Елшібаева Бақытгүл Есік қаласы 2014ж Ұйымның миссиясы



Дата07.07.2016
өлшемі425.5 Kb.
#183806










Елшібаева Бақытгүл

Есік қаласы

2014ж

Ұйымның миссиясы

Ешқандай ұйым қаншалықты ол ауқымды болған күнде де, барлық бағыттарды қамти алмайды. Коммерциялық емес ұйымның дүниеге келуі - нақты жерде, нақтылы уақытта қоғамда пайда болған нақты қажеттілікке жауап. Сондықтан коммерциялық емес ұйымды құрмас бұрын, айналысатын мәселесіне, алдына қойған мақсат-міндеттеріне сай, ұйым мүшелері тұрақты басты миссиясын анықтап алулары шарт.

Миссия ұйымның қызметін нақты белгілемейді, ол тек қана оның ниетін айшықтайды. Тұтас алғанда, КЕҰ миссиясы қоғам өміріндегі өзгерістердің дұрыс болуы, әлеуметтік мәселелердің нәтижелі шешілуі болып табылады.

КЕҰ-ды құру барысында басқа көптеген ұйымдардан ерекшелендіретін миссияны қалыптастырудан бастау қажет. Миссия сыртқы және ішкі қызметтерді атқарады.



Сыртқы – мекеменің жалпы бағыттарын сипаттау, қоғам алдында оның келбетін қалыптастыру, ұйымның «таныстыру карточкасы» қызметін атқарады.

Ішкі – коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерді ортақ мәселені шешуде біріктіруі, коммерциялық емес ұйымдардың жоғары адамгершілік қағидалары туралы еске түсіріп отыруы тиіс.

Ұйымның миссиясын ойластырып шығару - ұйымның барлық мүшелеріне ортақ міндеті. Ал оның мазмұны - талқылау мен келісімнің нәтижесі болуы өте маңызды.
Миссия нақты, қысқа және ауқымды болу үшін, төмендегі сауалдарға жауап бере отырып құрастыру тиімді.

Кім?

“Таныстыру карточкасы” сіздің мекемеңіздің қоғамдағы заңды тұлғалық мәртебесін анықтайды. Егер сіз әлі күнге тіркеуден өтпеген болсаңыз, сіздің міндеттеріңізді шешетін ұйымдастыру құқықтық уақыт келді.



Не үшін қажет?

«Біздің мекеме не үшін керек?» деген сұраққа жауап берерде ұйымның жоғары мақсаттары және құндылықтарын, оның қызмет түрлері бағытталған қоғамдық өмір аумақтарындағы сапалы өзгерістерін түсініп талқылауға тура келеді.



Қайда?

“Біздің қызметіміздің шегі қайда?” деген сауалға жауап берерде сіздің ұйымыңыздың қызметі белсенді таралуының географиялық аумағы анықталады.



Кім үшін?

“Кім үшін жұмыс істейміз?” деген сауал сіздің ұйымыңыздың қызметінің соңғы нәтижесін тұтынушыларды анықтауды көздейді.



Не?

“Біз не істейміз?” деген сауалға жауап:сіздің ұйымыңыздың қызметінің соңғы нәтижесінің қандай болу керектігін анықтауға көмектесуі қажет



Қалай?

“Біздің мақсаттарымызды орындауда нені пайдаланамыз?”- деген сауал қандай негізгі әдіс - тәсілдердің көмегімен мақсаттарға қол жеткізу керектігін анықтайды




Тапсырма. Сауалдарды басшылыққа ала отырып өз ұйымыңыздың миссиясын құрастырыңыз.
Кім?____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Не үшін қажет?____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қайда?_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кім үшін?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Не?________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қалай?__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жобаны ойластыру және басқару

Қандай да грант беруші ұйым қайтарымсыз ақшасының тиімді пайдаланатындығына сенімді болғысы келеді. Қаржы бөлуші қор КЕҰ ның бөлінген ақшаны тиімді іске асыру қабілетін қалай анықтай алады? Ең бірінші кезекте, ойластырылып жасалған жоба сапасының негізінде. Сондықтан да гранттық байқауларда тек қана сауатты жоспарланған жобалар ғана жеңіске жете алады.





Сапалы ойластырылған жобаларды жазып, гранттық байқауларды жеңіп алу үшін жобалау технологиясының негізгі ұстанымдарын білу қажет, оны жобалау менеджменті деп те атайды.

Донордың бөлінген қаражатын пайдаланудың тиімділігін жоғарылату, белгіленген бюджет аясында жоспарланған нәтижелерге жету, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, жобаны мерзімінде және сапалы орындау мақсатында ең алғаш жобаны басқару үрдісін Еуропалық комиссия ұсынған.

Осы мақсатпен Жоба циклын басқару әдістемесі жасалды. Оны жоба қызметіне ендіру және кейіннен кеңінен қолдану көздеген мақсатқа жетуде өз жемісін берді.

Бүгінгі таңда гранттық қызметте жобаны өзіңе және өз ұйымыңа пайдалы іске асырудың тиімді барлық кезеңдері, әдіс – тәсілдері тәжірибеден өткізілген.


Тапсырма. 4 жобаның тақырыбын жазыңыз: әлеуметтік маңызды жобалар мен жеке жобаларды да жазуға тырысыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Тапсырма. «Жоба» деген не екендігін құрбыңызға қалай түсіндірер едіңіз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Бәрінін бұрын, жобаның керемет идеясын тап!

Жоба идеясы бұрыннан ойыңыздың түкпірінде жүруі мүмкін, я болмаса оны топты жинап талқылау нәтижесінде шығару керек, я болмаса оны мақсатты түрде іздеп мәселені шешудің түйінін іздеу керек.

Идеяның негізінде арман не болмаса жағдайды өзгертем деген ізгі ниет, тілек болуы мүмкін. Бірақ ол күрделі мәселені шешудің түйініне айналуы қажет. Идея - жобаның негізгі қозғаушы күші! Ол жоба құру және ойдағыны іске асыру барысында бүкіл команданы, жоба ұжымын қанаттандырады. Идея күші барлық жобаның рухын, күш – қуатын айқындайды.




  1. Жоба бағытталған топты анықта!

Кез келген жоба біреуге көмек, қолдау көрсетуі шарт. Егер жоба тек қана ұйымның пайдасына бағытталған болса, оны ешқандай да қор қолдамайды. Сонымен, жобаны іске асырудан тікелей көмек көруші, қолдау табушы адамдар, топтар, ұйымдар жобаның мақсатты топтары болып табылады.



Тапсырма. Өз жобаңыздың негізгі идеясын және мақсатты топтарын анықтап жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Енді жобаның құрылымына көшейік.

Жоба құрылымы
Мәселелер/ Қажеттілік
Мақсаты
Міндеттері
Ресурстарды анықтау
Жобаның логикалық моделі
Күнтізбелік жоспар
Бюджет
Күтілетін нәтиже
Мониторинг және бағалау
Жеңіске жету!!!

Мәселенің қажеттілігін негіздеу
Жобалау барысында туындайтын сұрақтар:


  • Жобаны жүзеге асырудың нендей қажеттіліктері туындады?

  • Мәселенің бүгінгі таңда өзектілігі мен және оны шешу қажеттілігін жоба жазушымен қатар қосымша қандай ақпараттар куәландыра алады?

  • Өзіңіз жұмыс істегелі отырған мәселені жан жақты нақты анықтай алдыңыз ба?

  • Бүкіл ғаламдық мәселелерді алты айдың ішінде шешуге тырысудың қажеті жоқ, қажеттіліктерді қанағаттандыра аласызба?








Тапсырма. Жобаңыздың идеясының қажеттілігін дәлелдеңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жобаның мақсаты
Мақсат – бұл жобаның жетістігіне бағытталған, нәтиженің қысқаша сипаттамасы. Бұл біздің “не істейміз?” деген сауалымызға жауап.


  • Не - жүзеге не асыратындығыңыздың сипаттамасы

  • Қайда – оны қай жерде істейсіз

  • Кімге - оны кімге бағыттайсыз

  • Қалай - оны қалай іске асырасыз

  • Қашан - ол қашан жүзеге асады






Тапсырма. Дәлелденген жоба қажеттіліктерін қолдана отырып, жоба мақсатын анықтаңыз
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Міндеттер
Міндеттер – қойылған мақсатқа жету үшін, мәселе тудырып отырған себептерді жоюға бағытталған, бағалауға жататын, нақты іс шаралар қатары. Міндеттер: нақты (не және қашан), өлшенетін (қанша), қол

жеткізе алатындай (нақты) болуы тиіс. Басқару тәжірибесінде - деп аталатын өлшемдер пайдаланылады. SMART дегеніміз қысқарған сөз, ағылшын сөздерінің бірінші әріптерінен құралған.



Specific – Конкретными - нақты

Measurable – Измеряемыми - өлшеулі

Attainable – Достижимыми - қол жетімді

Realistic – реалистичными - жағдайға сай

Time- bound – Имеюшими временные рамки – шектеулі, мерзімді










Жоба Мақсат Міндет 1

Психикалық дамуында және тірек- қозғалыс аппаратарында ақауы бар 60 мугедек балаға кәсіби түзету көмек көрсету үшін 4 кабинет ашу: невропатологиялық, педиатриалық, ортопедтік, логопедтік



Жоба Мақсат Міндет 2.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға 1 жыл 6 ай мерзімінде кәсіби мамандар көмегімен психолого – педагогикалық жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік бейімдеу






Жоба Мақсат Міндет 1

Қадам 1. Педагогтерді арнайы оқыту

Қадам 2. Кәсіби дәрігерлерді тарту

Қадам 3. Жұмыс тобын әлеуметтік қызметкерлермен нығайту

Қадам 4. Түзету бағдарламасын құру

Қадам 5. .........




Жоба Мақсат Міндет 2.

Қадам 1. 4 бөлмені жалға алу

Қадам 2. Бөлмелерге косметиқалық жөндеу жұмыстарын жүргізу

Қадам 3. Мүгедек балаларды жинақтау

Қадам 4. Кабинеттерді окыту көрнекі –құралдарымен қамтамасыз ету

Қадам 5.........








Тапсырма. Өз жобаңыздың мақсатына сай міндеттерді және орындалу қадамдарын жазыңыз. Жоғарыда көрсетілген реттілік бойынша өз жобаңыздың мақсат, міндет және қадамдар арасындағы байланысты үзбей толтырыңыз






Өзіңіз тұратын қауымдастықта мақсатыңызға жетуге көмектесе алатын

қандай артықшылықтар мен мүмкіншіліктерді пайдалана аласыз?
Жоба міндеттерін орындау үшін жасайтын қадамдарыңызға себептесе алатын барлық «мықты» қолдаушылар мен ресурстарды ой елегінен өткізіңіз. Қандай қоғамдастық топтар бар? Мысалы: басқа КЕҰ-дар, ұжымдар, мемлекеттік мекемелер мен бизнес - құрылымдар? Жобаға байланысты біліктілік пен тәжірибесі бар адамдар? Өз қауымдастығыңыздан тыс берік қарым – қатынастағы серіктестер?
Ресурстарды анықтау
Тапсырма. Төмендегі тірек – сызбаны пайдалана отырып өз қауымдастығыңдағы ресурстарды анықта.

Қаржылай

ресурстар

А) Ішкі ресурстар:

• үнемділік

• орта шығындар (басқа ұйымдармен, ҰМҰ ішінде бағдарламалар)

Б) мүшелік жарналар

В) тапқан қаржылар:

• ҰМҰ қызметі үшін (әрекет, жарғы мақсатымен байланысты)

• мемлекеттік (муниципальдық) әлеуметтік тапсырысты орындау

• инвестиция кірісі және басқа айналымнан тыс кіріс

өз іс-ірекетінің кірісі, жарғы мақсаттарымен байланыссыз

Г)жеке жәрдем

Д) Гранттар

Е) Арнайы шаралар (Марафондар, Аукциондар...)

Ж) Жоспарланған жәрдем (Мұра...)

З) Инвес тициялар мен несиелер

И) Кіріс әкелетін, капитал жәрдемі



Материалдық

ресурстар

А) Ұсталған / Ликвидтер емес / қалдықтар

Б) жаңа тауарлар /өнімдер:

• жеңілдікпен

• тегін

• бартер (жарнама үшін/тауарлар демонстрациясы, басқа қызмет



түрлері)

В) несиелік

Г) басқа ҮЕҰ бірге алынған/ пайдаланған

Адам


ресурстары

А) Басқарма, кеңес

Б) Ұйым мүшелері

В) еріктілер

Г) қамтылған жұмыскерлер

Д) штат жұмыскерлері

Е) Консультантар,үкімет жіберген,кәсіпкерлер құрылымынан

Технологиялық ресурстар


А) тегін не жеңілдікпен

Б) ақысын (басқа ұйымдармен) бірге төлеу

В) бартерлі қызмет



Ақпараттық

ресурстар


Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары: газеттер, радио,

теледидар бағдарламалары Ақпарат таратуға көмек көрсете алатын мемлекеттік мекемелер, ұйымдар: мектеп, почта, қазтелеком


Уақыт


Ресурстары

Адамдар тарапынан бөлінетін уақыт өлшемдері

Тапсырма

Адам ресурстары

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалдық ресурстар ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Технологиялық ресурстар

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қаржылық ресурстар
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ақпараттық ресурстар

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Уақыт ресурстары

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Ойластырылған жоспарларыңыз бен міндеттеріңіздің барлығының

орындалатынына сенімдісіз бе?




Жобаңыздың толығымен орындалатындығын үшінші адамға қалай

түсіндіретін едіңіз?




Мақсатты топтарға қай жағынан пайдалы және қандай нәтиже береді?

.

Сіз нақты, дәйекті дәлелмен қаруланып, жобаңыздың тиімділігіне көз



жеткізуіңіз керек
Сізге логикалық модель деп аталатын құрал көмекке келе алады!!!

Жобаның логикалық моделі

Логикалық модель жоба мақсаттарының, қызмет түрлерінің жобалануының, сондай- ақ күтілетін өзгерістер мен нәтижелердің өзара қарым қатынасының жүйелі және көрнекті құралы болып табылады. Логикалық модель жобаның қалай жүзеге асатындығының көрінісін ұсынады. Онда жоба қызметі күтілетін нәтижеге қалай алып баратындығы сөзбен суреттеледі.


Логикалық модельдің келесі компоненттерінің (құрамдас бөліктерінің) сипаттамалары ұсынылады:


  • Жобаның мақсаты жоба барысында атқарылатын іс- әрекеттердің, міндеттердің шешуші түйіні. Мысалы: мүгедектердің әлеуметтік ахуалын жақсарту, бұқаралық шешім қабылдау үрдісіне азаматтардың қатысуын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін жетілдіру.

  • Жоба қызметі деп пайдаланылатын ресурстармен жоба бойынша не істелетіндігі аталады. Жоба аясында қолданылатын сан алуан іске асырылатын үрдістер, атқарылатын іс – шаралар, пайдаланылатын құралдар мен технологиялар, басқа да әрекеттер қызмет түрлері болып табылады. Мысалы: оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды ортаға бейімдеу қызметтері жобаның қызмет түрлеріне жатады.

  • Жобаның қысқа мерзімді нәтижелеріне жоба аясында орындалған қызметтің тікелей өнімдерін, жоба ұсынған іс - әрекеттердің түрлері мен деңгейлерін жатқызуға болады. Мысал ретінде қызметтен тікелей қолдау табушылар мөлшерін, құрастырылған әдістемелердің сандық көрсеткіштерін, оқытылған адамдардың саны және берілген несиелердің көлемін келтіруге болады.

  • Жобаның ұзақ мерзімді нәтижелеріне көрсетілген қызмет арқасында жобаға қатысушылардың мінез-құлқының және қарым – қатынасының, білімдерінің өзгеруі, белгілі бір дағды мен біліктіліктерінің дамуы, мәртебелерінің жоғарылауы болып табылады. Мысалы: қызмет сапасының жақсаруы, кірістің ұлғаюы, қолайлы заң шешімдерінің қабылдануы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы.

Логикалық модельдің мақсаты - жобаға сай іс-әрекеттердің реттілігін сипаттайтын және ойластырылған жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелерді байланыстыратын тірек – сызбамен барлық қызығушылық танытқан жақтарды қамтамасыз ету. Осындай реттілікпен жасалған логикалық модель алға қойылған мақсаттарға жету үшін нақтылы іс-әрекеттердің қалай септігін тигізетінін түсінуге және болашақта ұсынылған жобаны қайтіп оңтайландыруға болатындығына көмектеседі.







Мақсат

Міндеттер



Қызметтің негізгі түрлері

Өнім/

қызмет


Нәтижелері

Тез аралық

Ұзақ аралық

Мақсат

  • 1 міндет: Мүмкіндіктері шектеулі балаларға 6 ай мерзімінде кәсіби мамандар көмегімен психолого педагогикалық жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік бейімдеу

  • 1.1. 4 әлеуметтік педагогті САТР орталығында арнайы оқыту

  • 1.2. Келісім – шарт негізінде жұмысқа кәсіби дәрігерлерді тарту

  • 1.3. Жұмыс тобын РОЗСП арқылы

  • 6 әлеуметтік қызметкерді тартып, нығайту

  • Арнайы дайындықтан өткен педагогтар әр баламен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді

  • Түзету барысына кәсіби көмек және даму динамикасына мамандандырылған бақылау

  • 4 әлеуметтік педагог САТР орталығында арнайы оқытылды

  • Әр балаға психолого педагогикалық түзетудің жеке бағдарламасы жасалды

  • Кәсіби дәрігерлер 60 балаға 6 ай мерзімінде бақылау жасады

  • “Үй қамауында” болған мүгедек балалардың қоғамға шығуына және өмірге, іс – шараларға араласуына байланысты әлеуметтік белсенділіктері жоғарылайды

1.

1 міндет: Мүмкіндіктері шектеулі балаларға 6 ай мерзімінде кәсіби мамандар көмегімен психолого педагогикалық жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік бейімдеу



1.1. 4 әлеуметтік педагогті САТР орталығында арнайы оқыту

1.2. Келісім – шарт негізінде жұмысқа кәсіби дәрігерлерді тарту

1.3. Жұмыс тобын РОЗСП арқылы

6 әлеуметтік қызметкерді тартып, нығайту



Арнайы дайынд-тан өткен педагогтар әр баламен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді

Түзету барысына кәсіби көмек және даму динамикасына мамандандырылған бақылау



4 әлеуметтік педагог САТР орталығында арнайы оқытылды

Әр балаға психолого педагогикалық түзетудің жеке бағдарламасы жасалды

Кәсіби дәрігерлер 60 балаға 6 ай мерзімінде бақылау жасады


“Үй қамауында” болған мүгедек балалардың қоғамға шығуына және өмірге, іс – шараларға араласуына байланысты әлеуметтік белсенділіктері жоғарылайды


Күнтізбелік жоспар

Жобаның күнтізбелік жоспарын жасау үрдісі келесі негізгі бөлімдерді қамту керек:




  • Жоба бойынша атқарылатын барлық іс-шаралардың тізімі

  • Жобаның және әр этаптың басталу және аяқталу мерзімдері

  • Әрбір жоспарланған шаралардың уақыты

  • Іс- шаралардың логикалық реттілігі және өзара байланысы

  • Нақты іс- шараларға қатысушылардың жауапкершілігінің жүктелуі

Күні/

мерзімі


Іс - шаралар

орындаушы

Күтілетін нәтиже

1 декада

2 декада



ЖҚӘББ (РОЗСП) уақытша мүгедек балаларға коррекциялық түзету және психолого-педагогигалық іс-шаралар өткізу үшін 4 бөлмені жалға беруі туралы келісім шарт жасау.

4 әлеуметтік педагогты САТР орталығында келісім шарт арқылы қайта оқыту

Үш жақты келісім шарт жасау арқылы серіктестікті күшейту

Жобада көрсетілген міндетерді орындау үшін РОЗСП арқылы 6 адамды келісім шарт бойынша

жұмыссыздардың қатарынан қамту

Серіктестер (РОЗСП, РайОНО, НПО) арқылы бөлмелерге косметиқалық жөндеу жұмыстарын жүргізу (әктеу, бояу т.б.)



Жоба басшысы

Жоба басшысы

Жоба басшысы

Жоба басшысы

Жоба басшысы және серіктестері


КППК кабинеттері жұмысын атқару орны

Сертификатталған кәсіби мамандар жұмыс істейді

Келісім шарт негізіндегі нақты іс-шаралар

Жоба қызметіне қосымша жұмыс күші

Кабинет бөлмелердің дайындалғандығы


2 декада

2 декада



Мүгедек балалардың ата-аналарына телефон және шақыру қағаздарын жұмыссыз әлеуметтік көмекшілер арқылы хабарлау, шақыру.

Мүгедек балаларының түзету, оңалту кабинеттеріне қатысуына ата-аналардың арыз бойынша

руқсат беруі

Офиске керек кеңсе тауарларды сатып алу және мүгедек балаларға қажетті дамыту, окыту көрнекі –қуралдарымен кабинеттерді қамтамасыз ету

Логопед, дефектолог, массажист, психолог - кәсіби мамандарды келісім – шарт негізінде сағаттық жұмысқа тарту

Ата- аналарға жеке бөлме ашылу, онда өз балаларымен және мүгедектердің өзі сияқты балалармен қарым-қатынас құру, түзету, бейімдеу жолдары тұралы акпараттық, кеңестік кұжаттамаларды дайындау және жоспар бойынша ата – анамен жұмыс жүргізу



Әлеуметтік жұмыскерлер

Әлеуметтік жұмыскерлер және офис-менеджер

Есепші, офис-менеджер

Жоба басшысы

Жоба басшысы

Әлеуметтік педагог және

психолог


ата-аналардың ақпарат алуы және КППК – ға келуі

Ата-аналардың арыздарының сандық көрсеткіштері

Сатып алынған заттардың сандық көрсеткіші және қуралдардың жұмыс барысында қолданылуы

Әр балаға жеке сауалнама мамандардың қортындысы және коррекциялық жоспар

Ата –аналардың білім деңгейінің жоғарылауы, балаларымен қарым – қатынасының түзелуі


Бюджет
Бюджет - жобаға қатысты барлық ресурстардың және олардың толықтай бағасының жиынтығы.

Бюджет - жоба қызметімен тығыз логикалық байланыста

Жоба бюджеті түсінікті және жақсы жан жақты ойластырылуы керек.
Мысалы:


Шығыс баптары

ЖҚҚ

серіктестердің үлесі

Еңбекақы

234240

58512

Жоба жетекшісі(21960тн*100%*6 мес.)

131760

 

Жоба есепшісі (17080тн*50%* 6мес. )

51240

 

офис-менеджер(8540тн*100%*6 мес.)

51240

 

Жұмыссыздар арасынан (2чел.*$80*3мес)




58512

Әлеуметтік салық және шығарылым (20%)

42163

 

Оқыту үшін төлем

200362

 

Соц. педагогтарды САТР орталығында оқыту Алматы каласы

(4 адам*250



120700

 

Есік-Алматы-Есік жол ақысын төлеу

79662

 

Құралдар

302460

24400

Логотренажер (сақау, кекеш және сөйлемейтін балаларға арналған тренажёр) Дельфа-130

97000

 

Жүруге арналған трек

 

24400

Кенсе тауарлар

4465

 

Фотопленка ( 36 кадр*27 тн+ пленка)

3184

 

Салық статистикалық бланктар

1800

 

Оқу әдістемелік құралдар, САТР-дан әкелген арнайы әдебиет

6100

 

Басқа да шығындар

116100

88900

Жүргізушінің төлем ақысы

60000

 

Телефон

3000

 

Жалға алу 4-бөлме (6100тн*6 мес. )

36600

 

Комуналдық шығындар

12000

 

Мүгідек балаларға әлеуметтік жұмысшылар арқылы хабарлау (77 бала)

 

38900

Жұмыс бөлмені жөндеу

 

50000

Пошталық қызмет

2500

 

банк қызметі 1.5 %

14035

 

Барлығы

949730

171812


Күтілетін нәтиже


  • Жобаның қысқа мерзімді нәтижелеріне жоба аясында орындалған қызметтің тікелей өнімдерін, жоба ұсынған іс - әрекеттердің түрлері мен деңгейлерін жатқызуға болады. Мысал ретінде қызметтен тікелей қолдау табушылар мөлшерін, құрастырылған әдістемелердің сандық көрсеткіштерін, оқытылған адамдардың саны және берілген несиелердің көлемін келтіруге болады.

  • Жобаның ұзақ мерзімді нәтижелеріне көрсетілген қызмет арқасында жобаға қатысушылардың мінез-құлқының және қарым – қатынасының, білімдерінің өзгеруі, белгілі бір дағды мен біліктіліктерінің дамуы, мәртебелерінің жоғарылауы болып табылады. Мысалы: қызмет сапасының жақсаруы, кірістің ұлғаюы, қолайлы заң шешімдерінің қабылдануы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы.




Стандартты көрсеткіштер


Индикаторлар

Сандық көрсеткіштері

Жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны

16

Бұқаралық ақпарат өнімдерін тарату, түрі, саны және

қамтуы (жергілікті, аумақтық, республикалық,

халықаралық)


5 мақала, (“Еңбекшіқазақ” – 6137 экз., “Эскулап” – 15 000

50 дана буклет шығарылды,

1 рет “Жетісу” облыстық телеарнасында

аудандық, облыстық, республикалық



Жаңа әдістемелер, модельдер, технологиялар,

тәсіл- құралдарды қабылдау ( түрі, саны, қамтуы)



психолого педагогикалық түзету кабинеті

Тартылған ресурстар (қаржылай және қаржылай

емес нысанда): олардың көзі және қамтуы (жергілікті, аумақтық, республикалық, халықаралық)



Жұмыссыздар арасынан – 6 адам (2чел.*$80*3мес), қаржылай - 58512

Мүгедек балаларға әлеуметтік жұмысшылар арқылы хабарлау (77 бала), қаржылай - 38900 Жұмыс бөлмені жөндеу, қаржылай - 50000



Жаңа коалициялар, серіктестер және /

немесе біріге жұмыс істеудің басқа түрлері.



РОЗСП, Рай ОО және НКО

ОППМК және НКО



Тікелей бенефициарлардың саны (әйел және ер адамдар).

38 бала ( қыз бала - 18 / ер бала - 20)

62 ата –ана (әйел - 42 / ер - 20)



Оқытылған нақты адамдардың саны (әйел және ер адамдар).

4 әлеуметтік педагог (әйел - 4)


Мониторинг және бағалау
Жобаны бағалау - жалпы жұмыстың тиімділік деңгейін және алдына қойған мақсатқа қаншалықты жеткендігін анықтау, ал мониторинг – жобаның барысы туралы үздіксіз мәлімет алу, жобаның орындалуына үздіксіз бақылау жасап отыру.
Мониторинг
Мониторинг – бұл жобаның барлық тұрғыдан алғандағы белгілі бір ақпараттарын жинақтайтын, жобаның іс- әрекетінің орындалу жолын бақылау мақсатындағы үрдіс.
Мониторинг – бұл жұмыс жолын жоба/бағдарлама төңірегінде істердің бүгінгі жағдайын жоспармен қажетті өзгерістерді енгізуді салыстыру үшін қадағалауға арналған тұрақты үрдіс. Бұл шешім қабылдауға көмектесетін жобаны басқарудың ішкі қызметі. Ол жобаның және бағдарламаның күшті және нашар жақтарының негізгі және әмбебап құралы болып табылады.

Оның мақсаты - қатысушы адамдарға орынды және уақтылы көмек көрсету, бұл жұмыстың мейлінше жетілуіне ықпал ету.


Мониторинг мақсаты – бағдарламаның не жобаның жүзеге асырылу уақытында ақиқат шындыққа жанасқан түрде орындалуын анықтау.
Бағалау
Баға жобаның міндеттері мен мақсаттарын талдаумен айналысады: нәтижелер мен іс-әрекеттерді, сондай-ақ бағдарламаның не жобаның ұзақ мерзімде әсер етуін талдайды. Бағалау үшін маниторинг мәліметтері қолданылады. Баға өзгерістер енгізуге және келешекке ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.
Бағалаудың мақсаты – жобаға не бағдарламаға аралық немесе соңғы кезеңді жүзеге асыруды аяқталғанда ғана баға беру. Жобаны немесе бағдарламаны бағалау біздің іс-әрекетіміз қандай мөлшерде тиімді болуын, мақсаттарымыздың жүзеге асқандығын көрсетеді. Жобалауды бағалау жоспарының жетістіктерімен, нәтижелерімен және ықпал етумен салыстыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет