«экспо-2017» Қазақстанның Халықаралық деңгейіндігі даму жолындағы басты қадамы



Дата24.02.2016
өлшемі42 Kb.
#12313


«ЭКСПО-2017» - Қазақстанның Халықаралық деңгейіндігі даму жолындағы басты қадамы
Амерханова А.Х.

аға оқытушы, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.

Мухамедова М.М.

аға оқытушы, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.


Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелрді талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ- ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, Павлодар қаласындағы бизнес форумы жас мемлекетімізідің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтаты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болды. EXPO-2017 көрмесін өткізуге ниет білдірген, бірақ мәлімдемесін уақытында тапсырмаған қалалар: Австралия (Ньюкасл), Сербия (Белград), Франция (Лиль), Норвегия (Стаангер), Австралия (Сидней), Испания (Саламанка) болатын.

Тарихқа көз жүігртсек, EXPO-2017 дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі.

2017 жыл Қазақстанның бас қаласы – Астана үшін айрықша айтулы жыл болмақ. Бұл жыл Астана қаласының 20 жылдық мүшелтойы аталып өтпек. Және де 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында көрмеге әлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымынан 5 миллиноға тарта адамдар келмек.

Астана EXPO- 2017 нің басты ұраны «Болашақ энергиясы». Бүгінде бұл бүкіл саналы адамзатты толғандырып отырған түйінді мәселе екендігі даусыз. Жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиардтан астам халық болашақта қуат көздеріне деген тапшылықтың аса күрделі болатындығын бүгіннен-ақ қатты сезінуде. Қасиетті қазақ даласының қойнауындағы мұнай мен газдың мол қоры бола тұра және уран өндіруден бірінші орынға шыққаныны қарамастан Қазақстан қазірдің өзінде адамзат болашағын айқындайтын баламалы қуат көздерін дамытуға айрықша ден қойып отыр.

Баламалы қуат көздері туралы әңгіме қозғағанда алдымен жел энергетикасының ойға оралатындығы даусыз. Бүкіләлемдік жел энергетикасы ассоциациясының деректері бойынша биылғы жылы жел энергетикасын өндіру өсімі 18 405 МВт-ны құраған. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 16 мың МВт-ға тең болған. Егер мемлекеттер үлесін саралайтын болсақ, Қытайда жел энергетикасының қуаты 8 мың МВт-ға, АҚШ-та 2 252 МВт, Үндістанда 1480 МВт, Германияда 766 МВт және Канадада 603 МВт-ға тең болған.Жалпы, әлемде қазір 86 мемлекетте жел энергиясын пайдалануға бетбұрыс жасалған. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы да бар.

Бүгінгі жаһандану үрдісі белең алған уақытта жаңа энергетикалық технологияларды қолданысқа енгізген мемлекет әлемдік экономиканың даму көшбасшысына айналатыны сөзсіз. Жаңа энергетикалық қуат көздерін – жел, күн, био энергетика және нанотехнологиялар арқылы жаңа қуат көздерін игерген мемлекет инновацияның патшасына айналмақ. Сондықтан Қазақстан бұл саладан сырт қалмақ емес. Біз бүгінгі заманның дәстүрлі энергетикалық шикізаттарын экспорттай отырып, болашақта энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін игеруде де алдыңғы қатардан көрінуге барлық мүмкіндіктерді қарастыру қажет.

Қазіргі Қазақстан үшін пайдаланыстағы барлық балама қуат көздерінің ішінде ең тиімділігі жел энергиясын пайдалану болып отыр. Бұл бағытта елімізде бірқатар инновациялық бастамалар іс жүзінде асырылуда. Соңғы уақытта халқаралық Vestas концерінінің Қазақстанда жалпы қуаты 500 мегаватт болатын жел энергиясы қондырғыларының құрылысын салуға 200 миллион еуро инвестиция салу шаралары қарастырылуда. Vestas компаниясы бұл салада әлемдегі ең озық компания болып табылады. Бүгңнгі күнге дейін ол әлемде 41 мыңнан астам жел энергиясы қондырғыларын орнатқан. Оның ішінде 5700 қондырғы Германияда жұмыс істейді. 2008 жылы бұл компания жел энергиясын пайдалану жөніндегі әлемдегі ең ірі ғылыми – зерттеу және эволюция орталығын ашты. Бүгінгі таңда оның табысы 796 миллион еураны құрайды.

2011жылы және 2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда EXPO – 2017 жобасы бойынша кең көлемдегі ақпараттық – имидждік жаралар өткізілді. Олардың қатарында V Астана экономикалық форумын, инвестициялық форумды атауға болады. Сонымен қатар, осы тақырып аясында Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумы. Болашақ энергиясы жөніндегі еуропалық форум сияқты ауқымды шаралар өткізілді. Экономикалық даму және сауда министрлігі Халқаралық көрмелер бюросының қолдауымен Астанада EXPO x EXPOS көшпелі көрмелерін өткізді.

EXPO – 2017 көрмесі бізге не береді? Бұл бүгінгде әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген сұрақ. Әрине осы көрменің тек жықсы жақтары бар. Оны атап өтетін болсақ, EXPO – 2017-ні өткізу елорданың, жалпы бүкіл республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа сепінін береді. Көрме кешенінің құрылысын салу елімізге жаңа инвестициялар әкеледі. Көрме кешені орналасатын аймақтың инфрақұрылымы дамып, қоғамдық көліктердің жаңа бағыттары ашылады. Астанадағы шағын және орта бизнес саласы дамиды. Елімізге келетін шетелдік қонақтардың үлкен көпір туристік саланы жандандырады. Көрмеге 5 миллионға тарта адам келеді деп күтілуде. Бұл ғылым мен жаңа техналогиялардың дамуына жаңа серпін беретін Қазақстан үшін имидждік жоба.

EXPO- 2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтық және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқы туристік инфрақұрылымға, қонақүй бизнесіне салынатын инвестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің зияткерлік мұрасы. Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады. Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғадан да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күшіне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағыда көз жеткізе алады.



Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор.
Әдебиеттер

  1. news.ivest.kz > новости

  2. www. Primeminister.kz/news/show/21/expo-2017…-/17-12-2012

  3. www.egemen.kz/2012/11/30/351031/

  4. www.bag.kz/news/19572



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет