Астык» ЖШС-де өндіретін өнімдердің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін қамсыздандыру мәселесі төнірегінде қалыптасқан проблемаларды шешуге тапсырма бердік. Дипломшы Концерн «Цесна-Астык» ЖШС-де өндіретін өнімдердің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін талдай келе, зерделеу келе бізбен кеңесіп «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС мысалында осы КО өндіретін өнімдердің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін қамсыздандыру» тақырыбын таңдды.


Онгарбаев КО-дағы өндірістік-технологиялық зертханада халаықаралық және мемлекеттік стандарттардың және СанЕмН талаптырына сәйкес өндіретін өнімдердің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтап талдад.
ДЖ-ның мақсатына жету үшін біз дипломшы алдына келесі міндеттерді қойдық:

  • Бидай ұнының сапа көрсеткіштерін анықтау әдістемелерін меңгеру;

  • Бидай ұнының сапа аөрсеткіштерін бағалау;

  • Бидай ұны сапасының бекітілген талаптарға сәйкестігін растау;

  • Жобаға экономикалық негіздемелер беру.

ДЖ барлық міндеттерді толық қамтып жазылған

Барлық міндеттер дер кезінде, әрі толық мағынада орындалды.


Онгарбаевтан біз болашақта сапаны басқару саласында жақсы маман қалыптасатындығына күмән келтірмейміз. Себебі оған қажетті барлық алғы шарттар Онгарбаевтің бойында бар.


Біз Онгарбаев орындаған ДЖ-ны «өте жақсы» деп бағалаймыз және Онгарбаевтың теориялық деңгейі 451740 «АШӨС С» мамандығы бойынша «Сарапшы-инженер» біліктілігіне сай деп санаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет